№5 Тест сұрақтары

 
1. Нарық дегеніміз не
А) Экономикалық қатынастардың жүйесі;
В) өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну аясында сату және сатып алу арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық – экономикалық қатынастар жүйесі;
С) сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы экономикалық қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі;
Д) сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы тауар айырбасының саласы;
Е) тауарды өткізуге байланысты айырбас саласында қалыптасқан экономикалық қатынастардың жиынтығы.
2. Нарықтың атқаратын қызметін ата:
А) реттеуші қызметі;
В) баға бюекіту, өндірушілер мен тұтынушылар байланысын бекіту;
С) өнімді өндіруге кеткен шығынды есептеу;
Д) өндірушілерді әлеуметтік жіктеу;
Е) барлығы да дұрыс.
3. Нарық құрылымы:

А) экономикалық белгілері бойынша тауар мен қызмет нарығы , өндіріс құралдары, еңбек, инвестиция, бағалы қағаздар қаржылары болып бөлінеді;
В) географиялық орны бойынша жергілікті, ұлттық, аймақтық және әлемдік болып бөлінеді;
С) бәсекені шектеу жәрежесі бойынша монополиялық, олипологиялық, еркін, аралас деп аталады;
Д) барлығы да дұрыс.
Е) дұрыс жауабы жоқ.
4. Нарықтың артықшылықтарын ата:
А) өзгеретін жағдайда тез бейімделу және икемділік;
В) шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатында жаңа технологияларды оперативті қолдау;
С) әртүрлі қажеттілерді керекті мөлшерде және жоғарғы сапамен қанағаттандыру қабілеті;
Д) шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі,
Е) барлығы да дұрыс.
5. Нарықтың кемшіліктерін ата.
А) нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді, нарықтық жүйе теңсіздіктерді туғызыды;
В) нарық тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырмайды;
С) нарық әлеуметтік қажетті тауарды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдердің сұранысын қанағаттандыруға бейімделген;
Д) А, В;
Е) барлығы да дұрыс.
6. Нарықтық қатынастың табысты қызмет етуін қамтамасыз ететін мемлекеттік иеліктер мен комерциялық фирмалардың жиынтығы:
А) нарықтың құрылысы,
В) нарық механизмі;
С) нарықтық инфрақұрылым;
Д) А, В;
Е) дұрыс жаубы жоқ.
7. Нарықтық инфрақұрылымын неше түрге бөлу қабылданған
А) 2;
В) 4;
С) 3;
Д) 5;
Е) 6.
8. Тауар биржалары, бөлшек және көтерме сауда кәсіпорындары, жәрмеңкелер, биржалық емес сипаттағы делдал фирма нарықтың қандай инфрақұрылымына жатады

А) қаржы нарығы;
В) тауар нарығы;
С) ешқандай;
Д) еңбек нарығы;
Е) барлық жауабы дұрыс.
9. Құрылымына қор және валюта биржалары, банктер, сақтандыру компаниялары мен қорлары жататын қандай нарықтың инфрақұрылымын білесің

А) қаржы нарығы;
В) тауар нарығы;
С) ешқандай;
Д) еңбек нарығы;
Е) барлық жауабы дұрыс.
10. Жұмыспен қамтамасыз ету қызметі, кадрларды қайта дайындау, жұмыс күшін миграциялау, реттеу және т.б. кіретін нарықтың қандай инфрақұрылымын білесің
А) қаржы нарығы;
В) тауар нарығы;
С) ешқандай;
Д) еңбек нарығы;
Е) барлық жауабы дұрыс.
11. Нарықтық экономикаға не тән

А) мемлекеттік меншік орын алу;
В) өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық еркіндігі;
С) кәсіпорындардың атқарған қызметігне мемлекеттік жауапкершілігі;
Д) бәсеке;
Е) баға тепе-теңдігі.