Термикалық және химиялық жарақаттар

Жоспар

1.      Термикалық күйіктер,

2.      Химиялық күйіктер.

3.      Термохимиялық күйіктер. Үсіну

Жалын-шоктан болғаң күйік. Бұл жоғары тсмператураның әсерінен орын алады. Олар — өрт кезіндегі жалын. кайнаған су, бу, қызған зат.

Белгілері. Күйіктің үш дәрежесі болады. Бірінші дәрежелі күйік болса, мал катты ауырсынады, күйген,жердің терісі қызарады және іседі. Екінші дәрежелі күйік болса, бірінші дәрежелі күйік белгісі айқындала туседі, оған қоса күйген жер іседі, күлбірейді, ішіне ірінді жалкаяк толады. Күйіктің үшінші дәрежесінде түйіршікті өлі ет, кабыршак паида болады, тері жиырылады, оның серпімділік касиеті жойылады және эпидермис ойылып түседі.

Денесінің едәуір жері куйсе, малдың тамыр соғуы мен тыныс алуы жиілейді, дене кызуы алғашкы кезде төмендеп, кейіннен біршама көтеріледі, мал еліреді кейіннен мең-зен болады, каннын кысымы өзгереді. Организм кызметінің жалпы бұзылу   сипаты   денесінің   күйген   жерінің   көлеміне   байланысты болады. Денесі аумзғынын */з бөлігі, ал жылкының '/з бөлігі күйсе, малдын жалпы күйі нашарлайды, көбіне өліп кетеді.

Емі. Емдеу естен тануын болдырмауға және организмнің ылғалдылығынын, кемуіне, канның койылыауына, уланбауына бағытталуы керек. Бірінші дәрежелі күйік кезінде қорғасын, буров суйығының 2—3 проценттік ерітіндісі, әк линименті сіңірілген дәке шүберек басады және тальк, бор, көмір, мырыш тотыгы ұнтақтары, крахмал себіледі.

Екінші және үшінші дәрежелі күйік кезінде малды аурудан сактау максатымен бұлшык етке новокаинға ертілген антибиотиктер жіберіледі. Тканнің закымданған жерлеріне бензин және формалинның 1 проценттік ерітіндісімен араластырылған денатурат спирт жағады да, мүсәтір" спиртінің 0,5 проценттік ерітіндісіне малынған мактамен ептеп тазартады. Пайда болған күлбіректі, асептика шараларын сақтай отырып, теседі не кеседі, күлдірек шықкан теріні кесіп тастайды. Содан кейін нлік заттар (таңғ 5 проценттік спирт-тегі ерітіндісі, калий перманганатыныц 5 проценттік ерітіндісі пиоктаннын 1 проценттік ерітіндісі) колданылады. Венаға маллың 1 кг салмағына 1 мг есе-бінен новокаиннын 0,25—0.5 проценттік ерітіндісін жібереді, көп мөлшер-де қан кұяды, ацидоз білінсе 400—600 мл натрий гидрокарбонатынын 5 проценттік ерітіндісін қолданады. Жылкы мен ірі караға күн сайын физиологиялық ерітінді, глюкозаның 30 проценттік ерітіндісін жібереді, суды керегінше береді.

Химнялык күйік. Бүл күйік тканьге азот, кукірт, карбол, сірке және сүт кышкылдарынын. тиюінен болады. Кышқылдар белокты ұйытып-бұзады, тканьнің суын бойына тартып алады және тығыз қабыршық түзеді. Күйдіргіш сілтілер (күйдіргіш калий, күйдіргіш натр, амиак) тиіп күйгенде ткань белоктары ұйып-бұзылмайды, сондықтан күйгенде пайда болатын кабыршақ борпылдак болады және тереңде жатады.

Емі. Кышкылдар тиіп күйгенде закымданған жерді суды көп жіберіп жуады, содан кейім кышкыл көмір қышқыл соданың 10 проценттік ерітіндісін қуяды. Сілті тиіп күйгенде закымданған жерге сірке, лимон, не шарап қышқылдарының 2—3 проценттік ерітіндісін кұяды. Бұдан кейінгісі термиялык күйік кезіндегідей.

Үсік. Көбінесе бұқа мен айғырдың ұмасы мен жыныс мүшесі, кейде аяктарының сырты, еріндері, мұрын мен кұлақ ұштары үседі, сиырдың емшегі, мен кұстарының айдары, алкасы, аяқтары үседі.

Белгілері. Үсіктің үш түрі болады. Бірінші дәрежелі үсікте кан тамырлары кенет рефлекторлы түйіледі, тері бозарады және ол сезгіштік кабілетінен айрылады. Суық әсер токтағаннан кейін тері қызарады. тері ісініп, жалқаяк жина-лады және тері бүріседі. Үсікгің екінші дэрежесінде күлбірек пайда болып, оған серозды-қанды жалқаяқ толады, бұл қан тзмырларынын күшті закым-даііганыіі көрсетеді. Үшінші дәрежесінде дененің сырт жағынан бастап терең қабатқа дейін ткань бірте-бірте өледі және олар сезу қабілетінен айрылады (ылғалды гангренаның белгісі).

Емі. Үсіген органды біртіндеп жылытады. Бұл үшін оның бензинге, спиртке не мүсәтр спнртініц 5 проценттік ерітіндісіне малынған дәкемен сүртеді, уқа-лайды, содан кейін органды суға батырып, судың температурасын үй жылуы-ная мал денесі жылуыиа дейін бірте-бірте көтереді. Судың жылуын әр 5 ми-нуттан кейін жылы су кұйып 2—3 градуска көтеру керек. Жылытылған орган-ға йод-глицернн (1:4) не спиртке ерітіл.ген 5 процеяттік танин қосылған каыфара майын жағады. УВЧ-емін қолдану керек. Ылғалды гангрена болса, операция жасалады.

Термикалық күиіктердің жазылу ерекшелігі( сәуле жағдайында) күйіктің сәуле әсерінен болуы, бастапқы кезең мен жасырын кезеннің арасы қысқарады, шоқтың дамуы  және малдың өлі саны көбейеді . Иттерге жасалған  зертеу бойынша  ағзаның 20% күигенде 12% өлім болған , ал күйікпен сәулеленуді қосқанда өлім 75%-ке  дейін көтерілген . Бұл эксперимент нәтижесін қөптеген зертеушілер басқада малдарға жасап дәлелдеген .Мал жағдайының  күрт төмендеуі сәулелену ауруы мен термикалық күйіктердің патогенезі болады. Кейбір авторлардың (Н.А Федоров ,С.В Скуркович және басқалары) аитуынша , күйікті-сәулелі жарақат  малды жаңа ауру тудрады, ол күйіктіңде де , сәулеленудің де бағытымен  дамиды .Осыдан күйік тудратын интаксикация кемік майының регенеративті қасиетін бұзады, сондықтан ол иондаушы факторға сезімтал келеді.

     Радияциялық зақымдалудың жеңіл, басталуы және жасырын кезеңдерінде, күйіктер кәдімгі күйіктерден  ерекшелігі жоқ . Жасырын кезең аяғында және нағыз сәулелену ауруының кезінде қабыну реакциясы күрт төмендейді қабышақтануы тоқтайды (10-15 күнге дейін) , қанталаудың болуы , гранулденген ұлпаның еруі және эпителизацияның тоқтауы  немесе мүлде болмауы .Сәулелену ауруы дамитын болса грнуляция лизиске ұшырайды. Күйік беті инфекциямен қиындайды және септицемия да қоса келеді.

    Сонымен сәулелі – күйік жараларында  қорғаныс реакциялары тез арада қажиды.Осы себептен күйікті – сәуле ауруы өте күрделі өтеді және өлім саны жоғары.

    Күйік бетінің РЗ-мен ластануының бірден бір себебі ,ол некроз көлемінің ұлғаюы. Бұл регенерация процесін тоқтатады, күйікті ауырлатады.

    Емдеу   Күйікпен сәулелену ауруына комплексті түрде ем қолданады . Хирургиялық емдеуді ( некрэктомия, теріні көметтеу және басқалары) аурудың бастапқы және жасырын кезеңдерінде жасайды .Жалпы және жергілікті емдеу термикалық күйіктегі емді қолданады ,шокқа қарсы  емге аса көп көңіл бөледі .Сонымен қатар хирургиялық өндеуге , қанталаумен күресуге , регенеративті процестерді стимулдеуге  көңіл аударады. РЗ-мен ластанған  жараларға хирургиялық өндеуді тез арада жүргізу керек.

Қорытынды сұрақтар

1. Жара  түрлері?

2. Жара пайда болғанда  кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек

3. Жараны емдеу әдістері қандай?

4. Жараның қандай деңгейлері болады?

5. Жараны ашық әдіспен емдеу қалай іске асады?

6. Жараны тазалау ережелері?

7. Жарақатқа қандай алғашқы көмек көрсетіледі?