10-тақырып

Сабақ тақырыбы: Әртүрлі ұрғашы жануар түрлеріне қолдан ұрықтандыруды жүргізу.

Сабақ мақсаты: Жануарларды қолдан ұрықтандыру жүргiзу техникасын меңгеру

Материалдар мен жабдықтар: Бұқа, қошқар, айғыр,қабанға арналған

жасанды қынаптар, шәует қабылдағыштар және оларға арналған жылытқыштар, шәует қабылдағыштарға арналған штативтер, қос көмірқышқылды соданың 2-3 %-дық ерітіндісі, капрон немесе поролон сүрткіштер, ванна немесе леген, ыстық су, жасанды қынаптарды, аспаптарды қоятын, үстелше, корнцангтар, 96 %-дық спиртпен ылғалданған мақталық тампондар, кұрғақ залалсызданған тампондар және дәкелік сүрткіштер, әр түрлі пинцеттер.

Сабақтың өтетін орны: ветеринарлық клиника.

Тапсырмалар:

1. Жануарларды қолдан ұрықтандыруының техникасын меңгеру

2.Жануарларды қолдан ұрықтандыруының кезінде пайдаланылатын әдiстер.

 

Әдістемелік нұсқау

Қынап айналарын және катетерлерді дайындаған соң сиырды дайындайды. Жыныс ернеулерін жылы, сабынды сумен жуып фурацилиннің (1:5000) ерітіндісімен шайып, құрғатып сүртеді. Қынап айнасын жыныс мүшесіне енгізбестен бұрын жыныс ернеулерін натрий бикорбанатының 1 % жылы ерітіндісімен ылғалдаған жөн. Жыныс ернеулерін шүртекейгс (сарпай арқылы) массаж жасай отырып өңдеу, неғұрлым жақсы жүргізілсе, сиырды ұрықтандырудың келесі тәсілдері соғұрлым жақсы және тез жүргізіледі.

Алдын ала тазартылған, жылы шприц-катетерге белсенділігі тексерілген бір сиырды ұрықгандыруға қажетті шәует мӛлшерін сорып алады. Бос қолмензарарсызданған, натрий бикорбанатының 1%-дық жылы ерітіндісімен ылғалданған қынап айнасын тармақтары жабық күйінде, жайлап айналдыра отырып, төменнен жоғары қарай кішкене бұрышпен малдың қынабына енгізеді. Енгізіп жатқанда қынаи айнасының тұтқасы бір жағына бағытталуы керек. Енгізгеннен кейін қынап айнасының тұтқасын абайлап тӛмен қарай бұрады да, жатыр мойны жақсы көрінетіндей етіп қынап айнасын қысып ашады (Сурет 11).

Қынап айнасын енгізу - маңызды тәсіл, сондықтан әрбір студент мұны

жақсы игеруі тиіс. Қынап айнасы дұрыс енгізілсе, сиыр қозғалмай, мазасызданбай, тыныш тұрады. Ал егер қынап айнасы салқын (дене температурасынан төмен) және дӛрекі қимылмен енгізілсе, онда сиырдың қынабы тырысып (вагинизм) шәуетті енгізуге кедергі жасайды немесе енгізілген шәует жатырмойнынан қайта шығарылып тастайды.

Сурет 11-Сиырды визоцервикалді әдіспен ұрықтандыру

Табиғи жарық жеткіліксіз болса немесе кешке жақын ұрықтандырған жағдайда қынап айнасының жоғарғы тармағына орналастырылған, арнайы

жарық бергішті пайдаланып немесе фарфорлық түтікшеге бекітілген, жылжымалы электролампаларды пайдаланады. Бір қолмен қынап айнасын

ашып, екінші қолмен жатыр мойны арнасына (катетердің имегін төмен каратып) енгізеді де, жайлап артқа қарай тарта отырып, шприц-катетердің

поршенін басып шәуетті жібереді. Содан кейін шприц-катетерді шығарады. Қынап айнасының тұтқасын бір жағына бұрып тармақтарын жабады да, абайлап қынаптан шығарып алады.

Сиырды ұрықтандырғаннан соң қынап айнасын ыстық сумен, соңынан 60°С- тықсоданың (2-3 %-дық) ерітіндісімен мұқият жуып, жылы сумен шаяды, сүлгімен құрғатып, сүртіп зарарсыздандырады. Шприц-катетрді қолданып болғаннан кейін 96 %-дық спиртпен ылғалданған тампонмен сүртіп алады, ал ішкі жағын № 1-ші банкадағы 2,5 %-дық лимон қышқылды натрийдің жылы ерітіндісімен 5-6 рет шаяды.

Одан кейін шприц-катетерге 70 %-дық спирт (2-іиі банкадагы) сорып

алып 3-4 рет шайып, спирттің қалдығын лимонқышқылды натрийдің 2,9

%-дық ерітіндісімен (3 және 4 банкалардағы) мұқият шайып, жуады. Жұмыс ыңғайлы болу үшін және тазалықты сақтау үшін бірнеше шприц-катетерлер дайындаған жӛн. Шприцтерді катетерлерімен бірге таза, 70 %-дық спиртте сақтайды. Бұл әдістің кемшілігі сол, темірден жасалған қынап айнасы тез арада суып кетеді, сондыктан қынап айнасын енгізгенде мал ауырсынады және енгізілген шәует жатыр мойнынан қынапқа қарай ағып кетеді. Бұл кемшілікті болдырмас үшін жетілдірілген қынап айнасын (Овчинников Л.) пайдаланады. Жетілдірілген қынап айнасын пайдалану ұрықтану кӛрсеткішінің жоғарылауына ықпал етеді.

Шәуетті маноцервикалды әдіспен енгізу. Бұл әдіс шәуетті жатыр мойнына қолмен (manus-қол) апарып енгізеді. Бұл үшін залалсызданған, бір ретгік полимерлік аспаптарды (полистерол катетері бар полиэтилендік ампула жоне полиэтилендік қолғап) пайдаланады (Сурет 12).

Сурет 12 -Сиырды маноцервикалді әдіспен ұрықтандыру

Ампула шәуетке зиянсыз полиэтиленнен дайындалған. Ұзындығы 48

мм, денесі, мойны, қалпағы және түбі бар. Ампуланың мойнының қабырғасы қалың, сол себепті катетермен жақсы жалғанады. Ампулаға 1,2 мл шәует сияды.

К а т е т е р л е р полистиролдан дайындалады, ұзындғы 75 мм, ал сыртқы диаметрі 4,8 мм. Катетерлерді полиэтилендік Қапшықтарға орап салады және олар бактериоцидтік лампалармен залалсыздандырылады.

Қ о л ғ а п т а р қалыңдығы 35-40 мкм.болатын полиэтилендік пленкадан дайындалған, олардыңұзындығы 800-900 мм.

Пласмастық аспаптар залалсыздандырылып шығарылады. Егер орауының бүтіндігі бұзылса, оларды пайдаланудың алдында міндетті түрде

залалсыздандырады. Бұл үшін ампулаларды, катетерлерді және қолғаптарды жайып қойып, олардыңүстіне 20-40 см. биіктікте орналасқан бактериоцидтік лампаларды (БУВ-15 немесе БУВ-30) 60-80 мин. қосып зарарсыздандырады.

Полиэтилендік ампулалар шәуетке асылдандыру станцияларында толтырылып, термоспен шаруашылыкқа жеткізіледі.

Маноцервикалді әдісті қолданғанда айтарлықтай тәжірибе болу керек,

сондықтан алдымен ампуладан суды немесе шәуетгі сығып шығаруды үйреніп және 10-15 сиырды қолғапсыз ұрыктандырып үйренген соң қолғаппен жұмыс істеуге болады.

Шәуетті енгізбестен бұрын сиырдың сыртқы жыныс мүшелерін белгілі әдіспен тазартады. Ампуланы термостан алып, спирттің (96%-дык) ерітіндісімен ылғалданған тампонмен сүртеді, одан соң ампуланы жайлап

шайқап араластырады да, ампуланың калпағын кесіп жылытылған төсеніш

шыныға бір тамшы шәуетті тамызып белсенділігін анықтайды. Осыдан кейін ампуланың кесілген ұшына залалсызданған катетерді кигізеді. Қолға жылы физиологиялық ерітіндімен ылғалданған полиэтилен қолғабын киіп, қолды қынапкаенгізіп, жатыр мойнын 1-1,5 минут сылап-сипайды. Жатыр мойны жиырыла бастаған соң оның арнасын шырыштан тазартады және кынаптағы қолды сыртқа шығармай тұрып, бас бармақ пен сұқ саусақтың бақылауымен катетерді жатыр мойнына 1,5-2 см терендікке енгізеді. Жатыр мойнының қынаптық бөлігін уқалай отырып, ампуланы ала- қанмен алға қарай, катетер түгел енгенше (7 см) жылжытады. Мұны өте абайлап жасау керек, өйткені бұл кезде жатыр мойнының кілегейлі қабаты өте сезімтал болады да, зақымдануы мүмкін.

Содан соң ампуланы 2-3 смшамасында жоғары көтеріп, жатыр мойны

босаңсыган кезде ампуланы саусақтармен қысып, шәуетгі сығып шығарады.

Шәуетті ампуладан толық шығару үшін оның түбінен бастап сығады. Шәуетті енгізіп болған соң, жатыр мойнынан ампуланы қысылған күйінде (шәует ампулаға қайта сорылып кетпес үшін) шығарып алады.

Катетерді ампуладан ажыратады да, оны қынаптың түбіне қойып, жатыр мойнын 2-3 минуттай сылап-сипайды (массаж). Содан соң қолды (ампула, катетермен бірге) абайлап шығарады.

Қолды қынаптан жайлап шығару керек, егер дӛрекі қимыл жасаса, жатыр мойны тітіркеніп, тырысып, жиырылуы мүмкін және енгізілген шәует жатыр мойнынан қынапқа шығып қалады.

Маноцервикалді әдіс тек ірі сиырларға қолданылады. Бірінші тума кұнажындарды немесе қынабы тар сиырларды бұл әдіспен ұрықтандыруға

болмайды. Асептика сақталмаса сиырдың жыныс органдары микробтармен

ластану қауіпі туады.

Жатыр мойнын тік ішек арқылы бекітіп ұстап (ректоцервикалді әдіс) шәуетті пипетка көмегімен енгізу.Бұл әдіс бойынша бір қолмен тік ішек арқылы жатыр мойнын бекітіп, екінші қолмен зарарсызданған пипеткадағы шәуетті жатыр мойнына енгізеді.

Бұл әдістің артықшылығы сол, мұнда жатыр мойнының, денесінің, тармақтарының, жұмыртқалықтардың, кейдежатыр түтігінің (жатыр түтігі қалыпты жағдайда қолға ұстала бермейді) жағдайларын және буаздықгы анықтауға мүмкіндік берсді.

Жыныс органдарын тік ішек арқылы зерттеу, жатырдың моторикасын жақсартады, бұл әрине спермийлердің жылдам жылжуына ықпал етеді.

Шәуетті жатыр мойнына тереңдете енгізуге, оныңқайта ағып кетпеуін қамтамасыз етеді.

Қынапты тітіркенуден, зақымданудан, заладданудан сақтайды. Ұрықтандыру бағасы арзандайды, ӛйткені қынап айналарын, шприц-катетерлерді және залалсыздандырғыш заттарды сатып алуға шығын шығарылмайды.

Бұл әдіспен ұрықтандыру басқа әдістермен салыстырғанда жылдамырақ орындалады. Бірақ аталған әдісті игеру біршама қиындау, сондықтан бұл әдісті қолданғанда бәрінен бұрын буаз емес жатырды тез тауып үйрену қажет.

Сонан соң жатырдың және тағы басқа жыныстық органдардың анатомиялық-топографиялық ерекшеліктерін ескере отырып, белгілі тәртіппен жүргізілетін жатыр мойнын бекітіп ұстап, ұрықтандыру әдісін игеруге болады.

Шәуетті жіберместен бұрын малдың сыртқы жыныс мүшелерін таза, жылы сумен тазартып жуып, мақтамен немесе таза дәкемен құрғатып сүртеді. Сонан соң полиэтилендік пакеттегі полистиролдық пипетканы немесе шыны пипетканы алады.

Шыны тәрізді пипетка ұзындығы: 420-450 мм, диаметрі 4,8 мм болатын цилиндрден, поршеннен және муфтадан тұрады. Оларды залалсызданған полиэтилендік пакеттерге 10 данадан орап салады.

Ұрықтандырудың алдында пакеттің бір бұрышын бір пипетка шығатындай етіп кесіп, одан шығарған пипетканың ұшын резеңке баллонға немесе нейлон шприцке жалғайды.

Мұндай шприц суда кайнатуға және басқа да залалсыздандыру түрлеріне шыдамды және пайдалануға ӛте ыңғайлы. Осындай зарарсызданған пипеткамен тек бір сиырды ғана ұрықтандырады.

Ұрықтандырып болғаннан кейін пипетканы соданың ерітіндісімен жуып-шайып, арнайы металдық түтікте келесі зарарсыздандыруға дейін сақтайды.

Қандай пипетканы қолданса да, оған 1 мл шәует алады (шыны пипетканы алдын ала жылытады). Одан кейін полиэтилен қолғап киген қолдың саусақтарымен малдың жыныс ернеулерін ашады. Екінші қолмсн тӛменнен жоғары қарай 30-40° бұрышпен, пипетканы қынаптыңүстіңгі жағымен тереңдетіп, 10-15 см дейін енгізеді (Сурет-13).

Сурет 13-Сиырды ректоцервикалді әдіспен ұрықтандыру

Екінші қолмен тік ішек арқылы жатыр мойнын тауып алып, оны алға қарай, яғни құрсақ куысына қарай созыңқырап (қыртысталып қалмас үшін) бекітіп, пипетканы жатыр мойнының арнасына 3-5 см дейін енгізіп, шәуетті жібереді.

Ұрықтандырған малды станокта бірнеше минутқа дейін қалдырады. Осы уақытта тәжірибелі мамандар шүртекейді сыртынан сарпай арқылы (массаж) сылап-сипайды, соның нәтижесінде рефлекторлы түрде жатырдың тонусы жақсарып, шәуеттің ары қарай жылдамырақ жылжуына жағдай туады. Қолдан ұрықтандырылған сиырлар ұрықтанбай қалған жағдайда, келесі жыныстық циклін ӛткізіп алмас үшін, 10-30 күн аралығында күйіттеуші бұқамен күнделікті күйге келуін бақылап отырады.

Құнажындарды қолдан ұрықтандыру. Құнажындарды 16-18 айлығында және тірі салмағы үлкен малдың салмағының 65-70 % жеткенде қолдан ұрықтандыруға болады. Құнажындарды қолдан ұрықтандырудың мынадай ерекшеліктері бар: ұрықтандыру пункттеріне жеткізу оңай емес,олардың қынабы, әсіресе жатыр мойны арнасы тар. Сондықтан құнажындарды қолдан ұрықтандырғанда маноцервикалді әдіс мүлде қолданылмайды. Құнажындарды тік ішегі арқылы жатыр мойнын бекітіп немесе шприц-катетер және кӛлемі кішкентай қынап айнасын қолданады.

Ұрықтандыру тәсілдері сол ірі сиырларды ұрықтандырғандағыдай.

Ұрықтандырылған құнажындарды жекеленген бокстарда ұстайды.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Қолдан ұрықтандыру пункті қандай жабдықтармен қамтылуы

керек?

2.Қолдан ұрықтандыру жұмысын жасау үшін ұрықтандырушы –

техник нені білуі шарт?

3.Қолдан ұрықтандыру жұмысын жасау үшін ұрықтандырушы –

техник нені істей білуі шарт?

4.Туғаннан кейін ұрықтандыру мерзімі.