Құрсақ аумағына жасалатын операциялар

Дәрістің мақсаты – мес қарынды тесу және жарыққа операция жасалу техникасын меңгеру.

-          «Не білеміз?»

-          «Қандай проблемалар бар?»

 

Жоспар:

1.      Мес қарынды тесу

2.      Жарықтардың операциясы

 

Өндірістік жағдай

Асқар сәуірдің 19 күні 10 Алатау тұқымды сиырларын таңертең Алатау бөктеріне жайылымға шығарды. Жайылымда жоңышқа жақсы өскен, бір күн бұрын кешке жақын жаңбыр жауған. 30 минуттан кейін 2 сиырдың мазасызданғанын байқады.

Иесінің байқаған клиникалық белгілері: ауру тез дамыған, мал мазасызданған, жиі жатып, орнынан қайта тұрады. Азық жемейді, су ішпейді, күйіс қайырмайды, қарны ұлғайған. Тынысы жиілеген.

Балау: ?

Осы жағдайда сіз не істередіңіз:

-                     проблеманың шешімін тез арада табыңыздар;

-                     проблеманы шешуде көптеген дәлелдер келтіріңіздер :

 

Осы проблеманың алғашқы шешімдері:

1. Аш бүйіріне массаж;

2. Малды өрге айдау;

3. 3 л сүт ішкізу, 1 (10-20г) ас қасық ихтиол ішкізу, креосин, креолин, скипидар, 1 ас қасық сүт қышқылын; арақ, антибиотик, 160-200м л 2 л суға дайындалған тимпанол.

4. Бензин немесе солярканы иіскету.

5. Үстіне суық су құю;

6. Тілін қайта-қайта тарту арқылы малды кекірту.

7. Зонд жіберу.

Осы жоғарыда аталған іс –шаралар көмек бермеген жағдайда.

 

Мес қарынды тесеміз, латын атауы (................?)

Тесу техникасы: аш бүйірден теріні тартып, барлық күшін салып, троакармен теседі. Егер терісі қалың болса, алдымен теріні скальпелмен тіліп алады. Троакар енгеннен кейін, қалқанын қалдырып қанжарды (үш қырлы) суырып алады.

Газды жаймен шығарады, неліктен?

Егер газды тез шығарсақ, мидағы қан тез таралып, ми анемиясынан, малдың талып қалуы байқалады.

Гильзасы түсіп кетпеу үшін, теріге бекітіп қоямыз. Газ шығып болғаннан кейін, ашу процессін тоқтату үшін, гильза арқылы сүт қышқылын, тимол, тимпанол енгізеді. 2-5 сағаттан кейін троакарды алып тастайды. Тескен жерді йодты спиртпен өңдеп. Теріні коллодимен желімдейді. 

 

screenshot_14.png

 

Сурет 1 – ірі қара малды аш бүйірінен тесу

 

screenshot_15.png

Сурет 2– тесу нүктелері

 

3.      Жарық (hernia) - анатомиялық немесе жасанды патологиялық қуыстан ішкі мүшелердің  (ішек, жатыр, шажырқай, несеп қапшығы және т.б.) түсуі.

 

screenshot_15.png

Сурет 3 – Жарықтың түрлері

 

Себептері : Жарақат, ірі қара малда патологиялық туудан, жылқыда бұлшықеттердің созылуынан және үзілуінен, қатты күшенуден.

Жарықтың түрлері

  1. Кіндік жарығы
  2. Диафрагмалды жарық
  3. Перианалды жарық
  4. Ингвиналды жарық
  5. Құрсақ жарығы
  6. Шап-ұмалық жарық
  7. Операциядан кейінгі жарық (15  жарық түрлері белгілі)

screenshot_17.png

 

Сурет 4 – Жарықтың түрлері

 

Проляпсус –жарақаттан құрсақ жыртылып, ішкі мүшелердің тері астына немесе бұлшықет аралығындағы кеңістікке түсуін айтады. 

Эвентрация –ішкі мүшелердің сыртқа түсуін айтамыз.

 

Жарықтың:

Жарық саңылауы (сақинасы)

Жарық қапшығы

Жарық түсіндісі (ішек, шажырқай т.б.) болады.

 

Жарқытың жіктелуі.

Ø  пайда болуына байланысты: туа және жүре пайда болған.

Ø  салынатын және салынбайтын (қысылған) жарық.

 

Балау

  1. Клиникалық зерттеу
  2. Сипау (пальпация)
  3. Рентген
  4. УЗИ 

 20-дан астам операция түрлері белгілі. Ол жарық түріне (салынатын және салынбайтын) және сақинасының көлеміне байланысты.

Операция 4 сатыда өтеді:                

1. Жарық қапшығын тілу.

2. Жарық қапшығын жою.

3. Жарық саңылауын жабу.

4. Теріні тігу.

 

Жарыққа қолданылатын  операциялық әдістер

  1. Гутман әдісі
  2. Сапожников әдісі
  3. Оливков әдісі
  4. Лаксер әдісі
  5. Ельцов әдісі
  6. Геринга-Седамгродск әдісі

Операциядан кейін қалпына келу уақыты.

Операциядан кейінгі қабыну 10-14 күннен кейін қалпына келеді.

6-8 аптадан кейін толық жазылу байқалады.

Операциядан кейінгі күтім

Операциядан кейін жеңіл және тез қортылатын азық беру керек.

Анальгетиктерді қолданамыз.

Алғашқы 3 аптада тыныштық жағдайда ұстау.

Мес қарынды тесу 

Ота көрсеткіштері. Мес қарында өте тез және шамадан тыс көп газ жиналғанда малды тұншығып өліп кетудең сақтандыру мақсатымен мес қарынды теседі немесе торакоцентез жасайды.

Жансыздандыру. Малдың мес қарны қауіп туғызатындай аса кеуіп кеткен болса, тесетін жердің сезімін жоймай-ақ қояды. Аса қауіпті жағдай болмаған жағдайда торакоцентез жасалатын ота орны новокаинмен жансызандырылады..

Ота  тәртібі. Ірі қара малда ашығу шұңқырының ортасы 4 елі қанатты омыртқадан төмен ота орнының түгін қырқып, терісіне йодтың спирттегі ерітіндісін жағады.  Мес қарынды әдетте арнайы аспап – троакармен теседі. Ол үшін троакардың өткір ұшын жоғарыда көрсетілген жерге кояды да, малдың тізе буынына бағыттап, троакардың тұтқасы үстінен қолдың алақанымен тесетіндей күшпен қатты ұрады. Егер тері тесілмесе, оны алдымен аздап тіледі. Құрсақ қуысының қабырғасын және қарынды тескен соң, троакарды төлкесімен (гильза) көлденең қалқаншасына жеткенінше енгізеді. Троакардың қалқаншасың теріге сәл басып, оның төлкесінен (гилзасынан)  суырып алады да, іле-шала оның орнын дәкемен жабады, содан кейін ақырындап газды шығарады. Троакардың төлкесі (гильзасы) жем кесектерімен бітеліп қалса, оны төлкемен тазалайды. Газды шығарып, троакардың төлкесі арқылы қарын ішіндегі ашу үдерістерін басатын немесе тоқтататын дәрілік заттар (тимпанол, сұйық май) жібереді және оны малдың, денесіне бинтпен таңып, 5 сағатқа дейін  ұстайды. 

Газды шығарып болғаннан кейін трокарды гильзасына қайта салып, теріні саусақпен баса отырып, троакарды төлшесімен бірге қарыннан суырып алады. Жараны тазалап, йодтың спирттегі ерітіндісін жағады да, антисептикалық ерітінділер сіңдірілген мақтанын жұқа кабатымен желімдейді.

Сиырға кесарь тілігін жасау

Ота жасалған сиырдың 90% айығып кетеді, көбіне төл де тірі қалады. Әдетте кесарь тілігінен кейін сиыр сүттілігін жоймайды және жақсы бордақыланады, олардың 50-60%-ды ұрықтану қабілетін сақтайды.

Ота көрсеткіші. Бұл отаны жатыр мойыны ашылмағанда, не шала ашылғанда, төл біркелкі немесе өте үлкен болғанда, төл шығу жолдары жіңішке болғанда, жатыр бұралғанда, төл кемістігі және патологиясы болғанда, оның мүшелері дұрыс жатпаған және жөндеп жіберуге келмесе жасайды.

Жансыздандыру. Кесарь тілігін жасу үшін кесетін жердің ұлпа қабаттарының сезімін жояды немесе кұрсақ қабырғасты сезімін жою үшін, соңғы қабырғадан  4-5см жоғары жерден дененің ұзын бойына сызық сызады да сол сызық бойынша үш жерден шаншиды, біреуін ең соңғы қабырғаның артынан, екеуін екінші және үшінші бел омыртқаның көлденең қанаттарының алдыңғы жағынан шаншиды.

Мес қарын азық жынына аса толық болмаған жағдайда құрсақ қуысын және ота орнын мес қарыннан жеке ұстау үшін Магда тәсілін қолданып, мес қарыннын тері үстіне шығарып кескендегі жиегін арнайы қысқыш немесе тері бетіне оталық тілік жара айналасына бекітілген қалың резеңке тақтайшаға бекітеді. Осы тәсілге ұқсас әдісті Герцен де ұсынған. Мес қарын азыққа шамадан тыс толып кеуіп кетсе, оны жарар алдында Тарасов тәсілімен теріге тігеді де, тілінген жара жиегін қайырып, теріге немесе жекелеуіші целлофанға(су өтпейтін жұқа пленкаға) бірнеше жерінен көктеп тігеді.

Аралык, I және II бел жүйкесінің сезімін жойып (руменотомияны қараңыз). Бұған қосымша аздаған алкоголь наркозын (аузынан 0,5-1,0л алкоголь кұяды немесе күре тамырға  450-600мл.,  33%-ды  ректификат спиртін енгізеді.) жасайды. Жатырдың жарылуын тоқтату және оны құрсак қуысынан шығаруды жеңілдету үшін эпидуральді анестезиямен сезімін жояды. Инені I және II құйрық омыртқаларының арасындағы ойыс жерге шаншиды. Ол жер малдың құйрығын бұрғанда айқын байқалады. Инені алдымен теріге тік шаншып, одан өткен соң оны сәл ғана алға қарай 45-60° бағыттап, омыртқа арасындағы сінірден өткенше жылжытады, ал одан өткен иненің қуысқа жеткені белгілі болады. Егер ине омыртқа қуысының қабырғасына тірелсе, оны шамалы кері тартады. Ірі қараға инені 2-4см терендікте шаншиды. Сол эпидуральді қуысқа новокаиннің 1,5%-ды ерітіндісіне 100-150 мл мөлшерінде немесе 2%-ды новокаин ерітіндісінен 100 мл енгізеді, жансыздандыру дұрыс жасалған жағдайда, жатырдың толғағы және жиырылуы түгелімен тоқтайды, артқы екі аяғының шала салдануы байқалады, жергілікті жансыздану үдерісі құрсақ қабырғаларына дейін таралады.  Ота тәртібі. Сиырды ота жасайтын үстел үстіне, пішен, не сабан престердің үстіне брезент жауып, тіпті болмаған жағдайда мал қора еденіне он жағына жатқызып, қозғалмайтын етіп бекемдейді. Ота жасау алдында Мосин бойынша плевра үсті тежеу жасалынады және күре тамырына новокаин жіберіледі. Керек жағдайда жүректі қоздырып әсер ететін дәрілік заттар беріледі. Малға, әсіресе әлсіз малға, күре тамырға глюкоза және кальций глюконатын енгізеді. Ота алаңының түгін қырады және хирургияда қолданылатын жалпы әдістермен ота жасауға дайындайды. Құрсақ қабырғасын малдың сол жақ желін тамырынан жоғары жерден құрсақ жігіне қатар бағытта тіледі.

Тілік ұзындығы 30-40см. Тілген жердің артқы шеті желін тамырынан 10-12см, алдынғы шеті 5-6см қашыктықта болуы керек. Қабаттардың тіліну үлгісі төмендегідей:  1) теріні тері асты қабатымен бірге;  2) құрсақ бұлшықетінің сыртқы қабаты;  3) бұлшықетті (скальпель тұткасымен талшықтардың бойымен ажыратады);  4) бұлшык еттің шандырлы ішкі қабатын тек етпен бірге тіледі. Кесілген терінің шетіне зарарсыздандырылған целлофан  жабыстырылады. Құрсақ қуысын ашқан соң оған қолды сұғып, шарбыны жоғары және алға карай ығыстырады да жатыр тармағының жоғарғы бөлігін табады. Жатыр тармақтарын екі қолмен ұстап, оны сыртқа қарай тартады да, ота жасалған жердің сыртына шығарады. Жатыр бұтағын оның тілген жерінен тіледі. Тіліктің ұзындығы одан төлді кедергісіз шығаратындай болуы кажет. Төлді шығарып алған соң шуды бүтіндей не жарым-жартылай алып тастайды. Жатыр қуысына антибиотиктер (ұнтак түрінде биомицин) жіберіледі. Жатырды кетгутпен екі қатарлы үздіксіз тігіспен кілегей кабығын қамтымай тігеді. Бірінші тігісті шырша тәрізді, екіншісін – Садовский

Плахотинше (руменотомияны қараныз) тігеді. Жатыр ыдырап және ісініп турған жағдайда оның жыртылып кетуі ыктимал, сондықтан қосымша көктеп тігеді. Тігілген жатырға новокаинде ерітілген пенициллин енгізіп, оны құрсақ ішіне қайта салады. Кейде сиырды сол қабырғасына жаткызып бекітеді де, құрсақ қабырғасын он жақ желін тамыры үстінен тіледі (ішегі шығып кетуі қауіп) немесе малға аяғынан тік тұрған бойы кесарь тілігін жасайды. Сонғы жағдайда құрсағын сол жак аш бүйірден тіледі. Құрсақ қабырғасын аш бүйірден төмен қарай тіке немесе құрсақты ішкі қиғаш ет талшықтарының бағытымен қиғаш тіледі, былайша айтқанда жоғары және артынан-төмен қарай және алға қарай. Ішкі қиғаш және көлденең етті олардың талшықтарының бойымен скальпельдің сабымен ажыратады. Аяғынан тік тұрған сиырға ота аурудың бастапқы кезінде, асқынбаған жағдайда, сондайақ малдың күйлі кезінде жасалады орнына қайта әкелінген шарбыны да қоса тіледі. Бұлшықеттің сыртқы қабатын бөлек-бөлек түйінді тігіспен тігеді. Құрсақ қуысын әбден жауып тастар алдында оған новокаин араластырылған пенициллин ерітіндісі (1-2 млн ӘБ) енгізіледі. Теріні жібек жіппен көлденеңінен немесе ұзына бойы тұзақты тігіспен тері асты қабатын, кейбір жерде құрсақ бұлшықеттің шандырлы қабын камти тігеді. Тері тігістерін 10-12 күні алып тастайды.

Отадан кейін емдеу, Отадан кейінгі кезенде іріндеу кабынуға қарсы және малдың жалпы күйін көтеретін ем қолдаңылады. Ол үшін: новокаинмен емдеу – новокаинді күре тамырға кұяды немесе Мосин тежеуін жасайды; ал құрсақ көк шандыры қабынуы (периторит) деп қауіптенген жағдайда құрсақ ішіне антибиотиктер енгізіледі, жалпы малдың тонусын жақсарту мақсатында күре тамырға глюкоза, кальций глюконаты және хлорлы кальций және тері астына кофеин енгізіледі. Мес қарын ұлпасының қан қысымы нашарласа немесе оның жұмысы әлсіресе руминаторлық дәрілер беріледі. Отадан кейін жатырдың кілегей қабығының қабынуының алдын алу және емдеудің маңызы зор. Жатырдың жиырылуын күшейту мақсатында (питуитрин, окситоцин, эрготал) қолданылады, жатырды ауру малдың жатырына тік ішек арқылы уқалау (массаж) жүргізеді, күнделікті таза ауада серуен ұйымдастырады (мацион). Жатырдағы қабыну үдерістеріне қарсы антибиотиктер (биомицин, тетрациклин) және сульфаниламид преператтары қолданылады, жатырды жиыратын балауыздар салынып, жатыр жуылып, шайылады және малға жақсы күтім жасалады.

Бақылау сұрақтары:

1.      Руменоцентез дегеніміз не?

2.      Қандай жағдайда руменоцентез жасалады?

3.      Жарықтың қандай түрлерін білесіңдер?

4.      Проляпсус дегеніміз не?

5.      Эвентрация дегеніміз не?