№ 10 Бүкіләлемдік экономика және әлемдік нарық

 

Сабақтың тақырыбы: Бүкіләлемдік экономика және әлемдік нарық

 

Жоспар:       

1. Әлемдік экономика және әлемдік нарық түсінігі.

2. Халықаралық сауда

 

Үй жұмысы: №10 семинар:  Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны,қазіргі жағдайы

 

Әлемдік экономика- тар мағынада сыртқы әлемнен қарым-қатынас орнататын (тауарлар мен қызметтер) ұлттық экономиканың белгілі бір жиынтығы.

Әлемдік экономика- кең мағынада халықаралық еңбек бөлінісінегізінде пайда болған және өзара тығыз байланысқан әлемнің барлық елдерінің ұлттық экономикаларының жиынтығы.

 

Әлемдік экономиканың ерекшеліктері:

-Әр түрлі деңгейде дамыған әлемнің барлық ұлттық экономикаларын қосады.

-Әлемдік экономика жеке мемлекеттердің және сол  сияқты халықаралық ұйымдардың заңдары мен ережелері іске асады.

- Әлемдік экономика  шаруашылық байланыстар мемлекеттік шекарасы арқылы іске асырылады.

Әлемдік нарық-

бұл бір-бірімен тауар экономикалық қатынастар арқылы байланысатын және халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі бағыттарын қамтитын, жекелеген елдердің ұлттық нарықтарының жиынтығы.

Әлемдік нарыққа әсер ететін факторлар:

1.Әлемдік шаруашылық жүйесіндегі  қарама-қайшылықтардың болуы.

2. Экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін дамушы және артта қалып қойған елдердің күресі.

Халықаралық валюталық қатынастар — халықаралық экономикалық қатынастардың ең елеулі және қажетті саласы. Ол әлемдік экономикалық байланыстарда валютаның қызмет етуін, дүниежүзілік шаруашылық салаларының өнімдерінің айырбасын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Халықаралық валюталық қатынастар туралы айтпас бұрын валюта ұғымын, олардың түрлерін ажырату қажет. Әр елдің ұлттық ақша бірлігі бар екені түсінікті. Түрлі себептермен ақша бірлігі ұлттық шекараның сыртына шықса, ол жаңа сапаға ие болады, яғни валютаға айналады. Қолданылу аясына қарай валютаның бірнеше түрін ажыратады.

Халықаралық валюта-  несие қатынастары бөлу, айырбастау, тұтыну салаларына жатады. Өндіріс салаларынан еркін және төлем балансында көрініс тапқан, халықаралық экономикалық қатынастардың барлық формаларының  аяқталғандығын білдіреді.

Ұлттық валюта — әр елдің ұлттық ақша бірлігі; алтын, күміс және қағаз ақша түрінде қолданылады. Ең көп қолданысқа түсетіні — қағаз ақшалары. XX ғасырдың 80-жылдарында Батыс Еуропада аймақтық еуропалық валюталық жүйе қалыптасты. Оның ақша бірлігі болып экю қабылданды.

Резервтік валюта ұлттық валюта қорын сақтау мақсатында қолданылатын ұлттық, аймақтық және әлемдік валюта жиынтығы. Көпшілік жағдайда әлемдік нарықта айрықша тұрақты орны бар валюталар қолданылады.

Әлемдік валюта жүйесі- ұлттық экономиканың өзара тәуелділігінің күшеюімен әлемдік шаруашылық байланыстарымен келісілген, ақша- экономикалық қатынастарының жиынтығын білдіреді.

Валюталық жүйе- ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.

Валюталық жүйе үш түрге бөлінеді:

1.Ұлттық валюта жүйе.

2.Дүниежүзілік валюта жүйе.

3.Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.

Халықаралық сауда -бүгінгі елдердің өндірісін дамыта отырып, өзінде бар ресурстарды тиімді пайдаланып, осылайша тауарлар мен қызмет түрін ұлғайтатын, халықтың әл-ауқатын арттыратын құралға айналып бара жатыр

Әлемдік экономикалық ғылымда сыртқы сауданың жаратылысын түсіндіретін екі негізгі бағыт бар

Дәстүрлі бағыт.

 Дәстүрлі бағыт дамушы елдер мен экономикасы өтпелі кезеңдегі елдер үшін тән. Ол өндірісті  табиғи фактормен қамтамасыз етудің әр түрлі деңгейіне негізделген. Осындай негізінен дамыған елдер арасындағы немесе дамушы мен дамыған елдер арасындағы әлемдік тауар айналымының ¼-ін құрайтын салааралық сауда пайда болады.

Жаңа бағыт.

Ішкі салалық сауданың пайда болуын түсіндіреді.

Жаңа бағыт масштабының әсері мен өнеркәсібтің мамандануын жүзеге асырумен байланысты. Сауданың осы түріне негізінен дамыған елдер арасындағы әлемдік сауданың 70% тиеді

 

Бекіту сұрақтары:

1.Әлемдік экономика дегеніміз

2.Әлемдік экономиканың ерекшеліктері

3. Әлемдік нарыққа әсер ететін факторлар

4. Халықаралық валюталық қатынастар

5. Әлемдік валюта жүйесі

6. Халықаралық сауда

 

СӨЖ          

 

Презентация