11-тақырып
Сабақ
тақырыбы:
Төлдеу физиологиясын, өндірістік жағдайда және жеке шаруашылық жағдайында
төлдеуді ұйымдастыру.
Материал
жəне жабдықтар: Суреттер, плакаттар, муляждар, (табиғи) буаз малдар (сиырлар,
қойлар, ешкілер жəне т.б.). стетофонендоскоптар, термометрлер, акушерлік
қолғаптар, алжапқыш, бекемдеу құрылғысы (станок), сабын, залалсыздандырғыш
ерітінділер жəне т.б заттар.
Тапсырма:
оқу құралдары мен материалдарды пайдалана отырып, буаз малдардың буаз
жануарлардың таур алдындағы белгілерін, туу сатыларын анықтау жəне төл кіндігін
өңдеу.
1
Төлдеу физиологиясы.
2
Түрлік ерекшеліктер, төлдеуден кейінгі кезең
Төлдеу
басталу себептерінің үш тобы бар:
Бірінші
топ: бас ми қабатының қозуының төмендеуі, релаксин құрамының көбеюі жəне
т.б.
Екінші
топ: жоғары белсенді экстрагендердің жиналуы, ацетилхолиннің жəне окситоцинның
көбеюі жəне т.б.
Үшінші
топ: ацетилхолин затының əсері. Ол төлдеу құбылысының ырғағын сүйемелдеп, содан
соң парацервикальды жəне паравагинальды ганглиозды жəне
т.б.
Буаз
жануарлардың туар алдындағы маңызды белгілері:
1.
Буаз жануардың əдеттегі жамбасы «туу жеріне» айналуы оның байланыс аппаратының
əлсіреуімен көрінеді. Жамбас сіңірлері борпылдақ күйге түседі: олардың
ұзындықтары 1/3-ге немесе 1/4-ге ұзарады. Əдетте, жамбас «туу жеріне» ұрықты
шығарардан 12-36 сағат бұрын айналады.
2.
Жыныс ернеулерінің ісінуі жəне ұлғаюы: тері қыртысы жылтырап, қатпарлары
жазылады.
3.
Буаз жануарлардың туу алдында қынаптың қою шырышы сұйылады. тууына 1-2 тəулік
қалғанда қынап шырышының сұйылу үдерісі байқалады.
4.
Уыздың бөлінуі əдетте 2-3 тəулік бұрын басталады, кейде ол осы уақыттан ерте
немесе туғаннан кейін бөлінеді.
5.
Туар алдында 12-50 сағат бұрын буаз жануардың дене температурасы 0,4-1,2 °С-қа
төмендейді.
6.
Тік ішек арқылы зерттегенде жатыр мойының ұзындығының қысқаруы байқалады. Бұл
оның ашылуын жəне биеде 10-24 сағаттан кейін, ал сиырда 2-3 сағат ішінде төлдің
туатынын көрсетеді.
7.
Ұсақ малдың аналықтарының «туатын орын дайындауы».
Төлдеу
- жетілген тірі ұрықты анасы ағзасынан шығарудан жəне қағанақ қабығы мен оның
суын қуудан тұратын физиологиялық үдеріс.
Төлдеу
– жетілген төлдің жəне аналық ағзасының қатынасуымен жатыр мен бұлшық еттің
белсенді жиырылуы əсерінен өтетін үдеріс.
Туу
сатылары. Туу сатысының үш түрін ажыратады: ашылу сатысы, туу сатысы жəне
туғаннан кейінгі саты.
1.
Ашылу сатысында ішкі жыныс ағзаларының бұлшық еттері жиырылады. Жиырылу жетілген төлге жəне
қағанақ суларына қысым жасайды, соның нəтижесінде олар қысымы аз жаққа, басқаша
айтқанда,
жатыр
мойнына қарай ығысып, ұрық жолының ашылуына ықпал жасайды.
Ашылған
ұрық жолына қағанақ қабықтары, оның ішіндегі қағанақ
сулары
еніп,
жол қабырғасына біркелкі қысым жасайды. Осының əсерінен
жатыр
мойны
ашылып, қынап жəне жатыр қабырғасымен бірігеді. Қағанақ
қабығының
бөлімдері жатыр мойны арқылы өтіп, қынапқа түседі, кейде
сарпайдың
сыртына жартылай шар тəрізді борпылдақ қапшық сияқты шығып
тұрады.
Осы уақытта қағанақ қабықтары жарылады, пайда болған
тесіктен
қағанақ
суының жартысы сыртқа төгіледі. Қағанақ қабының жыртылуы
мен
ашылу
сатысы аяқталады.
2
Туу сатысы. Жатыр мойнынан қағанақ қабықтарының жарылуынан
кейін
төл сүйықпен бірге жамбас жолына еніп, туу жолдарының
жүйке
ұштарын
(рецепторларын) тітіркендіреді де бұлшық еттің жиырылуын
тудырады.
Осы кезде жатырдағы қысым жоғарғы деңгейге жетеді. Төл туу
жолдарына
енеді, жақын жатқан ағзалары сарпай саңылауына жақындайды.
Келесі
бұлшық еттің жəне жатырдың жиырылуының əсерінен төлді
сарпай
саңылауына
итереді. Осыдан кейін төлдің шығуы аяқталады, оның кіндігі
үзіледі.
Жатыр қуысында қағанақ қабықтары қалады. Төлді шығару
кезінде
аналық
мал мазасызданады, ыңқылдайды, жатады жəне тез арада
тұрады.
3.
Туудан кейінгі саты. Төл туғаннан кейін мал тынышталады,
шамалы
үзілістен
кейін жатыр қайтадан жиырыла бастайды, бірақ оның жиырылуы
ондай
күшті емес. Жиырылу үдерісі қағанақ қабықтары жатырдан
қуылғанға
дейін
созылады. Егер ол көрсетілген мерзімнен ұзап кетсе, онда
бұрыс
(патологиялық)
төлдеу деп есептейді.
Төлдейтін
малдың толғағы басталғанда оның сыртқы жыныс мүшелерін тазартады. Əдеттегі туу
кезінде акушерлік көмек көрсету. Акушер өз қолын жуып, таза сүлгімен сүртіп,
йодталған спиртпен зарарсыздандырады жəне резеңке қолғап киеді немесе
зарарсыздандырылған вазелин жағады. Жыныс саңылауынан төлдің алдыңғы аяқтары
табанымен төмен (баспен келуі) немесе артқы аяқтарымен табаны шалқасынан
(жамбаспен келуі) көрінгенде, аяқтарынан ұстап сиырдың толғағы қайталанғанда
тарту керек. Жаңа туған құлынның, бұзаудың, қозының, торайдың, ең алдымен
танауын, ауыз қуысын таза сүлгі шырыштан тазартады. Жаңа туылған төлдің өкпесіне
ауа бару үшін жасайды. Содан кейін жаңа туылған төлдің кіндігін өңдейді. Егер де
кіндік өзі үзілмесе, онда оны ұрықтың құрсақ қабырғасынан (құлын мен бұзауда
10-15 см, қозы, торайда 5-8 см) жерінен жіппен байлайды да, байланған жерден 2-3
см төмен қайшымен кеседі. Егер де қол астында қайшы болмаса, онда бір қолмен
жоғарыда көрсетілген қашықтықта ұстап, екінші қолмен кіндікті 2-3 см бұрап,
үзеді. Кіндіктің қалдығын бірнеше секундқа
залалсыздандыратын
ерітінділер
батырып, алады. Ең жақсысы - аналарына төлдерін жалату. Бұл жағдайда олардың
ағзасының температурасы төмендемейді. Құрғату мен уқалау төлдердің қан айналу
үдерісін жақсартады, құрғатады жəне тоңғақтың
(меконийінің)
тез арада шығуына ықтимал етеді.
Бақылау
сұрақтары:
1.
Туу дегеніміз не?
2.
Буаз жануарлардың туар алдындағы маңызды белгілерін
атаңыз?
3.
Буаз жануарлардың туу сатылары?
4.
Ашылу сатысындағы өзгерістер қандай?
5.
Туу сатысының басталуы қандай үдерістерді қамтиды?
6.
Туудан кейінгі саты белгілері қандай?
7.
Туға буаз малдарды қалай дайындайды?