5-тақырып

Сабақ тақырыбы: Жыныстық циклдің маңызы.

Сабақ мақсаты: Жыныстық циклдің сатылары мен феноминдерін қарастыру

Материалдар мен жабдықтар: Жыныстық жетілген ұргашы малдар сойылған малдың жыныстық органдары, күйіттеуші-аталық мал, малды байлап бекітуге аралған жіптер, қынап айнасы, қынап кеңейткіш, акушерлік қасық, жарық түсіргіш, корнцанг, Петри аяқшасы, Пастер пипеткасы, акушерлік қолғаптар.

Сабақтың өтетін орны: ветеринарлық клиника

Тапсырмалар: 1. Жыныстық циклдің феноминдерін ажырату

2.Әр түлік жануарлардың жыныстық циклдерінің

ерекшеліктері

Әдістемелік нұсқау

Жыныстық цикл үш сатыдан тұрады: 1) қозу;

2) тежелу;

3) теңелу.

Жыныс циклінің қозу сатысы айқын байқалатын төрт феноминдермен ерекшеленеді: шырыш ағу, жыныстық қозу, күйлеу және овуляция. Бұл феноминдер спецификалық белгілері арқылы жыныс циклін айқындайды.

Әр феноминдер спецификалық белгілері арқылы жыныстық циклді айқындайды.

Қозу сатысы жыныс рефлекстарымен ерекшеленеді. Ұрғашы жануарларда қан қысымы жоғарлап, қан құрамы ӛзгереді, сүттінің сапасы нашарлайды. Көбінесе жыныс органдарында айқын ӛзгерістер байқалады.

Малдың күйлеуінің бір сатысынан келесі сатысына дейінің аралықта аналық малдың барлық ағзасында жыныс органдарында болатын физиологиялық және морфологиялық ӛзгерістер.

Аналық малдың жыныстық циклы орташа 18-23 тәулік сайын қайталанып тұрады. Сиырлар мен қашарлардың тиімді уақытын таңдау үшін міндетті түрде жыныстық циклдің сатыларын: шырыш ағу, қозу, күйлеу және овуляцияны ескеру қажет.

Жыныстық циклдің феномендері төртке жіктеледі: шырыш ағу, жыныстық қозу, күйлеу және овуляция.

Шырыш ағу феномені. Ұрғашы жануардың жыныс органдарындағы морфлогиялық өзгерістеріне байланысты сыртқы жыныс органдарынан экссудаттың бөлінуі. Сыртқы жыныс органдарының (қынап кіреберісі, шүртекей, жыныс еренулері) жағдайын қарап анықтаймыз. Шырыш ағу кезінде жыныс аппаратының қатты гиперемиясы байқалады.

Шырыш ағу процесі 2-3 тәулікке созылады. Бұл кезде жатырдың тонусы күшейе түседі, тік ішек арқылы ұстап сипай бастағанда-ақ, тез жиырылып серпіледі.

Алғашқы күндері аққан шырыштың мөлшері аз болады да, оның малдың жатқан жерінде немесе құйрығына жабысып тұрғаны байқалады.

Бұдан кейін шырыштың мӛлшері көбейіп бөлінеді де, шырыш ағу кезеңінің соңына қарай азая бастайды. Бұл кезде сұйықтың өзі де қоюланып, бұлыңғырланады. Кейбір сиырларда ұсақ қан тамырлары жарылуы салдарынан қан араласқан сұйық ағады.Шырыш ағу феномені басқа феномендерден бұрын басталып, кейін аяқталады. Күзде, қыстың суық күндері бұл процесс қысқа мерзімде, баяу өтеді, ал көктемнің, жаздың жылы күндері, керісінше, өте айқын байқалып, 3 - 4 күнге созылады. Шырыш ағу процесі басталғаннан 1-1,5 тәулік ӛткен соң, келесі феномен -жыныстық қозу басталады.

Жыныстық қозуфеномені малдың мінез-құлқының өзгеруімен сипатталады. Мал мазасызданып, бір орында тұрмай, әр түлік өзіне тән дыбыстар шығарып, аяғымен жер тарпиды, азыққақарамай, сүтінің құрамы өзгеріп, мөлшері азаяды. Жыныстық қозу феномені 15-20 сағатқа созылып, кейде бұлфеномен мүлде байқалмай өтуі мүмкін.

Күйлеу феноменіұрғашы малдың шағылысуға, ұрықтануға дайын екенін көрсетеді. Сиырларда күйлеу феномені орта есеппен 20 сағатқа созылады. Қыстың күндері бұл кӛрсеткіш 10-13 сағатқа, ал жаздың күндері бір тәулікке созылуы мүмкін.

Овуляция деп пісіп жетілген фолликулдің жарылып, фолликулярлы сұйықпен бірге аналық жыныс жасушасының бөлініп шығу процесін айтады. Жұмыртқалықты кескен уақытта екі шекарасын байқаймыз: қыртысты қабаты- фолликулярлы және қан тамырлары, лимфа түйіндері мен жүйке талшықтарына бай милы қабатынан тұрады.

Қыртысты қабаты фиброциттерге бай жұмсақ біріктіруші ұлпасынан тұрады. Бұл қабатта коллоген мен эластикалық талшықтары аз. Осы қабатта фолликула мен сары дене болады. Фолликулада- аналық жыныс клеткалары (овоциттер) дамиды. Даму сатысына байланысты фолликулдардың құрылысы, пішіні өзгеріп отырады.

Фолликуланың дамуының бірнеше сатыларын ажыратады. Бастапқы сатысында фолликулдар ұсақ, оларды примордиальді (біріншілік) фолликула деп атаймыз. Екіншілік фолликулдар дамып граафов көпіршігіне өзгереді.

Граафов фолликулдары ірі көлемді болып табылады. Олардың диаметрі сиырларда 1-2см, мегежінде 1-1,2 см, саулытарда 0,5-0,7 см болады. Олар жұмыртқалықтың қыртысты қабатының барлық бөлігін қамтиды. Граафов фолликуласы тік ішек арқылы зерттегенде олардың көлемі мен пішінін анықтауға болады.

Овуляциядан кейін жұмыртқалықтың кӛлемі кішірейіп, жұмсақ дене болып қалады. Жарылған фолликулдың орыны шұңқырланып, оған ұйыған қан толады, ол фолликулярлы эпителийдің жасушаларымен араласа өсіп, оған лютеинді фермент сіңіп сары денеге (уақытша без) айналады.

Овуляциядан 4-5 күннен кейін-ақ, сары дене жұмырткалықта бұлтиып

біліне бастайды.

Егер де овуляциядан кейін мал тоқтап буаз болған жағдайда, сары дене мал тӛлдегенге дейін өзінің қызметін тоқтатпай, сақталып қалады.

Мұндай сары денені буаздықтың сары денесі деп атайды. Ал егер де, буаздық болмай жыныстық цикл қайталанатын болса, пайда болған сары дене 7-10 күннің ішінде ыдырап, жоқ болып, сіңіп кетеді де, ұрық безінде қайтадан фолликулдер ӛсіп жетіле бастайды (Сурет 3).

Сурет 3- Жыныстық циклдің сары денесі

 

Бұндай жағдайда сары дене жыныстық циклдің сары денесі деп аталады. Буаздықтың сары денесі мал тӛлдегеннен кейін 30 күн ішінде, жыныстық циклдің сары денесі 15-20 күннің ішіндеыдырап сіңіп кетпей тұрып калса, ондай сары дене тұрып қалган немесе персистентті сары дене деп аталады. Жыныстық циклді реттеуші факторлар. Жыныстық циклдің ритмі организмнің гуморальдік және жүйке жүйесінің әсеріне байланысты. Жыныстық цикл қалыпты ӛтуіне екі топтағы гормондардың да әсері бар: гонадотропты, гонадальдық. Гонадотропты гормонның үш түрін ажыратамыз лютеиндеуші ЛГ, лютеотропты ЛТГ және лактогенді.

Фолликуластимульдеуші гормонның негізгі қызметі жұмыртқалықтағы фолликулланың өсуіне жауапты. Лютеиндеуші гормондардың әсерінен овуляция пайда болып, сары дене дамиды. Лютеотропты гормон сары дене дамуын және лактация кезінде сүт безінің қызметін реттейді.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Жыныстық циклдің сатылары?

2.Жыныстық циклдің феноминдері?