Тері және ішек тігістері

Дәрістің мақсаты - теріге, бұлшықетке, фасцияға, құрсаққа, ішекке үздіксіз және үзілмелі тігіс салудың техникасын меңгеру.

 

Жоспар:

1.      Ұлпаларды ажырату

2.      Теріні және ұлпаларды біріктіру

3.      Қанағыс және қанағысты тоқтату

 

1. Ұлпаларды ажырату

 

Ұлпаларды ажырататын инструменттер 

screenshot_25.png      

Сурет 1- Хирургиялық қайшылар:

А—түзу доғал; б—түзу үшкір;

в—түзу үшкір емес; г—ұшы майысқан;

о, е—түгел майысқан ; ж—кіндікті.

Сурет 2- Хирургиялық пышақтар (скальпелдер):

1—түзу, 2 — құрсақтық, 3— орақ тәрізді, 4—үшкір ұшты, 5 — түйме тәрізді скальпел; 6 —тенотом (сіңірді тілуге); 7 — герниотом (жарық операциясын жасауға арналған); 8 — түзу және 9—құрсақтық резекциялық қайшылар; 10—ампутациялық пышақ.

screenshot_26.png

Сурет 3 - Ұлпаларды ажыратуға арналған инструменттер:

1-өткір қасық; 2,2акюретка; 26Рогалев кюреткасы; а; 3жараға арналған тісті ілмектері; 4пластинкалы жара iлмегi; 5үшкір жара қысқыштары (аекі ітісті; ббір тісті); 6—зонд  шелобоиатый; 7пинцет хирургический; 8—пинцет анатомический.

 

1.      Теріні және ұлпаларды біріктіру

Тігін материалдарының жіктелуі

Барлық тігін материалдары екіге бөлінеді: сіңірілетін және сіңбейтін.

Сіңірілетін материалдарға жатады: 

  • Кетгут, коллаген 
  • Жібек, 
  • Негізі полиамидтен жасалған (капрон)
  • Негізі  целлюлозадан жасалған (окцелон, кацелон) 
  • Полигликолидтен жасалған (полисорб, биосин, монософ, викрил, дексон, максон) 
  • Полидиоксанонан жасалған (полидиоксанон) 
  • Полиуретанан жасалған (полиуретан) 
  •  

Сіңбейтін тігін материалдарына жатады: 

  • Полиэфир негізінде жасалған (лавсан, мерсилен, этибонд) 
  • Полиолефин негізінде жасалған ( суржипро, пролен, полипропилен, суржилен)
  • Поливинил негізінде жасалған (корален) 
  • Фторполимер негізінде жасалған (гор-тэкс, витафон) 
  • Металл негізінде жасалған (металл сымдар, скобки) 

 

Синтетикалық сіңірілетін тігін материалдары.

  • Барлық синтетикалық материалдарды екі топқа бөлуге болады: 
  • 1 топ - полифиламент материалы. Келесі материалдар жатады: 
  • Полисорб
  • Дексон
  • Викрил (Этикон) 
  • Дар-вин (Эргон сутрамед). 
  • 2-3 айда сіңеді
  • 2 топқа- монофиламент жіптері
  • Максон
  • полидиоксанон  
  • 6 айда сіңеді

screenshot_27.png

 

Сурет 4- Ине ұстағыштар:

а Матье; б Гегар; в — Троянов.

Сурет 5- Жіпті инеге енгізу техникасы

 

 

 

screenshot_28.png         

 

Сурет 6- Үзілмелі тігіс: Ілмекті

Сурет 7-Үздіксіз тігіс:

а - қарапайым (скорняжды); б - матрацты; в - дорбалық (кисетный)

 

screenshot_29.png

 

Сурет 8- Ішек тігістері:

1 — бір этажды Ламбер тігісі; 2 — үздіксіз Ламбер тігісі; з — Шмиден тігісі; 4   Плахотин—Садовский тігісі; а — тігісті салу; б — тігісті тартқаннан кейінгі көрінісі.

 

screenshot_30.png

 

Сурет 9- Пирогов — Черни тігісі

Сурет 10 - Сіңір тігістері:

а - Витцель б/ша; б - Тихонин б/ша.

Түйіндердің түрі және оларды байлау техникасы. Хирургиялық оталарда теңіз және хирургиялық түйіндерді қолданады. Кәдімгі (әйелдердің) түйін хирургиялық тігістерді байлауға жарамайды. Теңіз және хирургиялық түйіндерден  көрсетілген.

Теңіз түйінінде бір-біріне кигізілген екі түйін болады, оны байлау әдісі: оң қолдағы жіпті сол қолдағы жіптің астына әкеліп, бірінші түйінді байлайды. Осыдан кейін оң қолдағы жіп ұшын сол қолдағы жіп үстіне орналастырып, екінші түйінді байлайды.  Хирургиялық түйінді байлау үшін бірінші түйінді екі рет орайды үстіңгіні теңіз түйініндей байлайды.

Тігістерді салғанда түйіндерді жылдам байлаудың көптеген әдістері ұсынылған. Ең қарапайым – түйіндерді сұқ саусақпен байлау (Садовскийдің әдісімен).

Бастапқы жағдайда жіптер келесі түрде болуы керек: оң жіп сол, ал сол жіп оң қолда, сонымен қатар сол жіп оң жіптің астынан өту керек. Сол қолдың сұқ саусағын сол жіпке қояды, барлық буындарда бүгіп (жіпті қамтиды), ұшын оң жіптің астына әкеледі.  Хирургиялық түйіндердің түрлері және оларды салу техникасы.

Ұлпалардың физикалық-механикалық қасиетіне, қызметіне және жарақатану дәрежесіне тәуелді, оларды тігетін әдістер өте көп. Жалпы тігістер екі түрге бөлінеді: үзінді және үзілмеген.

Қарапайым торап тігіс жеке жіптермен тігеді, жараның аузын пинцетпен қысып ұстайды, инені жараның бір шетінен 0,5-1,5см тесіп екінші шетіне сол мөлшерде шығарып түйіндеп балайды. Келесі тігісті 0,75-1,5см алғашқы тігістен қашық салады. Ситуациялық (жағдайлық) тігіспен көлемі ұзын, шеттері түзу емес жараларды тігеді.

Бірінші тігісті жараның ортасына салады, одан сон әр бөлшектеріне бір тігістен салынып солай жараны толық тігіп аяқтайды. Ілмек тәрізді тігіс ұлпаларды жырып кетпеу үшін қолданады. Оны терінің құрақты жараларына, бұлшықеттердің ақауларына, апоневрозға, үлкен күш түсетін орнындарға салынады.

Құбыршақты тігіс ойылып, үңірейген, шеттері қатты созылған жараларды жабу үшін арналған. Жуан мықты жібек жіппен тігіп, жіптің астына немесе оның арасынан өткізіп кішкене резеңке немесе дәкеден жасалған кішкентай құбыршақтар орнатылады. Тері бүрмелерін жасап тігу кіндік жарыққа ота орындалуынан кейін салынады. Терісіне торап тігіс салғаннан кейін беткейлік терісін параллельді екі бүрмеп жақындатып, астына дәке қабатын жайғастырып тігеді. Мишель жақшалары мал дәрігерлік тәжірибеде ұсақ малдарға, сонымен қатар қабақ және желін үрпелерінің терісіне салынады.

Бақылау сұрақтары 

1. Түйін салудың түрлері.

2. Үзілмелі тігістің түрлерін атаңыз.

3. Үздіксіз тігістердің түрлерін атаңыз

4. Сіңір тігістерін атаңыз.

5. Тамыр тігістерін атаңыз