№4 Ақша және оның атқаратын қызметтері. Инфляцияның мәні

 

Пәннің аты: Экономика негіздері.

 

Сабақтың тақырыбы: Ақша және оның атқаратын қызметтері. Инфляцияның мәні

Жоспар:

  1. Ақша түсінігі, атқаратын қызметтері. Ақшаның айналым заңы

  2. Инфляцияның мәні

Үй жұмысы № 4 Семинар: Ұлттық теңгенің айналымға ену тарихы

       Ақша- бұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар. Бірнеше жүз жылдар бұрын көптеген халықта ақшаның рөлін мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалент рөлін алтын атқарды.

Оның мынадай қасиеттері әсер етті:

Сапалық, біртектілік.

Сандық бөлінуі.

Қолайлылығы. Алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күш кетеді.

Сақталуы.

       Ең алғаш- қағаз ақша XII ғасырда- ақ Қытайда, Ресейде Екатерина II-ң кезінде 1769 жылы пайда болды.   Қандай бір қоғамда болмасын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар  айналымынан туындайды. Ақша бұл жылпылама эквиваленттік рөл атқаратын ерекше тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді.

Ақшаға бірнеше қасиеттер тән:

Біртектілігі және сапалылығы (жасанды ақша жасау өте қиынға соғады).

Пайдалануға өте ыңғайлы

Мүлтіксіз сақталынуы

Оның қандай да бір болсын  пропорцияда бөліне алатын ерекшелігі.

2.Ақшаның атқаратын қызметтері.

Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады.

Айналым құралы – осы қызметті ақша қолма- қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді егер оның, айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады.

3.Төлем құралы – бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақылы, деведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады. 

5.Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады.

5.Әлемдік ақша – бұл ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты  валюта болып табылады.

       Ақшаның айналым заңы  Ақша айналымы деп қолма- қол және қолма- қол  түрінде үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін  айтамыз.

  Жоспарлы орталықтанған экономика жағдайында ақша  айналымының ерекшеліктері.

1.Қолма қол ақша да , қолма қол емесақша да кәсіпорын шығаратын өнімнің алдын ала бөлуге  қызмет атқарады.

2.мемлекет заңмен ақша айналымын қолма қол және  қолма қол емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай болу жүйесінде қызмет атқаратынын белгілейді.

3.ақша айналымының  алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте шоғырланып , оған мемлекеттік банк бақылау жүргізеді.

4.Ақша айналымы мемлекеттің коммерциялық банкитың заңды және жеке тұлғалардың жоспарлы болжауының объектісі болып табылады.

2.Инфляцияның мәні

Инфляция (лат. inflatio – «қабыну», «ісіну») — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.

Инфляция — бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.

Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:

Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.

Ақшалай емес факторларға: қоғамдык өндірістегі теңсіздікке, шарушылықтың шығындық тетігіне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.

Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның екі түрі болады: сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.

Сұраныс инфляциясы төмендегідей факторлардың әсерінен туындайды:

әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;

мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;

несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;

импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютанын, эмиссиялануы;

ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестация жұмсау.

Шығын (ұсыныс) инфляциясы — бұл баға белгілеу үдерісіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады:

еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;

көрсетілетін қызметтің маңызының артуы;

бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе жалақының өсуі;

энергетикалық дағдарыс.

Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:

алтынға;

тауар;

шетел валютасына.

Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін алтынның нарықтық құны артады. Екінші жағдайда тауарлардың бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейді.

Инфляцияны төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:

Инфляциялық үдерістің сипатына қарай:

ашық инфляция, яғни, бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі байқалады;

жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатан бақылау жасап отырады;

инфляциялық шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді.

Таралу орнына қарай:

локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;

дуниежузілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.

Бағаның өсу қарқынына қарай:

баяу инфляция — баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі;

орташа инфляция — баға тез қарқында жылына 20-дан 200 %-ға дейін өседі, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға шалдықтырады;

ұшқыр инфляция — баға жылына 500-ден 1000 %-ға дейін және одан жоғары қарқынмен өседі. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.

 

Бекіту сұрақтары:

1.Ақша дегеніміз

2. Ақшаның атқаратын қызметтері.

3.Ақшаның айналым заңы 

4. Инфляцияның мәні

5. Инфляция факторлары

6. Инфляция түрлері

 

Презентация

 

СӨЖ