№5 Нарық және оның заңдарының қызмет етуі.Бәсекелестік және монополия

 

Пәннің аты: Экономика негіздері.

 

Сабақтың тақырыбы: Нарық және оның  заңдарының қызмет етуі.

Бәсекелестік және монополия

 

Жоспар:

1.Нарық : пайда болу шарттары , рөлі, және қызметтері

2.Нарықтық инфрақұрылым  мәні және құрылымы.

3.Сауда, оның түрлері

 

Үй жұмысы № 5 Семинар: Бәсекелестік және монополия

 

        1.Нарық : пайда болу шарттары , рөлі, және қызметтері. Нарық, айырбас айналыс-бұл категориябар өзара тығыз байлансты және тұрмыстық деңгейде жай теңестіріледі. Нарыққа бір ғана анықтама беру жеткіләксіз. Нарық – бұл экономикалық проблемаларды  тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша  көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы.

Нарық- қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі.

Рынок (нарық) – бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу арқылы жүзеге асырлатын ұйымдық- экономикалық қатыстардың жүйесі.

Нарық мынадай негізгі қызметтерді атқарады:

1.Нарық арқылы қоғамдық өндірісті реттеудің іске асырады , яғни не өндіру керек, қалай өндіру керек, кім үшін өндірі керек деген мәселелерді  шешеді.

2.Нарық арқылы өндірушілер мен тұтынушылар байланысты бектіледі. Нарықтың әрбір қатысушылары бір уақытта сатушы да , сатып алушы да болып табылады . Олар өздерінің өміріне қажетті заттарын сатып алады, ал нарықта өндірген өнімін немесе мүлкін сатады.

3.Нарық арқылы өнімді өндіруге кеткен шығындарды есептеу жүргізіледі Нарық не өндіру керек екенін анықтап қана қоймайды , ол өнім өндіру үшін қоғам қанша шығын шығаратынын да анықтайды. Егер шығын жоғары болса , онда оны сатып ала алмайды және болашақта ол өндірілмейді.

4.Баға бекіту . баға сұраныс пен ұсыныстың әсерінен ауытқып отырады. Егер нарқыта бір тауардың саны сұраныстан асып кетсе , оған баға түседі төмендейді;осыған сәйкес осы тауардың өндірісі  мен ұсынысы да төмендегідей . керісінше жоғарығы баға өндірісті ынталандырады, бұл өнім сұраныс пен ұсыныстың арасында тепе - теңдік орнағанша болады , бұл жерден тепе- теңдік баға шығады.

5.Нарық өндірушіні әлеуметтік жіктейді . Бәсеке процесінде өнімді өндіруге кеткен шығыны нарықтық бағадан аз болса ғана фирма ары қарай тіршілік ете алады

 

Нарықтық жүйенің негізгі белгілері мыналар:

өндіріс құрал жабдықтарының жеке меншіктің қолында болуы;

кәсіпкерлік еркіндіктің болуы;

экономикалық байланыстарда тек соңғы пайданың көзделуі;

экономикалық коньюктураға байланысты нарықтың өзін- өзі реттеуі;

өндірушілер жұмысына мемлекет тарапынан мейлінше аз араласу.

Нарықтың артықшылықтары:

өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу;

шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану;

шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі;

әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабылеті.

Нарықтың кемшіліктері:

нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді;

қоғамда теңсіздікті туғызады;

тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырамайды;

нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдің қажетін қанағаттандыруа бағытталған.

2.Нарықтық инфрақұрылым  мәні және құрылымы.

 Нарықтың инфрақұрылымы- бұл нарықтық қатынастардың қызмет етуін  табысты қамтамасыз ететін  мекемелер , мемлекеттік   және комерциялық фирмалардың жиынтығы

Нарықтың инфрақұрылымының үш түрі бар : тауар және  қаржы мен еңбек нарығы. Тауар  нарығының  инфрақұрылымы  тауар  биржаларымен , бөлшек  және   көтерме сауда  кәсіпорындарымен , жәрменкелерімен , биржарлық емес   сипаттағы   делдал фирмалармен көрсетілген.

Қаржы нарығының инфақұрылымының құрамына қор және балюта   биржалары , банктер , сақтандыру  компаниялары  мен қорлары  жатады.

 Еңбек нарығының  инфрақұрылымының  құрамына   еңбек  биржалары, жұыспен  қамтамасыз ету  қызметі мен  кадрларды қайта дайындау , жұмыс күшінің   миграциясын  реттеу және т.б. кіреді.

Сонымен қатар нарықтың табысты  қызмет етуі жарнамасыз, ақпаратсыз  және консультативтік қызметсіз, бақылау және ревизия мекемелерінсіз мүмкін емес.

Жарнама - бұл тауар мен қызмет туралы ақпараттың оларға сұранысты көбейту мақсатымен тарату (латын тілінен-reclamo-айқайлаймын) Ол тауар өндірісі дамуының алғашқы кезеңінде пайда болған ежелгі Греция мен Римде коммерциялық ейраттағы хабарлар ағаш, мыс, сүйір тақаларға сүйек тақталарға жазылып , жаршылармен қатты дауыстап оқыған.

Ақпарат (латын тілінен ınformotıon , түсіндіру )бұл нарықтың  жағдайын талдау мен болжай үшін қолданылатын мағлұматтар. Кез келген фирма қай жерде болмасын арзанға сатып алу және қымбатқа сатуға , сұраныс пен ұсыныс туралы , пайданың нормасы туралы ақпараттарға мұхтаж болады.

Консалтинг ( ағылшын тілнен consulting-кеңес) коммерциялық бастауларда маманданған фирмалармен іске асырылатын бақылаушылық кеңес беру фирмалар өздерінің мамандарын ұстауға қарағандай мұндай кеңестерді төлеу арзан болғандықтан консалтингті кенінен қолданылады.

Аудиторлық компаниялар- бұл фирманың бизнес аясындағы мүмкіндіктерін бағалай мақсатымен онық қаржы- шаруашылық қызметінің комплекстік дивизиясын іске асыратын ұйым.

3.Сауда, оның түрлері, құрылымы. Өнімнің өндірушіден тұтынушыға қарай қозғалысымен байланысты экономикалық қызмет ету аясы айналыс сферасы деп аталады.Тауардың бірінші иесі , оны сатушымен екіншгі иесі, сатып алушының арасында туындайтын тауарлы- ақша қатыннастарының делделды немесе агентті САУДА болып табылады.

 Сауда - бұл  тауар айырбасы мен сату және сатып алу актісін іске асыру жөніндегі адамдардың қызметі.

Сауда нені сатумен ғана емес, қалай сатумен де сипатталады . ұйымдастыру әдістері бойынша былай бөлінеді :

1.қолма- қол ақшаға сату

2.нақты ақшасыз сату. Бұл жағдайда нарықтың қажетті элементі бола отырып сатып алушы үшін банк төлейді.

3.Тауарды нешеге сату

4.Сатып алушының мүлкін кепілдікке ала отырып сату

5.Тауар айырбастау(бартер)

Сату көлемінің белгісіне байланысты көтерме және бөлшек деп бөлінеді. Сатушы үшін тауарды пайдалы сату  есебімен табыс алуға бағытталған сауда қызметі коммерция деп аталады . Коммерцияның өзегін сатып алу мен ары қарай сату бойынша операциялар, яғни тауарды қайта сату құрайды

Сауда  магазиндерде , акциондарда, жәрменкелерде жүргізіледі.

Магазин (  дәр. Тадаzıne-қойма, сақтау орны, қамба ) таурды сақтау және  сату орны. Магазинде  бөлшек   сауда жүргізіледі. Бөлшек  саудада көп ұсақ саудагерлері бар ірі  сауда монополиялары кездеседі. Ірі саудалы монополияларға әмбебап және  маманднған магазиндері , супермаркеттері бар сауда орталықтары жатады.

Аукцион ( лат. Аисtıon- жұрт алдынғы сауда)- бұл тауарларды сатып алушылардың арасындағы жарыс жағдайында сату.  Аукционның жеңуші, тауарға деген құқыққа ие болушы болып ең жоғарғы баға   ұсынған адамды айтады.

Жәрменке  (  нем. tahmarkt -  жыл сайын нарық)- бұл  белгіленген уақытта  белгілі  бір орында мезгілімен  оқтын -оқтын  қызмет ететін ұйымдастырылған нарық.

 

 

Бекіту сұрақтары:

1.Нарық : пайда болу шарттары

2. Нарық мынадай негізгі қызметтерді атқарады

3. Нарықтық жүйенің негізгі белгілері мыналар

4. Нарықтық инфрақұрылым  мәні және құрылымы

5. Сауда, оның түрлері, құрылымы

6. Сауда  магазиндерде , акциондарда, жәрменкелерде жүргізіледі

 

 Тапсырма

 

СӨЖ

Презентация