Дәкелік, иммобилді және арнайы таңғыш материалдар

Жоспар

1.      Иммобилді және арнайы таңу материалдарын дайындау

2.      Гипстік таңу түрлері.

3.      Гипстік байламды алу.

 

Иммобилді (бекемдейтін) таңу малдың дене бөлімдеріне толық қимылдаусыздықты қамсыздандырады және зақымдалған мүшелерге тыныштық жасайды. Олар сүйектер сынуында, буындар және сіңірлер үзілгенінде, буын шығуларда көрсетеді. Мүшелерге толық қимылдауды тоқтату үшін, әсіресе сынықтарда, таңуды зақым келген орыннан бір буын жоғары және бір буын төмен алып жүргізу міндетті. Иммобилді таңуға шиналық және қатаятын (гипстік) таңу жатады. 

Шиналық таңу өз негізінде әртүрлі зақым келулерде аяқтарды уақытша иммобилдеуді қамтамасыз етеді. Қан және лимфа айналысын бұзылуының болдырмау, домбығуды дамытпау, ағзалар орнынан жылжымау және ауырсынуды төмендету үшін қолданады. Зақым келуден кейін шиналық таңғышты неғұрлым ертерек салу қажет. Бірақ иммобилді таңу толық бекемдеу жасамайды, сондықтан оны көбінде сенімді қатаятын таңумен ауыстырады.

Осы таңу астарлық материалдан, шиналардан және бекіту құралдарынан түзіледі. Астарлық материал ретінде майсызданбаған мақтаны, талшықты қалдықтар және басқа қол астындағы материалдар қолданады. Шиналарды жұмсақ сымнан, қаңылтырдан, фанерлерден, қабықшадан (жөке ағашы қабығы), картоннан және басқа материалдан әзірлейді. Фабрикалық шиналардан ветеринарияның десмургия талаптарына Крамердың және торлы шиналары сәйкес келеді. Шинаны аяқтарға салғанда буындарды шамалы иілген қалыпқа келтіреді.

Иммобилді аумақ терісін дәке майлықпен жабады. Оны 1-1,5см жуандықпен қабаттап майсызданаған мақта салады (сүйек сынықтарын жуан қабатпен көбірек жабады). Астарлық төсеуішті жорғалап жүруші бинт таңғышпен бекітеді, оның үстінен алдын ала дайындалған шина таңылады; сым шиналары тек қана дорсалдық және волярлық (плантарлық) жанынан орналасады; фанерлік және басқалары-барлық төрт жағынан салынады. Шиналардың ұштарын теріні жарақаттамау үшін 4-5см астарлық материалмен орайды.  

screenshot_21.png

1-сурет. Сымнан жасалған шина түрлері:  а) торлы; б) Крамердің шина таңғышы 

Томасовскийдің шинасы иттерге арналған, олардың аяқтарын бекітуге қолданады. Оларды жұмсақ сымнан 5-10мм қимамен, ұзындықтық мөлшері қолданатын жануарға байланысты. Мұндай шиналар кеуде немесе жамбас аяқтарына, буындардың түріне лайықты жасалады. Аяқ ұзындығымен бірге сымның ұштарын бүктеп қосады.

Дайындалған шинаны аяқтар пішініне келтіреді. Сынықты келтіргеннен (репозицияланғаннан) кейін арнайы бинттермен, салынған шинаны бекітеді. Барлық іс әрекеттер (процедуралар) жансыздандырудың астында орындалады. Осы шинаны гипстік таңу салғаннан кейін қолдануға мүмкін. 

screenshot_22.png 

2-сурет. Томасовский шинасы,  даярлануы және кеуде аяқтарына салудың кезеңдері 

Гипстік таңу ұзақ мезгілге иммобил жасауға қолданады. Ветеринариялық тәжірибеде гипс бинттері қол тәсілмен жасалынады және зауыттан дайындалып шығарылады. Негізінде дайын шыққан бинттерді пайдалану қолайлы және үнемді болады. Колдан гипс бинтін жасау үшін, целлофанмен жабылған үстелге дәке бинт үстіне қолмен немесе қалақшамен гипс ұнтағын салып оны ысқылап жағады. Гипс ұнтақпен толтырылған бинтті қатты қыспай орайды. Стандартты ұзындығы 7м бинтті қақ ортасынан кесіп екі гипстелген бинт таңу байламын жасайды.

 Гипстің астына астарлық материал ретінде сұр мақтаны немесе мақта - дәке компресс 0,5-1см жуандықпен қолданады. Гипстік таңғыштардың мықтылығын көбейту үшін сым  шиналарын қолданады. 

Иммобилдеуге жататын аумақтарда, көршілес буындарды қоса таңу жүргізіліп, бекітіледі. Сулауға арналған бинттерді жылы су құйылған ыдысқа (тегене)  салып, бинтті қысып артық суын сығады. Бірінші қабатқа арналған бинтті астарлық материал суланбау үшін мол суын молырақ сығады. Кейінен гипстелген бинттерді салуға кіріседі, астарлық материал таңу байламынан төмен және үстінде 4-6 см алға шығарып қалдырады. Бинттеу уақытына суланған алақанымен таңғышты сипап тегістеп үлгіге келтіріп отырады. 

Гипс 5-10минутта қатады, ал жеткілікті беріктікке 1-2 сағаттан кейін ие болады. Осы уақыттардың аралығында гипстік таңуға зақым келтірмеу үшін, малдың мазаланбауына барлық шара қолданады. Гипс толық 24 сағаттан кейін кебеді.

Шиналы – гипстік таңу шиналарын гипстің ішіне салып, сұйық ботқамен шина аралық кеңістікті толтырады. Сол кезде шиналы - гипстік таңу беріктігі күшейеді.   Гипстік таңу түрлері.

Гипстік таңу астарсыз, терезелі, көпір тәрізді, ашылып салынатын және т.б. болып бөлінеді. Ашылып салынатын гипстік таңу, жабық гипстік таңуды екі жағынан ұзыннан кескен жағдайда пайда болады. Оны иммобилденген орынға салып сыртынан бинттік таңумен бекітеді. Ашылып салынатын гипстік таңуды шешіп қайтадан зақымдалған орынға салуға болады. Көпір тәрізді гипстік таңу буындарға, оларды ашық қалдыру үшін салынады. Терезелі гипстік таңу ашық сынықтарға олардың жағдайын қадағалау мақсатында салынады.

screenshot_23.png

3-сурет. Гипстік таңулар  а) ашылып салынатын; б) көпір тәрізді;  в) терезелі;  г) бүтін гипсті таңу

Лангетті – циркулярлық гипстік таңу. Оны жасау гипстелген лангетті суға салып, сығып, сынған аяқтардың алдынан және артынан салады. Жылдам моделдеу арқылы лангеттерді гипстелген бинтпен циркулярлық 2–3 түрмен бекітеді.           

screenshot_24.png

31-сурет. Лангетті гипсті таңулар салу тәртібі 1) Хохлов бойынша жылқыға циркулярлық гипс таңуын салу 2) итке лангет гипсты салу: а) жамбас сынуда; б) тілерсек буынның сынуда;  в) асықты жілік сынуда 

Ұсақ малға арналған гипстік таңулар. Ұсақ малдың гипстік таңғышта шиналар болмауға тиісті, себебі олар таңғышы өте ауыр. Гипстік таңғыштар тигізу орынынан тәуелсіз, аяқтың бәрін қамтуға (саусақтар басқа) және денені айнала қоршауға тиісті. Егер оны істемесе таңғыш төмен жылжиды.

Гипстік байламды алу.

Гипстік байламды ерекше гипстік қайшылардың көмегімен алады. Арнайы аралармен, тұяқ пышағымен алады. Гипс таңғыш жеңіл алу үшін оны кесу сызығымен ыстық тұзды су немесе сірке суы ерітіндісімен жібітіп алады. Гипс таңулар жұмсарғаннан кейін кәдімгі тік қайшымен оңай кесіп алуға мүмкіндік туады.

Жұмыстың барысы: 

1) тапсырма. Тәжірибелік малға немесе муляждарға дәкелік байламдардың (циркуляциялық, спираль, сегіз тәрізді, өрмелегіш, бүгіп орау) жасалу техникасын көрсетіңіздер.

2) тапсырма. Тәжірибелік малға немесе муляждарға гипсті (саңылаусыз, терезелі, көпір тәрізді) байламдардың жасалу техникасын көрсетіңіздер. Сонымен қатар, гипсті қайшылардың немесе арнайы аралардың көмегімен салған гипстерді алып тастаңыздар.

3) тапсырма. Тәжірибелік малға немесе муляждарға шиналы (қолда бар материалдардың көмегімен) және негізгі қаңқалы (каркас) байламдардың жасалу техникасын көрсетіңіздер.

4) тапсырма. Арнайы мүшелерге (мүйіз, желін, құйрық, тұяқ) арналған дәкелік таңу техникасын көрсетіңіздер.    

Бақылау сұрақтары 

1. Десмургия дегеніміз не?

2. Таңу материалдарының түрлерін атаңыз.

3. Байламдардың жіктелуі?

4. Иммобилдік байламдар дегенімізі не?

5. Дәкелік байламдардың түрлері.

6. Шиналық байлам ретінде қандай материалдар қолданылады?

7. Гипсті байлам қандай жағдайда жасалады?