4) Жылқыны азықтандыру

1. Жылқыны азықтандыру ерекшеліктері

2.Жылқының түрлері мен күту ерекшеліктері

 

    Жылқыны азықтандыру ерекшеліктері олардың атқаратын қызметіне тығыз байланысты. Көлік ретінде мініліп, жегілетін, түрлі шаруашылық жұмыстарына пайдаланылатын жылқылардың азықтандырылуы олардың жұмсайтын энергетикалық шығындарына тəуелді болса, сауылатын, етке арналған жылқылардың азықтандырылуы олардың сүттілігіне, салмақ қосуына тəуелді. Жылқы денесінің ірілігіне қарамай, қарын сиымдылығы небəрі 14-16 л көлемінде болады. Сондықтан атқаратын жұмысы энергия шығынын қажет ететіндіктен, оларды жиі азықтандырады. Тұқымдық жылқыларды азықтандыру  

Асыл тұқымды айғырларды үйірге салынбаған кезде орташа қоңдылықта ұстап, үйірге саларға 1,5-2 ай қалғанда азықтандыру деңгейін жоғарылатады. Бұл кезеңде олардың əр 100 кг тірілей салмағына мініс жəне жегіс тұқымдары үшін 2,4-2,7 кг құрғақ зат пен 2-2,5 азық өлшемі болуы тиіс. Үйірге түскен кездегі энергетикалық шығындарды қамтамасыз ету үшін айғырларды сұлымен қатар энергетикалық қуаты мол жем құрамасымен немесе арнайы құрама жеммен азықтандырылады.  Асыл тұқымды айғыр құрама жемінің 5-10 пайызы протеиннің биологиялық сапасы жоғары жануар тектес азықтардан тұруы керек. Тұқымдық жылқы топтарының азықтандыру мөлшері 28-ші кестеде келтірілген. Қазақстанда жылқының 14 тұқымы өсіріледі, олардың арасында ағылшынның  тазақанды міністік, арабтың таза қанды, түркменнің таза қанды ахалтеке, қостанайдың арбаға және міністік жылқы түрлері бар. Желістілерге – дондық, қостанайлық, ал ауыр жүк тартатындарға – кеңестік, орыс және владимир жылқы тұқымдары жатады. Өнімдік бағыттағыларға: көшім, мұғалжар, қазақтың жабысы, адай жылқысы, қабы етті жылқысы секілді тұқымдар жатады. Жылқының басқа малдан ерекшелігі – оның негізгі өнімі бұлшық етінің күші болып табылатындығы. Мұның өзі ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктерін айқындайды. Жылқы шаруашылығы пайдалану бағытына қарай жұмыс жылқ ысы (жүк тасу, ерттеп міну), өнімдік жылқы (қымыз, ет) және спорттық жылқы болып бөлінеді. Жылқы өсірген кезде, жоғарыдағы мақсат­ тарға байланысты азықтандырудың екі түрі бар. Қорада  ұстаған кезде басқа малға ұқсас және жайылымда бағу салалары қарастырылады. Шаруашылықтарда жылқы малын азықтандырған кезде: 1. Өсіруге байланысты қорада ұстаған кезде пішен, сабан, сүрлем, пішендеме береді, мүмкіншілік болып жатса, тамыр­түйнекті азықтар және өндіріс қалдықтарын пайдаланады. Рационның негізін ірі азықтар құрайды. Олардың мөлшері тәуліктік рационда 35­45%, шырынды азықтар 5­15% болады. Жұмыс бағытында қолданған кезде шырынды азықтың мөлшерін 25­60% ұлғайтады. 2. Жайылымда өсіргенде малды бүкіл жыл бойы жайылымда ұстайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық академиясының академигі И.Н. Нечаевтың зерттеуі бойынша 75­80% азықтың қорын жайылым толықтырады. Өсірген малды жаз айларының соңында және қысқы айларда, әсіресе боранды қолайсыз уақытта ірі құнарлы азықпен қосымша рацион құрамына қосып толықтырады. Буаз биелерге, айғырларға қосымша жем беріледі. Жылқы денесінде қуат алмасу, қоректі заттарды қорытуы, азықты сіңіру үрдістерінде ерекшеліктер бар. Қоректік зат және қуат алмасуы көбінесе жылқыда, олардың тұқымына, жынысына, жасына байланысты. Сондықтан аса қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ету, айғырларды дайындау және үйірге қосқан кезеңінде, биелерге құлындар алдындағы айларда және сүт өніміне байланысты, құлындардың жас кезінде, әсіресе туғаннан кейінгі айларда құнарлы азық беру арқылы жүзеге асырылады.

Жылқылардың ішінде 100 кг тірілей салмаққа шаққанда ауыр салмақты тұқымды жылқыларға қоректі заттардың қажеттілігі жоғары және желіс жылқыларына, әсіресе жарысқа қосуына байланысты жаратуға және дайындауға құнарлы азық қажет. Жылқы жұмыс атқарғанда, әсіресе бас кезінде алғашқы үш сағатта көмірсуларын жұмсайды, сондықтан жұмыс жылқыларын азықтандырған кезде осы жағдайды еске алу керек. Протеин қажеттілігі жылқыда екі түрге бөлінеді: қажеттілік өмір сүруге және өнімге байланысты биеге төл өсіруге, сүт бөлінуге, төлге – салмақ қосуға, айғырларға – ұрық өндіруге қажет. Жылқылардың ас қорытуына лизин аминқышқылы өте қажет. Ағзада сүйек­дене құруға жеткілікті мөлшерде минералды заттар, оның ішінде кальций, фосфор, олардың өзара қатынасы сақталуы керек: қажетті керек дәрумендер А (ретинол), Д (кальциферол), Е (токоферол), В1 (тиамин), В2 (рибофлавин) В3 (пантотен қышқылы), В4 (холин), В5 (никотин қышқылы) В6 (пиридоксин), В12 (цианкобаламин), Вс (фолиев қышқылы). Әсіресе, бұл дәрумендер биелерге құлындауға үш ай қалғанда, туған мезгілде, жас малға өсетін, жарататын және дайындау кезеңдерінде қажет. Азық мөлшерлерін шаруашылықтағы әр түрлі мал топтарының қолданылуы және биохимиялық қоректену ерекшеліктерін ескере отырып, оларға ең қажетті мөлшерде дәрумендер, минералдық заттар берілуі тиіс. Қазіргі кезде бекітілген мөлшерге қарағанда дәрумендердің мөлш ері 1,5 есе көбейтілген. Қажетті мөлшердің құрамына кіргізілген құрғақ зат, шикі протеин, лизин, жасұнық, макро­ және микроэлементтер, дәрумендер және құрамындағы алмасу қуаты, басқа қоректі заттар құрғақ затқа немесе 100 кг салмаққа лайықты көрсетілген (136-кесте). Шикі жасұнықтың қажеттілік мөлшері жылқының азық қорында құрғақ затқа шаққанда 16% болуы керек. Одан артқан кезде алмасу қуатының пайдаланылу мөлшері төмендейді. Жасұнықтың мөлшері 16­18% болса, қуат пайдаланылуы 92,6%; 20­83%; 30­33%­75,1% 34­ 37­71,4% болады. Сондықтан рациондағы алмасу қуатының мөлшерін 7,4­28% дейін көбейту керек. Осындай мөлшерде басқа да қоректік заттар көбейтіледі. Қоректі заттарды жылқыларға мөлшерлеген кезде бірінші 100 кг тірілей салмаққа құрғақ затты есептейді. Содан кейін қалған қоректік заттар, қуат, дәрумендері тағыда басқа заттарды 1 кг құрғақ затқа санайды. Азықтандырған кезде міндетті түрде өнімі мен өсімін. бақылау керек; бірінші жылы – салмағы сақа малдың салмағына шаққанда 56­60%, екінші жылы тай 75­85; үшінші жылы – 100% құрайды. Азық қажеттілігі орташа түрде есептелген. Сондықтан азық­ тандырған кезде малдың тұқымын, жынысын, мінезін, атқаратын жұмысын, салмақ қосу, жас малдың өнім ерекшелігіне көңіл бөледі. Азықтандырудың негізгі көрсеткіші – малдың тірілей салмағы. Сондықтан өсетін малдың 2; 6; 12;18; 24; 30 айлығына дейін және жасы толғандарға азық мөлшерін белгілейді. Азықтандырған кезде малдың құндылығы, биелердің сүттілігі, атқаратын жұмысы, төлдің өсімталдығы ескерілуі керек. Төменде 131-кестеде айғырларға және биелерге 100 кг салмаққа шаққандағы қажетті қоректік заттар келтірілген (И.Н. Нечаев т.б. 2006 ж.).

 

Тапсырма: