Мойын аумағына жасалатын операциялар

Дәрістің мақсаты –мойын аумағына жасалатын операцияларды меңгеру

 

Жоспар:

1.         Трахетотомия

2.         Эзофаготомия

3.   Өңеш дивертикулы

1.Трахеяға операция жасау (tracheotomia)

Көрсеткіші. Жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуына байланысты, тыныс алуы қиындағанда жасалады (көмекейдің шеміршегінің сынуы, ісінуі және пайда болуы).  Әр түрлі жағдайларға байланысты, трахеотомия уақытша және тұрақты (мәңгілік) болуы мүмкін.

Бекемдеу. Операцияны ірі қара малға тұрып тұру жағдайында немесе жатқызып жасайды. Малдың өміріне қауіп төнген жағдайда, арнайы хирургиялық дайындықсыз операция жасалады. Малдың қозуы кезінде қауіпсіздік шараларын қолданады.

Құрал - жабдықтар. Трахеотубус, ең ыңғайлысы әмбебап трахеотубус.

Жансыздандыру. Тілік жасалатын орынға инфильтрациялық анестезия жүргізіледі.

Операция техникасы. Операция жасалатын орын мойынның үштен бір бөлігі яғни 4—6 –ші трахеальді сақинадан. Малдың басын көтереді. Егер тұрып тұрған малға операция жасайтын болса, оташы оң жағында, ал көмекші сол жағында тұрады.

screenshot_11.png

Оташы және көмекші біреуі оң қолымен, екіншісі сол қолмен операция дайындаған жерді екі жағынан ұстап, терілік көлденең қатпар жасайды.

Көлденең қатпардың үстінен 6-8 см тілік жасайды, ұсақ қан тамырларды торзирлейді.  Терісін және беткейлі фасцияны тілгеннен кейін жара ашқыштар арқылы жараны кеңейтеді де бұлшықетті жалаңаштайды. Скальпельдің көмегімен бұлшықетті тіліп, трахеяның фасциясына енеді де оны тіліп, трахеяға жетеді. 

screenshot_12.png

Егерде уақытша трахеотомия жасалса, онда скальпельмен екі трахеальді шеміршекті тіліп, жасалынған саңылауға трахеотубістің трубкасы ене алу керек. Қалқанды мойнының қалындығымен орналастырып,  бұрандамен бекітіп, қалқанның саңылауы арқылы, мойынға трахеотубусты бекітеді. Тұрақты трахеотомия (трахеостомии) кезінде екі шеміршектің байламын кескеннен кейін 2 см шеміршегінде алып тастайды, пайда болған  терезеге трахеотубустың трубкасын енгізеді де, майысқан бөлігін көкірекке бағыттап бұрады да, қалқанды бұрандамен бекітеді. Мұндай бекіту арқылы құралдың трахея қуысына енуіне кедергі жасайды.

Ұсақ малдардың трахеотомиясы кезінде екеулік трахеотубус қолданылады. Ішкі трубканы арасында алып тұрып және кеуіп қалған кілегейден тазалайды. Егерде трахеотубус қажет болмаған жағдайда трахеотубусты алып тастайды, жараны жаңартып, үзілмелі тігіспен тігіп тастайды.  Бұл жағдайда тігісті тек теріге ғана салады

Трахеотубус болмаған жағдайда, трахеялы қаяу жасалады (tracheofissura). Барлық қабаттарды тілгеннен кейін, 2 см ұзындықта кілегейлі қабықтың бүтіндігін бұзбай, трахеальді сақинаны кесіп алып тастайды.  Сонан соң трахеяның кілегейлі қабығын тіліп, шетін терінің шетіне тігеді. Тұрақты трахеотомии (трахеостомии) кезінде, кілегейлі қабықтың шетін кеңейтпес бұрын, жараның тері шетін бұлшықетпен бірге 2 см әр бір жерінен тіледі. Тігісті 10 күннен кейін алады.

2.Өңешке операция жасау (oesophagotomia)

Көрсеткіші. Мойын аумағындағы өңештен бөгде затты алып тастау (тамыр түйнектілер, сүйектер және т.б.). Операцияны жасайды, егер де тұрып қалған бөгде затты қансыз яғни басқа жолдармен алып тастай алмағанда. Егер де өңеш зақымдалған жағдайда тілікті зақымдалған жерден бастайды да. Сонан соң сол жерді тігіп тастайды.

Құрал-жабдықтар. Әдеттегі құрал-жабдықтарға қосымша корнцанг және несеп катетері қолданылады.

Бекемдеу. Ірі қара малды тұрып тұру жағдайында, ұсақ малдарды оң жақ бетіне жатқызады. 

Жансыздандыру. Ірі қара малда премедикация (ромпун) және инфильтрациялық жансыздандыру, ұсақ малдарда наркоз.

Операция техникасы. Ірі қара малда сол жағынан күре тамырмен төс жақтық бұлшықеттің немесе  күре тамырмен иық басты бұлшықеттің арасында жасалады. Бұл әдістердің өзіне тән кемшіліктері және артықшылықтары бар. Бірінші әдісте қажет болған жағдайда дренаж жасау ыңғайлы, өйткені күре тамыр кедергі болмайды. Екінші әдісте техникасы жағынан өте оңай жасалады, бұл кезде күре тамырды өтпес ілмектермен вентральді бағытқа бекіту және жылжыту оңай. Егер өңештің қабырғасы өліеттенбеген жағдайда яғни тілгеннен кейін саңылаусыз жабық тігіспен жабылса, осы әдіс қолданылады.  Ірі қара малда операцияға кіріседі, егер де тимпания болмаса, тимпания болған жағдайда, алдымен руменоцентез жасалады.

Күре тамырдың вентральді немесе дорсальді бетінде15— 20 см ұзындықта тілік жасайды. Бөгде заттың тұрған орнын білу қажет. Егер бөгде зат  өңештің бастапқы бөлігінде орналасса, онда тілікті мойынның артқы үштен бір бөлігінде жасайды.

Теріні тілгеннен кейін, тері асты бұлшықетті тіледі. Тереңге енбес бұрын, новокаин ертіндісін енгізеді. Ұсақ тамырларды торзирлегеннен кейін, қайшының көмегімен күре тамырды босатып, күре тамырдың науасына енеді.

  1. Өңеш дивертикулы

Өңеш бұлтығы (Diverticulum Oesophagi) – өңеш қабығының бір жақты шектеулі ауытқуы, өңештің шамадан тыс ауытқуы көбінесе туа пайда болады, азықпен бітеледі, бұлшықет аумағына ылғи да ауырлық түссе, кілегей қабығы кенеттен зақымдалған кезде байқалады. Бұндай патологиялық жағдай көбінесе өңештің кеуде және мойын аумағындағы бөліктерінде көп кездеседі. Өңеш бұлтығы мойын бөлігінде пайда болса операция көмегі нәтижелі болады. Клиникалық белгілерімен рентген арқылы балау қояды.

Мал азықтанғанда шүйде сүйек өсіндісінің сол жағының өңеш бұлтығына азық жиналып қалады. Азықтанудан кейін 1-2 сағат өте ісік жойылып, азықтанғанда қайтадан пайда болады. Оперативті ем қолданады.

Операция техникасы.

Малды операцияға дайындау эзофаготомиядағы барлық әдісі қолданылады.

Өңеш дивертикулына операция жасау

Дивертикулдың бұлтықтары көлемі жағынан кіші болса, операция инвагинация түрі бойынша өткізеді. Өңеш қабығын кеспей, кілегей қабығының бір жағының зақымдауын анықтаған соң, өңеш саңылауына салып, бетіне үзілмелі 3-4 тігін салады. 

Егерде дивертикула көлемі үлкейіп тігуге келмейтін жағдайдан, оны жарады. Өңештің сірлі-бұлшықет бөлігін қиық ретінде, кілегей қабығын ашпай бөлуге болады.

Соңғы жағын өңештің ішіне аударып, ал сірлі-бұлшықет өңештің жарасына үзілмелі тігін салады.

Дивертикул астында өңеш бөлігін бірден тарылу байқалса, ұзындығы 3-4 см-дей, онда тарылған бөлігін толық кесіп алып, 2 жақ бұрышын бірі-біріне жалғастырып 2-қатарлық тігін салып тігеді. Операция кезінде өңешті висцеральды бұлшықет қабына тігеді. Операциядан кейін 1-шы тәулікте малды аш ұстайды. Ірі азықты қолданбай, рационды бірте-бірте көбейтеді.

 

screenshot_13.png

 

Сурет 3 - өңеш дивертикулы

Бақылау сұрақтары:

  1. Өңештің бітелу себептері?
  2. Өңеш бітелгенде жасалатын емдік шаралара.
  3. Өңеш бітелгенде жасалатын операция.
  4. Трахеотомия қандай жағдайда жасалады?
  5. Өңеш дивертикулы дегеніміз не?
  6. Өңеш дивертикулы кезінде жасалатын операциялар.