7-тақырып
Сабақ
тақырыбы:
Шәуеттің сапасына баға беру.
Сабақ
мақсаты:Шәуеттің сапасына органолептикалық баға беру
Материалдар
мен жабдықтар: Фотоэлектрокалориметр (ФЭК),3,5 %-дық
бес.
сулы уш орынбасқан лимон қышқылды натрий ерітіндісі (сүзілген), 0,1 мл-лік
микропипетка, 5 немесе 10 мл-лік градуирленген тамызғыш, таза , құргақ, тығыны
бар флакондар, спирт пен эфир қоспасы, кюветаларды жууға арналған дистилденген
суы бар 0,5 л-лік ыдыс, дәкелік сүрткіш, мақта, сүзгі қағаз, тамызғыштар, қалың
шыны табақшалар, үшкірленген ағаш таяқшшалар.
Сабақтың
өтетін орны: ветеринарлық клиника.
Тапсырмалар:
1.
Шәуетке органалептикалық баға беру
2.Шәуеттегі
ұрықтың ӛміршеңдігін анықтау
Әдістемелік
нұсқау
Шәуетті
алысымен тез арада оның көлемін, түсін, иісін және консистенциясын анықтайды.
Шәуеттің түр-түсін, иісін шәует қабылдағышта анықтайды. Сонымен катар ірің, зәр,
қан араласса, оны анықтап, зерттейді.
Ш
ә у е т т і ң т ү с і малдың түріне және спермийлердің шоғырлануына байланысты.
Атап айтсақ, қошқардың шәуеті түсі ақшыл-сарғылт; бұқанікі көбінесе ақ түсті,
кей кезде сарғылт; айғырдікі және қабандікі ақ-сұрғылт (сұйық, сүт
тәрізді).
Ш
ә у е т т і ң и і с і қалыпты жағдайда білінбейді. Тек қана қошқардың шәуетінде
шайырдың иісі болады. Бұканың шәуетінің иісі жаңа сауылған сүттің иісіне ұқсас
болады. Шәуетте жағымсыз иістің болуы, аталық малдың жыныстық органдарындағы
қабыну процесін көрсетеді.
Қызыл
түс - жыныстық мүшелері зақымданғандағы қанның араласуынан болады. Қара қызғылт
түс-несеп жыныс арнасындағы капиллярлардың жарылуынан болады, қызыл-күрең түс -
жыныстық мүшеде бұрын болған зақымданудың салдарынан. Патологиялық қоспалары бар
және шірік иісті шәуетті ұрықгандыруға пайдаланбайды.
Ш
ә у е т т і ң к о н с и с т е н ц и я с ы ондағы спермийлердің шоғырлануына
байланысты. Қошқар шәуетінің қалыпты жағдайдағы консистенциясы кілегей тәрізді,
бұқанікі қою сүтке үқсайды, айғыр мен қабандікі су тәрізді болады. Айғырдың
шәуетінде көпіршік бездерінің желім тәрізді қоспалары болады, ал қабан шәуетінде
купер бездерінің желім тәрізді дәнді шырышының қоспалары
кездеседі.
Барлық
өлшеуге арналған құралдарды алдын ала зарарсыздандырады, ал оларды пайдаланар
алдында, спермийлерді температуралық шоктан сақтандыру үшін 30°-қа дейін
жылытады.
Спермилер
өте жарық сәуледе дұрыс көрінбейді, сондықтан микроскоппен қарағанда кішкене
қарайтып көрген дұрыс. Шәуетті микроскоп арқылы қарағанда бөлме температурасы
18-20°С болу керек. Аталған температураны ұстап түру үшін арнайы термостат
немесе электрлік-жылытқыш үстелін қолданады.
Термостатта
керекті температураны ұстап микроскопты дайындаған соң шәуеттен басылған тамшы
препаратын дайындайды.
Ол
үшін таза және құрғақ төсеніш шыныға алдын-ала қыздырылып, зарарсыздаңдырылған
пипеткамен немесе шыны таяқшамен бір тамшы шәуетті тамызып, жапқыш шынымен жауып
қояды. Шәуеттің қоюлығын дұрыс бағалау үшін жапқыш шынының астына жаңадан
алынған шәуетпен біркелкі етіп толтыру керек.
Микроскоп
үстеліне (тамшысымен) тӛсеніш шыныны қойып жарықты ұстап, шәуеттің қоюлығын және
спермилердің белсенділігін преларатты жылжыту арқылы микроскоптың бірнеше көру
алаңында анықтайды.
Шәуеттің
қоюлығын бағалау. Шәуеттің қоюлығын қарап анықтағанда шәуеттегі спермилердің
санын жобамен білуге болады.
Шәуеттің
қоюлығы ондағы спермилердің шоғырлану дәрежесіне байланысты. Қоюлығы жӛнінен
шәуетті қою, орташа және сұйық деп бөледі.
Қ
о ю ш ә у е т (Қ)- микроскоппен қарағанда спермилердің арасында бос орын
кӛрінбейді. Бұндай шәуетгің 1 мл-де спермилердің саны 2 млрд-тан
асады.
О
р т а ш а қ о ю ш ә у е т (ОҚ)- микроскоппен қарағанда спермийлердің арасында
бір спермия сиятындай орын болғанда айтады.
Шәуеттің
1 мл-де 0,2-1 млрд. спермилер болады.
С
ұ й ы қ ш ә у е т (С) - спермийлер арасында кеңістік өте үлкен, 1 мл шәуетте
0,1-0,2 млрд. спермилер ғана болады.
Қошқарлар
қалыпты жағдайда қою шәует бөледі. Бұқалар қою және орташа қою, айгырлар мен
қабандар кӛбінесе орташа қою және сұйықшәует бөледі(Сурет 4). Шәуеттің қоюлығын
анықтау спермилердің қозғалыс белсенділігін анықтаумен толықгырылады. Егер қою
шәуетге спермилердің қозғалыс белсенділігі тӛмен болса, ондай шәует пайдалануға
жарамайды.
Микроскоптың
көру алаңында шәуеттің құрамындағы спермилер қозғалысы әр түрлі болып кездеседі.
Сапалы, құнды спермилер қалыпты жағдайда алға қарай түзу сызық бойымен үдемелі
жылжиды. Сапасыз, әлсіз спермилер айналып жылжып немесе бір орныңда тербеліп
тұра береді. Спермилерді мұздатып немесе кейбір органикалық қышқылдар әсер
еткенде олардың қозғалысы баяулап барып мүлдем тоқтап
қалады.
Егер
шәуетті жылытса, қозғалыс белсенділігі қайта қалпына
келеді.
Шәуеттегі
спермилер белсенділігін микроскоппен қарап анықтайды.
Ол
үшін спермилердің түзу сызық бойымен алға қарай үдемелі жылжу пайызын анықтап,
соған байланысты белсенділік балдарын қояды. Бұл кезде айналып жылжитын, бір
орында тербелетін және мүлдем жылжымайтын спермилердің барлығын ӛлі деп
есептейді.Егер спермилердің барлығы 100 % түзу сызық бойымен алға қарай үдемелі
қозғалса, оған 10 балл қояды, 90 %- 9 балл, 20 % -балл қояды және
т.б.
Егер
спермилердің 10 % алға түзу сызық бойымен үдемелі қозғалса, онда жалғыз деген
белгі қояды (Ж). Барлық спермилер мүлдем қозғалмаса, Н- деп белгілейді
(некроспермия).
Қалың
шрифтпен белгіленген бұқа шәуетіндегі кӛрсеткіштер шәуетті ӛндіріске пайдалануға
болатындығына рұқсат етеді
Спермилердің
жақсы қозғалысының белгісі құйын тәрізді жылжуы.
Қою
шәуетте бір бағытта қозғалатын спермилері бірігіп «толқын-ағым" құрайды. Аталған
ағымдар бір-бірімен түйіскенде микроскоппен кӛру алаңында орайланып кетеді де,
тез тарқамай, жәй тарқайды. Спермилер қатты құйынды қозғалған кезде, 10 балл
беріледі. Одан сәл төмендеу болса 9-8 балл болады. Спермилердің кұйын тәрізді
жылдам қозғалуын, шеңбер бойымен әлсіз спермилердің қозғалуымен шатастырмау
керек.
Сурет
4-Шәуеттегі спермилер белсенділігін микроскоппен қарап
анықтау
Спермилердің
қозғалу белсенділігін микроскоп арқылы кӛріп анықтауды бірнеше қайталап, әбден
игеріп алған дұрыс. Сонымен қатар баға берудің дұрыстығын төмендегідей жолмен
жүргізеді: әуелі бір бағытта түзу сызық бойымен үдемелі қозғалыстағы
спермилердің пайызын анықтайды, одан кейін қозғалмайтын, шеңбер бойымен және
тербелмелі жылжыған спермилердің жалпы пайызын анықтайды, жүргізілген санақты
қорытындылағанда барлығы 100 % болуы керек.
Шәуеттің
жалпы бағалануы әріппен белгіленеді, онда спермилердің белсенділігі баллмен
кӛрсетіледі. Мысалы, Қ-8; ОҚ-3; С-7 және т.б. Осы бағаларға қарап, шәуетті
сақтауға және ұрықгандыруға қажеттілігін анықтайды. Жақсы, сапалы, жаңадан
алынған қошқардың шәуеті Қ-8-ден төмен бағаланбайды. Ал айғыр және қабан
шәуеттері ОҚ-6-дан төмен болмауы керек. Жоғарыдағы кестеде бұқаның жаңадан
алынған шәуетінің қоюлығына және спермилер белсенділігіне қарап баға берудің
мүмкіндік жобасы көрсетілген.
Бақылау
сұрақтары:
1.Шәуеттегі
спермилер белсенділігін қалай анықтайды?
2.Шәуеттің
спермилермен қанықтылығы қалай анықталады?