2) Құсты азықтандыру

  

1.Құсты азықтандыру

2.Құстың ас қорыту ерекшеліктері

 

  Аса сапалы өнім өндіру үшін құсты тіршілігіне жеткілікті түрде қуатпен және қоректі заттармен қамтамасыз ету керек. Желінген азық аз уақыттың ішінде ауыз қуысында болады. Өте жақсы ылғалданған азық птиалинмен араласып одан әрі жемсауға (бөтегеге) түседі. Кейбір құстар сол және оң қапшықтардан тұрады (қаз бен үйректе жемсаудың орына өңештің кеңуі). Жемсауда азық сумен, муцинмен араласып және ферменттер арқылы ыдырай бастайды. Бұл кезде азықтың қышқылдығы рН 7­ден бастап 4,5­5,8 төмендейді. Жемсауда азық 1­1,5 сағат уақыт болады. Жемсаудағы ас тез асқазанға жеткізіліп, олар пепсин, тұзды қышқыл ферменттермен, муцинмен араласады, асқазанда қышқылдық ортада тауықтарда рН – 4,7­3,6, үйректерде – 3,4 ұлғаяды. Араласқан ас ары бұлшықты асқазанда қиыршық арқылы ұнтақталып асқазандағы қышқылдықтың әсеріне байланысты қосым­ ша пепсиннің ақуыз полипептиндері арқылы ыдырап, көмірсуларға тарайды. Ас бұлшықты асқазаннан ары азық бүйен, он екі елі ішекте, аш ішекке жеткізіліп қорытылады. Ас қорыту кезінде ақуыз пен пептондар­аминқышқылдарына дейін, көмірсулар – моноқанттарға, май – глицериндер – майқышқылдарына дейін ыдырайды. Негізгі қорытатын фермент (ұйқы бездерінің сөлі). Ақуыздың қорытылуы аш ішекте басталады, бұл кезде тұз қышқылымен пептондар, асқазанның сөлімен араласып аш ішекте аминқышқылдарына дейін ыдырайды. Осы жағынан жануар тектес азықтардың протеині 85­95%, ал өсімдік азықтарының протеині 80­85% ыдырайды, бірақ жалпы протеин құстарда небәрі 45­55% қорытылады. Көмірсулар моноқантқа дейін ұйқы безінің сөлімен және қосымша өт арқылы қосылып ыдырайды. Өт арқылы май ыдырай бастайды. Бүйенде өт пен панкратит сөлінің арқасында аяқталады. Соқыр ішекте ақуыздың, көмірсулардың және майдың ыдырауы жалғасады. Соқыр ішекте микроорганизмдер ас қорыту үдерістеріне аз мөлшерде қатынасады, ферменттермен бірге ас қорыту жалғасады. Осының бәрін ескере отырып, оларға шикі жасұнық қиын қорытылатын қоректік зат ретінде аз мөлшерде беріледі. Орта есеппен азықтың қуаты (көмірсулар, май, жасұнық және протеиннің) шағын бөлшегі 70­80% пайдаланылады. Құрама жеммен азықтандырғанда азық салмағы қорытылатын жолдармен балапандарда, тауықтарда 3­4 сағатта өтеді. Құста тежеу үдерістері байқалады. Аш ішекте аминқышқылдары сіңіріледі. Мысалы, метионин, лейцин, фенилаланин, глютамин қышқылдары қаныққан май қышқылдарының (пальметин, стеарин) сіңірілуі ұлғаяды. Рацион құрамындағы май қышқылының қатынас мөлшері 3:1 болуы керек. Ферменттің мөлшері 50­60%­дан аспайды. Құрама жемнің қоректі заттары қорытылмаған азықтың тік ішекте жиналып қи арқылы (тезек, зәр)  шығарылады. Зәрмен қоса зәр қышқылының тұздары және көбінесе аммиак тұздары шығарылады.

 

Тапсырма: