7)Лақтарды өсіру.
1.Лақтарды өсіру.
2.Лақтарды азықтандыру нормалары.
Лақтарды
фермаларда аналықтардың астында, оларды аналықтарынан айырғанға дейін өсіреді.
Мүндай жагдайда лақтар тэулік бойы анасының желінінен бірқалыпты сүт ала алады.
Жаңа туған лақтарда асты қорытудың ішектік түрі басым болады, олар сүтті аз
мөлшерде қолданады, бірақ жиі емеді тэулігіне 60 ретке дейін. Егіздерді және үш
лақтарды аналықтарының астында өсіру кезіңде барлық лақтардың аналықтарын бір
мезгілде емуін бақылау қажет. Жануарлар әлі жайылмайтын кезде лақтаганда төлді
аналығымен бірге топтық қоршауда ұстайды. Жануарлардың топтарын лақтардың өсуіне
қарай біріктіре отыра сақманды ұлгайтады. Осыган байланысты оларды күтуге
арналган қоршау ауданы бойынша кеңейтеді. Мысалга, біреуден туган лақтарды 10
күнге дейін 8-12 бастан, 10-15 кұндіктерді 15-20 бастан, 15-20 күндіктерді 25—40
бастан, ал бір айлықтарды 50-70 бас лақтан топта ұстайды. Егіздер және үшеуден
туған сақмандарды лақтардың саны бойынша 2 есе аз қылады. Сақмандарды кеңейту
кезіңде төлдің даму деңгейін жэне денсаулық жагдайын есепке алады. Енесінсіз
қалган немесе анасының сүті жоқ лақтарды сүтті аналықтарга отыргызады. Егер
туысымен отыргызса ешкі бөтен лақты жылдам қабылдайды. Мұндай лаққа туган
лагынан алып, алдын-апа шырыш жагады немесе қабылдайтын анасының сүтін себеді.
Лагы толық еміп тауыса алмайтын сүттілігі мол аналықтарды сауу қажет. Ауа райы
жақсы болганда аналықгарды лақтарымен күн сайын серуенге шыгарады. Мұның өзіңде
лақтар көп қимылдап, жерге жатпауына бақылау қажет. Серуендеудің ұзақтылыгы
лақтардың жастарына жэне ауа райына байланысты. Таза ауа, күн сәулесі жэне
салқындық агзада зат алмасуды жогарлатады, төлдің салқын тиіп ауырып қалуга
төзімділігін жақсартады. Далалық аймақтарда ешкі өсіретін фермаларда лақтарды
қоралық-баздық өсіру эдісі таралган. Ол төл емізіп жүрген аналықтарды бірінші
уақытта төлсіз жаюды білдіреді. Ауа райы жақсы болганда лақтарды базда, ауа райы
жаман болганда қорада ұстайды. Аналықтарды фермага лақтарды азықтандыру үшін
айдап әкеледі, басында күніне 3 рет эрбір 2-3 сагатта, кейіннен 2 реттен.Түнгі
уақытта лақтарды және аналықтарды бірге ұстайды. Таңертен аналықтарды жайылымга
айдағаннан кейін топтық қоршауларға таза тесем төсейді. Лақтарды 10 күндік
жасында ақырындап өсімдіктерді жэне минералдық азықтарды жемдеу алаңдарында
жеуге, содан кейін ферма маңайында жаюга үйретеді. Тұрақты жылы ауа райы
басталганда 3 апталық лактарды аналықтармен бірге ферма маңайында багуды
бастайды. Лақтар 1 ‘Л -2 айлық жасқа келгенде барлық сақмандарды отарга
біріктіреді. Кешкілікте лақтарды жемдеу алаңдарында сүрлеммен жэне құрама
жемдермен үстемелеп азықтандырады. Қоралық - баздық әдістің басымдылыгы, ешкіні
лақсыз багу кезіңде алыс жайылымдарды пайдалануга, ал жақын жайылымдарды өсіп
келе жатқан лақтар үшін сақтауга болады. Аналықтар төлсіз жайылган кезде
жақсылап азаықтандырады және көп сүт береді. Түбіттік ешкілерді лақтан айырганга
дейін жэне жүндік ешкілерді саумайды. Асылтұқымдық емес еркек лақтарды 2-3
апталық жасында піштіреді. Кейіннен жүндік тұқымның піштірілген текелерінен
(серке) негұрлым сапалы жұн алады. Піштірілген текелердің түбіттері негұрлым
жіңішке, осыдан басқа олардың еттері де нэзік болып келеді. Піштірілген төлдерді
аналықтармен бірге ұстауға болады. Еркек лақтарды ауа райы ыстық болғанға дейін,
масалар жоқ кезде піштіреді. Ол операция қиын емес, оны тәжірибелі шопан жасай
алады. Фермаларда 3 '/2—4 'Л айлық төлдерді ең алдымен жақсы жетілгендерін
енесінен айырады. Жынысы эр түрлі төлді аналықтан айырғаннан кейін жеке отарлар
қалыптастырады. Төлді аналықтан айырғаннан кейін, оның дамуы тежеліп қалмауы
үшін жақсылап азықтандыру қажет. Әлсіз, дүрыс дамымаған лақтарды аналықпен
қалдырады, оларды топқа айырғаннан кейін,олар бекігенге дейін үстемелеп
азықтандырады. Төлді күндіз жайылымда немесе базда ұзақ уақыт ұстауы
мүмкін.
теде
берілген. Лақтарды азықтандыру нормалары. Жүнді жэне түбітті түқымды лақтарын
енесімен бірге өсіреді. 10-15 күндік жасынан бастап төлді арнайы алаңдарда
кебекпен, сүлымен, үсақ сабақты шөппен және сүрлеммен азықтандыра бастайды. 2
айлық жасында лақ тэулігіне 40- 80 г қүрама жем жейді, ал 3 айлыгында 120—180г
жейді. Енесінен айырганға дейін лақты азықтандыру үшін шамамен 15-18 кг қоспа
жем, 0,2-0,3 ц сүрлем жэне 0,5 ц шөп жүмсайды. Лақтарды жайылымга жібермеген
кезеңде авитаминозды болдырмау үшін оларға қызыл сәбіз, ашытқылық жемшөптер,
биоциново-дәрумендік қүрама жем (1 кг тірі салмаққа деген есеппен 1,0-0,5 мг)
немесе балық майы (тәулігіне 4-8 г). Минералдық азықтандыу ретінде тұз және
бордың сүйек үнымен қоспасын эрбір жануарға 4—5 г деген есеппен қолданады. Сүтті
түқым лақтарын аналықсыз есіргенде оларды туган күннен бастап уызбен, содан
кейін анасының сүтімен немесе оны алмастырушымен азықтандырады. Алгашқыда
лақтарга сүтті тостаганмен немесе резеңке емізігі бар шөлмекпен береді, содан
кейі автоматтандырылган суаргышқа үйретеді. Лақтарга бір температурадагы және
таза ыдыспен сүт беру маңызды. Лақтарга сүт ішкізгеннен соң оларга жылы су
береді. Оларды азықтандыру кезіңде келесі ықшамсызбаны үстанады (5.7-кесте).
Алгашқы 5 күнде лақтарды тәулігіне 6 рет арасына 2,5-3 сагат салып
азықтандырады. Содан кейін бір айлыгына дейін лақты азықтандыру санын біртіндеп
азайтады, ал сүт үлесін үлгайтады. Осыдан кейін сүтті беруді қысқартады. 10
күндігінде лақтардың азық қүрамына сүлыны енгізеді, ал бір айлыгынан бастап
басқада қүрама жемдермен және тамыр жемістілермен
азықтандырады.
Бірқатар шет елдерде лақтарды өсіруде табиғи сүтіі алмастырушыны қолданады. Алайда кейбір бақылаудың мәліметтері бойынша, 2 айылығынан бастап енесінен айырылған лақтар, ездерімеіі жасты енесін еміп өсіп жатқандармен сапыстырғанда өсу жагынам артта қалады.