8-тақырып

 

Сабақ тақырыбы: Жасанды ұрықтандырудың физиологиялық негіздері мен техникасы.

Сабақ мақсаты:Жануарларды қолдан ұрықтандыру техникасын меңгеру

Материалдар мен жабдықтар: Бұқа, қошқар, айғыр,қабанға арналған жасанды қынаптар, шәует қабылдағыштар және оларға арналған жылытқыштар, шәует қабылдағыштарға арналған штативтер, қос көмірқышқылды соданың 2-3 %-дық ерітіндісі, капрон немесе поролон сүрткіштер, ванна немесе леген, ыстық су, жасанды қынаптарды, аспаптарды қоятын, үстелше, корнцангтар, 96 %-дық спиртпен ылғалданған мақталық тампондар, кұрғақ залалсызданған тампондар және дәкелік сүрткіштер, әр түрлі пинцеттер.

Сабақтың өтетін орны: ветеринарлық клиника.

Тапсырмалар:

1. Жануарды қолдан ұрықтандыруының техникасын меңгеру

2.Жануарды қолдан ұрықтандыруының кезінде пайдаланылатын құралдардың қолдану техникасы

 

Әдістемелік нұсқау

Жасанды ұрықтандыруды жүргізуге қажетті құрал-саймандар (сурет 5):

Дьюар ыдысы – ауыл шаруашылық малдарының ұрықтарын ұзақ уақыт бойы сұйық азотта сақтауға арналған.

Қысқыш (пинцет) – пайеттерді ыдыстан алып шығуға арналған.

Пайеттерді еріткіш – пайеттердегі ұрықтарды ерітуге арналған.

Майлықтар – пайеттерді сүртуге арналған.

Пайеттерді кескіш немесе қайшылар – пайеттің жабық шетін кесуге арналған.

Шприц - катетер – пайеттерді ұрықпен толықтыруға жəне жатырдың денесіне ұрықты еңгізуге арналған.

Чехолдар – сиырдың жыныс жүйесінің кілегей қабығын темір шприц- катетермен зақымдаудан сақтап қалуға арналған.

Бір рет пайдаланылатын қолқаптар – малдарды ұрықтандыру кезінде гигиеналық-қорғауыш құрал ретінде пайдаланылады.

Майлауыш-гель – бір рет пайдаланылатын қолқаптарды майлауға арналған.

Сурет 5. Жасанды ұрықтандыруға арналған құрал-саймандар

 

Ұрықтың тіршілік бейімділігіне əсер ететін факторлар

Өндіруші бұқаның ұрығымен жұмыс істеу кезінде ұрықтын тіршілікке

бейімділігіне төмендегідей факторлар əсер ететіндігін естен шығармау қажет:

- жарық – күн сəулелері ұрықтардың тікелей өлуіне əкеп соғады, сол себепті ұрықтарды күн сəулесі түспейтін, қаранғы жерде сақтау қажет, ал ұрықтармен күн сəулесі батқан уақытта немесе электр жарығымен жұмыс істеу керек. Ұрықпен жұмыс істеуге қажетті стөлды жарық тура түспейтін орынға орналастыру қажет;

- температура – ұрықтарды 42°С-ге дейін қыздыру жəне минус 1°С-ге дейін мұздату қауіпті болып саналады. Сол себепті ұрықтарды температураның күрт төмендеуін немесе күрт жоғарлауына жол бермей, белгіленген бір тұрақты температурада сақтау қажет, ал ұрықтармен жұмысты ұрықтандыру пункттерінде, бөлмелік температурада істеу қажет.

- су – ұрықтарды бірден өлімге ұшыратады, сол себепті ішінде ұрықтары бар пайеттерді ішіне су кіріп кетпейтіндей етіп салфеткамен əбден құрғатып сүрту қажет;

- спирт - ұрықтын өлуіне əкеп соғады, сол себепті құрал- саймандармен ыдысты спиртпен зарарсыздандырғаннан кейін натрийдің бикарбонатының 1 %-дық стерильді ерітіндісімен немесе натрийдің лимонқышқылды 2,9%-дық ерітіндісімен қайта жуу қажет.

Малдарды жасанды ұрықтандыру бекеттерінде пайдалануға қарастырылмаған дəрі-дəрмектер мен зарарсыздандыруға арналған заттарды пайдалануға тыйым салынады.

Ұрықтар сақталатын ғимаратта темекі шегуге тыйым салынады.

Пайеттерді еріту жəне катетерге еңгізу тəртібі

Ішінде ұрығы бар пайеттерді төмендегідей ретпен еріту қажет: технолог сол қолымен ыдыстын қақпағын ашып, қақпақты ыдыстын жанына қойып, ішінде ұрығы бар шыны ыдысты ыдыстың мойынының түбіне дейін көтереді. Оң қолымен қысқышты алып, оның шеттерін сұйық азоттын қайнауы тоқтағанша суытады.

Суытылған қысқышпен бір пайетті алып шығып, жылдам ерітуші құралға салады. Ішінде қалған пайеттері бар шыны ыдыстын түбіне түсіріп, жылдам қақпақты жауып тастайды.

Пайеттерді, ерітуші құралда судың температурасын 34-36°С-ға жеткізіп, 30 секунд аралығында еріту қажет. Содан соң, пайеттерді ерітуші құралдың ішінен алып шығып, стерилді майлықпен құрғатып сүртіп, жабық шеттерін пайет кескішпен немесе өткір қайшымен кесіліп тасталады (сурет 6, 7).

 

 

Сурет 6. Пайеттерді еріту              Сурет 7. Пайеттің жабық шетін

режимі пайет                                             кескішпен немесе өткір

                                                                  қайшымен кесіліп тасталады

Пайеттерді мақтаның ұшымен шприц-катетердің ішіне кіргізеді, содан соң шприц-катетерге тірелгенше чехол кигізеді (сурет 8, 9). Егерде 10-15 минут аралығында пайеттерді жылдам қолдануға мүмкіндік болса, онда бір уақытта 2 пайетті ерітуге болады. Ұрықтын сапасы жалпы əдіс бойынша анықталады.

     

 

Сурет 8. Пайетті катетерге          Сурет 9. Катетерге чехол

Кіргізеді                                                          кигізіледі

 

Ұрықпен жұмыс істеу кезінде төмендегі ережелерді сақтау қажет:

- ішінде ұрығы бар пайеттерді алдын-ала ерітуге жəне қайта қатыруға

жол берілмейді. Ішінде ұрығы бар пайеттерді стационарлық сақтау орындарынан Дьюардың тасымалдаушы ыдысына ауыстыру немесе бір ыдыстан екінші ыдысқа ауыстыру кезінде температураны аз уақытқа ғана жоғарлату ұрықтың сапасына кері əсерін тигізеді. Ішінде ұрықтары бар пайеттерді пайдаланғанға дейін міндетті түрде əрдайым сұйық азотта сақтау

қажет;

- ұрықтарды ерітпес бұрын пайеттерді ерітуге жəне сиырлар мен қашарларды ұрықтандыруға арналған құрал-саймандар мен құрал- жабдықтарды алдын-ала дайындап алу қажет етіледі.

 

Бақылау сұрақтары:

1.     Жасанды ұрықтандыруды жүргізуге қажетті қандай құрал-саймандарды бiлесiз?

2.     Жасанды ұрықтандыруды жүргізуге қажетті құрал-саймандарды дайындау техникасы.