Таңу материалдары

Дәрістің мақсаты - жарақатты, жараны қорғау және қоршаған орта әсерінен сақтау мақсатында жүргізілетін әрекеттерді яғни таңғыштар мен байламдардың түрлерін оқып, үйрену.

 

  1. Таңғыш материалдардың түрлері
  2. Таңғыштардың жіктелуі
  3. Дәкелік және арнайы байламдар
  4. Иммобильдік байламдар

           

            Десмургия – (гр. desmos – байлам, ergon - іс) байламдардың салуын, байлам материалдарының формаларын және оның қасиетін зерттейтін  ғылым.

            Байлам материалдарының түрлері: дәке, мақта, бөз, клеенка, целлофан.

            Байламдардың классификациясы және салу техникасы.

Байламдардың салу орнына байланысты келесі түрлері бар:

v   Алғашқы көмекке арналған байлам –жараға дәкелі салфетка қойып дәкелі байламмен бекітеді.

v    Өткізбейтін таңғыш (окклюзионды) – көкірек немесе құрсақ қуысында өткізгіш жарақат алғанда қолданылады.

1-ші қабаты – майлы эмульсияға малынған дәкелі салфетка

2-ші қабаты – гигроскопиялық мақта

3-ші қабаты – ауа өткізбейтін клеенка немесе целлофан

v    Құрғақ сорғыш таңғыш – жара ішіндегі экссудатты сорып алуға арналған байлам. 3 қабаттан тұрады.

 1-ші сорғыш қабаты – дәкелі тампон

 2-ші қабаты – гигроскопиялық мақта

 3-ші буландыратын қабат – сирек торлы дәкеден тұрады.

v    Ылғалды сорғыш таңғыш

 1-ші қабаты – гипертоникалық ертінділерге (5-10%-ды натрий хлориді, 20 %-ды магний немесе натрий сульфаты) малынған дәкелі дренаж

 2-ші қабаты – гигроскопиялық мақта

 3-ші буландыратын қабат – сирек торлы дәкеден тұрады.

v  Қысып байлайтын таңғыш –қан тоқтатуға арналған байлам.

v  Иммобильді байлам – зақымдалаған ошақты қимылсыздандыруға арналған байлам.

v  Қыздырғыш таңғыш – белгілі бір аймақтың жергілікті температурасын көтеруге арналған.

 1-ші қабаты – 40-50 %-ды спиртке немесе жылы суға малынған  бірнеше қабатты дәкеден тұрады.

 2-ші қабаты – ауа және су өткізбейтін қабаттан тұрады. Олар: клеенка, пергамент қағазы, целлофан.

 3-ші қабат – жылуды ұстап тұратын қабат. Ол дәке немесе басқа да материал болуы мүмкін. Жылытқыш байлам әр 4-6 сағат сайын аустырылады.

ТАҢУ  ТӘРТІБІ

1)      Дәкемен солдан оңға қарай орау керек;

2)      Дәке орағышын жарақаттанбаған жерден бастап, жараға салу керек;

3)      Таңу кезінде дәке орағышын бірқалыпты, қыртықсыз тарту керек және таңғыштың келесі қатары алдыңғысын жартысын немесе 2/3 бөлігін жабу керек;

4)      Таңғыштың бірінші және соңғы қатары бекітуші болғандықтан, дененің немесе аяқтардың жіңішке жерінен оралуы керек;

5)      Аяқтардың конус тәрізді бөліктеріне таңғышты салу барысында, дәке орағышын бүгіп, салып отыру керек.

6)      Дәке орағышының ұштарын жараның үстіне немесе дененің бүгілетін бөліктеріне байлап салуға болады.

Дайын таңғыш өзіне тиісті міндетін атқару керек (бекіту, иммобилизация, қансырауды тоқтату және т.б.)

Дәкелі байлам – жасалу формасына қарай циркулярлық, спираль тәрізді, өрмелегіш немесе сегіз тәрізді байлам  және де арнайы мүшелерге (мүйіз, тұяқ, құйрық т.б.) арналған байлам болып бөлінеді.

Байлам түрлері:

screenshot_16.png

 

Сурет 24 - а) циркулярлық; б) спираль тәрізді; в) бугіп орау; г) өрмелегіш;

д) сегіз тәрізді байлам

 

а) циркулярлық -таңғыштың орамдары әрқайсысы алдыңғысының енін толығымен жауып тұрып оралады. Байламдардың барлығы осы байлам түрінен басталады. 

б)спираль тәрізді-таңғыштың орамдары әрқайсысы алдыңғысының 1/2 немесе 1/3 бөлігін жауып тұрып оралады. Аяқтың жуандығы бірдей жерде таңғыштың орамдары аяқтардың осіне көлденең бағытта оралады.

 в) жуандығы біркелкі болмаса, спираль тәрізді байламның бугіп орау байламы қолданылады - дәке орамдары қиғаш оралады, ал дененің шығып тұратын жерінде сол қолдың саусақтарымен бүгіп, қайтарып орайды.  

г) өрмелегіш- ораудың басында мақта, шина, салфетканы аяққа уақытша бекіту үшін жасалады. Аралары таңғыштың еніндей етіп, спираль тәрізді орайды.

д) сегіз тәрізді байлам-тізе, шынтақ және тілерсек буындарына жасауға ыңғайлы. Таңғыштың бекітуші қатары аяқтың ең жіңішке жерінен бастап оралады, содан соң дәке орағышын буыннан жоғары және төмен айқастыра орайды.

screenshot_17.png 

 

Сурет 25 - Тұяқ байламдары: а) жылқыда;    Сурет 26 - Құйрық     

  б) ірі қара малда                                                                         байламдары

 

 

Каркасты байлам әр түрлі мүшелерге қолданылады: иық алды, сирақ,

тілерсек буынына, желкеге, шоқтық және бел аумағына.

 

screenshot_18.png

 

Сурет 27- Тілерсек буынының каркасты байламы

Иммобильді байлам – белгілі бір мүшені толығымен қимылсыздандырады, зақымдалған мүшені тыныштандырады. 

Иммобильді байламды сынықтарда, буыны шыққанда, байлам немесе сіңір үзілгенде қолданылады.

Иммобильді байламдарға шиналар және гипс жатады.

Шиналар мүшені толығымен қимылсыздандыралмайды, сондықтан оны тек қана гипс салғанға дейін қолданылады. Шиналар сымнан, фанерадан, картоннан және де т.б. материалдардан жасалады. Шиналардың түрлері: а) торлы; б) Крамер шинасы, в) Томасов және т.б.

screenshot_19.png

Сурет 28 – шиналар: а) торлы; б) Крамер шинасы

Гипсті байлам – ұзақ уақыт жарақатты қимылсыздандырмау үшін жасалады.

screenshot_20.png

Сурет 29гипсті байламдардың түрлері: а) саңылаусыз; б) терезелі; в) көпір тәрізді

 

Гипс-минерал. Гипсті салмас бұрын оның сапасын анықтап алу керек.

n  Құрғақ  және ұсақ гипс алақанмен алып қысқанда, саусақтарының арасынан шығып кетеді.

n  Гипсті сумен араластырып, шар жасап 7-10 минуттан кейін жерге тастағанда сынбау керек.

Гипс тез қату үшін жылы сумен араластырған дұрыс, салқын, тұзды сумен немесе глицеринмен араластырғанда гипстің қату уақтысын ұзартады.

Гипстің салуына байланысты келесі түрлерін ажыратады:

v  саңылаусыз (жабық жарақаттарда, буын шыққанды, сіңір созылғанда қолданылады);

v  терезелі (ашық жарақаттарда яғни сүйек тері бүтіндігін бұзғанда);

көпір тәрізді (буындарға).

Бақылау сұрақтары:

1.      Десмургия дегеніміз не?

2.      Иммобилді байлам дегеніміз не?

3.      Таңғыштардың түрлері

4.      Каркасты байламдардың түрлері

Негізгі қолданылатын әдебиеттер:

1.      Муралинов К.К., Оперативті хирургия, 2006 ж.

2.      Магда И.И., Иткин Б.З., Воронин И.И. Оперативная хирургия с основами топографической анатомии. М. Колос, 2000 г.

3.      Шебиц Х. и др., Оперативная хирургия.// М., «Аквариум», 2001. – 511 с.