4-тақырып
Сабақ
тақырыбы:
Әртүрлі
ұрғашы жануар түрлерінің буаздық мерзімдерін диагностикалау
техникасы.
Сабақ
мақсаты:Буаз малдың буаздық мерзімін анықтау
Материалдар
мен жабдықтар: қынап айнасы, фонендоскоп, плессиметр, перкуссиондық балғашық,
термометр.
Сабақтың
өтетін орны: ветеринарлық клиника.
Тапсырмалар:1.
Буаздықтың бірінші жартысында жүргізілетін
анықтау
әдістері
2.Буаздықтың
екінші жартысында жүргізілетін
анықтау
әдістері
Әдістемелік
нұсқау
Малдың
буаздығын дер кезінде анықтау, тауарлы-сүт фермасыжұмысын дұрыс ұйымдастыруға
мүмкіндік береді. Атап айтқанда, төл алудың, өндірілетін сүттің жоспарын
жасайды. Мал төлдету мерзімі аддын ала белгіленіп, қора-жайды, жем-шөпті қамдау
уақытын белгілейді, қашпай қалған мал болса оның себебін анықтап, қашырып қысыр
қалмауын қадағалайды.
Сөйтіп,
малдың буаздығын немесе бедеулігін анықтау әрбір шаруашылықта міндетті түрде,
жоспарлы түрде жүргізілуі керек.
Иә,
буаздық кезінде қанның, зәрдің, сүттің, жүннің, сүйектің құрамында бірталай
өзгерістер болады. Ол өзгерістердің біліну, көрінуі көптеген ішкі-сыртқы
факторларға байланысты болғандықтан буаздыққа зерттеу нәтижесі де әртүрлі бола
береді.
Малдың
буаздығын анықтау үшін оны мынандай тәртіппен жүргізеді:
1.
Анамнез мәліметтерін жинау;
2.
Жеке картасындағы, кітапшадағы мәліметтерімен танысу;
3.
Малды сырттай ұстап тексеру, қынап және тік ішек арқылы
зерттеу;
4.
Рентгенологиялық және лабораториялық зерттеулер жүргізу.
Бұл
аталған әдістердің бәрін жасап шығу шарт емес, көп жағдайда малдың буаз немесе
қысыр екендігін анықтауға бір-екі әдістің өзі-ақ жеткілікті
болады.
Анамнез
мәліметтері: ұрықтандырылған күннен бастап 30
Күннен
соң мал кайтып күйлемесе, жем-шөпке тәбеті жақсарып, оңала бастаса, сүті кеми
бастаса, асықпай, салмақты жүріп тас- кесекті жалауға кұмар болса, терлегіш, тез
шаршайтын болып, зәр шығаруы жиілеп, артқы аяқтарында, құрсағының астыңғы
жағында ісік байқалса, мал мүмкін буаз болар деп жорамалдаймыз. Ол үшін, соңғы
рет қашан туғанын, қашан ұрықтандырылғанын, қандай шәуетпен күйлегенін, неше рет
ұрықтандырылғанын, білуге тырысамыз.
Анамнез
мәліметтерін клиникалық зерттеу нәтижелерімен толықтыру керек. Әйтпесе, ондай
белгілер қысыр, ауру малдарда кездесе береді.
Клиникалық
зерттеу: рефлексологиялық әдістерден, сырттай қарап, ұстап көру, қынап және тік
ішек арқылы зерттеу әдістерінен тұрады.
Рефлексологиялық
зерттеу жүргізу үшін арнайы ауланың іші ұрықтандырылған малды күйіттеуші аталық
малмен қосып 1-2 сағат бірге ұстайды. Мұндай зерттеуді малды ұрықтандырғаннан
кейін 10-30 күндердің арасында жүргізеді. Осы уақыттың ішінде қайтып күйлемесе,
бәлкім ол буаз болғаны, ал күйлегендері қысыр. Зерттеу нәтижесі 95-100 %
жағдайда дұрыс болып шығады.
Буаздықты
сыртқы белгілеріне қарап анықтау сирек қолданылады. Себебі, бұл әдіспен
буаздықты тек екінші жартысынан ғана анықтай аламыз. Буаздық мерзімін дәл тауып
айта алмаймыз.
Сырттай
қарағанда сиырды тегіс жерде, далада немесе жарық бөлмеде артқы жағынан 1-2 метр
қашықгықтан қараймыз. Сондағы көңіл аударатынымыз сиырдың оң жақ бүйірі салбырап
үлкейген кейде босап түскен желіні үлкейген, артқы аяқтары мен құрсағының
астыңғы жағында домбықкан жерлері болуы мүмкін. Биелердің сол жақ бүйірі шығыңқы
болады.
Дегенмен,
бұл белгілердің бәрі де буаздықты дәл басып көрсете алмайды. Буаздықты сыртынан
қолмен ұстап-сипап анықтау қиын емес.
Ол
үшін сиырдың оң жағынан келіп сол қолыңызды оны беліне қойып, оң қолыңыздың
алақанымен сиырдың бүйірін аш ӛзектен тӛмен, шаптан жоғары тұстан бірнеше рет
ішке кара итеріп көресіз. Сол кезде қолыңызға қатты дене білінсе, ол буаздықтың
ақиқат белгісі.
Биені
сол жақ бүйірінен құрсағының тӛменгі жағын түртіп көреді. Ол үшін биенің сол
жағынан келіп, артқы жағына карап тұрып, сол қолыңызды оның беліне салып
тұрасыз. Қой мен ешкілердің сол жақ бүйірінің астынан тіземен итеріп, оң
бүйірінен қолмен сипалайды.
Мегежіннің
буаздығын сыртынан ұстап анықтау ӛте қиын бір жақ бүйіріне жатқызып қойып, ең
соңғы екі емшегінің тұсына құрсағын сипалағанда, төл қатты дене болып кейде ғана
қол білінуі мүмкін. Қай малды болмасын сырттай ұстап қарағанда тӛлтаба алмаса,
мал қысыр екен деп қортынды жасауға болмайды.
Буаздықты
құрсағының сыртынан тыңдап анықтау, тек ірі малға қолданылады. Онда да зерттеу
нәтижесі барлық уақыттадұрыс бола бермейді. Төлдің жүрек соғуын жақсы есіту
үшін немесе арқасымен анасының құрсақ кабырғасына тікелей тиіп жатуы керек.
Басқа жағдайда жүректің соғуы естілмейді. Төлдің жүрегінің соғуын малдың
бүйіріне құлақты тосып немесе фонендоскоппен тындайды. Буаздықты анықтау үшін
бұл әдістің маңызы оншалықты үлкен емес.
Буаздықтың
бірінші жартысындағы кезеңде малдың сыртқы белгілеріне қарап анықтау мүмкін
емес. Сондықтан ерте буаз малды анықтау үшін қынап арқылы және тік ішек арқылы
зерттеулер жүргізіледі.
Бұл
әдіспен тек ірі малды (сиыр, бие, түйе, есек) зерттеуге
болады.
Қынап
арқылы зерттегенде малдың сарпайын жуып, тазалап сүртеді.
Сырты
вазелинмен майланған, залалсызданған қынап айнасын
ақырындап
малдың
қынабына салып, ашып, жарық түсіріп қарайды. Мал буаз
болса
жатыр
мойыны жабық, крю кілегейлі тығынмен бітелген, ӛзінің
қалыпты
орынынан
бір жақ бүйіріне қарай немесе тереңдеп алға қарай ығысқаны байқалады. Буаздықтың
соңғы айларында жатыр мойынының айналасынан қынапты итеріп тұрған тӛлдің дене
мүшелерін қол салып карағанда айқын білеміз. Бірақ қынап арқылы зерттеу
буаздықты анықтау үшін көп қолдана бермейді (кесте 1).
Кесте
1- Буаздықтың ұзақтығы (күн есебімен)
Жануарлар |
Буаздық
күндері |
Жануарлар |
Буаздық
күндері |
Сиыр |
265
(270-300) |
Қасқыр |
62 |
Бие |
336
(320-355) |
Түлкі |
51 |
Түйе |
369
(343-395) |
Жолбарыс |
154 |
Қой,
ешкі |
150
(145-157) |
Арыстан |
110 |
Мегежін |
114(110-118) |
Аю |
200 |
Қаншық |
63
(53-66) |
Піл |
660 |
Мысық |
58
(56-60) |
Бұғы |
255
(195-243) |
Қоян |
31
(30-33) |
Қодас |
258 |
Ақ
тышқан |
23
(22-24) |
Буйвол |
307
(300-315) |
Бақылау
сұрақтары:
1.Буаздықтың
бірінші жартысында қалай анықтаймыз?
2.Қынап
арқылы зерттегенде қандай өзгерістер байқалады?