Жануарларды бекемдеу және жығу әдістері
Малдарға
диагностикалық немесе емдік сақтандыру шараларын жүргізерде мал мен адам жарақат
алмайтындай жағдай жасалуы керек.
Малмен абайлап,
сенімді, еркелетіп қатынас жасау керек. Оған жақындағанда бұйрықты дауыс беріп,
ескерткен дұрыс. Дөрекі айқайлауға болмайды. Жануарларды күтіп-бағатын адамдар
жануарлардың лақап атын, жынысын, жасын, айрықша белгілерін, темпераменті мен
әдеттерін біліп қана қоймай, бекіту әдістерін де білуі қажет.
Ірі қара
малды клиникалық тексерістен өткізер кезде мүйізімен сүзіп, сонымен қатар
тұяқтарымен артына немесе жан – жағына теуіп қарсылық көрсетуі
мүмкін.
Ірі қара малды бекіту: Ірі қараны
қарап зерттеген кезінде мүйізінен немесе мойынынан және мұрын айналасынан
бекітіп байлайды. Ірі қараны тексеру уақытында жанынан, оң немес сол жағынан
тұрып екі мүйізін қолмен ұстап бекітіп тұруға болады.
Шынтақпен мойын аумағын басып, ал дене
мен иық маңын басып тұру керек.
Егер мүйізінен ұстап бекіту жеткіліксіз
болса, сол жағынан ауыз - мұрын аумағын бір қолмен, ал екінші қолмен мүйізінен
ұстап тез, әрі шапшаң түрде мойынын бұрады, сол жақ қолдың шынтағымен жануарды
басып тұрады. Ал алақанмен бастың мұрын аумағын көтеріп
тұрады.
Сиырдың тек қана мұрын - ауыз аумағын
қысу арқылы ұстауға болады. Мұны саусақпен, егер ұзақ уақыт ұстау қажет болса
арнайы мұрын қысқыштармен қысады.
Артқы
аяқтарын арнайы арқан ілгіштермен бекітеді (секіртпе сіңірлердің үстінен кішкене
жоғары), тұяқтарын кесу және тазалау кезінде аяқтарына айналдырғышты салады
(сурет 1).
Сурет
1. Ірі қара малдың басын бекіту техникасы
Жануардың
көтерілген тұяғын адамның тізесіне қоюға болмайды, өйткені ол жануарға тіреу болады және адам үшін өте
қауіпті.
Арқанның шетін қандай да бір затқа
бекітуге болмайды және жануардың денесіне байлауға болмайды, өйткені жануар аяқ
астынан құлап қалса тез көтеру, аяғын босату қиынға соғып, жарақаттарға
әкеледі.
Сурет
2.
Сиырлардың аяқтарын бекіту
әдістері
Өңдіруші бұқалармен жұмыс
жасағанда абай болу керек. Әр бір бұқаға 6-8 айында мұрын пердесіне сырға
тағады. Бұқаны мұрын сырғасына байлауға болмайды. Сырғаны қайыс белдік арқылы
мүйізіне қарай тартып қояды. Бұқаны ең дұрысы бағанаға немесе екі бағана
аралығына бекіту қолайлы. Бұқаларды мұрын сырғасы және мойын шынжырлары арқылы
бекітеді. Жануардың темпераментіне қарамастан әр бір бұқаны мұрын сырғасына
бекітілген
Бұзауларды қолмен құлағын немесе мойнынан ұстап,
арнайы түйін арқылы мойын ілгегін жасап бекітеді. Жалпы ірі қара малды бекіту
үшін әр түрлі конструкциялы станоктар қолданылады.
Малдың
макетеріне бекемдеу әдістерін көрсету
1
–тапсырма.
Жылқыны жығу әдістері.
Орыс
әдісі
Решетняк
әдісі
Берлин
және ағылшын әдісі
4-сурет.
Жылқыны орыс тәсілімен жығу және бекемдеу.
а)
Қайысты (арқанды) салу ережесі, б) жығу, в) аяқтарды бекемдеу әдісі
а
б
5-сурет.
Жылқыны Решетняк және Берлин тәсілімен жығу.
а)
Қайысты (арқанды) Решетняк; б)
Берлин әдісі бойынша салу ережесі
2 –тапсырма. Ірі қараны жығу әдістері. Гесс, Итальян, Кавказ, Мадсен, Латифов
а б 6- сурет. Ірі қара малды жығу
тәсілі. а) Гесс; б) Кавказ тәсілдерімен жығу
а б в
7-
сурет. Ірі қара малды жығу тәсілдері. а) Мадсен; б) Итальян; в) Латифов
3–тапсырма.
Бекемдеу құрылғысында және ота үстелдерінде малды бекемдеу. Китаев құрылғысында;
Виноградов құрылғысында; Ірі малдарды И.Жемайтис және А.Юревичус, Л.С.
Сапожников ота үстелінде
Бақылау
сұрақтары
1.
Жануарларды бекемдегенде қандай техника қауіпсіздігін сақтау қажет?
2.
Қандай оталарда жануарларды тұрғызып тұру жағдайында бекемдейді?
3.
Ірі қараның және жылқының артқы және алдыңғы аяқтарды бекемдеудің әдістерін
атаңыз.
4.
Ірі қараның және жылқының жығудың, қандай әдістері бар?
Негізгі
қолданылатын әдебиеттер:
- Ілиясов
Б.К. Алғашқы ветеринарлық жәрдем. Алматы, 2001.
- Дұрманов
Қ.Д., Жалпы хирургия, Алматы 2006 ж. 230 бет.
- Муралинов
К.К., Оперативті хирургия, 2006 ж.