3 )ҚОЙЛАРДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ
1.Қойларды азықтандыру 2. Буаз саулықтарды
азықтандыру
Қой шаруашылығы Қазақстандағы мал шаруашылығының жетекші саласы. Сондықтан
қой басын дұрыс азықтандырудың үлкен маңызы бар. Қой негізінен жайлым
малы. Оның табиғи жайылымды жақсы пайдалануға бейімділік қасиеті өте
жоғары. Жайылым оты жетіспеген жағдайда қой рационынын ірі, шырынды,
құнарлы азықтармен толықтырады. Қой ұсақ, майда пішенді жақсы жейтінін,
бірақ ірі қарамен салыстырғанда азық жасұнығын нашар қорытатынын ескеру
қажет. Қой азыққа онша талғампаз болмағанымен рацион азығы мол жəне
əртүрлі болғанын қалайды.Жылдың мал жаюға жайсыз мезгілдерінде қосымша
азықты үзбей беру керек. Əйтпесе, азықтандыру жағдайы төмендеген қой
арықтап, тері, одан жүн талшықтары зардап шегеді. Буаз саулықтарды мейілінше
жайылымда жайып, тірі салмағы 50-60 кг саулықтарға тəулігіне 2-3 кг ірі
азық, 1-2 кг шырынды азық беріп, буаздығының соңғы кезеңінде құнарлы
жемшөп мөлшерін 400-500 г дейін көбейтеді. Саулықтар ерте көктемде немесе
қыста қоздап, жайылым оты жетіспеген жағдайда оларды шырынды азықтар
(қызылша, сəбіз) жəне түрлі дəнді дақылдар кебегіне (сұлы, жүгері, арпа)
үйретеді. Өсе келе пішендеме, сүрлем береді. Азықты тəулігіне 3-4 рет,
таңғы сағат 6-7-де жақсы жапырақталған бұршақ, жəне астық тұқымдастар,
түрлі шөп пішенін, сағат 10-11-де - жем, сағат 15-те - туралған
тамыржемістілер мен сүрлем, кешкі сағат 18-19-да - пішеннің екінші
жартысын беріп қояды. Азықты ашық қорада, ал күн жауғаңда қора ішінде
береді. Жеткілікті мөлшерде ас тұзым-ен жəне таза сумен қамтамасыз
етеді. Буаз саулықтарды азықтандыру Саулықтардың
азықтандыруын күйекке түсерден 1-1,5 ай бұрын күшейтеді. Олардың күйін
келтіру үшін 1 кг қосымша салмаққа 5 азық өлшемі, 500 г қорытылатын
протеин келетіндей етіп азықтандыру мөлшерін жоғарылатады. Күйі келіп
нəтижелі ұрықтанған саулықты буаздық кезеңінде де құнарлы азықтандыру
қажет. Буаз саулықтарға арналған азық рациондары жатырдағы төлдің өсу қарқынына байланысты буаздықтың алғашқы 12-13 жəне соңғы 7-8 аптасына арнап жасалады. Өйткені, соңғы 7-8 апта ішінде төлдің жылдам дамуына сəйкес азық өлшем бірлігіне деген қажеттілік 30-40, қорытылатын протеинге 40-50 пайыз, ал кальций мен фосфорға - 2 есе өседі. Олардың азық рационының құрамы буаздықтық алғашқы 12-13 аптасында 1,5-3,0 кг ірі, 1,5-3,0 кг ылғалды азықтан тұрады. Қой коңдылығы жақсы болса, бұл уақытта құрама жем пайдаланудың қажеттілігі болмайды. Ал буаздықтың екінші кезеңінде сүрлемді мейлінше азайтып 1,5-3,0 кг ірі азықпен қоса əр саулыққа 200-300 кг қоспа жем беруге болады. |