Оташы (хирург) қолын және ота (операция) алаңын дайындау. Асептика және антисептика
Дәрістің
мақсаты
– операцияға қажет жабдықтарды залалсыздандыруды, операция алаңын және хирургтің
қолын операцияға дайындауды үйрету.
Жоспар:
1.
Асептика
және антисептика.
2.
Операцияға
арналған материалдарды залалсыздандыру
3.
Организм
ұлпаларын және хирургиялық жабдықтарды залалсыз-дандыру
тәсілдері
4.
Хирургтің
қолдарын және операция алаңын дайындау принциптері және әдістері
Медицина
ғылымның үлкен жетістіктерге жетуіне қарамастан хирургиялық инфекциялармен күрес
өзекті де, маңызды мәселенің бірі болып қала береді. Іріңді аурулар мен іріңді
асқынулар қазіргі таңда да, соңғы жылдарда да тәжірибе жүзінде өзгерген
жоқ.
Хирургиялық
инфекция деп- микроорганизмдердің еніп және көбейіп, олардың ара-қатынасында
белгілі бір заңдылыққа бағына отырып, қоздырғыштарды тасымалдаушылықтан айқын
аурудың қозуына дейінгі дамитын күрделі кешенді өзгерістерді
айтады.
Хирургиялық
инфекцияны алдын-алу асептиканың негізгі қағидасының орындалуымен жүзеге асады:
«Жараға жанасатын заттың барлығы залалсыз болу керек».
Жараға
не жанасуы мүмкін? Ол:
·
Хирургиялық
құрал-саймандар;
·
Таңғыш
заттар
·
Хирургтің
қолы
·
Операциялық
алаң
АСЕПТИКА
ЖӘНЕ АНТИСЕПТИКА
1750 жылы ағылшын әскери хирургы Прингл
«асептика» ұғымын енгізді.
Асептика
–(а-жоқ,
septicus-іріп-шіру) –инфекцияның болмауы. Асептика дегеніміз –жараға немесе ауру
малдың денесіне ифекцияның түсуінің алдын-алуға бағытталған шаралар кешенін
айтамыз, басқаша айтқанда микробсыз жағдайда жұмыс істеу мүмкіндігін жасау.
Қазіргі
таңда мынадай қағидалардың қатаң түрде сақталғанын талап етеді, олар:
1.
Жараға
жанасатын заттың барлығы таза және залалсыз болу керек.
2.
Барлық
хирургиялық аурулар екі топқа бөлінуі керек –таза және инфекцияланған немесе
іріңді.
Асептиканы
механикалық, физикалық, химиялық әдістердің көмегімен іске асырады.
Антисептика
–
(«anti»-қарсы, septicus»- іріп-шіру)-бар инфекциямен қарсы күресу шараларының
кешені. Хининнің антисептикалық әсерін тапқан Дж. Прилинг 1750 жылы
«антисептика» терминін медициналық тәжірибеге енгізді. Сонымен, антисептиканы
механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың көмегімен жараға,
патологиялық ошаққа, ағзалар мен ұлпаларғамалдың денесіне түскен микробтарды
жоюға бағыталлған шаралардың кешені деп айтуымызға болады.
Антисептика
Операциялық
жараның инфицирлену көздері мен жолдары
Инфекцияның
жараға түсуінің алдын –алу үшін, оның денеге қандай жолдармен және қалай
түсетінін білу керек. Инфекция жараға экзогенді және эндогенді жолдарымен енеді.
Экзогенді
инфекцияның көздері:
·
баццилотасымалдаушылар,
·
іріңді
хирургиялық ауру малдыр.
Эндогенді
инфекцияның ену жолдары:
·
ауа-тамшылы
жұғу жолы (ауа, шаң, тамшы арқылы),
·
жанасу
жолы (құрал-саймандар, таңғыштар, төсек жапқыштар, хирургтың қолы және
т.б.)
·
имплантациялық
жол (тігетін, пластикалық материлдар, протездер және т.б.)
Эндогенді
инфекцияның көздері:
·
ауру
малдың терісі мен ауыз қуысы,
·
ішкі
ағзалар (асқазан-ішек, жоғарғы тыныс)
·
патологиялық
ошақтар.
Эндогенді
инфекцияның жұғу жолдары:
·
гематогенді
(қан тамырлары арқылы),
·
лимфогенді
(лимфа жүйесі арқылы),
·
жанасу
(контакт) арқылы.
Асептика
әдістерімен экзогенді инфекциямен, антисептика әдістерімен эндогенді инфекциямен
күрес жүргізіледі. Алдын –алу шараларының жетістікке жетуі үшін, барлық кезеңде
онымен күрес жүргізілуі қажет:
·
инфекцияның
көзі;
·
инфекцияның
ену жолдары;
жалпы
организм.
Залалсыздандыру
қандай да бір заттың физикалық, химиялық факторлардың әсерінен микроорганизмнен
толық тазаруы. Залалсыздандыру асептиканың негізі болып табылады.
Залалсыздандыру
4 кезеңнен тұрады:
1.
заласыздандыру алдындағы дайындық.
2.
заласыздандыруға дайындап орналастыру.
3.
заласыздандыру.
4.
заласыздандырылған заттарды сақтау.
Залалсыздандыру
алдындағы дайындық
Залалсыздандыру алдындағы дайындыққа-тазалау, жуу және
кептіру жатады. Оны барлық құрал – саймандарға жасалу
керек.
Құрал
– саймандарды тазарту үшін, оларды дизенфекциялық ертінділерге (мысалы, 3%
хлорамин, 0,1%диоцид, 5% лизол ертінділеріне) салады. Содан кейін оларды ағын
суда щетканың көмегімен жуады, ағынды суда тағы бір рет шаяды. Болғаннан кейін
құрыл –саймандарды өздігімен (табиғи) жолмен кептіреді немесе кептіруге арналған
шкафта ыстық ауамен 85ºC темепратурада 30 минут ұстайды. Кепкен соң, құрал
саймандар заласыздандыруға дайын деп есептейді.
Залалсыздандыру
Қазіргі
таңда құрал-саймандарды, таңғыш заттарды мен операциялық жапқыштарды
залалсыздандыру үшін, оның физикалық және химиялық әдістері қолданылады.
Негізінен физикалық залалсыздандыру әдістері кеңінен
қолданылады.
Залалсыздандырудың
физикалық әдістері
Физикалық
әдістерді термиялық жолмен іске асырады – күйдіру және қайнату, бу қысымымен
залалсыздандыру (автоклавта), ыстық ауамен, (құрғақ ауамен), сәулелі
залалсздандыру.
Күйдіру
және қайнату.
Күйдіру
(фламбирлеу) жедел, шұғыл жағдайларда, шаруашылықтарда басқа әдістерді жүргізуге
мүмкіншілік болмаған жағдайда метал инструменттерді арнайы шұңғыл ыдыстарға
салып, үстіне спирт құйып өртейді немесе оттың жалынында күйдіру арқылы
залалсыздандыруға болады. Құрал-саймандарды арнайы қарапайым немесе электірлік
стерилизаторларда қайнатады.
Құрал-саймадарды торға жайып салады, егерде ұсақ инструменттер, хирургиялық
инелер болса, оларды дәкеге орап салып, дистилденген суға (оның ішіне 2% натрий
гидрокарбонатын, лизол, фенолды да қосуы мүмкін) батырып қояды.
Қалыпты
жағдайда,
Бу
қысымымен залалсыздандыру (автоклавтау).
Бұл
әдісте залалсыздандыруды ыстық бу арқылы іске асырады.
Автоклавта (бу қысымымен залалсыздандыратын аспап)
қысымды жоғарылатып, суды ысыту мүмкіндігі туады. Бұл қайнату нүктесін
жоғарылатып, оған сәйкес будың температурасын 132,9ºC –қа дейін көтереді (2 атм.
қысымда). Қысымды 1,0; 1,5 немесе 2,0 атмосфераға дейін жеткізуге болады.
Хирургилық құрал – саймандар, таңғыш заттар, жапқыштар және т.б. материалдар
металл қорап – Шиммельбуш бикстеріне салынады. Залалсыздандыру алдында
бикстердің бүйірлеріндегі тесіктерлі ашады, ал бикстің қақпағын тығыз етіп
жабады. Бикстерді салып болғаннан кейін, автоклавтың есігін қысып жауып, белгілі
бір тәртәппен жұмыс істеуге керекті іс-әрекет жасайды. Автоклавтың жұмысы
манометр және термометр көрсеткіштері көмегімен бақыланады.
Залалсыздандырудың
3 негізгі тәртібі бар:
1,1
атмосферада (t-119,6ºC) – 1 сағат;
1,5
атмосферада (t-126,8ºC) – 45 минут;
2
атмосферада (t-132,9ºC) – 30 минут;
Залалсыздандыру
аяқталғаннан кейін, автоклавтың есігін шамалы ашық қалдырып, біраз уақытқа дейін
бикстердің ішіндегі заттарды кептіреді. Бикстерді автоклавтан алғаннан кейін,
бүйірлеріндегі тесігін жауып, залалсыздандыру уақытын белгілеп қояды. Жабық бикс
72 сағат ішінде залалсыздығын сақтайды.
Ыстық
бумен және құрғақ ауамен залалсыздандыру.
Залалсыздандырудың
бұл әдіс арнайы Кох стерилизаторында іске асырылады. Торға керекті таңғыш
материалдар арнайы мата қапшыққа немесе бикске салынып, ыдыстың 1/3 бөлігіне су
құйлады. Будың температурасы 100°C-қа жетеді, 30 минут қайнатады.
Залалсыздандыру
арнайы құрғақ ауалы аспапта жасалады.
Құрал-саймандарды
залалсыздандырғыш аспаптың сөрелеріне салып, алғашында 30 минут ішінде 85ºC
температурада есігін шамалы ашып кептіреді. Залалсыздандыру үшін есікті жауып, 1
сағат
Сәулелі
залалсыздандыру
Антимикробтық
өңдеуді ультракүлгін немесе ультрадыбыс арқылы жасауға болады. Құрал-саймандар
мен әртүрлі заттар герметикалық қалталарда залалсыздандырылады және оларды 5
жылға дейін сақтауға болады. Бұл әдіс бір рет пайдалануға болатын заттар үшін
(шприцтер, тігіс жіптер қолғаптар) ыңғайлы және соңғы кезде кең қолданылады.
Себебі, сәулелік залалсыздандырудан кейін, ол заттардың қасиеттері өзгермейді.
Залалсыздандырудың
химиялық әдістері
Химиялық
залалсыздандыруға антисептикалық ертінділерімен залалсыздандыру жатады. Химиялық
антисептика залалсыздандырудың суық әдітеріне жатады және құрал-саймандардың
өткірлігіне әсер етпейді, сондықтан кесетін хирургиялық құрал-саймандарды
залалсыздандыру үшін қолданылады. Көбіне залалсыздандыру үшін, 96% этил спирті
және 6% сутегінің асқын тотығы.
3.
Хирург қолын және операциялық орынды
дайындау
Асептикалық
операция жүргізудің маңызды шарасы, қолды стерилдеу және операция алаңын
дайындау. Малдың терісінде әсіресе дистальдық аяқтардың бөлігінде, ануста, жыныс
мүшелеріне жақын маңда микробтардың саны өте көп болады. Хирургттың қолдардың
терісін ерекше тазалықта сақталуға тиістілігі жауапты ереже. Қол терісін
жұмсартуына жағдай жасау үшін, жуып сүртуінен кейін Тушиновтың сұйықтығын
(кастор майын 5,0, глицерин 20,0, этил спирттің 75,0) түнге қарай ысқылап
жағады.
Қолды
өңдеу Қолды
өңдеу әр түлі антисептикалық заттармен өңдеу тиімсіз, өйткені әлсіз ертіндісі
микробтарды жоймайды, күшті ертіндісі теріні тітіркендіреді және қабындырады.
Қандай да күшті ертінді болса да, ол терінің тереңде жатқан микробтарды
жоймайды. Сондықтан қазіргі заманда қолды нығыздағыш қасиеті бар антисептикалар
қолдалынады.
Қолдарды
операцияға дайындау 3 деңгейден тұрады:
1.
механикалық
тазалау
2.
химиялық
дезинфекция
3.
теріні
нығыздау
Кейбір
антисептикалық заттар бактерицидтік және нығыздағыш қасиетке ие (йодты спиртті
ертіндісі, бриллиант көк ертіндісі). Қолды саусақтың ұшынан шынтақтарға дейін
өңдейді (сурет 4).
Сурет
4 – Қолды операцияға дайындау жолдары
Ең
көп таралған әдістер:
Альфельд
әдісі
- з мин қолын ыстық сумен сабынмен жуады, сосын 96 -ты спирт қолданылады. Саусақ
ұшын 5% -ды йодты спиртпен өңдейді.
Спасокукоцкого-Кочергина
әдісі
-механикалық тазалау үшін және майсыздандыру үшін 0,5% -ды мүсәтір спиртін
қолданылады. Екі тазда 2,5 минуттан алма кезек жуады. Дезинфекциялау үшін және
қолды нығыздау үшін спиртке малынған марлямен 3-5 мин сүртеді, саусақтарды, тырнақты
және тырнақ астын 5% -ды йодты спиртпен сүртеді.
Напалков
әдісі
- алдындағы әдістер бойынша өңдейді, механикалық тазалау және майсыздандыру үшін күйдіргіш калий
(1:2000) қолданылады. Тырнақты және тырнақ астын 5% -ды йодты спиртпен сүртеді.
Кияшов
әдісі
- қолды механикалық тазалау және майсыздандыру үшін 5% -ды мүсәтір спиртпен
сүртеді 5 минут қолын екі тазда шаяды, сосын 30 мин. 3% -ды цинк сульфатымен
өңдейді. Тырнақты және тырнақ астын 5% -ды йодты спиртпен сүртеді.
Оливков
әдісі -
қолды жуып, механикалық тазалайды, ол үшін 1:3000 немесе 1:1000 йодты спирт
қолданылапды.
Перчатка
қолдану - перчатканы
киер алдында, қолды қосымша спиртпен, йодты спиртпен немесе хлораминмен сүртеді.
Операция барысында перчатка былғанса, перчатканы шешпей жатып дезинфекциялау
керек. Операциядан кейін былғанған перчатканы 2% -ды лизол ертіндісімен өңдейді
(сурет 5).
Сурет
5 – Перчатканы қолдану тәртібі
Операциялық
орынды дайындау
Операциялық
орынды даярлау 4 кезеңмен негізделген:
1.
Жүнін
қырып механикалық тазалау;
2.
Майсыздандыру;
3.
Дезинфекциялау
және нығыздау;
4.
Қоршаған
аумақтардан оңашалау.
Бірінші
сатысында малдың алдымен жүнін қайшымен қияды, сонан соң сабындап, арнайы қырғыштармен қырады.
Екінші
яғни майсыздандыру сатысында ертінділердің (бензин, эфир, чистея - ОП) көмегімен іске
асады.
Үшінші
сатысында алдымен 96%-ды спиртпен сонан соң 2 рет 5%-ды йод тұнбасымен
өңдейді.
Төртінші
сатысында операциялық орынды стерилденген ақжаймалармен немесе сүлгілермен
оқшаулайды, оларды арнайы клемалармен, ал терісіне цапкалармен бекітеді (сурет
6).
Сурет
6 – Операциялық орынды оқшаулау
Операциялық
орынды сүрту барысында мына заңдылықты сақтау қажет, орталықтан сыртқа қарай, ал
егер іріңді ошақ болса керісінше сырттан орталыққа бағыттап сүртеді.
Бақылау
сұрақтары:
1.
Залалсыздандыру
дегеніміз не?
2.
Залалсыздандыру
алдындағы дайындықты ата
3.
Залалсыздандырудың
физикалық әдістері
4.
Залалсыздандырудың
химиялық әдістері
5.
Оташының
қолын дайындаудың сатыларын ата
6.
Оташының
қолын дайындайтын әдістерді ата
7.
Операциялық
орынды дайындаудың тәртібі
Негізгі
қолданылатын әдебиеттер:
1.
Ілиясов
Б.К. Алғашқы ветеринарлық жәрдем. Алматы, 2001.
2.
Дұрманов
Қ.Д., Жалпы хирургия, Алматы 2006 ж. 230 бет.
3.
Муралинов
К.К., Оперативті хирургия, 2006 ж.