Жергілікті жансыздандыру
Дәрістің
мақсаты:
жергілікті жансыздандыру тәсілдерін меңгеру, оған қолданылатын препараттарды
және енгізу жолдарын білу.
Жоспар:
- Жергілікті
жансыздандырудың жіктелуі
- Анестезияның
әдістері және новокаиндік тежеулер
- Жергілікті
жансыздандыруға арналған дәрілік заттар
1.
Жергілікті
жансыздандырудың жіктелуі
Жергілікті
жансыздандыру — жануарлар денесінің белгілі бір аумағының ауырсыну сезімін
уақытша жоғалтуы.
Сезімтал
жүйке талшықтары арқылы импульстердің өткізілуін немесе рецепторларды тежеу
арқылы іске асырылады.
Анафилаксиялы
шоктың немесе аллергиялық реакцияның алдын алу үшін жергілікті жансыздандыруды
жүргізбестен бұрын жануардың
қолданылатын анестетиктерге сезімталдығын тексерген дұрыс.
Егер
малдың осы анестетикке сезімталдығы жоғары болса, онда оны анестетиктің басқа
түрімен ауыстыру қажет, немесе жалпы жансыздандыруды қолдану керек.
Тек
ауырсыну сезгіштіктің жоғалуы аналгезия, ал сезгіштіктің барлық
түрлерінің жоғалуы – анестезия деп аталады.
Жергілікті
жансыздандырудың келесі түрлері бар:
1.
Терминальді.
2.
Инфильтрациялық.
3.
Регионарлық
немесе аумақтық:
·
паравертебральді;
·
қабырға
аралық;
·
бағандық;
·
сакральді;
·
бас
аумағының анестезиясы.
4.
Жұлындық
(субарахноидалді).
5.
Перидуралді (эпидуралді).
6.
Сүйек
ішілік – сүйек каналына.
7.
Вена
тамырлары арқылы аумақтық жансыздандыру.
8.
Көлденең
кесінді бойымен жансыздандыру.
Жергілікті
жансыздандырғыштардың әсер ету
мерзімін ұзарту және артериальдік қан ағыс қысымын азайту үшін анестетик
ерітіндісіне адреналинді (инфильтрациялық жансыздандыру үшін адреналиннің 0,1%
ерітіндісінің 2-5 тамшысын анестетик ерітіндісінің 100 мл, ал
терминальді жансыздандыру үшін новокаин немесе тримекаин ерітінділерінің 1 мл 1
тамшыдан қосу керек.
Адреналиннің орнына эфедринді қолдануға
болады 5% ерітіндісінің 1 тамшысын анестетиктің 5 мл қосып терминалді жансыздандыру үшін қолдануға
болады.
Адреналинді
және эфедринді
тек
анестетикті қолданудың алдында ғана қолдануға болады.
Терминальді
жансыздандыру —
«беткейлік жансыздандыру немесе ауырсынуды басу»
Ағза
ұлпаларының жансыздандырғыш ерітінділермен тікелей әсерлесуі арқылы іске
асырылады..
Хлорэтилді
тері бетіне бүрку өңделген аумақтың салқындауына және ауырсынуды сезу
қабілетінің төмендеуіне әкеледі, осы әдіс майда абсцестерді, гематомаларды кесіп
өңдеуге мүмкіндік береді.
Осы
жансыздандыруды қолдану арқылы күрделі хирургиялық операцияларды жүргізе
алмаймыз.
Терминальная
анестезия негізінен офтальмологияда, стоматологияда және урологияда кең тараған.
Терминалді
анестезияның тәсілдері: кілегейлі қабаттарға жағу немесе тамызу арқылы іске
асырылады.
Терминалді
анестезияны қолданбастан бұрын седативтік препараттарды қолдану қажет.
Осы
тәсілді іске асыру үшін: 1—3% кокаин ерітіндісі, 0,25—2% дикаин, лидокаиннің
және ксилокаиннің, және тримекаина 1—5% ерітіндісі
қолданылады.
Инфильтрациялық
жансыздандыру —
күрделі операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді, ол ұлпалардың әр қабатына
жергілікті анестетикті жіберу арқылы іске асырылады.
Құрсақ
немесе кеуде қуысы ағзаларына операция жасағанда 0,25% новокаинді алдымен тері
ішіне, кейін тері астына, шандырлар немесе бұлшықет апоневроздарына егіледі
Бүйрекке
операция жасағанда новокаин бүйректің
қос шандырларын арасына егіледі
Осы
тәсіл қауіпсіз болғандықтан кәрі, әлсіз жануарларға қолдануға болады, бірақ алдын ала седативтік
премедикацияны жүргізу қажет.
Аумақтық
немесе регионарлық анестезия
Регионарлық
анестезия —
анестетиктерді тиікелей ірі жүйкелер бойына немесе жүйке шоғырларына, жұлынның
түбіршектері аумағына жіберу арқылы іске асырылады.
Бұл
осы тежелетін жүйкелер немесе жүйке
шоғыры жүйкелендіретін аумақты
толығымен жансыздандыруға және
ауырсынуды басуға мүмкіндік береді.
Малдарда
негізінен бас аумағы және аяқтарының жүйкелері тежеледі. Аяқ жүйкелерін тежеу
диагностикалық мақсаттарда да жүргізіледі.
Сурет
10- Инфильтрациялық жансыздандырудың түрлері
а,
а', б - түзу; в—ромб тәрізді; г, г1,г2 - терең циркулярлы (пирамида); д -
аяқтарға жасалатын анестезия; е
- Вишневский бойынша жансыздандыру.
Паравертебралді
тежеу —люмбаго,
радикулитов, омыртқалардың соғылулары мен сынуында
қолданылады.
Инені
омырқаның өсіндісінің 1-1,5 см шетке, теріге перпендикуляр етіп сүйекке тигенше
енгізеді. Осыдан кейін инені артқа қарай тартып 5—10 мл 0,5—2% новокаина
ерітіндісін салады.
Радикулиттерді
емдеу үшін 100—250 мкг В12витаминін және 10—15 мг преднизолонды қосып
салады.
Тежеуді
екі жағынан бірге жүргізеді. Негізінен тежеу бір рет жасалады, ал созылмалы
патология болса 2-3 рет қайталауға болады.
Қабырға
аралық тежеу – негізінен
патогенетикалық терапия ретінде қолданылады.
Емдік
тежеу жүргізу үшін 5—15 мл 0,5% новокаин ерітіндісі қолданылады. Осы тежеу
қабырғалар сынғанда, қабырғааралық невралгияда, плевропневмонияны емдеу үшін
қолданылады.
Қабырғалардың
резекциясын жүргізу үшін 2 % новокаин ерітіндісі қолданылады.
Жүйке
бағандарын жансыздандыру – анестетик
тікелей жүйке бағаны бойымен салынады.
Мысал
ретінде вагосимпатикалық бағанды
тежеу негізінен өкпе және трахея ауруларын емдеу үшңн қажет. Ол үшін 5-10 мл
антибиотик қосыған новокаиннің 0,5
% ерітіндісін қоданамыз.
Мосин
тежеуі – негізнен құрсақ қуысы және несеп жыныс ағзаларының ауруларын емдеуде
қолданылады. Осы тежеуді жүргізу үшін 0,5 % новокаиннің 1 кг тірі салмаққа 0,5 мл ірі малдарға және 3-4 мл ұсақ
жануарларға есептеліп салынады.
Бас
аумағының жүйкелерін тежеу
Негізінен
мал тістеріне операция жасағанда,
осымен бірге патогененикалық терапия әдісі ретінде
қолданылады.
Патогенетикалық
терапия әдістері ретробульбарлы тежеу, көз жүйкесін тежеу, краниальді жұлдызша
түйінін тежеу.
Хирургиялық
өңдеу үшін қажет тежеулер – көз асты жүйкесі, төменгі және жоғарғы жақ
жүйкелері, маңдай жүйкесі.
Сакральді
анестезия
Орындалу
техникасы паравертебральді тежеуге ұқсас. Негізінен патогенетикалық терапия
әдісі ретінде қолданылады.
Новокаин
ерітіндісі құйымшақ аумағына екі жағынан салынады.
Негізінен
құйымшақ сынғанда, жамбас аумағындағы патолгияларды емдеу үшін
қажет.
Эпидуральді
жансыздандыру.
Новокаин
ерітіндісі жұлын каналына /жұлынның қатты қабатының үстінен салынады, бұлда
негізінен патогенетикалық терапия әдісі ретінде қолданылады.
Ол
үшін 0,5-1,0 %
новокаин немесе новалгин ерітінділері қажет.
Дозасы
мал түріне байланысты болады. Омыртканың 1/10 ұзындығы бойынша /ұсақ жануаларға/
немесе құйымшақ өсіндісі мен мықын аралығының 1/3 бөлігін құрайды.
Сурет
11 - Жылқы жұлынның көлденең
кесіндісі:
1—қатты,
2—өрмекші, 3—жұмсақ қабаты:
а-эпидуралды, б—субдуралды, в—субарахноидалды кеңістік; дк—дорзалды, вк—вентралды қабықтар; с—омыртқалық
венозды синус; м—құйрық
жүйкелері (жылқының құйрығы).
Сүйек
ішіне анестетиктерді жіберу.
Сүйек
ішілік анестезия дәрілік заттарды тікелей сүйек кемігіне
енгізу.
Анестезия дәрілер салынғаннан кейін 15—20 мин. кейін басталады да ұзақ уақыт
бойы әсерін тигізеді. Ол үшін 20—100 мл 0,5% новокаина ерітіндісі қажет
болады.
Қан
тамыры арқылы аумақтық жансыздандыру
-40—100 мл 0,5% новокаин ерітіндісін вена тамырына
енгізеді.
Көлденең
кесінді бойымен жансыздандыру. Негізінен аяқ ауруларын емдеуде немесе аяққа
операция жасағанда қолданылады. Осы
әдісте де 40—100 мл 0,5% новокаин ерітіндісін қолданылады.
Беткейлік
анестетиктер
Ø
Тетракаин
– офтокаин
Ø
Лидокаин
– 4
% ксилокаин
ерітіндісі
Ø
Оксибупрокаин
немесе новезин
Ø
Проксимеметакаин
пропакаин
Инфильтрациялық
анестетиктер
Ø
Прокаин
– новокаин
Ø
Лидокаин
Ø
Прилокаин
Ø
Хостокаин
Ø
Артикаин
Ø
Этидокаин
Ø
Гарбостезин
Бақылау
сұрақтары:
1.
Жергілікті
жансыздандыру дегеніміз не?
2.
Жергілікті
жансыздандыруға қолданылатын препараттар
3.
Бас
аумағына жататын новокаиндік тежеулер
4.
Сакральді
анстезияның жасалу техникасы
5.
Эпидуральді
жансыздандыру қандай жағдайда жасалады.
6.
Анестетиктердің
түрлері
Негізгі
қолданылатын әдебиеттер:
1.
Ильясов
Б.К. Алғашқы ветеринарлық жәрдем. Алматы, 2001 ж.
2.
Муралинов
К.К. Оперативтік хирургия. Алматы,
2006 ж.
3.
Ильясов
Б.К. Ветеринарлық хирургия, Алматы. 2008ж.