5)Қоянға қажетті азық түрлері
1.Қоянға қажетті азық түрлері.
2.Қоянды азықтандыру
Үй
қояндарының бірқалыпты өсіп-жетілуіне белоктар, майлар, углеводтар, минералдық
заттар, витаминдер, микроэлементтер қажет. Азықтың құрамында осы заттар болмаса
қояндардың өсуіне, жетілуіне, ауруына керісінше әсерін тигізеді. Дұрыс
азықтандыру қоян шаруашылығынан алы-натын өнімдерді ет, тері және түбіттерді
көбейтудің негізгі шарты болып есептеледі.
Әр
түрлі азық берудің нәтижесінде қояндардың өсімталдығы, өсу жылдамдығы, тез
жетілгіштігі артады. Қолдағы қояндар үнемі үйшікте тұрғандықтан және өз
беттерінше таңдап шөп жей ал-майтындықтан қолдан әр түрлі құнды азық берудің
қажеттілігі одан әрі арта түседі.
Басқа
малға қандай азық берілсе, үй қояндарына да сондай азық беріледі. Құнарлы азық —
астық және бұршақ тұқымдастар; техникалық және майлы кебек, кендір, шекілдеуік
қоспалары, құ-рама жем — жас тамыр-түйнектер т. б. сәбіз, қызылша, картоп,
капуста, сүрлем; жасыл шөптер — екпе шөптер, пішен, ағаштардың жас бұталары; ірі
азықтар — шөп, сабан, топан, құрғақ бұталар, малдан алынатын азықтар — сүт,
қаймағы алынған сүт, ет-сүйек ұны, қан ұны; минералдық азықтар — ас тұзы, сүйек
ұны, жеміс-жидек және тамақ қалдықтары. Сонымен бірге азықтың құрамына
витаминдер мен антибиотиктер қосылады.
Үй
қояны үшін ең жақсы азық — құрамында клетчаткасы аз жапырақты шөптер, дала
өсімдіктері — манжетка, тобылғы, тоз-ғанақ, түйежапырақ, сүттіген, шайқурай,
жусан, түйебұршақ, қырық жапырақ, сиыржоңышқа, бидайық, шытыр, жабайы шетен,
жабайы беде. Бұл шөптердің құрамында қоректік заттар, минералды тұздар және
витаминдер көп болады.
Бұршақ
шөптері протеинге, витаминдерге және минералды заттарға, әсіресе кальций мен
фосфорға бай болады. Бұл үй қояны үшін ең жақсы азық болып табылады. Бір жылдың
және көп жылдық дәнді өсімдіктерде, бұршақ өсімдіктеріне қарағанда, протеин,
минералды заттар және витаминдер анағұрлым аз болады және көпшілігі аз жапырақты
болып келеді. Сондықтан оларды үй қояндары онша сүйсініп жей қоймайды.
Қызылшаның сабарында қымыздық қышқылы және басқа қышқылдар кездеседі. Сондай-ақ
асқазан ішек ауруына ұшырататын минерал тұздары болады. Оны үй қоянына абайлап
аздап беру керек.Сәбіздегі каротиннің мөлшері оның сортына байланысты. Сәбіз
неғұрлым қызыл болса, ондағы каротиннің мөлшері де соғұрлым көп болады,
сарғыштау сәбізде каротин аз кездеседі. Асқабақтың сарғыш сорттары да каротинге
бай болады. Жазға салым тамыр-түйнек жемістілерде каротин күрт азаяды, ал дәнді
дақылдардың көпшілігінде каротин тіпті аз кездеседі. А витаминдеріне бай
азықтармен азықтандырғанда жануар оны тек өзінің тіршілігіне ғана жұмсамайды,
оны қор үшін бауырына жинайды. Қыста рациондағы витаминдер сарқылғанда, организм
бұл қорды өзінің керегіне жұмсайды. Жазға салым бауырдағы витаминдер қоры өте
азаяды. Буаз үй қояны денесіндегі витамин қорының біразын ұрпақтарына
ауыстырады. Көжектер туғаннан кейін де енесінің сүті арқылы А витаминімен
қамтамасыз етіледі. Сондықтан үй қояндарын шағылыстыру науқанына дайындағанда,
буаз кезінде және көжектерін емізіп жүргенде, ал көжектерді енесінен
ажыратқаннан кейін А витаминімен қамтамасыз ету маңызды іс болып
табылады.
Қоян
азықтандыру үшін тек қолдан өсірілген шөптерді ғана емес, далада өсетін шөптерді
де пайдаланады. Өйткені қояндарға үнемі бір шөпті бере берсең, жемей қоюы
ықтимал. Сондықтан кезекпен бірнеше шөп түрін берген жөн. Мысалы, қояндар
бақбақты, иманшөпті қоңырбасты, калленді, жусанды, аңбас жусанды, қалақайды,
жоңышқаны, қышаны, бидайықты, өгейшөпті, қызыл-бояу шөпті, түймешекті,
шоңайнаны, аю балдырғанды т. б. дала шөбін сүйсініп жейді. Шөптерді шапқаннан
кейін бірден берген жөн, ал егер дымқылдау болса берердің алдында. жел қақтырған
дұрыс.
Көктемде
көк шөппен қоректендіруге біртіндеп көшіру қажет. Демек, тәулігіне әр қоянға 50
— 100 г ғана беріледі. Азық рацио-нына бұршақ тұқымдас шөптерді енгізгенде,
астықты елеулі мөл-шерде аз беріп, қояндардың азықтануын екі есе арзандатуға
болады. Қояндар бұршақ тұқымдас шөптерден жоңышқаны, бедені, эспарцетті т. б.
сүйсініп жейді. Көк шөппөн қоректендіру бары-сында қояндардың іші бұзылса,
бірден көк беруді тоқтатып, ра-ционға пішен кіргізеді.
Қояндар
сәбіздің, қызылшаның сабағын, капустаның жапырағы мен өзегін, бүлдіргеннің
жапырағын өте сүйсініп жейді. Сақа қояндарға картоптың сабағын да беруге болады.
Бірақ картоптың сабағын, картопты жинаудан 5 — 10 күн бұрын шауып алып,
кеп-тіріп не болмаса жастай күйінде беру керек. Қоян рационының құрамына
бау-бақша қалдықтарын да кіргізуге (жерге түскен алмалар, кесіп алынған жеміс
ағаштарының бұтағы т. б.) болады.
Қояндарды
көк шөппен қоректендіргендө жабайы өсімдіктердің ішінде улысы да кездеседі. Қоян
өсіруші азаматтар оның бәрін білө бермеуі де ықтимал. Сондықтан улы
өсімдіктердің ішіне негізгілерін, байқаусызда қояндар жеп қойса уланып немесе
өлетін түрлерін естеріңізге саламыз: меңдуана (белана), сарғалдақ (лютик),
күйдіргі (едкий), тамырдары (черемица), қаргакөз (вороний глаз), желпілдек
(петреница), ит жидек (белладона), у балдырған (болиголоз), сасық меңдуана
(дурман), улы сасық қурай (вех ядовитый), лапсыз (безвременник) т.
б.
Қоян
негізінен көктемде уланады. Өйткені олар көктемде ал-ғашқы көкті қызықтап,
ешнәрсегө қарамастан, талғамай кез-кел-генін жей береді. Соның салдарынан уланып
қалуы ықтимал.
Көптеген
өсімдіктердің: итмұрынның, қырық жапырақтың, мойыл, қарақат, қылқан жапырақтың
және жемістердің, көкөністің жапырақтарынан бөлініп шығатын фитонцид деп
аталатын ұшатын, жеңіл қорғаныш зат болады. Олар организмде кездесетін бір
клеткалы қарапайым жәндіктерді, организм үшін аса қауіпті кейбір микробтар мен
вирустарды өлтіріп отырады. Фитонцидтер — өте әсерлі биологиялық антибиотиктер,
олардың түрлі аурулардың алдын алудағы маңызы өте зор. Әрине, қоян азықтарында
фитоницидтердің мөлшерден тыс көп болмағаны да жөн.
Тамыр-түйнектер
мен шығын азықтарды қояндар өте сүйсініп жейді. Рационында шырынды азықтар болса
қоректік заттардың қорытылуы жоғары болады.
Шырынды
азықтар қояндарға жылдың қай мезгілінде болмасын керек. Солардың ішінде қояндар
үшін құндысы — сәбіз. Қант және азықтық қызылша, капуста, картоп, асханалық
шалқан, турнепс бергенде де, нәтижесі жаман болмайды. Десе де үнемі капуста,
асқабақ, қызылша секілді азықтарды көп мөлшерде бере беруге болмайды. Өйткені
іші өтеді, желденеді. Картопты пісіріп беру керек, шикілей берсе қоянның бойына
оның 40 проценті ғана сіңеді.
Шырынды
азық ретінде ашытқан капустаны қыста беруге бо-лады. Сақа қояндарға тәулігіне
150—200 г, ал көжектеріне 100 г береді. Ашыған капустаны жақсы жеуі үшін үстіне
ұн сепсе де болады. Қоян шаруашылығына қажетті шырынды және витаминді азықтың
бірі — сүрлем. Шөп пен тамыр-түйнекті кептіргенен гөрі сүрлеген жөн. Себебі
сүрлегенде белоктар мен қоректік заттар көбірек сақталып
қалады.
Сонымен
бірге шөппен салыстырғанда сүрлемнің қорытылуы жоғары. Жақсы сүрлемге қояндар
тез үйренеді. Сүрленген азықты қыста және көктемде беруге болады. қоянға
сүрлемді көкөністен жасауға болады. Ол үшін азықтық капуста мен сәбізден,
сәбіздің сабағы мен қант қызылшасын қосып жасайды. Сүрленген күнбағыс, жүгері,
судан шөбі, бұршақ тұқымдастар аса сүйкімді азық болып табылады. Үй қоянына
сүрлемді жыл бойына беруге болады.
Үй қояндарының бірқалыпты
өсіп-жетілуіне белоктар, майлар, углеводтар, минералдық заттар, витаминдер,
микроэлементтер қажет. Азықтың құрамында осы заттар болмаса қояндардың өсуіне,
жетілуіне, ауруына керісінше әсерін тигізеді. Дұрыс азықтандыру қоян
шаруашылығынан алы-натын өнімдерді ет, тері және түбіттерді көбейтудің негізгі
шарты болып есептеледі.
Әр
түрлі азық берудің нәтижесінде қояндардың өсімталдығы, өсу жылдамдығы, тез
жетілгіштігі артады. Қолдағы қояндар үнемі үйшікте тұрғандықтан және өз
беттерінше таңдап шөп жей ал-майтындықтан қолдан әр түрлі құнды азық берудің
қажеттілігі одан әрі арта түседі.
Басқа
малға қандай азық берілсе, үй қояндарына да сондай азық беріледі. Құнарлы азық —
астық және бұршақ тұқымдастар; техникалық және майлы кебек, кендір, шекілдеуік
қоспалары, құ-рама жем — жас тамыр-түйнектер т. б. сәбіз, қызылша, картоп,
капуста, сүрлем; жасыл шөптер — екпе шөптер, пішен, ағаштардың жас бұталары; ірі
азықтар — шөп, сабан, топан, құрғақ бұталар, малдан алынатын азықтар — сүт,
қаймағы алынған сүт, ет-сүйек ұны, қан ұны; минералдық азықтар — ас тұзы, сүйек
ұны, жеміс-жидек және тамақ қалдықтары. Сонымен бірге азықтың құрамына
витаминдер мен антибиотиктер қосылады.
Үй
қояны үшін ең жақсы азық — құрамында клетчаткасы аз жапырақты шөптер, дала
өсімдіктері — манжетка, тобылғы, тоз-ғанақ, түйежапырақ, сүттіген, шайқурай,
жусан, түйебұршақ, қырық жапырақ, сиыржоңышқа, бидайық, шытыр, жабайы шетен,
жабайы беде. Бұл шөптердің құрамында қоректік заттар, минералды тұздар және
витаминдер көп болады.
Бұршақ
шөптері протеинге, витаминдерге және минералды заттарға, әсіресе кальций мен
фосфорға бай болады. Бұл үй қояны үшін ең жақсы азық болып табылады. Бір жылдың
және көп жылдық дәнді өсімдіктерде, бұршақ өсімдіктеріне қарағанда, протеин,
минералды заттар және витаминдер анағұрлым аз болады және көпшілігі аз жапырақты
болып келеді. Сондықтан оларды үй қояндары онша сүйсініп жей қоймайды.
Қызылшаның сабарында қымыздық қышқылы және басқа қышқылдар кездеседі. Сондай-ақ
асқазан ішек ауруына ұшырататын минерал тұздары болады. Оны үй қоянына абайлап
аздап беру керек.Сәбіздегі каротиннің мөлшері оның сортына байланысты. Сәбіз
неғұрлым қызыл болса, ондағы каротиннің мөлшері де соғұрлым көп болады,
сарғыштау сәбізде каротин аз кездеседі. Асқабақтың сарғыш сорттары да каротинге
бай болады. Жазға салым тамыр-түйнек жемістілерде каротин күрт азаяды, ал дәнді
дақылдардың көпшілігінде каротин тіпті аз кездеседі. А витаминдеріне бай
азықтармен азықтандырғанда жануар оны тек өзінің тіршілігіне ғана жұмсамайды,
оны қор үшін бауырына жинайды. Қыста рациондағы витаминдер сарқылғанда, организм
бұл қорды өзінің керегіне жұмсайды. Жазға салым бауырдағы витаминдер қоры өте
азаяды. Буаз үй қояны денесіндегі витамин қорының біразын ұрпақтарына
ауыстырады. Көжектер туғаннан кейін де енесінің сүті арқылы А витаминімен
қамтамасыз етіледі. Сондықтан үй қояндарын шағылыстыру науқанына дайындағанда,
буаз кезінде және көжектерін емізіп жүргенде, ал көжектерді енесінен
ажыратқаннан кейін А витаминімен қамтамасыз ету маңызды іс болып
табылады.
Қоян
азықтандыру үшін тек қолдан өсірілген шөптерді ғана емес, далада өсетін шөптерді
де пайдаланады. Өйткені қояндарға үнемі бір шөпті бере берсең, жемей қоюы
ықтимал. Сондықтан кезекпен бірнеше шөп түрін берген жөн. Мысалы, қояндар
бақбақты, иманшөпті қоңырбасты, калленді, жусанды, аңбас жусанды, қалақайды,
жоңышқаны, қышаны, бидайықты, өгейшөпті, қызыл-бояу шөпті, түймешекті,
шоңайнаны, аю балдырғанды т. б. дала шөбін сүйсініп жейді. Шөптерді шапқаннан
кейін бірден берген жөн, ал егер дымқылдау болса берердің алдында. жел қақтырған
дұрыс.
Көктемде
көк шөппен қоректендіруге біртіндеп көшіру қажет. Демек, тәулігіне әр қоянға 50
— 100 г ғана беріледі. Азық рацио-нына бұршақ тұқымдас шөптерді енгізгенде,
астықты елеулі мөл-шерде аз беріп, қояндардың азықтануын екі есе арзандатуға
болады. Қояндар бұршақ тұқымдас шөптерден жоңышқаны, бедені, эспарцетті т. б.
сүйсініп жейді. Көк шөппөн қоректендіру бары-сында қояндардың іші бұзылса,
бірден көк беруді тоқтатып, ра-ционға пішен кіргізеді.
Қояндар
сәбіздің, қызылшаның сабағын, капустаның жапырағы мен өзегін, бүлдіргеннің
жапырағын өте сүйсініп жейді. Сақа қояндарға картоптың сабағын да беруге болады.
Бірақ картоптың сабағын, картопты жинаудан 5 — 10 күн бұрын шауып алып,
кеп-тіріп не болмаса жастай күйінде беру керек. Қоян рационының құрамына
бау-бақша қалдықтарын да кіргізуге (жерге түскен алмалар, кесіп алынған жеміс
ағаштарының бұтағы т. б.) болады.
Қояндарды
көк шөппен қоректендіргендө жабайы өсімдіктердің ішінде улысы да кездеседі. Қоян
өсіруші азаматтар оның бәрін білө бермеуі де ықтимал. Сондықтан улы
өсімдіктердің ішіне негізгілерін, байқаусызда қояндар жеп қойса уланып немесе
өлетін түрлерін естеріңізге саламыз: меңдуана (белана), сарғалдақ (лютик),
күйдіргі (едкий), тамырдары (черемица), қаргакөз (вороний глаз), желпілдек
(петреница), ит жидек (белладона), у балдырған (болиголоз), сасық меңдуана
(дурман), улы сасық қурай (вех ядовитый), лапсыз (безвременник) т.
б.
Қоян
негізінен көктемде уланады. Өйткені олар көктемде ал-ғашқы көкті қызықтап,
ешнәрсегө қарамастан, талғамай кез-кел-генін жей береді. Соның салдарынан уланып
қалуы ықтимал.
Көптеген
өсімдіктердің: итмұрынның, қырық жапырақтың, мойыл, қарақат, қылқан жапырақтың
және жемістердің, көкөністің жапырақтарынан бөлініп шығатын фитонцид деп
аталатын ұшатын, жеңіл қорғаныш зат болады. Олар организмде кездесетін бір
клеткалы қарапайым жәндіктерді, организм үшін аса қауіпті кейбір микробтар мен
вирустарды өлтіріп отырады. Фитонцидтер — өте әсерлі биологиялық антибиотиктер,
олардың түрлі аурулардың алдын алудағы маңызы өте зор. Әрине, қоян азықтарында
фитоницидтердің мөлшерден тыс көп болмағаны да жөн.
Тамыр-түйнектер
мен шығын азықтарды қояндар өте сүйсініп жейді. Рационында шырынды азықтар болса
қоректік заттардың қорытылуы жоғары болады.
Шырынды
азықтар қояндарға жылдың қай мезгілінде болмасын керек. Солардың ішінде қояндар
үшін құндысы — сәбіз. Қант және азықтық қызылша, капуста, картоп, асханалық
шалқан, турнепс бергенде де, нәтижесі жаман болмайды. Десе де үнемі капуста,
асқабақ, қызылша секілді азықтарды көп мөлшерде бере беруге болмайды. Өйткені
іші өтеді, желденеді. Картопты пісіріп беру керек, шикілей берсе қоянның бойына
оның 40 проценті ғана сіңеді.
Шырынды
азық ретінде ашытқан капустаны қыста беруге бо-лады. Сақа қояндарға тәулігіне
150—200 г, ал көжектеріне 100 г береді. Ашыған капустаны жақсы жеуі үшін үстіне
ұн сепсе де болады. Қоян шаруашылығына қажетті шырынды және витаминді азықтың
бірі — сүрлем. Шөп пен тамыр-түйнекті кептіргенен гөрі сүрлеген жөн. Себебі
сүрлегенде белоктар мен қоректік заттар көбірек сақталып
қалады.
Сонымен бірге шөппен салыстырғанда сүрлемнің қорытылуы жоғары. Жақсы сүрлемге қояндар тез үйренеді. Сүрленген азықты қыста және көктемде беруге болады. қоянға сүрлемді көкөністен жасауға болады. Ол үшін азықтық капуста мен сәбізден, сәбіздің сабағы мен қант қызылшасын қосып жасайды. Сүрленген күнбағыс, жүгері, судан шөбі, бұршақ тұқымдастар аса сүйкімді азық болып табылады. Үй қоянына сүрлемді жыл бойына беруге болады.