Сүйектерді біріктіру және сіңір, тамыр тігістері

Мақсаты: сіңірлерге тігіс салудың және сүйектерді біріктірудің техникасын меңгеру.  Сіңірлер тігістері бұлшықет новокаин тежеуін жасап толық босансығаннан кейін салынады.

Тігіске сулемді жібек немесе лавсан жіпті қолданады.

Тігіс салу алдында үзілген сіңірлердің шеттерін жаңартады, қан тоқтату ұштарын қан тоқтататын пинцетпен ұстап қысады. Жіпті бірінші тігісте сіңірдің қалыңдығынан түзу, содан кейін 45° бұрышпен кері өткізеді. Сіңірдің екінші бөлігінде осылай тігеді, сіңір екі соңғысын қысып, жіптерді буып байлайды. Тері жарасын тігуінен кейін аяққа гипстік таңғышты салады.

 Тихонин тігісі. Ірі малдың сіңірлеріне қолданады. Сіңір ұштарын үш циркулярды әрқайсын үш түрлі жазықтықтардан тігіп үшеуін қосып байлайды. Бірінші тігіс үзілген тұстан 0,5см, екінші және үшінші-1-1,5см арақашықтықта салынады. Ем шарасын гипсті байламдар салумен немесе арнайы тағалаумен тамамдайды. Гипстік таңу ірі малдан 30-40- шы күні, ұсақ малдан 15-20 күндері алынады.

  screenshot_1.png

1-сурет. Сіңірлерге салынатын тігіс тәсілдері:  а) Ланге; б) Кюннео; в) Блоха және Бонне; г) М.М.Казаков;  д) В.И.Розов бойынша 

Тамырлы тігіс ветеринарлық тәжірибеде сирек қолданады. Тігістің ең басты негізі тамырдың эндотелиальдық қабаттарының шектесулерін қамтамасыз етуде. Тамырдың шеттерін қоршаған ұлпалардан ажыратады және жіңішке жібек жіппен үздіксіз тігіспен жақындатады. 

screenshot_2.png

35-сурет. Тамырлардың тігісі:  а) бүйірінен зақымдалғанда; б) айналдыра тігу 

Жүйке тігісі. Жүйке ұштарын кеседі, дәл салыстырады және жақындатады, эпиневрийіне бірнеше торап тігіс салады. Тігіс салуына арналған жіңішке инелер және жібек немесе кетгут жіптері жарамды. Жіптерді байлауда жүйкенің оралып қалуынан мұқият сақтайды.

Фасцияларды және теріні көрсетілген тәсілдердің біреумен тігеді. Сынық – жұмсақ ұлпалардың зақымдалуымен болатын белгілі бір күш көрсетудің әсерінен сүйектің анатомиялық тұтастығының жартылай немесе толық бұзылуы. Түтікше немесе жалпақ сүйектер сынған кезде бұлшықет, фасциялардың, тамырлардың, жүйке жүйесінің жыртылуы байқалады, ашық сынық кезінде тері және басқа ұлпалар зақымдалады. Бұл сыртқы күш әрекетінен сияқты сүйектің үшкір сынықтарынан болады. Сынықтар уақытына байланысты туа біткен және жүре пайда болған болып бөлінеді.

Туа біткен сынықтар төлдің жатыр ішіндегі өмірі кезінде құрсақ қуысы немесе жатыр бұлшықетінің қатты тартылуының нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Осыған жататын себептерге сүйек жүйесіндегі патологиялық өзгерістер (остеомаляция, рахит) және төлдің дамуының аномалиялары.

Жүре пайда болған сынықтар төлдеу кезінде, бірақ жиі төлдегеннен кейінгі кезеңде байқалады. Олар травмалық, патологиялық және өздігінен пайда болған, сыртқы күштің сүйек ұлпасының анатомиялық-физиологиялық беріктігін жоғалтқан кезде патологиялық өзгерістеріне әсері. Жиі қартайған жасында, буаздылық, рахит, остеомаляция, авитаминоз, остеосаркома және т.б. кезінде байқалады.

Сүйектерді қосу немесе біріктіру (остеосинтез) сыну орнына және сипатына тәуелділікте әртүрлі тәсілдерімен жасалады. Остеосинтезді көбінде ұсақ малға жасағанда нәтижелі болады, ірі малға жасағанымен жіңішке штифттер олардың салмағына шыдамай майысып кетеді, ал жуан штифтті сүйектің ішіне енгізу мүмкін болмайды. Ұзын қиғаш сынуларда сым темір лигатуралармен көлденең байлап таңылады.

Сынық орнын жұмсақ ұлпалардан ажыратып, ашып қояды, сыну шеттерін мұқият жақындатады, Дешан инесімен сыну орынын жұмсақ (никельдің, жездің ж, б.) сыммен бірнеше айнала байлам өткізеді; әрбір байлам соңын жараның тері сыртынан шығарып байлайды. Аяққа гипс таңғышын салады. Таңғышты және байламдарды 6-8 аптадан кейін сүйек мүйізгегі (шор) түзелгеннен кейін алады.

screenshot_3.png

 36-сурет. Сүйектердің сыну түрлері 1) көлденең; 2) бойлық және көлденең бойлық; 3) метафизарлық сынық;  4) қиғаш сыну; 5) винт тәрізді; 6) аяқталмаған желілік сынық; 7) үгетіліп сыну 

Көлденең және қысқа қиғаш сынулар. Құбырлы сүйектер сынықтарда остеосинтезға арналған тоттанушысыз металлдардан жасалған штифттерді қолданады. Штифтті орнату үшін эпифиздың аумағындағы жұмсақ ұлпаларды тіліп ашады, сүйек каналын бойлай бұрғылап теседі, оған штифтті енгізіп сүйек сынықтары салыстырады, теріні тігіп, аяққа гипстік таңғышты салады (Магда И.И).

Магда тәсілімен эпифизден сүйек каналына тікелей жетілу өте күрделі. Сол себептен остеосинтез мына тәсілмен жасалады. Сынықтың үстінен тіліп сынған сүйектердің ұштарын сыртқа шығарады, үстіңгі бөлігін ішінен тесіп оның бойымен штифті өткізіп жартылай сыртқа шығарады.      

screenshot_4.png   

 37-сурет. Сынған сүйектерді біріктіру тәсілдері: а) сым лигатурамен; б) штифтпен; в) бұрандамен; г, д) бұрандамен біріктірлілген сынықтың рентген   

Тапсырма:

Төмендегі тақырыпқа эссе жаз

"Қазіргі таңдағы қолданылатын тігістер мен жіптер, сынықтара қолданылатын заманауи ем түрлері"