Кіріспе

         1513000 –«Ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім жүйесі үшін өзектендірілген үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша оқу құралы ретінде әзірленген

«Ветеринарлық хирургия» оқу құралының мақсаты студенттің теориялық білімі мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар, жануардың өнімділігі мен сапалық сипатын арттыру үшін жүргізілетін хирургиялық көмек көрсетуде клиникалық ойлауды қалыптастыру болып табылады.

Оқу құралы болашақ мал дәрігерлеріне хирургиялық патологиялардың патогенезін зерттеуді, хирургиялық аурулардың алдын алу және емдеу тәсілдерін, хирургиялық оталарды алдын ала жоспарлауды, ұйымдастыруды және отадан кейінгі асқынуларды жоюды үйретеді. Оқу құралы акушерлік іс және гинекология, инфекциялық емес аурулар, індеттану және паразитология пәндерімен тығыз байланыста оқытылады.

Оқу құралын меңгеру барысында студенттер хирургиялық патологияның теориялық негізін, хирургиялық аурулардың алдын алуын және емдеу қағидаларын, жануарлармен жұмыс жүргізу және жаппай ота жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін меңгереді.

Оқу құралы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының «Ветеринария» және «Зоотехния» мамандықтарының біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге арналып жазылған. Оқу құралын даярлау барысында жұмыс берушілердің ескертулері мен ұсыныстары ескерілді.