2-тақырып
Сабақ
тақырыбы:
Әр
түрлі жануарлардың репродуктивті мүшелері құрылысының ерекшеліктері.
Сабақ
мақсаты: Еркек жануарлардың жыныс органдарының ішкі және сыртқы бӛлімдерін
ажырату және анатомиялық топографиясы.
Материалдар
мен жабдықтар: Слаидтар және плакаттар,муляждар,
плакаттар,
стентте, жыныс органдарының гистологиялық препараттары . Әр түліктің
еркек
малдары; жаңа сойылған еркек малдың жыныс органдары; нобайлар,
фотосуреттер,
муляждар, анатомиялық және хирургиялық пинцеттер, анатомиялық
пышақ,
скальпелдер, тік және Купер қайшылар.
Сабақтың
өтетін орны: ветеринарлық клиника.
Тапсырмалар:
1.Қосымша
жыныс бездерінің орналасуы
2.Қосымша
жыныс бездерінің қызметі
Әдістемелік
нұсқау
Еркек
малдың жыныс органдарына ұма, ен, ен қосалқысы, қосымша
жыныс
бездері, жыныс мүшесісі және күпек жатады.
Ұма–
екі қабаттан тұратын қапшық. Сыртқы қабаты терімен
қапталған,
ӛте жұқа, жұмсақ. Онда тер бӛлінетін бездер өте көп орналасқан. Ішкі қабаты
серпімелі, етті қабаттан тұрады. Екі қабығы бір-бірімен өте тығыз байланысқан.
Ұманың негізгі атқаратын қызметі ен мен ен қосалқысын сыртқы ортаның зиянды
әсерінен сақтау және температураны реттеу. Ұманың ішіндегі температура дене
температурасымен салыстырған уақытта бірнеше градусқа төмен болады.
(1-сурет)
Сурет
1- Еркек жануарлардың жыныс органдары
А
– айғырда;Б – бұқада;В – қошқарда; Г – қошқарда. 1 – көпіршік бездері; 2
–баданалық без; 3 – купер бездері; 4 – жыныстық мүше (пенис); 5 – ұма; 6 – ен
қосалқысы; 7 – ен; 8 – күпек; 9 – жыныстық мүшенің басы; 10 – ұрық жолы; 11- ен
бауы; а – бүйрек; б – несеп ағар; в – тік ішек; г – қуық; д – несеп – жыныс
арнасының пенистік бөлігі.
Ен
– бұл эндокринді органға жатады. Сыртқы пішіні сопақтау, тығыз, серпімді, ӛте
күрделі түтікті без. Оның басқа эндокринді бездерден ӛзгешелігі ол кӛптеген тірі
клеткаларды түзеді.
Ен
қосалқысы- ен қосалқысының басын ен торынан шыққан ұрық шығарушы түтікшелер
құрайды. Ен қосалқысында аталық ұрық клеткалары анабиоздық күйде
болады.
Ен
қосалқысы (epididymis). Ен қосалқысының басын ен торынан шыққан ұрық шығарушы
түтікшелер құрайды. Ен қосалқысында аталық ұрық клеткалары анабиоздық күйге
түседі.
Ен
бауы (funiculus spermaticus) сірлі қабат ішінде орналасқан ұрық жолынан, қан
тамырларынан жүйкелерден және бұлшық ет талшықтарынан тұрады. Ол еннен және ен
қосалқысынан басталып бау тәрізденіп шап ӛзегіне
бағытталады.
Ұрық
жолдары (ductus deferens)- ен қосалқысының арасынан басталып, енбаудың құрамында
құрсақ қуысына ӛтіп, қуықтың үстіңгі жағында ампула тәрізденіп, кеңейіп, несеп
жолдарына барып қосылады, бұл жолды несеп-жыныс арнасы деп
атайды.
Қосымша
жыныс бездері. Көпіршік тәрізді жұп бездер, олар қуықтың дорсалдық бөлігінде
орналасқан. Купер, Баданалық бездердің негізгі атқаратын қызметтері өзінің бөліп
шығаратын сөлі арқылы ен қосалқысынан келген қою шәуетті сұйылтып, кӛөемін
ұлғайту.
Бақылау
сұрақтары:
1.Аталық
жануарлардың жыныс органдарының анатомиялық
топографиясы?
2.
Қосымша жыныс бездеріне сипаттама беріңіз.