6-тақырып
Сабақ
тақырыбы:
Жануарлар
мен құстарды қолдан ұрықтандыру мақсаты мен міндеттері.
Сабақ
мақсаты:Жануарларды қолдан ұрықтандыру уақыты мен ретін
анықтау.
Материалдар
мен жабдықтар: Жасанды қынап, шыны шәует қабылдағыш,
катетрлер,
термометр, вазелин, дистельденген су, анықтаушы қошқар.
Сабақтың
өтетін орны: ветеринарлық клиника.
Тапсырмалар:
1.
Ректоцервикальді әдіспен ұрықтандыру әдісі
2.Визоцервикальді
әдіспен ұрықтандыру әдісі
Әдістемелік
нұсқау
Саулықтарды
ұрықтандырғанда шәуетті жатыр мойнына жібереді (табиғи ұрықтандырудың қынаптық
әдісі). Көбінесе жаңадан алынған белсенділігі 8-10 балл, концентрацисы 2 млрд
кем болмайтын, сұйытылмаған шәуетті 00,5мл мөлшерде қолданады. Мұндай шәует
температуралық ауытқуларға өте сезімтал (температуралық шок), сондықтан малды
18-25º С бӛлмеде ұрықтандырады. Қолданылатын құрал-жабдықтардың барлығы жылы
болуы керек.
Сұйылтылған
(2-3 рет) және 2-4ºС-қа дейін салқындатылған, концентрациясы 80 млн. белсенді
спермилері бар шәуетті 0,1-0,15 мл мөлшерде 24 сағаттың ішінде пайдаланған жөн.
Қошқардың шәуетінің сақталу мерзімі аз болса, сапа көрсеткіші соғұрлым жоғары
болады.
Күйге
келген саулықтарды дереу ұрықтандыру қажет, оларды екінші
рет
24
сағаттан кейін ұрықтандырады. Бірақ бұл жағдайда күйлеуі
басылмаған
саулықтарды
ғана екі реттен ұрықтандырады. Бірінші рет ұрықтандыру уақытынан 3-4 сағатқа
кешігіп қалғанының өзінде, екінші қайтара ұрықтандырудың тиімділігі күрт
тӛмендейді, соған байланысты бедеулік көрсеткіші едәуір жоғарылайды. Сондықтан,
ұрықтандыруды екі рет араға
8-10
сағат салыпжүргізсе нәтижесі оң болады.
Ауыл
шаруашылық малдарын қолдан ұрықтандырудың уақыты мен реті:
1.
Қолдан ұрықтандыру пункттері ветеринарлық санитарлық жағдайға
сай
келуі
тиіс;
2.
Қолдан ұрықтандыру пунктінің ауданы25 м 2 кем болмауы
керек,
бӛлменің
температурасы 15-18ºС деңгейінде ұстап тұратын жылытқыш
құрылғылары
болуы керек;
3.
Қолдан ұрықтандыру пункті мал тұратын қораның қасына жақын
орналасуы
тиіс;
4.
Пунктте манеж, зертхана және жуып-шаю жұмыстарын жүргізетін бөлмелер
болуы шарт.
Манеж:
қолдан ұрықтандыру пункттерінің едені қатты, жууға оңай (асфальт немесе
бетоннан) болуы керек. Сонымен қатар, манежде сұйық азотта қатырылған шәует
сақталған ыдысты сақтайтын орын болуықажет.
Пункттің
зертханасы: ауданы 6-8 м 2 болатын (18-23 ºС ) жарық және жылы бөлмені
дайындайды. Бұл бөлме барлық санитарлық жағдайға сай келуі тиіс. Зертханада
шәуетті сақтайтын тоңазытқыш болуы қажет.
Зертхананың
едені НЕ линолиуммен төселуі тиіс.
Жуып-шаю
бөлмесі:ауданы 6 м 2 кем емес болмауы қажет. Бұл бөлме стерилизация жасалатын
құралдар мен аспаптармен жабдықталуы тиіс.
Ауыл
шаруашылық малдарын қолдан ұрықтандыру кезінде келесідей құралдар қолданылады:
жасанды қынап, шәует қабылдағыш, шприц катерлері және
микроскоп.
Туғаннан
кейін ұрықтандыру мерзімі. Жылдың қай мезгілінде болмасын сиырлардың
азықтандырылу және күтіп-бағу жағдайы жақсы болса жыныс органдарының инволюциясы
үш аптадан кешікпей аяқталады.
Осы
уақыт аралығында олардың жыныс органдарынан туғаннан кейінгі бөлінулер толық
тоқталады, жұмыртқалықтарында пісіп келе жатқан фолликулдар жақсы
байқалады.
Мұның
өзі жыныстық циклдің қозу сатысының толық құнды байқалуына жағдай жасайды.
Туғаннан кейінгі бірінші айда сиырларды ұрықтандыруды ұйымдастыру бедеуліктің
алдын алуда, малдың өнімділігін жоғарылатуда және дені сау төл алуда
жүргізілетін маңызды шара болып табылады. Бұл ірі қара мал басын өсіруді
қарқындатудың негізгі жолы. Осы уақыт аралығындағы ұрықтану мал организмін
нығайтып, лактация кезеңінің созылуына мүмкіндік бермейді және жыл сайын әр 100
бас сиырдан 115 бұзау алуға мүмкіндік береді.
Сиырды
қолдан ұрықтандыруға дайын екенінің көрінісі-оның күйлеуі. Сиырдың күйлегенін
күйіттеуші мал арқылы анықтайды. Сиырдың күйге келгенін анықтағаннан кейін
бірінші рет және арасына 8-10 сағат салып қайтадан екінші рет
ұрықтандырады.
Бақылау
сұрақтары:
1
Қолдан ұрықтандырудың реті мен уақытын анықтау?
2
Қолдан ұрықтандыру кезінде қолданылатын апсаптар?