№ 9 Тест сұрақтары

 
1.Нарықтық экономика теориясының негiзiн қалаушы
A) Адам Смит;
B) Томас Мен;
C) Роберт Оуэн;
D) Аристотель;
E) Карл Маркс;
2.Негізгі экономиканы реттеу құралдарына жатпайды
A) фискалдық саясат;
B) ақша несие саясаты;
C) инвестициялық ахуал;
D) экономиканың мемлекеттік секторы;
E) мемлекеттік болжамдау және жоспарлау;
3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты мақсаты болып не табылады
A) ел ішіндегі және шетелдегі экономикалық және әлеуметтік құрылымның нығаюы мен тұрақтылығы;
B) жұмыссыздық деңгейін азайту;
C) инфляцияны түсіру;
D) тұрғындардың өмір сүру деңгейін сақтау;
E) барлық жауап дұрыс;
4. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің негізгі үш бағыты
A) ұлттық армияда қызмет жасайтындар, өндірістен тыс оқитындар, экономикалық қызмет бойынша жұмысқа қамтылғандар;
B) жалдамалы жұмысшылар, жұмыс берушілер, өз өздерін жұмыспен қамтамсыз етушілер;
C) қоғамдық еңбекті ұйымдастыру, кадрларды қайта дайындау, жұмысшылардың жалақысын көтеру;
D) жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын бизнесті дамыту, кадрларды кәсіби дайындау;
E) бос халықты еңбекпен қамту, икемді еңбек нарығын білімге ынталандыру, жұмыссыздықтан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау;
5. Нарықтың реттеушi құралдары

A) баға, бәсеке, өнiмдiлiгi;
B) сапа, бәсеке, пайдалылық;
C) саны, сапасы, пайдалылығы;
D) баға, сұраныс, ұсыныс, бәсеке;
E) өнiмдiлiлiк, пайдалылық, бәсеке;
6.Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу
A) ұлттық қаржының капиталда экономикалық мақсаттарына қызмет етеді;
B) құрылымды күшейтуге, нарықтық механизм шеше алмайтын мәселелерді құру және шешу арқылы оларды өзгермелі жағдайларға бейімдеуге арналған;
C) әскериөнеркәсіптік кешен көзқарасынан туындады;
D) бюрократиялық мемлекеттік аппарат көзқарастарын білдіреді;
E) инфляция мен жұмыссыздық деңгейін арттырады;
7.Еңбек биржасы қызметінің негізгі бағыттары
A) барлық жауап дұрыс;
B) еңбек нарығының конъюнктурасын зерттеу;
C) жәрдем ақыларды төлеу;
D) жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру
E) жұмыссыздарды тіркеу;
8.Инфляция себептеріне қайсылары жатады
А) ақша эмиссиясы;
В) мемлекеттік бюджет тапшылығы;
С) экономиканың шығындық сипаты;
D) кәсіпорындар монополиясы;
Е) барлық жауап дұрыс;
9.Нарықтық экономиканы реттеу бойынша мемлекеттің функциялары қайсысына жатады
А) С және D жауаптары дұрыс;
В) монополияға қарсы заңдылықтар шығару;
С) бәсекелестікті қорғау;
D) инфляцияны және жұмыссыздықты баяулату;
Е) тек әлеуметтік проблемаларды шешу;