1-тақырып

 

Сабақ тақырыбы: Жыныс мүшелерінің анатомиялық-физиологиялық, топографиялық ерекшеліктері.

Сабақ мақсаты:Ұрғашы жануарлардың жыныс органдарының ішкі, сыртқы бөлімдерін ажырату.

Материалдар мен жабдықтар: Әртүлік аналық мал, жаңа сойылған ұрғашы малдың жыныс органдары, нобайлар, суреттер, фотосуреттер, муляждар, жыныс органдарының гистологиялық препараттары, анатомиялық және хирургиялық пинцеттер, анатомиялық пышақтар.

Сабақтың өтетін орны: ветеринарлық клиника

Тапсырмалар:1. Ұрғашы жануарлардың сыртқы жыныс мүшелеріне зерттеу жүргізу

2. Ұрғашы жануарлардың ішкі жыныс мүшелеріне тік ішек арқылы зерттеу жүргізу

Әдістемелік нұсқау

Ұрғашы жануарлардың жыныс орргандарын сыртқы және ішкі деп екі топқа ажыратамыз. Сыртқы жыныс органдарына сарпай, қынап кіреберісі, шүртекей (клитор) жатады.

Ішкі жыныс органдарына: қынап, жатыр, жатыр түтікшелері, жұмыртқалық жатады.

Сурет2- Ұрғашы жануарлардың жыныс органдары:

1-жатырдың бұлшық етті қабаты;

2-кілегей қабаты;

3-жатырдың сол жақ мүйізшесі;

4-тармақ аралық байлам;

5-жатырдың оң жақ мүйізшесі;

6-жатыр түтігі; 7-жұмыртқалықтың шажырқайы;

8-ұрық түтігініңқабаты;

9-жұмыртқалық;10-жұмыртқалық түйіні; 11жатыденесінің қыртысы

12-қынап кіреберінің латериальді бөлімі;

13- қынап кіреберінің вентральді бөлімі;4- шүртекей; 15- жыныс ернеулері;

16-жатыр карункулдары ;

17-жатыр денесі; 18- жатыр мойны;

19- қынап;

Сарпай(vulva) - сыртқы жыныс органы. Ол жыныс ернеуінен тұрады. Әрқайсысы сыртынынан терімен қапталған, ал ішінен сірлі қабықпен қапталған. Терісінде бірнеше бездер орналасқан.

Қынап кіреберісі (vestibulum vaginal) – қысқа бұлшық ет түтігі, жыныс органынан басталып, несеп каналымен бітеді. Алдыңғы бӛлігіне несеп жолы, ал артқы жағында 2 см соқыр қапшық дивертикул орналасқан.

Қынап кіреберсі үш қабаттан тұрады: сірлі, бұлшықетті және біріктіруші ұлпалар тұрады.

Қынап (vagina colpus)- ол қынап кіреберісінен кейін орналасқан жатырдың мойынына дейін созылып жатыр. Ол тік ішектің астыңғы жағында орналасқан. Қынаптың сірлі қабаты жазық көпқабатты

эпителиймен қапталған, безі болмайды және олар бірнеше бӛліктерге бөлінген. Қынаптың сірлі қабатының эпителиі сиырларда физиологиялық жағдайына байланысты ерекшеліктері кӛп. Қынаптың каудальді бөлігі жалпақ кӛпқабатты эпителимен қапталған. Ол ортаңғы және краниальді бӛлігіндегі эпителий ұлпасы тӛртбұрыш және цилиндр тәрізді формада болады. Сыртқы қабатын бұлшық ет қаптаған және краниалды бӛлігі қынаптың соңымен аяқталады.

Жатыр (uterus)- ол мойыннан, денесінен және екі тармағынан тұрады. Жатыр мойыны (cervix)-жатырдың каудальді бӛлігі. Ол қынап пен жатыр денесін жалғастырып трады. Жатыр мойны жатыр денесінен алыстау орналасқан және ол жануардың құрсақ қуысына қарай ығысқан.

Тік ішек арқылы пальпациялағанда жатыр мойнын табуға болады. Жатырдың мойны сірлі қабықпен қапталған және де бірнеше бөліктерге тармақталған.

Жатыр денесі (corpus uteri)– мойын және тармақтардың аралығында орналасқан. Жатыр денесі әр жануарда әр түрлі орналасқан. Жатыр денесі жатыр мойнымен салыстырғанда жұмсақ ұлпалардан құралған. Иттерде жатыр денесі тар болады. Сиырда және қой мен ешкіде жатыр денесі құрсақ қуысында орналасқан.

Жатыр тармақтары (cornua uteri)- жатыр денесінен әрі қарай жіңішке келеді де ұрық түтікшелеріне ауысады. Жатыр тармақтарының екіге бөлінген жерін бифуркация деп атайды. Жатыр денесінен осы бифуркацияға дейін тармақ аралық ӛзек түзеді. Сиырларда жатыр тармақтары алға қарай тӛмен түсіп, тармақталған ұштары жоғары қайырылып тұрады.

Жатыр түтікшелері (salpinx)- негізгі қызметі аналық және аталық жыныс клеткаларының кездесуін қамтамасыз ету, ол үш қабаттан (кілегейлі, етті, сірлі) тұратын ӛте жіңішке жұмыртқалық пен жатыр тармағын жалғастыратын иректелген түтік.

Жұмыртқалық (ovaria)- жұп орган, негізгі атқаратын қызметі аналық ұрық торшасын және жыныстық гормондарды түзіп шығару. Сыртқы пішіні дӛңгелек, сопақша, тығыз. Жұмыртқалықтың сыртынан алғашқы эпителимен қапталған.

Фолликулярлы және ішкі милы қабаттарынан тұрады. Жұмыртқалық сиырда, қойда, ешкіде жамбас қуысында, ал биеде құрсақ қуысында орналасады.

Бақылау сұрақтары:

1.Ұрғашы жануарлардың жыныс органдарының анатомиялық топографиясы?

2. Ұрғашы жануарлардың ішкі жыныс органдарына сипаттама?

3. Сыртқы жыныс органдарына сипаттама?