9-тақырып

Сабақ тақырыбы: Аталық малдан жасанды қынапқа шәует алу техникасы. Сиырларды, қойларды, шошқаларды, биелер мен құстарды қолдан ұрықтандыру техникасы.

Сабақ мақсаты:Ұрық алудың негізгі әдістері мен техникасын меңгеру

Материалдар мен жабдықтар:Слаидтар және плакаттар

Сабақтың өтетін орны: ветеринарлық клиника.

Тапсырмалар:

1. Ұрықты алу техникасын меңгеру

2.Жасанды қынаптың жинау техникасы

 

Әдістемелік нұсқау

Аталық малдан шәуетгі жасанды қынапқа алған жөн.

Жасанды қынап - әдейі шәует алуға арналған құрал. Онда аталық малдың шәует бөлуін (эякуляция) қамтамасыз ететін қолайлы жағдай жасалған (қысым, температура және сырғанау).

Жасанды қынапты дайындау реті. Алдын-ала тазартылып жуылған, кептірілген, резеңке камераны жасанды қынап цилиндріне тегіс жағын ішіне қаратып, екі жағын бірдей етіп қайырып кигізеді, одан кейін арнайы резеңке белдіктерімен бекітеді (Сурет 10).

Сурет 10- Қолдан ұрықтандыру кезінде қолданылатын құралдар

Қынапты жинағаннан кейін, оның ішкі жағын 96°С спиртпен зарарсыздандырады, арнайы тесігі арқылы 1,5-2,5 литр ыстық су құйып, ауызын бұрандалы тығынмен жабады.

Қынаптың ішкі жағын залалсыздандырылған вазелинмен немесе шәует сұйылтуға арналған жасанды ортамен қабылдағыш бекітілген шетін 3-4 см аралықта майламай таза қалдырады, сонан соң шәует қабылдағышты кигізіп, сыртынан оны ұстап тұратын зарарсызданған резеңке қалпағын кигізеді (Сурет 10).

Ұрық алар алдында жасанды қынаптың температурасын зарарсызданған термометрмен тексереді.

Бұқадан шәует алу. Шәуетті бұқадан соңғы рет шәует алған күннен 3 күннен соң, азықтандырылғаннан 2 сағаттан кейін алған жөн. Бұкалардан шәуетті тек бір техник алу керек, ӛйткені олар сол адамға үйреніп қалады.

Шәуетті манежде арнайы дайындалған жасанды қынапқа, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып алады.

Әр бұқаға кем дегенде екі жасанды қынап дайындалу керек.

Жасанды қынапты және шәует қабылдағышты қолдану аддында 30 КПа (0,1-0,3 кгс/см 2 ) автоклавта немесе 20-30 минуттай дистилденген суда қайнатып залалсыздандырады. Шәует алу қазіргі ережелерге сай жүргізіледі. Камераның ішкі жағын кіреберістен 17-25 см терендікте  сұйылтуға арналған, заласызданған сары уызды ортамен майлайды. Шәует қабыддағыштың қабырға аралық кеңістігіне 30-35° жылы су құяды да, резеңке тығынмен жабады. Шәует қабылдағышты жасанды қынапқа бекіткеннен кейін резеңке камераның қабырғалары жанасқанша ауа үрлейді. Сонда қошқарларға арналған қынаптың тесігіндегі кӛрініс ирек тәрізді болады, ал бұқаларға арналған қынапта үш бұрышты көрiніс болады.

Қынап ішіндегі қысым сынап бағанының 40 мм құрауы керек. Жасанды қынаптың жыныстық мүше кіретін жағын залалсызданған жасанды ортамен майлап, поролонмен жабады. Қынаптағы температура шәует алу кезінде 40-42° болу керек Бұқалардан шәует алу үшін астына қозғалмайтын механикалық станок (гидропневматикалық) немесе өзі жылжитын қондырғы тұлып (чучело) өгіз манекені пайдаланылады.

Күйлеген малды қоятын және жасанды қынапты дайындағаннан кейін, манежге санитарлық өңдеуден өткен бұқаны жетектегіш-таяқ көмегімен кіргізеді. Өте қозып тұрған бұқаны станоктың жанына 2-3 минут (дұрыс секіруі үшін және толық эякуляция болу үшін) еркіне жібермей ұстап тұрады. Асылдырмай ұстап тұру және қоздыру, қосалқы жыныс бездерінің секреттерінің көп бөлінуіне, әсіресе уретралді бездердің секреттері бөлініп, несеп-жыныс арнасын зәр қалдығынан және микробтардан тазаруын қамтамасыз етеді. Бұған қоса бөлінетін шәует көлемін көбейтіп, оның сапасын жақсартады.

Бұқаны шәует алғанға дейін манежге ерте кіргізуге және станоктың жанында 5 минуттан артық ұстауға болмайды. Себебі, бұның бәрі жыныстық рефлекстерінің тежелуіне әкеп соғады.

Астына қойылатын мал ретінде биік, үлкен, сауыры кең малды пайдаланбайды.

Бұқа асылғанда астындағы малдың сауырына жақын тұруға, бұқаның жыныс мүшесіне жанасуға, тиісуге болмайды. Себебі, оның жыныстық рефлекстері тежеледі.

Бұқа малға асылғанда техник малдарға жылдам жақындап, жасанды қынапты оң қолымен ыңғайлап ұстап, сол қолмен бұканың жыныстық мүшесін күпегінен еппен ұстап, жасанды қынаптың тесігіне бағыттайды.

Қынапты малдың жамбасына қапсыра, горизонталды сызыққа 35- 45° бұрышпен шәует қабылдағышын жоғары қаратып (әсіресе бұқа қатты сүргенде мықты ұстау керек) ұстайды.

Бұқа асылғанда және эякуляция кезінде жасанды қынап, оның жыныстық мүшенің бағытымен сәйкес, ал қынаптың шүмегі техниктің алақаны жағында болуы керек.

Бұқаның жыныстық мүшесі қынапқа енгеннен кейін, ол бірнеше рет тәнді қозғалыстар жасайды, бұл қозғалыстар жасанды қынаптың механикалық, термиялық тітіркендірушілерін жыныстық мүшенің жүйке  рецепторларымен қабылданып, эякуляцияның болуын қамтамасыз етеді.

Бұл кезде бұқа алға қарай қатты итеріп, қозғалыс жасайды. Бұқа шәует бӛлгеннен кейін, ақырындап сырғып түседі. Жасанды қынаптың шәует қабылдағышын тӛмен қаратып ұстап, шүмекті ашып ауасын шығарады.

Егер шәует жақсы болса, шәует қабылдағышты абайлап (жұлып алмай) қынаптан ажыратады. Зарарсыздандырылған қақпақпен шәует қабылдағышты жауып, лабораторияға жібереді. Алынған эякулятты көзбен

көріп мұқият тексеру керек. Кемшілігі бар (ластанған, ірің араласқан, қан араласқан) шәуетті жарамсыздыққа шығарады. Мұндай жағдайда жасанды қынапты мұқият жуып, зарарсыздандырады. Жасанды қынаптың резеңке камерасын майлайтын заттар қалдығынан соданың 2-3 %-дық ерітіндісімен жуып-шайып тазартып, кептіріп, зарарсыздандырады.Жұмыс біткеннен кейін жасанды қынапты жоғарыда айтылған әдістермен тазартып, ал шәует алған манежді мұқият механикалық тазартады және күйдіргіш натрийдің 1%-дық ерітіндісімен залалсыздандырады.

 

Бақылау сұрақтары:

1 Жасанды қынаптың құрылысы мен жинау техникасы?

2 Бұқадан ұрық алу әдісі?