8)ЕШКІНІ АЗЫҚТАНДЫРУ МӨЛШЕРІ МЕН РАЦИОНДАРЫ

1.ЕШКІНІ АЗЫҚТАНДЫРУ МӨЛШЕРІ МЕН РАЦИОНДАРЫ

2.Ешкінің қоректік заттарға мұқтаждығы

Қазіргі кезде ешкі шаруашылығы негізінен жоғары сапалы түбіт, біркелкі ангор типтес жүн, сүт, ет, тері өндіру үшін дамытылып, өсіріп отыр. Ешкінің ангор және могер типтес түбітінің техникалық сапасы қой кроссбред жүнінен асатын болса, ешкі сүті шағын өндіріс пен жеке шаруа қожалығында өндіруге оңтайлы. Оған ешкінің жем­шөпке онша талғампаз еместігі мен басқа мал түлігі жайлауына қолайсыз тауды­тасты жерлерде де жайыла беретіні әсер етеді. Олар іріленген және бұтақты азықпен де күнелтіп, қыстай алады. Ешкінің сүтінің құрамы, тағамдық қорыту жұғымдылығы мен диеталық қасиеттері жағынан сиыр сүтінен өте жоғары болып табылады. Көбінесе оны жас емізулі және ауру балаларға арнап дайындайды. Сонымен қатар, балалар үшін шығарылған әртүрлі басқа  арнайы ұнтақтарға қосып ішкізеді. Қазақстанда өсірілетін ешкілердің барлық түрлері жайлау шөбін өте жақсы пайдаланып, қоңдылығын өте тез көтереді және орып әкелінген шөптің түрлерін талғамай, қорада тұрып­ақ жақсы семіреді. Сойылған бордақыланған ешкінің еті қойдың етінен кем соқпайды. Әсіресе, бір жасар лақ пен ақталған текенің еті өте тәтті және жұғымды болып келеді. Атап айту керек, ешкінің терісі де өте жоғары бағаланады, әсіресе, сүтті және түбітті бағыттағы тондық терілер.   Ешкіні азықтандыру олардың қоңдылығын сақтап, сүт, ет, жүн, түбіт өнімділігін, лақтағыштығын қамтамасыз етуге бағыттайды. Олар егіз лақтап (кейде сүтті бағыттағы шыбыштар бір буаздығында 6­лаққа дейін туады)  тез дамып жетілген төл (әр 100 басқа 190­200 лақ алады) беруі үшін шыбыш буаздығының екінші жартысында жоғарылайтын қоректік мұқтаждығын қамтамасыз ету көзделеді. Ешкінің қоректік заттарға мұқтаждығы Ешкінің қоректік заттарға (қуаттылық, қоректілік, биологиялық әсерлі және минералдық, көмірсулық, майлық, т.б.) мұқтаждығы олардың өнімділік бағытына, жынысына, жасына және оның физиологиялық жағдайына байланысты болады. Тірілей салмағы 50 кг тартатын ешкіге тіршілігін қамтамасыз етуге – 0,7 кг а.ө. , 50 г қорытылатын протеин, 7 г кальций, 3,5 г фосфор, 1 кг сүт түзуге – 0,35­0,4  а.ө., 45­60 г қорытылатын протеин қажет. Саулық қойдыкімен салыстырылғанда, сүттілігі жоғары ешкінің сүт өндіруге жұмсалған қоректік заттарын толығымен және жан­жақты толықтырып тұру керек. Ол үшін ешкі азығының  қуаттылық, протеиндік қоректілігімен қоса сүтпен денеден көптеп шығарылатын минералды заттар деңгейін қадағалайды. С.Ж. Арынғазиевтің (2006) зертеулері бойынша күніне 2 кг сауылатын ешкі басына – 8 г кальций, 6 г фосфор, 2,2 г калий, 2,4 г натрий қажет болса, 4 кг сауылатын ешкіге – 13 г кальций, 10 г фосфор, 3,4 г калий, 3,8 г натрий жеткізілуі керек.  Жалпы алғанда ешкілерді азықтандырып, күтіп­бағу тәжірибесін­ де алға қойылатын басты мәселелер мыналар: а) әр шыбыштан дені сау, жақсы жетілген лақ алу; б) ешкілердің сүттілігін молайтып, лақтарын жарыта алатын дәрежеге жеткізу; в) әр ешкіден жоғары сапалы жүн және түбіт алу. Бұл үш мәселені дұрыс ұштастырып, жақсы нәтижеге жету үшін ешкілерді өнімділік бағытына, жынысына, жасына және оның физиологиялық жағдайына  қарай азық  рациондары мен мөлшері  бойынша, алуан түрлі, құнды жем­шөппен азықтандыруды ұйымдастыру қажет.

Ешкінің қалыпты табиғи жағдайда жемшөптің қоректік заттарын қорытуында өзге малдан еш айырмашылық жоқ екендігі белгілі. Бірақ әлемнің әртүрлі елінде жүргізілген 20 тәжірибенің он екісі ешкінің құрғақ заты өгізге қарағанда 25%, целлюлозаны (клетчатканы) қойға қарағанда 16,9% және 29,1%, целлюлозаны  қой мен бұзаудан гөрі 24,0 және 29,1% жақсы қорытатынын көрсетті. Целлюлозаны (жас ұнық) өте жақсы қорытатыны олардың асқазан­ішек жолының мықты жетілгендігіне (ішектері денесінен 27 есе ұзын) байланысты.

Тапсырма: