Жабық механикалық жарақаттар
Жоспар
1.
Жабық
механикалық жарақаттар
2.
Жабық
механикалық жарақаттардың түрлері
3.
Соғылу
дәрежелері
Жабық механикалық
жарақаттар – сыртқы ортаның әртүрлі механикалық әсерлерінен тері, тері
асты ұлпаларының және ішкі ағзалардың патологиялық өзгерістерге ұшырауы.
Жануарларда кездесетін ұлпалар мен ағзалардың жабық механикалық жарақаттары сан
алуан. Ол барлық жануарларда кездеседі. Әсіресе бір орында көп мал басы
шоғырландырылып өсірілетін кешендерде мүйізді ірі қараны байламай,
мүйізсіздендірмей ұстағанда, тасымалдау, бағу, азықтандыру және ветеринариялық – зоотехникалық
шараларды жүргізгізу кезінде қажетті талаптарды сақтамағанда мал жиі
жарақаттанады. Жабық механикалық жарақаттарда созылғыштығына байланысты теріде,
кілегейлі қабықтарда көзге көрінетін ашық бүлінулер болмайды. Жабық механикалық
жарақаттар ұстап бағу, тасымалдау барысында денеге өткір емес заттармен соғу -
соғылу, ұру – ұрылу сияқты механикалық күштердің әсерінен болады. Жабық
механикалық жарақаттардан асқынуларда пайда болады. Мысалы: іріңді - шірікті
(абцесс, некроз) үрдістер, сепсис. Ал жарақаттық және жүйке стрестік шоктарға
жете көңіл бөлінбей келеді. Олар тіпті жануарлардың өлім-жітіміне әкеліп соғуы
мүмкін. Көптеген шаруашылықтар әлі жануарлардың жабық механикалық жарақаттарынан
келетін экономикалық шығындарға көңіл бөлмей отыр. Ал алдыңғы қатарлы
шаруашылықтар жануарлардың жарақаттануларының алдын алуға баса көңіл аударуда.
Мысалы кейбір шаруашылықтар мүйіссіз сиыр тұқымдарын сатып алып өсіріп (Ангус)
жатса, кейбіреулері бұзауларды ерте мүйізсідендіріп тастауда. Малдарды
тасымалдауға тек арнайы көліктерді пайдалануда.
Жабық
механикалық жарақаттардың түрлері:
1.
Соғылу.,
2.
Созылу.,
3.
Үзілу.,
4.
Шайқалу.,
5.
Басылу.,
6.
Гематома
(қанды домбығу).,
7.
Лимфоэктравазат
(лимфалық домбығу).
Соғылу
(contusio), – соғылу, ұрылу әсерінен терінің
анатомиялық бүтіндігі сақталып, оның жекелеген торшалары мен қан, лимфа
тамырларының және тағы басқада оның астындағы ұлпалар мен ағзалардың механикалық
зақымдалуы.
Тері бүтіндігінің сақталуы оның эластикалық құрлысына байланысты. Соғылудың
себебтері сан алуан. Көбіне мал
бірін – бірі сүзіп, теуіп, қысып жарақаттайды. Малдарды айдау, қораға қамау,
ветеринариялық - зоотехникалық шараларды жүргізу кезінде ұрып – соғудан
жарақаттанады. Дұрыс жықпау, бекітпеу, көлікке тиеу – түсіруде арнайы
басқаштарды қолданбау саладарынан мал жерге қатты құлап мертігеді. Мініс
аттарына ертоқымды, жегін малдарға қамытты дұрыс пайдаланбаудан да соғылулар
пайда болады. Соғылу кез келген дене аймағында: аяқтарда, арқада, кеуде,
құрсақ қабырғаларында кездеседі. Зақымдалудың тереңдігі мен ауырлығы күштен, жылдамдықтан, механикалық фактордың бағытынан, жаншылған жердің дене
аймағының аумағынан, ұлпа мен мүшенің сипаты мен қалыңдығы, құрылысы қарсы
тұратын күштің функционалдық жағдайы, малдың қоңдылығына байланысты. Жұмсақ
ұлпалар сүйек пен соққы алу арасында болса, құрсақ ұлпаларына салмақ түссе
туындайды. Соғылу жергілікті және
организмнің жалпы реакциясымен жалғасады.
Соғылу
соғу – соғылу күшіне байланысты төрт дәрежеде байқалады.
Бірінші
дәрежедегі соғылу - соғылудың
ең жеңіл түрі. Жеңіл соққы әсерінен терінің, тері асты борпылдақ ұлпасының ұсақ
қан, лимфа және жүйке тамырлары зақымданады. Ол жерге қан сіңіп, қызарып,
шектеулі асептикалық қабынады, ісінеді. Соғылудың бұл түрі адамдарда оңай
анықталады. Соғылған жер әуелі қызарады, ісінеді.
Құйылған қан мен эксудат, ісіну бірте-бірте сіңе бастайды. Қан құйылған жер басында қызарады,
1-2 күндері көгереді, 3 күннен кейін қоңыр тартып, сарғайып 10 – 20 күнде
жоғалады. Қанталаған жердің
қызаруы қандағы гемоглобиннің түсіне байланысты. Ол метагемоглобинге айналғанда
– көгереді. Ал гематойдинге айналғанда соған сай сарғаяды да гемосидеринге
айналғанда қоңыр түске енеді. Ауыл шаруашылық малдарының терісі қалың
болғандықтан ол көбіне анықталмайды. Соғылудың бұл дәрежесін малды сойып,
терісін сыпырғанда анық көруге болады. Оны жыққан кездегі соғылудан болған
жарақат терінің ішкі жағынан қанталап анық көрінеді.
Екінші
дәрежедегі соғылу- соғу
күші біршама қатты болғандықтан тері, тері асты ұлпалары, орташа қан және лимфа
тамырлары жарақаттанады. Ұлпалар
ыдырап, зақымдалған ошақ ісінеді (жарақаттық қабыну). Ісік ыстық, ауырушаң. Кейде малдың дене қызуы
көтеріледі. Диаметрі үлкен қан, лимфо тамырлары зақымдалғанда тері астына, ұлпа
арасына қан және лимфа ағып
гематома, лимфоэкстравазат немесе гемолимфоэкстравозатқа
айналады. Екінші дәрежедегі
соғылуда көбіне көлемі кіші, аумағы шектеулі гематома мен лимфоэктравазат,
ал буында гемартроз пайда болады. Мүізбен сүзу салдарынан
құрсақ бұлшық еті жыртылып, шарбы, ішек тері астына шығып, «жарық» пайда болуы
мүмкін.
Үшінші
дәрежедегі соғылу
– қатты соққыдан, соғылудан тері, тері асты ұлпалары, бұлшық еттер, сіңірлер
жаншылып, ірі қан тамырлары жарақаттанады. Қан тамыры да жаншылса, томбокиназа
көп түзіліп, қан тамыры тез тромбамен бекітіліп, ұлпаларға қан құйылу көп
болмайды.
Қан құылған жердің аймағы үлкеймейді, бірақ зақымдалған жерге қан сіңеді. Ал үлкен қан тамырлары үзіліп немесе
кесіліп кеткен жағдайда пайда болған гематома мен көлемі үлкен болады. Қан ішкі
қуыстарға ақса мал қансырап өлуі мүмкін. Сіңірлер мен бұлшық еттер созылады.
Буындар шығып, сүйектер сынады. Үшінші дәрежедегі соғылуға тән нәрсе,
тікелей соққы алған жерден алыс орналасқан ұлпалар мен ағзалар да қоса
зақымдалуы мүмкін. Ішкі ағзалар
(ми, бауыр, көкбауыр) шайқалады. Мүшелердің қызметі бірден бұзылады.
Жарақаттанған жерге инфекция түссе абцесс, флегмона, газды гангрена дамып,
организм сепсиске, улану - интоксикацияға ұшарайды.
Төртінші
дәрежедегі соғылу – бұл
аса қатты соққыдан болатын соғылудың ең ауыр дәрежесі. Соғылудан тері, тері асты
ұлпалары, қан тамырлары, бұлшық еттері, сіңірлері жаншылады. Кейіннен жаншылған
ұлпалар өліеттенеді, шіриді. Қан тамырылары жаншылғандықтан көбіне қан құйылу
болмайды. Сіңірлер мен бұлшық еттер, буындар үзіліп, сүйектер майдаланып,
ұматылып сынады. Соғылған жердегі аса қатты ауырсынудан жануарлар жарақаттық
талмаға (шок) ұшарап өліп кетуі мүмкін.
Бақылау
сұрақтары:
1.
Жабық механикалық жарақаттар
2.
Жабық механикалық жарақаттардың түрлері және оларды емдеу
әдістері
3.
Жарақаттың организмге жалпы әсері