№ 7 Бейматериалды активтер. Негізгі және айналым құралдары.
Пәннің аты: Экономика
негіздері.
Сабақтың
тақырыбы:
Бейматериалды
активтер. Негізгі және айналым
құралдары.
Жоспар:
1.Негізгі
өндірістік қорлар, түсінік беру және құрамы.
2.Негізгі
қорлардың тозуы
Үй
жұмысы: №7 семинар Айналым
қорлары туралы түсінік
Негізгі капитал (негізгі
қорлар,айналымнан тыс активтер, негізгі құралдар) – бұл өзінің құнын дайын
өнімге біртіндеп, белгілі бір бөліктермен, бірнеше өндірістік цикл ішінде
түсіретін және өзінің натуралдық-заттық формасын ұзақ уақыт бойы сақтайтын,
жоғалтпайтын еңбек құралдары.
Негізгі
қорлар негізгі өндірістік және негізгі өндірістік емес қорлар деп екіге бөледі
Негізгі
өндірістік қорларға
өндірістік үрдіске тікелей қатысатын (қондырғылар, станоктар және т.б.) немесе
өндірістік үрдіске қажетті жағдайлар туғызатын (өндірістік құрылыстар,
ғимараттар және т.б.) негізгі қорлар жатады. Негізгі өндірістік емес қорлар – бұл
ұйым балансындағы тұрғын үйлер, бала-бақшалар мен спорт клубтары, және т.б.
мәдени-тұрмыстық сипаттағы объектілер.
Қолдану
мақсатына қарай негізгі қор түрлері:
Ғимараттар
(цехтер, қоймалар, т.б.);
Құрлыстар
(көпір, тоннель, жолдар, т.б.);
Тасымалдау
қондырғылары (құбырлар, электр
тоғын тасымалдау желілері, т.б.)
Машиналар
және жабдықтар:
а)
Күш машиналары және жабдықтары (энергияның түрлерін
шығарады);
б)
Жұмыс машиналары мен жабдықтары (еңбек затына әсер етеді);
в)
Өлшеу және реттеу аспаптары;
г)
Есептегіш техника және т.б.
Көлік
құралдары;
Құрал-сайман,
қызмет ету мерзімі 1 жылдан жоғары болатын басқа
құралдар);
Өндірістік
және шаруашылық жиһаз;
Жұмысшы
және өнім беретін мал;
Көпжылдық
өсімдіктер;
Жер
құнарлығын өсіруге қажет күрделі шығындар;
Басқа
қорлар (мысалы кітапханалық қор).
Қызмет
ету мерзімі 1 жылдан кем болатын заттар негізгі қорларға жатпайды.
Негізгі
қорлар иелеріне байланысты сол ұйымға немесе басқа шаруашылық органына
жататын жеке меншік және жалға алу құқында
уақытша пайдаланылатын жалға алынған
негізгі қорлар деп бөлінеді.
Негізгі
қорлардың жеке топтарының ара
қатынасы (пайыз есебінде) қорлар
құрылымын құрайды.
Негізгі қорлар құрылымы салалық,
өндірістік, технологиялық, өспелі деп бөлінеді.
1.Салалық
құрылым
өнеркәсіп бойынша негізгі қорлардың жиынтық баланстық құнындағы өнеркәсіп
салалары бойынша негізгі қорлар құнының үлестік салмағымен
сипатталады.
2.Өндірістік
құрылым
– негізгі қорлардың әр тобының немесе әр элементінің жалпы құнындағы үлестік
салмағымен сипатталады.
3.Технологиялық
құрылым
– негізгі қорлардың нақты тобының ішіндегі әр түрінің үлесін
көрсетеді.
4.Өспелі
құрылым
– негізгі қорлардың түрлі өспелі топтарының олардың жалпы құнындағы үлестік
салмағымен сипатталады.
2.Негізгі
қорлардың тозуы
Тозу
– негізгі қорлардың өндірістік процеске қатысу нәтижесінде өз құнын жоғалтуын
сипаттайды. Негізгі қорлар оларды қолдануға немесе қолданбауға тәуелсіз тозуға
ұшырайды.
Тозудың екі түрі бар: табиғи және
моральдык. Табиғи тозу – негізгі
қорлардың пайдалануға немесе қоршаған ортаның ықпалына байланысты өз
тұтынушылық, өнімді қасиеттерін жоғалту процесі. Нәтижесінде жарамсыз боп
қалады. Табиғи тозу коэффициенті
келесі формула бойынша анықталады.
Кт.т.=
Қт/Қбас,
Мұндағы
Қт – тозу құны, Қбас – бастапқы құны
Моральдық
тозу
– негізгі қорлардың құны экономикалық тұрғыдан төмендеуі (ғылыми-техникалық прогреске және әлеуметтік
факторларға байланысты). Моральдық тозу
түрлері:
1.
Өндірістік: берілген қорды өңдіру
шығындары азаюдың нәтижесінде болатын тозу.
Т = Қб – Ққ.е.
2.
Экономикалық:
берілген қор бағасына тең бірақ оған қарағанда өнімділігі жоғары қорлардың пайда
болуы: П. Г. Бунича формуласы бойынша:
Т = Қбе – Қбе/(Өе*Тне) – (Қбж*Тқ*Өе)/(Өж*Тнж)
Мұндағы:
Қбе, Қбж – ескі және жаңа машинаның бастапқы құны
Өе, Өж – ескі және жаңа машинаның жылдық өнімділігі
Тне, Тнж – ескі және жаңа машинаның нормативтік қызмет ету мерзімі,
жыл
Тқ – Ескі техниканың қалған қызмет ету мерзімі, жыл
Бекіту
сұрақтары:
1.
Негізгі
капитал дегеніміз
2.
Негізгі
өндірістік қорларға
3.
Негізгі
өндірістік емес қорлар
4.
Қолдану
мақсатына қарай негізгі қор түрлері
5.
Негізгі
қорлар құрылымы
6.
Тозудың
екі түрі бар
7. Моральдық тозу түрлері