Таңу материалдарын және хирургиялық киімдерді отаға дайындау, зарарсыздандыру
Дәрістің
мақсаты
– хирургиялық жабдықтарды (меттал, шыны, резеңке), тігіс материалдарын қайнату
немесе антисептикалық ерітінділерді пайдалана отырып зарарсыздандыру әдістерін
меңгеру.
Зарарсыздандыру.
Қазіргі таңда құрал-саймандарды, таңу заттары мен ота жапқыштарды
зарарсыздандыру үшін, оның физикалық және химиялық әдістер қолданылады. Зарарсыздандырудың физикалық әдістері.
Физикалық зарарсыздандыру әдістерді термиялық, күйдіру (фламбирлеу), қайнату, бу
қысымымен (автоклавта), ыстық ауамен, (құрғақ ауамен), ультракүлгін сәулелермен
іске асырылады.
Күйдіру
(фламбирлеу) арқылы зарарсыздандыру – жылдам, шұғыл жағдайда, шаруашылықта басқа
әдістерді жүргізуге мүмкіншілік болмаған жағдайда темір құралдарды арнайы шұңғыл
ыдыстарға салып, үстіне спирт құйып өртейді немесе оттың жалынында ұстайды.
Хирургиялық
құралдарды арнайы стерилизаторларда қайнату арқылы, стерилизатор торына жайып,
ұсақ құралдармен хирургиялық инелерді дәкеге орап, дистилденген сумен немесе
оған (2% натрий гидрокарбонатын, лизол, фенол ерітінділерін) қосып, қалыпты
жағдайда, 100°C температурада 30 минут қайнатады. Сосын жабдықтары бар торды
алып, кептіріп 2-3 қабатты дәкеге немесе орамалға және полиэтиленге орап,
стерилизаторларда сақтайды және тасымалдайды. Бу қысымымен (автоклавта)
зарарсыздандыру.
Зарарсыздандыруды
ыстық бу арқылы іске асырады.
Автоклавта
бу қысымы жоғарылап, будың температурасы 132,9ºC-қа дейін көтеріледі (2 атм.
қысымға). Қысымды
1,0; 1,5 немесе 2,0 атмосфераға дейін жеткізуге болады. Хирургиялық құралдар,
таңу заттары, жапқыштар және т.б. материалдар Шиммельбуш бикстеріне
орналастырылып, бикстердің бүйірлеріндегі саңылауларын ашып, қақпағын тығыз етіп
жабады. Бикстерді автоклавқа орналастырғаннан кейін, автоклавтың есігін жауып,
белгілі бір тәртіппен жұмыс істеуге қажетті ісәрекет жасайды. Автоклавтың жұмысы
манометр және термометр көмегімен бақыланып отырылады.
Автоклавта
зарарсыздандыру тәртібі:
1,1
атмосферада (t-119,6ºC) 1 сағат;
1,5 атмосферада (t-126,8ºC) 45 минут;
2
атмосферада (t-132,9ºC) 30 минут;
Зарарсыздандыру аяқталғаннан кейін,
автоклавтың есігін шамалы ашық қалдырып, біраз уақытқа дейін бикстердің ішіндегі
заттарды кептіреді. Бикстерді автоклавтан алғаннан кейін, бүйірлеріндегі
саңылауларын жауып, зарарсыздандыру уақытын белгілеп қояды. Жабық бикс 72 сағат
бойы зарарсызданған (стерилді)
болып саналады. Ыстық бумен және құрғақ ауамен зарарсыздандыру арнайы Кох
стерилизаторында іске асырылады. Стерилизатор торына қажетті таңу материалдары
арнайы мата қапшыққа немесе бикске салынып, ыдыстың 1/3 бөлігіне су құйылады.
Будың температурасы 100°C-қа жеткеннен кейін 30
минут қайнатады. Зарарсыздандыру
арнайы құрғақ ауалы аспапта жасалады.
Хирургиялық
құралдарды зарарсыздандырғыш шкаф сөрелеріне салып, алғашында 30 минут ішінде
85ºC температурада есігін шамалы ашып кептіреді. Зарарсыздандыру үшін есікті
жауып, 1 сағат 180°C температурада ұстайды. Сәулелі зарарсыздандыру. Микробқа қарсы
өңдеуді ультракүлгін немесе ультрадыбыс арқылы жасауға болады. Құрал-саймандар
мен әртүрлі заттар герметикалық қалталарда зарарсыздандырылады және оларды 5
жылға дейін сақтауға болады. Бұл әдіс бір рет пайдалануға болатын заттар үшін
(шприцтер, тігіс жіптер қолғаптар) ыңғайлы және соңғы кезде кең қолданылады.
Себебі, сәулелік зарарсыздандырудан кейін, ол заттардың қасиеттері
өзгермейді. Зарарсыздандырудың
химиялық әдістері. Химиялық зарарсыздандыруға антисептикалық ерітінділерімен
зарарсыздандыру жатады. Химиялық антисептика зарарсыздандырудың суық әдістеріне
жатады және құрал-саймандардың өткірлігіне әсер етпейді, сондықтан кесетін
хирургиялық құрал-саймандарды зарарсыздандыру үшін қолданылады. Көбіне
зарарсыздандыру үшін, 96% этил спирті және 6% сутегінің асқын тотығы
пайдаланылады.
Бақылау
сұрақтары:
1.
Жібек жіпті зарарсыздандыратын қандай әдістерді білесіз?
2.
Кетгутті зарарсыздандыратын әдістерді атаңыз.
3.
Мақта-мата және зығыр жіптерді қалай зарарсыздандырады?
4.
Синтетикалық жіптерді қалай зарарсыздандырады?
5.
Аспаптарды сақтау жолдары
Негізгі
қолданылатын әдебиеттер:
1.
Ілиясов
Б.К. Алғашқы ветеринарлық жәрдем. Алматы, 2001.
2.
Дұрманов
Қ.Д., Жалпы хирургия, Алматы 2006 ж. 230 бет.
3.
Муралинов
К.К., Оперативті хирургия, 2006 ж.