№ 8 Ұлттық шаруашылықтың түсінігі, циклдік және экономикалық өсу қарқыны

 

Пәннің аты: Экономика негіздері.

 

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық шаруашылықтың түсінігі, циклдік және экономикалық өсу қарқыны

Жоспар:

1.Ұлтттық шаруашылығы, оның ерекшелігі көрсеткіштері.

2.Экономикалық цикл және оның кезеңдері

3. экономикалық өсу қарқыны    

                                                              

Үй жұмысы: №8 семинар: Қазақстанның экономикалық өсу жағдайы

 

Макроэкономика (грекше μακρός — ұзын, үлкен, οἶκος — үй және Nόμος — заң)

экономикалық теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеужұмыспен қамтылуинфляция мәселелерін,жалпы экономика 

ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді.

Макроэкономиканың зерттейтін негізгі мәселелері:
1.    Экономикалық өсу.
2.    Толық жұмысбастылық.
3.    Экономикалық тиімділік.
4.    Бағалар деңгейінің тұрақтылығы.
5.    Табыстарды әділетті бөлу және әлеуметтік әділеттілік.
6.    Сауда балансы.
7.    Қоршаған ортаны қорғау.

8.    ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;

9.  ұлттық экономика масштабында жұмыспен қамтуды реттейтін факторларды

айқындау;

10. инфляцияның табиғатын талдау;

 Макроэкономиканың зерттеу объектісі – ұлттық экономиканың өсу қарқыны мен факторлары, ұлттық табыс көрсеткіштері және қоғамның байлығы.

Макроэкономикалық көзқарас тұрғысынан халық шаруашылығы 

төрт макроэкономикалық субъектіден құралады:
Үй шаруашылығы, фирма ,мемлекет ,сыртқы орта 

        2.Экономикалық цикл және оның кезеңдері

Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі.

 Дағдарыстың сипаттамасы келесідей:

1.Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.

 2.Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.

 3. Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.

 4.Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі. Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.

Тоқырау фазасының сипаттамасы: 1. Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.

2.Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.

3.Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.

Жандану фазасының сипаттамасы: 1.Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.

2.Инвестициялар өседі.

3.Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.

4.Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.

5.Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Өрлеу фазасының сипаттамасы: 1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.

2.Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.

3.Тауарлардың бағасы өседі.

4.Қарыз капиталының ұсынысы өседі.

 5.Несиеге сұраныс өседі.

Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы және ішкі деп бөлуге болады. Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар: халық санының өзгеруі, соғыстар, төңкеріс, басқа да саяси шиеленістер, жаңа жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа кен орнын ашу ғылыми-техникалық прогресс, күннің көзіндегі құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б.

Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың физикалық қызмет атқару мерзімі, тұтынудағы, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер, тауар және ақша қайшылықтары, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтар, капиталдың артық қорлануы.

Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары:

Құралдар: Тоқырау фазасында Өрлеу фазасында

1. Ақша несие саясаты Пайыз мөлшерлі жалақысын төмендету, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатып алуы. Пайыз мөлшерлі жалақысын өсіру, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатуы.

2.Фискальдық саясат Бюджеттен қосымша шығындар жұмсау, салық ставкаларын төмендету. Бюджет шығындарын қысқарту, салық ставкаларын өсіру.

3.Жалақы мен тарифтер саясаты Жалақыны өсіру. Жалақыны төмендету.

4.Мемлекеттік инвестициялар саясаты. Инвестициялық бағдарламалардың жылдамдықпен орындалуы, мемлекеттік қолдау жасау. Мемлекеттік құрылысты және инвестицияларды тоқтату. Мақсат: Шаруашылық белсенділігін ынталандыру Шаруашылық белсенділігін тоқтату.

        Алғашқы дағдарыс 1825 жылы Англияда басталған. Содан кейін ол 1836 ж., 1841 ж., 1847 жылы АҚШ, Англия мен Франция, Германияны қамтыды. 1857 жылғы дағдарыс бірінші дүниежүзілік циклдық дағдарыс болып саналады. Одан кейін ол 1873, 1882, 1990, 1907 жылдарда қайталанды. Экономикаға үлкен шығындар әкелген 1920-1921, 1929-1933, 1937-1938 жж экономикалық дағдарыстар. «Ұлы тоқырау» атын алған өте терең және ұзақ дағдарыстың сипаты 1929-1933 жылдарда болған еді.

     3. Экономикалық  өсу қарқыны оның  факторлары, типтері  

  Экономикалық өсу - қоғамдық еңбек нәтижесін, оның өнегелік, рухани сипаттамаларын көрсетеді. Ол — экономикалық динамиканың көрсеткіші және қайнар көзі. Бұл экономикалық теорияның предметі мәселелерінің екінші жүйесі.

       Экономикалық өсудің мақсаты — бұл адамдардың материалдық және рухани қажеттіктерін қамтамасыз ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейту. Адамдардың білімі, дағды-тәжірибесі, қабілеті адамдар капиталын құрайды. Бұл адамдардың болашақтағы өмір-жағдай дәрежесінің кепілі болып табылады.

        Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер: Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.

1.Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары: қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту); ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).

2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары: жұмыс күшінің санының өсуі; капиталдың көлемі өсуі.

3.Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оны сипаттайтын келесі көрсеткіштер:

1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;

2. адамның бос уақытының көбеюі;

3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;

4. адам капиталына инвестицияны өсіру;

5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;

7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

     Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер.

Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.

Экономикалық өсудің факторлары:

Тікелей факторлар:

- Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.

- Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.

- Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.

- Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.

- Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.

Жанама факторлар:

- Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.

- Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.

- Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

 

 

Бекіту сұрақтары:

1.     Макроэкономика дегеніміз

2.     Макроэкономиканың зерттейтін негізгі мәселелері

3.     Макроэкономиканың зерттеу объектісі

4.     Экономикалық цикл және оның кезеңдері

5.     Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары

6.     Экономикалық өсудің мақсаты 

7.     Экономикалық өсудің факторлары

 

 

СӨЖ

 

Презентация