№1 Тест сұрақтары

 
1.Экономикалық теория нені оқытады.
А)өндірістік процесс және тауар айырбасын;
В)елдің ұлттық байлығын;
С)адамдарды қанағаттандыру үшін қажеттіліктерді өндіру үстінде шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі қатынастар;
Д)әкімшілік және шаруашылық;
Е)А,В
2.Экономикалық заң дегеніміз не
А)экономикалық ұғым ретінде санада қалыптасқан құбылыстардың себеп-салдарлы байланыстары;
В)бұл адамдар арасындағы қатынастарды бейнелеу нысаны;
С) А,В;
Д)ұтымды шаруашылық етуінің принципі мен әдістерінің жиынтығы;
Е)дұрыс жауап жоқ.
3. Экономикалық зерттеу әдістеріне мыналардың қайсысы жатпайды:
А)ғылыми абстракция;
В)тарихи және логикалық;
С)теория және әдіснамалық;
Д)бөлу және тұтыну;
Е)анализ және синтез.
4. Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері
А)танымдық және практикалық;
В)танымдық және болжаушылық;
С) танымдылық , болжаушылық , практикалық.
Д) әдіснамалық және ақпараттық;
Е) дұрыс жауабы жоқ.
5..«Мерканте» итальян тілінен аударғанда қандай ұғымды береді

А)саудагер;
В)капитал;
С)меншік;
Д)кәсіпкер;
Е)дұрыс жауабы жоқ
6.Физиократтар мектебінің негізін салушыларды ата:
А )А. Смит, Д. Рикардо
В )Т.Мон, А. Монкретьен;
С )К. Маркс;
Д)Ф.Кэне, А.Тюрго;
Е)У.Петти.
7. Классикалық саяси экономиканың негізін салушылар кімдер
А) Дж.Кейнс; К. Маркс
В) У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо
С) К. Маркс, А. Смит
Д) А. Маршалл
Е) А. Тюрго