9) Малдарға күтім жасаудың ережелері
1. Малдарға күтім жасаудың ережелері
2.Сиырды
күтіп-бағу әдістері.
Қазақстан
Республикасында мал шаруашылығының жетекші салаларының бірі — ірі қара
шаруашылығы. Халықты азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлерімен /ет, сүт және
т.б./ қамтамасыз ету осы саланың өркеңдеуіне тікелей байланысты. Сондықтан малды
күтіп-бағу және ұдайы өсіру жүйелерін жақсарту, микроклиматты ыңғайлы ету,
азықтандырудың гигиеналық жағын жақсарту, селекциялық тұқым асылдаңдыру
жұмыстарын жетілдіру, шымыр да шыныққан төл өсіру, малдың саналалы ауруларымен
күрес, сауу гигиенасы, яғни тазалығы мен сүт сапасын арттыру басты міңдет болып
табылады.
Малды күтіп-бағу жүйелері мен әдістері деп мал шаруашылықтары
орналасқан ауданның табиғи және эконо-микалық жағдайларына қарай материалдық
және еңбек ресурстары шығындарын аз жұмсай отырып, мал өнімдерін барынша мол
алуды көздейтін шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық, гигаеналық және
ұйымдастыру шараларьшьщ жиынтығын айтады. Сонымен, сауын малын қолда-жайылымда,
қолда-лагерьде және қолда — күтіп-бағу жүйелері ұсынылады. Оларда сиырды байлап
және байламай ұстау әдістері пайдаланады. Соған орай ветеринариялық-санитариялық
және зоогигиеналық ережелер, мал бағудың жүйелері мен ережелеріне ферманың бас
жоспарынан бастап, малды күтіп-бағу және азықтандыру технологиясына
жатқы-зылатын барлық тәсілдеріне дейін сай келуге тиіс.
Колда-жайылымда ұстау
сауын сиыр шаруашылығында анағұрлым кең тараған жүйе. Қолда бағу кезеңінде мал
қора-жайда, ал жайылым кезеңінде жасанды немесе табиғи өрісте ұсталады.
Малдәрігерлік гигиена тұрғысынан ол малдың физиологиялық жағдайына толық сай
келеді. Өйткені, бұл жағдай сиырдың табиғи түрде қанын таратып, ұдайы өсу
қызметін жақсартады. Себебі, мұндай да мал еркін жүріп күн сәулесіне
қыздырынады, белокқа, витаминге, микро-элементке бай аса құнды шөпке жайылады.
Жайылым кезеңінде малдың жалпы жағдайы жақсарады, өнімділігі артады, қыстыкүні
қолда бағылған кездегі кейбір ауру-сырқаудан өздігінен
айығады.
Колда-лагерьде бағу жүйесінде мал жайылым кезеңінде жеңіл
жаппалармен, басқа да қосалқы қора-жайлармен, сондай-ақ сауьш қондырғыларымен
жабдықталған жазғы лагерьде ұсталады. Мал ұстаудың бұл жүйесі оның денсаулығына
оңды әсерін тигізеді және ол малды қыста қолда бағу үшін де кезінде негізгі
фермада жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ малдәрігерлік-санитариялық сақтық шараларын
жүргізуге мүмкіндік береді.
Клда (қолда-серуендетіп) бағу жүйесінде мал жыл
бойы ферма қорасы мен серуендету алаңында ұсталады. Бұл әдіс мал кеп
шоғырланатын сүт және ет өндіретін шаруашылықтарда қолданылады. Мұндай жүйе
кезінде малды жайылымда ұстау тиімсіз деп табылады. Керісінше, бұл кезде мал
қалқаларда серуеңдетіліп, шабылған кок балаусамен азықтандырған орынды және
экономикалық жағынан тиімді деген тұжырым бар. Алайда мұндай жүйе кезінде
азықтандыру, күтіп-бағу технологиясы бұзылса және уақтылы серуендетілмесе мал
түрлі ауруларға көбіне жаппай шалдыққыш келеді. Республикамыздың тұрақты
аймақтарындағы шаруашылықтарда малды жыл бойы қолда серуендетіп, ал таулы
аймақтарында қолда-жайылымда ұстау қалыптасқан.
Сиырды күтіп-бағу әдістері.
Дүние жүзі тәжірибесінде барлық жерде сауын сиырларды күтіп-бағуды байлап және
байламай бағу деген екі әдісі қолданылады.
Сиырларды байлап бағу кезінде
еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл технологиялық операциялар
механикаландырылады, жартылай автоматты бас жіптер, сүт түтіктері қолданылады,
сиыр сауын алаңында сауылады, азық үлестіру мен қи шығаруға механикаландырылған
құралдар пайдаланылады.
Малды күтіп-бағудың бұл әдісі кезінде шаруашылық
мамаңдары мен мал күтушілерге олардың денсаулығы мен өнімділігін бақылау жеңіл.
Тұрақты азықтандыру және суару, тынығу және сауу орнының болуы, жылы да құрғақ
төсеніш құрылғы, кең де жарық, жақсы желдетілген қора-жай, жеке-жеке
азықтандырып, сауу, тағы басқа операциялар күтіп-бағудың бұл әдісі кезінде
сиырлардың өнімділігін тиімді түрде арттыруға мүмкіндік береді.
Малды
байлаусыз күтіп-бағудың әдісі еңбек шығынын аздап кемітеді, еңбекті көп қажет
ететін процестерді өте жақсы механикаландыруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде
бұл әдіс өте көп қолданылады. Бірақ байлаусыз бағып-күтуге қыстыкүні микроклимат
реттеуге келетін жақсы қоражай, жеткілікті түрде төсеніш, қатты едеңді
серуендету қорасы, механикалаңдыру құралдары керек. Сонымен бірге малды топтарға
бөлу қажет.
Қазіргі кезде малды байлаусыз бағып-күтудің екі түрі қолданылады.
Олар — қалың төсеніш үстінде бағып-күту және бокстарда төсенішсіз
бағып-күту.
Көбіне, бокстарда байлаусыз бағу әдісі қолданылады. Азық ленталы
транспортермен таратылса, сауу қондырғыларымен сауылса, қи тор еденнен
дельтаысырғышпен шығарылса, негізінен сүт өндірудің өнеркәсіптік технологиясын
қанағаттандырады.
Ірі қараға арналған қора-жайға қойылатын
санитариялық-гигиеналық талаптар
Ірі қара фермасы өндірістік бағьпы,
экономикалық және климаттық жағдайларына қарай төмендегідей болады:
• асыл
тұқымды мал фермасы — негізгі мақсаты жаңа тұқым шығару және қолда бар ірі қара
тұқымын жетілдіру, аса бағалы асыл тұқымды төл өсіру;
• тауарлы ферма-сүт,
сиыр етін және аралас, яғни сүт-ет өндіреді;
• одан әрі өсірілетін, яғни
табын толықтыратын төл өсіреді;
• ірі қара бордақылайтын арнайы ферма.
Ірі
қара өсіретін шаруашылықтарда малды күтіп-бағу әдісі мен ферманың бағытына қарай
50, 100 және 200 сиырлық қоралар, жаңа туған бұзаулар үшін профилакторийлер мен
бұзаулау бөлімдері болуы керек. Бұлардан басқа төлді одан әрі өсіретін және
бордақылайтын қора-жайлар және қолдан ұрықтандыратын орын қарастырылады.
Сүт
фермаларында, сондай-ақ сүт блоктары мен сауын залдары сиырды күтіп-бағу
әдістеріне қарай орналастырылады..
Төсенішті әр малға 3—5 кг мөлшерінде
тәулігіне бір рет қосымша төсеп отырады. Қи жылына 1—2 рет қана шығарылады.
Барлық серуендету алаңы қатты төсенішті етіліп, канализация басқышына қарай 3—4
градус еңкіштікпен жасалады.
Бокстар мөлшері мал еркін сыятындай, ал қи ол
орынды ластамайтындай болуға тиіс. Ол үшін бокстың ұзындығы 1,9-2,1 м, ені 1-1,2
м болуы, ал едені қи торынан кем дегенде 15—20 см биіктікке салынуы керек.
Бөлгіш биіктігінің жоғарғы жағы 120 см аспауы, төменгі жағы 55-60 см болуы
қажет. Бокстар қора-жайдың сыйымдылығына қарай қора-жайды қуалай немесе
кесе-көлденең жасалады.
Бокс қатарларының аралығында, әдетте қора-жайдың
ортасына, жем-шөп платформасы немесе оттық орналастырылады. Бокс секцияларындағы
10—12 сиыр 1 автосуаттан су ішеді. Бокстардың артқы жағында беті тормен жабылған
қи жолы бар.