№ 6 Бизнес, әлеуметтік-экономикалық мәні және кәсіпорын
Пәннің аты: Экономика
негіздері.
Сабақтың
тақырыбы:
Бизнес,
әлеуметтік-экономикалық мәні және кәсіпорын
1.
Жоспар:
1.Кәсіпкерлік
және бизнестің
әлеуметтік-экономикалық мәні
2.Кәсіпорын
түсінігі,түрлері және ұйымдастыруы
Үй
жұмысы № 6 Семинар:
Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012
жылғы 14 желтоқсан.
«Қазақстан-2050»
Стратегиясы:
Қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты Ұлттық экономикамыздың жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты
қолдау.Шағын және орта бизнесті дамыту.Мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің
жаңа үлгісі –«Қуатты бизнес – Қуатты мемлекет»Жекешелендірудің жаңа кезеңі
– мемлекет рөлінің өзгеруі
Кәсіпкерлік
– азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға
бағытталған бастамашылық дербес қызметі.(Рамазан л_х). Кәсіпкерлікті азаматтар
өз атынан, өзінің мүліктік
жауапкершілігі
кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның
жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның
ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті
көздейді. Қазақстан
азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың
бірлестіктері кәсіпкерлік
субъектілері
болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы
еңбекті
қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңды тұлға құрмай немесе заңды
тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын
кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану
жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын
ретінде тіркеледі.
Бизнес – табыс әкелетін кез келген
қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік
(предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол — өнертапқыш. Сондықтан
да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар.
Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу
қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді.
Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі.
Кәсіпкерлік
–
бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды
және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Дамыған
елдерде шағын кәсіпорындар мынадай басым рөл атқарады;
1.Сауда
2.Автосервис
3.Құрылыс
4.Қызмет көрсету
салалары
Нарықтық
экономиканың субьектісі ретінде шағын және орта бизнестің артықшылықтары мен кемшіліктері де бар.
Шетелдік
және отандық шағын бизнестің сипатын зерттей келе, келесі артықшылықтарды атап өткен жөн:
1.Жергілікті
жерде шаруашылықты жүргізу жағдайында тез бейімделу;
2.Шағын
және орта бизнес субьектілерінің іс-әрекет жасаудағы
тәуелсіздігі;
3.Шешімдер
қабылдауда және оны іске асыруда бейімділік пен
оперативтік;
4.Салыстырмалы
түрдегі аз шығындар, әсіресе басқаруға жұмсалатын;
5.Жеке
тұлғаның өз идеяларын іске асырудағы зор мүмкіндіктері,
6.Кәсіпкерліктің
дамуы; қорға деген аз сұраныс,
өнімге және өндіріске өзгерістерді тез енгізу мүмкіндігі;
7.
Капитал айналымның жоғары болу
Шағын және орта бизнес субьектілерінің
бірқатар кемшіліктері де бар. Негізгі кемшіліктері:
1.Тәжірибе
көрсеткендей, шағын және орта кәсіпорындардың сәтсіздікке ұшырауы басқарушылық
білімінің төмен болуына байланысты. Жұмыстың сәтсіз аяқталуының басты
себептері:
1.Біліктіліктің
төмен болуы;
2.Тәжірибенің
жоқтығы;
3.Коммерцияда,
қаржы мәселесін шешудегі тәжірибенің аздығы;
4.Бизнеске
салқын қарау:
5.Кәсіпкер
денсаулығының нашар болуы немесе ерсі әдет – қылықтары;
6.
Алаяқтық; табиғи апаттар, өрт және тағы басқалар.
2.
Кәсіпорын түсінігі,оның түрлері. Кәсіпорын –
қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес
өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық
жүргізуші субъект
өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік
қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім (тауар өндіреді, жұмыстарды
орындайды,
Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп
саналып, заңды тұлға құқығын иеленеді.
Меншік нысандарына қарай
кәсіпорын
жеке, мемлекеттік, ұжымдық немесе аралас меншіктегі, сондай-ақ, қоғамдық ұйым
меншігіндегі кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін. Олар жекеше кәсіпорын, серіктес
(жарнапұлға негізделген серіктестік), акционерлік қоғам, мемлекеттік
кәсіпорын, коммуналдық кәсіпорын түрлеріне жіктеледі.
Аралас
кәсіпорын– меншік нысандары алуан түрлі
кәсіпорын, оның қызметі бірлескен қызметті жүзеге асырушы
серіктестердіңҮлеспұлдық
жарналарына негізделген.
Ауыл шаруашылығы
кәсіпорыны – меншігінде немесе шаруашылықтың
қарамағында жер, сондай-ақ, басқа да мүлік бар және өсімдік шаруашылығы мал
шаруашылығы өнімін өндіруші, ауыл
шаруашылығы өндірісіне қызмет көрсетуші заңды тұлға өнеркәсіптің, көлік, басқа
да кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылықаралық, қосалқы шаруашылықтары,
ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдары, т.б.
Бірлескен
кәсіпорын – екі не одан көп елдің заңды
тұлға құқықтары бар құрылтайшыларының (фирмаларының, компанияларының, т.б.)
мүлкін біріктіру негізінде құрылған кәсіпорын. Олардың нақты нысандары:
өндірістік кәсіпорындар, сауда фирмалары, енгізбелік, сервистік және басқа
ұйымдар.
Венчурлік
кәсіпорын – ғылыми-зерттеулермен,
инженерлік талдамалармен, жаңалықтар ашумен және енгізумен, соның ішінде ірі
фирмалардың тапсырыстары және мемлекеттік қосалқы
келісім-шарттар бойынша жаңа енгізілімдер жасаумен айналысатын шағын
кәсіпорын.
Жекеше
кәсіпорын – азамат, соның ішінде шет ел
азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға құрған кәсіпорын. Оның жеке кәсіпкерліктен
айырмашылығы сол: мұнда заңды тұлға белгілері болады. Оны меншік иесі басқарады не ол уәкілдік берген органдар
басқарады.
Коммерциялық кәсіпорын –
заңды тұлға құқығы берілген, өзін-өзі қаржыландыру жағдайында коммерциялық қызметпен айналысатын және барынша көп
пайда алуды көздейтін оқшауландырылған дербес шаруашылық бірлігі.
Муниципалдық кәсіпорын – мүлкі жергілікті бюджет қаражаты есебінен құралатын кәсіпорын.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншігінде болады.
Унитарлық
кәсіпорын – өзіне бекітілген мүлікті
меншіктенуге құқығы жоқ коммерциялық ұйым. Ол мемлекеттік және муниципалдық
(жергілікті) кәсіпорын болуы мүмкін, осыған орай оның мүлкі мемлекеттік немесе
муниципалдық меншікте болады, бұл мүлік оған шаруашылықты жүргізу немесе
оралымды басқару құқықтары негізінде тиесілі болады.
Ұжымдық
кәсіпорын – мемлекеттік кәсіпорынды құнын
төлеп алған жағдайда немесе мүлікті еңбек ұжымы заңды жолмен сатып алған
жағдайда құрылатын шаруашылық бірлік. Мұнда меншік ұжымдық сипатта болады және
мүлік қызметкерлердің салымдарына бөлінеді.
Шағын
кәсіпорын – жұмысшылар саны мен шаруашылық
айналымы(өнеркәсіпте өнім көлемі, саудада тауар айналымының көлемі) белгілі бір
мөлшерлік өлшеммен шектелетін жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп
тұрған кәсіпорын.
Бекіту сұрақтары:
1.Шағын
бизнес: мәні – мазмұны, ерекшеліктері
2.Бизнес
дегеніміз
3.Кәсіпкерлік
дегеніміз
4.
Артықшылықтары мен кемшіліктері де бар
5.
Кәсіпорын түсінігі,оның түрлері.