Ветеринарлық хирургия туралы түсінік, даму тарихы. Ота техникасы
Дәрістің
мақсаты
– ветеринарлық хирургияның даму тарихын, операцияның жасалу техникасын және
жіктелуін білу.
Жоспар:
1.
Ветеринарлық хирургия туралы түсінік, даму тарихы.
2.
Хирургиялық операцияның жіктелуі.
3.
Операция техникасы
1.
Ветеринарлық
хирургия туралы түсінік, даму тарихы.
Оперативтік
хирургия пәні мал дәрігерлерін дайындауға басты мәселелерді шешеді, жануарларға
хирургиялық операцияларды жасау әдістерін үйретеді. Оперативтік хирургия пәні
жалпы және арнайы бөлімдерден құралады.
Топографиялық
анатомияны білу операцияны жасар алдында, оның анатомиялық қажеттілігін
ойластырып, топанатомиясын айқындап, операцияны жасау немесе жасауға болмайтын
кезеңдерін айқындауға мүмкіндік береді. Операция алдында малдың топанатомиясын
толық игеру, операция алаңына қандай мүшелер жақын орналасқанын және оларға
қалай жетуге болатынын білуге мүмкіндік береді. Сол себептен топографиялық
анатомия және оперативтік хирургия екеуі бір тұтас.
Кеңес
дәуірінде ветеринарлық хирургияның дамуына үлкен үлес қосқан профессор Л. С.
Сапожников. Л. С. Сапожниковтің ғылыми идеяларының ықпалымен, ветеринарлық
хирургияға үлкен еңбектері сіңген ғалымдар: Сталин премиясының лауреаті
профессор В. М. Оливков, профессор Н.И. Пирогов, профессор И. Д. Медведев,
профессор И. Е. Поваженко, профессор Э. И. Гауэнштейн, профессор Н. А. Иванов,
профессор А. Ю. Тарасевич және т.б.
Отанымызда
ветеринарлық хирургияға еңбектері сіңген ғалымдар: профессор А.Ф.Максименко,
Т.С.Минкин, Н.Ф.Фаткин, доценттер Ж.О. Омаров, Т.А.Аухадиев, К.
Абишев.
Соңғы жылдары Республикамызда хирургияның әр
саласында зерттеу жұмыстарын атқарып жүрген ғалымдар: профессор Ильясов Б.К.,
Муралинов К.К., Наметов А.М., доцент Әлмұхаметов К.А., Қамсаев К.М., аға оқытушы
Орынханов К.А.
2.
Хирургиялық операцияның жіктелуі.
Хирургиялық
операция - (лат. opera-әрекет, жұмыс еңбек) малдың ағзаларға және ұлпаларға
емдік немесе диагностикалық мақсаттармен қолданылатын механикалық әсерлердің
жиынтығы. Кейбір операциялар, шаруашылық қажеттілігіне сәйкес сау малға да
жасалады: малды пішу, құйрықты кесу, косметикалық
операциялар.
Операцияны
жасауға болады немесе жасауға болмайды деген көрсеткіштер малдың клиникалық, кейде
зертханалық, ретгенологиялық және т.б. зерттеулерге негізделеді.
Операцияның
көрсеткіштері абсолютті және салыстырмалы болады.
Абсолютті
көрсеткіштерге жататын операциялар:
қатерлі ісік, қанағыс, тимпания, пневмоторакс және т.б.
Салыстырмалы
көрсеткіштерге жататын операциялар:
қатерсіз ісік, қысылмаған жарық және т.б.
Операция
жасауға болмайтын көрсеткіштер: қоңдылғы, жасына, дерті күшейген кезде, мал
естен танғанда, буаздық және т.б.
Барлық
операциялар негізгі екі топқа бөлінеді: қанды –терінің, шырышты қабықтың
, тамырдың бүтіндігінің бұзылуымен сипатталады, және қансыз –дененің
сыртқы терінің бүтіндігі
бұзылмайды .
Қолдану
мақсатына байланысты операциялар :
Ø
емдік (олардың
ішіндегі пластикалық және қалпына
келтіретін);
Ø
диагностикалық
Ø
косметикалық
– жануарларды сәндеу үшін (құлағын және құйрығын кесу және т.б.
);
Ø
экономикалық
–
малдың өнімділігін арттыру мақсатында (пішу);
Ø
тәжірибелік
(эксперименталды),
физиологиялық операциялар, мысалы бір ағзанының қызметін зерттеу немесе жаңа
операция әдісін үйренуге бағытталған.
Қойылған
жоспарға, жылдамдығына және сипатына қарай хирургиялық операция
бөлінеді:
1)
Радикалдық және
паллиативтік.
Біріншісі
- ауру себебін толық жою және
рецидивті алдын–алу керек. (мысалы, тіс кариесі кезінде тісті жұлып тастау,
құрсақ жарығы кезінже жарық тесігін жабу және т.б.).
Екіншісі-
малдың жағдайының нашарлығынан радикалді оперативті ем жүргізуге болмайтын
жағдайда жасалады. (құрсақта су жиналғанда, құрсақыт тесу). Жиі бұл операциялар
ауру себбебін жоймайды, сондықтанда мәжбүрлі іс шара болып табылады.
Емдік
операцияларды жылдам қауырттық дәрежесіне қарай: шұғыл (экстрендік), жедел және жедел емес етіп
ажыраталады.
Шұғыл
операциялар - малдың
өміріне қатерлі жағдайлар туындағанда жасалатын операциялар (қан кету, қысылған
жарық, асфиксия, жіті тимпания).
Жедел
операциялар - жоғарыда
аталған және жылдам дамитын ауруларда жасалатын операциялар (қатерлі ісік).
Жедел
емес немесе жоспарлы операция –
алдын – ала жоспарланған яғни малдың өнімділігіне және құндылығына әсер етпейтін
операциялар (пішу, құлақ резекциясы).
Операциялар
үлкен және кіші, бір және екі кезеңдік болып бөлінеді.
Кіші
операцияларға – тесу, инъекция, беткейлік абсцесстерді ашу болып
табылады.
Үлкен
операциялар – құрсаққа және де терең ұлпаларға жасалатын
операциялар.
Операцияның
басталуы және аяқталуы бір мезгілде жасалады, екі кезеңдік - екі рет жасалады,
арасында біраз уақыт болады (іріңді кілегейлі қапшықты тесу, сонан соң 5-7
күннен кейін қапшықты алып тастау).
Операцияның
латын аттары, операция жасалатын ағзалардың және қолданылатын оперативтік
әдістердің қосылуынан қалыптасады. Тілу—tomia; кесіп алу—ectomia, сылып
алу—extirpatio; жартылай кесу—resectio; шеткі мүшелерді толығымен кесіп
алу—amputatio. (Мысалы: руменотомия- мес қарынды тілу, уретростомия- жасанды
несеп шығаратын тесік жасау).
Егер
инфекция түспеген ұлпа немесе ағзаларға операция жаслса оны “таза” немесе
асептикалық дейді, басқа жағдайларда операциялар іріңді деп
саналады.
Пластикалық
операциялар – зақымдалған ұлпалардың немесе мүшелердің қызметін және пішінін
қалпына келтіру.
Косметикалық
операциялар қазіргі кезде кең орын алып келе жатқан операциялардың бір түрі –
иттердің құлағын немесе құйрығын кесу, дененің әр аумағын әшекейлеп сымбаттау
т.б.
3.
Операция техникасы
Барлық
хирругиялық операциялар 3 кезеңнен тұрады:
1) Оперативтік жету – патологиялық процесс
дамыған ағзаға немесе мүшеге тілу арқылы жету (мысалы, құрсақ ішіндегі ағзаларға
жету үшін құрсақты тілу)
(сурет 1).
Сурет
1 – Оперативтік жету
2)
Оперативтік әдіс— ауру ағзаның өзіне жетіп ,операция жасау. Бұл кезде
зақымдалған мүшеге өте мұқият болып, оның бүтіндігін және тіршілік қызметін
бұзбай сақтауға тырысу қажет. Бұл хирургті физиологиялық ойлауға, ал
операцияны анатомиялық жасауға
міндеттендіреді (сурет 2).
Сурет
2 – Оперативтік әдіс
3)
Операцияның қортынды кезеңі – операциялық жараны жабу, ол операцияның
соңы болып табылады, бұл тігін, байлам салу, дренаж енгізу (сурет 3).
Сурет
3 – Операцияның қортынды кезеңі (тігіс)
Операцияның
сәтті аяқталуы малдың операция алдындағы жағдайына, аурудың сипатына және
зақымдалу дәрежесіне, операция әдісін дұрыс таңдағаннан және жасалу техникасынан
ғана емес, сонымен қатар асептика және жансыздандыруға, операция кейінгі ауру
малдың күтүміне, операциядан кейінгі асқынуды алдын алуға да байланысты.
Операция
сәтті аяқталды деп есептеледі , егер малдың шаруашылық құндылығы сақталса.
Операцияның
сәтті аяқталуы малдың операция алдындағы жағдайына, аурудың сипатына және
зақымдалу дәрежесіне, операция әдісін дұрыс таңдағаннан және жасалу техникасынан
ғана емес, сонымен қатар асептика және жансыздандыруға, операция кейінгі ауру
малдың күтүміне, операциядан кейінгі асқынуды алдын алуға да байланысты.
Операция
сәтті аяқталды деп есептеледі , егер малдың шаруашылық құндылығы сақталса.
Бақылау
сұрақтары:
1.
Ветеринарлық
хирургияның дамуына үлес қосқан ғалымдар.
2.
Оперативтік
жету дегеніміз не?
3.
Қандай
сатылардың көмегімен хирургиялық операция іске асады?
4.
Хирургиялық
операцияның соңғы сатысы немен аяқталады.
5.
Мақсатына
қарай хирургиялық операция қалай бөлінеді?
Негізгі қолданылатын әдебиеттер
1.
Муралинов
К.К., Оперативті хирургия, 2006 ж.
2.
Магда
И.И., Иткин Б.З., Воронин И.И. Оперативная хирургия с основами топографической
анатомии. М. Колос,
3.
Шебиц
Х. и др., Оперативная хирургия.// М., «Аквариум»,
2001. – 511 с.