№ 7 Тапсырмалар

 

Тапсырмалар:

 

1)  Цехта 500 мың тонна өнім өндірілген. Негізгі жұмысшылар жылына 157 мың адам – сағат жұмыс істеген. 1 тонна өнімнің еңбек сыйымдылығын анықта.

 

2) Есептік жылы зауытта 160 мың тонна өнім өндірілді. Өнімнің 1 данасының еңбек сыйымдылығы 55 адам – сағат. Барлық өнімді өндіруге кеткен уақыт шығыны қанша қаншаға тең (мың адам – сағат).

 

3) 1 тауардың көтерме бағасы 250 теңге.Тауардың цехтық өзіндік құны 230 теңге, кезең және өндірістен тыс шығындары  1,5 теңге.Тауардан сатудан түскен пайда қаншаға тең?

 

4) Сатудан түскен табыс жылына 200 млн. теңгені құрайды, ал айнымалы қорлардың орташа жылдық қалдығы  20млн. теңге. Айнымалы қорлардың айналым коэффициенті неге тең?

 

5) Сатылған өнімнің құны 45 млн. теңге, айналым қаражатының қалдығы 10 млн теңге болса, айналым санын анықта.

 

6) Өнім бірлігінің өзіндік құны 800 тіңге, өнім бірлігінің бағасы бағасы – 1100 теңге, зауыт өнімінің табыстылық  деңгейін анықтау керек.

 

7) 4-разряд жұмысшысы 1 айда 23 күн жұмыс істеді. 4 – разрядтың сағаттық тарифтік мөлшерлемесі 68 теңгеге тең. Ауысым ұзақтығы 8 сағат, еңбек шарты – орташа. Жұмысшылардың айлық жалақысын анықта.

 

8) Өндірілген өнімнің жалпы еңбек сыйымдылығы 20060 мың адам – сағат, 1 жыл ішінде 802,4 мың тонна өнім өндірді. Өнім бірлігінің еңбек сыйымдылығын анықта.

 

9) 1 жылда 268 мың тонна өнім  өндіріледі, негізгі өндірістік қордың орташа жылдық  құны 17527,2 мың  теңге.  Өнімнің  қор сыйымдылығын  тап.

 

10) Былтырғы жылы зауыт 200 млн. теңге сомасында тауарлы өнім өндірді. Жұмысшы саны 100 адам. Жоспарлы жылы жұмысшы саны 10 адамға қысқаруы көзделген. Еңбек өнімділігінің жоспарланған деңгейін анықта.

 

11) Кәсіпорында жыл бойы орташа тізімдегі жұмысщы саны 6000 адам. Жыл бойы өз еркімен 37 адам жұмыстан кетті. Еңбек тәртібін бұзғаны үшін 5 адам жұмыстан шығарылды, 11 адам зейнеткерлікке кетті, 13 адам армияға кетті. Кәсіпорында басқа бөлімшелерге жұмысқа 30 адам ауыстырылды.  Табу керек: кадрлардың кету коэффициенті; тұрақсыздық коэффициенті.

 

12) Кәсіпорында келесі көрсеткіштер берілген: шығарылған бұйым 3000 дана, 1 бұйымның бағасы 120 теңге, 1 бұйымның өзіндік құны 100 теңге. Табу керек: өнім шығару, шығарылған өнімнің өзіндік құні, өнімді сатудан түскен пайда, өнім рентабелділігі.

 

13) Кәсіпорында келесі көрсеткіштер берілген: шығарылған бұйым 4000 дана, 1 бұйымның бағасы 120 теңге, 1 бұйымның өзіндік құны 104 теңге. Табу керек: өнім шығару, шығарылған өнімнің өзіндік құні, өнімді сатудан түскен пайда, өнім рентабелділігі.

 

14) Кәсіпорында келесі көрсеткіштер берілген: шығарылған бұйым 3600 дана, 1 бұйымның бағасы 120 теңге, 1 бұйымның өзіндік құны 96 теңге. Табу керек: өнім шығару, шығарылған өнімнің өзіндік құні, өнімді сатудан түскен пайда, өнім рентабелділігі.

 

15) Жылдық өнімді сату жоспары бойынша 17100 теңге. Айналым құралының мөлшері 380000 теңге. Ұйымдастыру шараларын жүргізу арқасында 1 айналым ұзақтығы 2 күнге қысқарған. Табу керек; 1 айналым жоспарындағы  ұзақтығын (күн), 1 айналымның нақты ұзақтығын , айналымдылықты жылдамдату нәтижесінде айналым құралының босатылған сомасы(мың теңге)

 

16) Статистикалық агенттігінің мәліметі бойынша кәсіпорын салыстырмалы бағада және жағдайда өндіретін өнім көлемі жылына 10 млрд құрып, кәсіпорын өндірісіндегі оташа тізімдегі қызмет етушілер саны 50 мың адам болған. Еңбек өнімділігін тап.

 

17) Жылдық өнімді сату жоспары бойынша 18000 теңге. Айнылым құралының мөлшері 355000 теңге. Ұйымдастыру шараларын жүргізу арқасында  1 айналым ұзақтығы 3 күнге қысқарған. Табу керек: 1 айналым жоспарындағы ұзақтығын (күн); 1 айналымның нақты ұзақтығын(күн); айналымдылықты жылдамдату нәтижесінде айналым құралының босатылған сомасы (мың теңге).

 

18) Кәсіпорын жыл бойы салстырмалы бағада 198000 теңге өнім өндіреді. Ал осы мезгілдегі орташа жылдық негізгі қордың құны 180000 теңге. Қор қайтарымдылығын есепте.

 

19) «Нұр» кәсіпорнында 800 мың тонна өнім өндірілген. Негізгі жұмысшылар есеп жылында  180 мың адам – сағат жұмыс істеген. 1 тонна өнімнің еңбек сыйымдылығын анықта.

 

20) Кәсіпорын жыл бойы салыстырмалы бағада  200000 теңге  өнім өндіреді. Ал осы мезгілдегі орташа жылдық негізгі қордың құны 160000 теңге. Қор қайтарымдылығын есепте.