№1.Экономика теориясының пәні мен әдістері

 

Пәннің аты: Экономика негіздері.

№ 1 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Экономика теориясының пәні мен әдістері

Жоспар:

1. Экономикалық теорияның пәні мен әдісі

3. Экономикалық теория заңдары мен категориялары.

 

Үй жұмысы: №1 семинар Экономикалық теорияның даму кезеңдері

 

1. Экономикалық теорияның пәні және әдістері. Экономика даму барысындағы маңызды мәселе өз байлығын арттыру мақсатында шектеулі ресурстар жағдайында тиімді шарушылық жүргізу заңдарын іздеуге бет бұрды, яғни экономикалық зерттеулер әдістері де өзгерді.Экономикалық теория осы қатынастарды жиынтығын қамтиды. Объективті жағы- қоғамдағы объективті  экономикалық заңдардың әрекет етуіне , субъективті жағы - осы заңдарды басшылыққа ала отырып, шарушылық жүргізу саясатына байланысты .

       Экономикалық теория- шарушылықты тиімді жүргізу заңдармен шаруашылық жүргізуші тұлғалардың әр түрлі деңгейлері мен әр қилы тарихи кезеңдердегі әрекеттерін ұғымлар мен категориялар жүйесі арқылы зерттейді .

        Экономиклық теория, басқа кез келген ғылым сияқты танымның әр түрлі формалары мен әдістерін қолданады . олардың барлығы шаруашылық өмірді зерттеу әдәстерінен тұратын ғылыми методологияны құрайды.

Экономикалық теория - тек шектелген ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді оптималдауды зерттейтін ғылым ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық өндіріс, бөлу, айырбастау және тұтыну аралығындағы байланыстарды зерттейтін ілім. Ол қоғамдық ұдайы өндірісті, халық шаруашылығының жеке бөлімдерін ұдайы өндірудің экономикалық формалары мен заңдылықтарын зерттейді.

      Әдістер жалпы ғылыми және жеке болып бөлінеді.

      Жалпы ғылыми әдістер- бұл грек философтары негізін салған және кейінгі ғылым ғалымдары дамытқан диалектика- материалистік принциптер. Бұл дәстерге сәйкес барлық экономикалық процессетер бір-біріне тәкелдеі қайшылықты түрде дамиды және ұдайы қозғалыста болады. Бұл процестерді зерттеу барысында  тарихи және логикалық тәсілдер қолданылады. Тарихи әдіс құбылыстарды пайда болып, дамып және бірінің орынын бірі басқанын тізбекті түрде талдауға жәрдемдеседі.   Логикалық тәсіл осы тарихи құбылыстардың тарихи жолының дәлме- дәл көрінісі емес . ол зерттеліп отырған құбылыстың мәнін ұғыну мен абстракциялауды , яғни болмашы қасиеттерінен жорамал түрде таза зерттеуді көздейді.

Жекелеген әдістеріне :байқау , синтез бен анализдің көмегімен алынған материалды өңдеу индукция мен дедукция, заңдар мен категориялар жүйесін құрау оларды тексеру, тәжірибе сынақтар жүргізу, модельдер құрасытыру,олардың математикалық формализациясы мен т.б жатады


Экономикалық теорияның негізгі қызметтері:
- танымдық қызметі- экономикалық теорияның қоғамның экономикасын оқып үйретеді, түсіндіреді;
- тәжірибелік қызметі- шаруашылықты ұтымды жүргізудің нақты тәсілдері мен негіздерін жасайды, мемлекеттің тиімді саясатын ғылыми тұрғыдан негіздейді;
- теориялық-әдістемелік қызметі-экономикалық ғылымдардың жүйесінің теориялық және әдістемелік негізі болып табылады;
Экономикалық теория, ғылым ретінде қоғам мен ұлттың алдында тұрған маңызды пробелмаларға жауап беруі керек. Мәселен, халық санының өсу проблемалары, олардың өсу қарқыны және оның қандай факторларға байланысты екенін.
"Экономия" деген ұғымды тұңғыш рет қолдаған ежелгі заман оқымыстылары Ксенофонт пен Аристотель еді.

Экономикалық теорияны зерттеудің мақсатты түрде бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады:

Экономикалық зерттеу пәні – бұл экономикалық субъектілер-дің нарықтағы өмір сүру ерекшеліктері мен тәртіптері.

Экономикалық теорияның зерттеу аясы – бұл адамдардың экономикалық әрекеттері жүзеге асырылатын экономикалық орта.

Экономикалық теорияның зерттеу объектісі – бұл экономи-калық құбылыстар мен экономикалық мәселелер, экономикалық қатынастар мен экономикалық үдерістер.

Экономикалық теорияның зерттеу субъектісі – бұл адам, үй шаруашылығы, фирма, мемлекет.

        2.Экономикалық теория заңдары мен категориялары. Экономикалық теорияның зерттейтін құбылыстардың мәні экономиялық категория мен экономикалық заңдарда қарастырылады.

Экономикалық заңдар - бұл экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты қайталанатын байланыс.

   Экономикалық заңдар -  бұл  адамдар арасындағы экономиклық қатынастарды бейнелеу формасы олар адамдардың қоғамдық іс- әрекеттерінің тәуелді байланыстарын жүйелі ұғым атау формасындағы заңдарын қарастырады . Экономикалық заңдарға -әлеуметтік, қоғамдық қатыгастар заңдары жатады . және осылайша олар таиғат заңдарынан ажыратылады 

Экономикалық теория құрылымы:

Экономикалық категория - экономикалық құбылыстардың маңызды жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар.  Экономикалық процестердің ішкі мазмұны , мәнін анықтау үшін объективті заңдарды ашуды қажет етеді.  Экономикалық заңдар адамдардың экономикалық іс-әрекеті мен қатынастарын білдіреді.

    Экономикалық теория пәнінің анықтамасынан шығатыны, ол әр түрлі шарушылық деңгейлеріндегі экономикалық категориялар мен заңдарды зерттейді.

1.Микроэкономика- талдаудың негізі ретінде ең кіші шаруашылық бірлігі-үй шарушылығы , жекелеген фирма, бірлестік және т.б салалар алынады.

2.Мезоэкономика - ұлттық экономиканың белгілі бір ішкі жүйелерінің немесе халық шаруашылық  салаларының іс әрекеті мен заңдарын зерттейді .

3.Макроэкономикада  елдің экономикасы біртұтас зертедеді. Макроэкономиканың нысандары болып, қоғамның табысы мен байлығы экономикалық өсудің қарқыны мен факторлары және т.с.с. қаралады. 

4.Мегаэкономика жалпы әлемдік экономиканың әрекет ету механизмдері мен заңдарын зерттейді.

Экономикалық теория пәнінің анықтамасынан шығатыны , ол тиімді шарушылық жүргізу заңдарымен шаруашылық жүргізуші тұлғалардың әр түрлі тарихи кезеңдердегі іс әрекеттерінің мәнін зерттейді.Экономикалық теория тарих , философия, статистика, математика және т.б. ғылымдармен тығыз байланысты.

Бекіту сұрақтары:

1.     Экономикалық теория дегеніміз

2.     Әдістер жалпы ғылыми және жеке болып бөлінеді

3.     Экономикалық георияның негізгі қызметтері

4.     Экономикалық теорияны зерттеудің мақсатты түрде бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады:

5.     Экономикалық теория заңдары мен категориялары

 

№1 Тапсырма

№1 Презентация

 

СӨЖ