3-тақырып
Сабақ
тақырыбы:
Ұрғашылардағы
буаздықты диагностикалау үшін жүйелі іс-шаралары.
Буаздық
физиологиясы жəне диагностикасы
Малдың
буаздығын дер кезінде анықтау, тауарлы-сүт фермасының жұмысын дұрыс
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, төл алудың, өндірілетін сүттің
жоспарын жасайды. Мал төлдету мерзімі алдын ала белгіленіп, қора-жайды,
жем-шөпті дайындау уақытын белгілейді, ұрықтанбай қалған мал болса оның себебін
анықтап, ұрықтандырып қысыр
қалмауын
қадағалайды.
Сөйтіп,
малдың буаздығын немесе бедеулігін анықтау əрбір шаруашылықта міндетті түрде,
жоспарлы түрде жүргізілуі қажет.
Иə,
буаздық кезінде қанның, зəрдің, сүттің, жүннің, сүйектің құрамында талай
өзгерістер болады. Ол өзгерістердің біліну, көріну дəрежесі көптеген ішкі-сыртқы
факторларға байланысты болғандықтан буаздыққа зерттеу нəтижесі де əртүрлі бола
береді.
Малдың
буаздығын анықтау үшін оны мынандай тəртіппен зерттейді:
1.
Анамнез мəліметтерін жинау;
2.Жеке
кітапшадағы мəліметтерімен танысу;
3.
Малды сырттай клиникалық ұстап тексеру, қынап жəне тік ішек арқылы
зерттеу;
4
Ультрадыбыстық жəне зертханалық зерттеулер жүргізу.
Анамнез
мəліметтері: Ұрықтандырылған күннен бастап 30 күн өткен соң мал қайтып
күйлемесе, жем-шөпке тəбеті жақсарып, оңала бастаса, сүті кеми бастаса, асықпай,
салмақты жүріп тас-кесекті жалауға құмар болса, терлегіш, тез шаршайтын болып,
зəр шығаруы жиілеп, артқы аяқтарында, құрсағының астыңғы жағында ісік байқалса,
мал мүмкін буаз болар деп жорамалдаймыз. Ол үшін малдың соңғы рет қашан туғанын,
қашан ұрықтандырылғанын, неше рет күйлегенін, неше рет ұрықтандырылғанын, қандай
шəуетпен ұрықтандырғанын білуге тырысамыз.
Анамнез
мəліметтерін клиникалық зерттеу нəтижелермен толықтыру керек. Əйтпесе, ондай
белгілер қысыр, ауру малда да кездесе береді.
Клиникалық
зерттеу: рефлексологиялық əдістерден, сырттай қарап, ұстап көру, қынап жəне тік
ішек арқылы зерттеу əдістерін тұрады.
Рефлексологиялық
зерттеу жүргізу үшін арнайы ауланың іші ұрықтандырылған малды күйіттеуші аталық
малмен қосып 1-2 сағат бірге ұстайды. Мұндай зерттеуді малды ұрықтандырғаннан
кей 10-30 күндердің арасында жүргізеді. Осы уақыттың ішінде қайтып күйлемесе,
бəлкім ол буаз
болғаны,
ал күйлегендері қысыр. Зерттеу нəтижесі 95-100 % жағдайда
дұрыс
болып
шығады.
Буаздықты
сыртқы белгілеріне қарап анықтау сирек қолданылады.
Себебі,
бұл əдіспен буаздықты тек екінші жартысынан ғана анықтай аламыз. Буаздық
мерзімін дəл айта алмаймыз. Сырттай қарағанда сиырды тегіс жерде, далада немесе
жарық бөлмеде артқы жағынан 1-2 метр қашықтықтан қараймыз. Сонда көңіл
аударатынымыз: сиырдың оң жақ бүйірі салбырап үлкейіп кейде босап тускен, желіні
үлкейген, артқы аяқтары мен құрсағының астыңғы жағында домбыққан жерлері болуы
мүмкін. Биелердің сол жақ бүйірі шығыңқы болады.
Дегенмен,
бұл белгілердің бəрі де буаздықты дəл басып көре алмайды.
Буаздықты
сыртынан қолмен ұстап-сипап анықтау қиын емес. Ол үшін сиырдың оң жағынан келіп
сол қолыңызды оның беліне қойып, оң қолыңыздың алақанымен сиырдың бүйірін
өзектен төмен, шаптан жоғары түстан бірнеше рет ішке қарай итеріп көріледі. Сол
кезде қолыңызға қатты дене білінсе, ол буаздықтың ақиқат
белгісі.
Биені
сол жақ бүйірінен құрсағының төменгі жағын түртіп көреді. Ол үшін биенің сол
жағынан келіп, артқы жағына қарап тұрып, сол қолыңызды
оның
беліне салып тұрасыз. Кой, ешкілердің сол жақ бүйірінің астынан тіземен итеріп,
оң бүйірінен қолмен сипалайды.
Мегежіннің
буаздығын сыртынан ұстап анықтау өте қиын, бір жақ бүйіріне жатқызып қойып, ең
соңғы екі емшегінің түсы құрсағын сипалағанда, төл қатты дене болып кейде ғана
қолға білінуі мүмкін. Кай малды болмасын сырттай ұстап қарағанда төлді таба
алмаса, мал қысыр екен
деп
қорытынды жасауға болмайды.
Буаздықты
құрсағының сыртынан тыңдап анықтау, тек ірі малға қолданылады. Онда да зерттеу
нəтижесі барлық уақытта дұрыс бола бермейді.
Сурет
2. Ешкінің буаздығын сырттай анықтау əдісі
Буаздықтың
бірінші жартысындағы кезеңде малдың сыртқы белгілеріне қарап анықтау мүмкін
емес. Сондықтан ерте буаз малды анықтау үшін қынап арқылы жəне тік ішек арқылы
зерттеулер жүргізіледі. Бұл əдіспен тек ірі малды (сиыр, бие, түйе, есек)
зерттеуге болады.
Қынап
арқылы зерттегенде малдың сарпайын жуып, тазалап сүртеді.
Сырты
вазелинмен майланған, зарарсыздандырылған қынап айнасын ақырындап малдың
қынабына салып, ашып, жарық түсіріп қарайды. Мал буаз болса жатыр мойыны жабық,
қою кілегейлі тығынмен бітелген, өзінің қалыпты орынынан бір жақ бүйіріне қарай
немесе тереңдеп алға қарай ығысқаны байқалады. Буаздықтың соңғы айларында тік
ішек арқылы жатыр
мойынының
айналасынан қынапты итеріп тұрған төлдің дене мүшелерін
қол
салып
қарағанда айқын білеміз. Бірақ қынап арқылы зерттеу буаздықты анықтау үшін көп
қолданыла бермейді
Бақылау
сұрақтары:
1.
Буаздықты анықтаудың рефлексологиялық əдісі неге сүйенеді?
2.
ІҚМ, ұсақ мүйiздi малда буаздықты анықтау əдістерін
атаңыз?