№9 тақырып: Туберкулез ауруын балау, дауалау және күресу шаралары.
Пән:
Эпизоотология
№9 тақырып:
Туберкулез
ауруын балау, дауалау және күресу
шаралары.
Сабақтың
мақсаты:
Диагностикалық әдістерін және симптомдарын, эпизоотологиясын, этилогиясын
оқу және ірі қара малына
туберкулинизация жасау техникасын көрсету.
Жоспар:
1.Туберкулез ауруына сипаттама, індеттік
ерекшеліктері,дерттенуі.
2.Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық
өзгерістері.
3. Ірі қара малына
туберкулинизация жасау техникасын көрсету.
4. Емі және күресу
шаралары.
1)Туберкулез
(Tuberculosis)
- малдың барлық түрінде, жабайы жануарларда, құстарда, терісі бағалы аңдарда
кездесетін созылмалы жұқпалы ауру.
Ауырған малдың органдарында ауруға тән бұдырмақтар (туберкулдар) пайда болады,
олар сүзбе тәріздес ыдырауға (казеоз) бейім. Аурудың жасырың кезеңі 2-6 аптаға
созылады. Ауру малдың лимфа түйіндерінің ұлғаюымен басталады. Шап, желін үсті,
мықым, алқым, жұтқыншақ сырты, құлық түбі, мойын, алдыңғы жаурын бездері
ісінеді.
Қоздырушысы:
Mycobacterium
Түрлері:Mycobacterium
tuberculosis - адамда
Mycobacterium bovis – ірі қара малда
Mycobacterium avium -
құста
Індеттік
ерекшеліктері.
Туберкулезге 50-ден астам үй және жабайы жануарлар , 20-дан астам құстар
шалдығады, олардың ішіндегі ең сезімталдары: теңіз тышқаны, маймыл, ірі қара
және тауық. Бұларға жуық шошқа,марал, түйе, ал терісі құнды аңдардан - күзен
түрады. Сирек ауыратын жануарларға ешкі,ит құстардан - қаз, өте сирек ауыратындарға
қой, жылқы және мысық жатады. Туберкулезге адам аса бейім
келеді.
Инфекция
қоздырушысының бастауы - туберкулезбен ауырған жануарлар. Олар микобактерияларды
нәжіспен, қақырықпен, сүтпен, сирегірек жағдайда шәуетпен бөліп шығарады. Ауру
малдың бөлінділері сыртқы ортаны, қораны, ауланы, жайылымды, суатты ластайды.
Сондықтан қоздырушының берілу факторларына жем, су, төсеніш, көң, т.б
жатады.
Аурудың
жұғуына малдың тығыз орналасуы қолайлы жағдай туғызады, инфекция жануарларға
қорада ұстаған кезде жұғады. Жайылымда аурудың таралуы сирек байқалады, сөйтсе
де егер жаз салқын және жауынды болса, туберкулез жайылымдагы малға да жаппай
жұғады.
Микобактериялар
сау малдың деңесіне ас қорыту жолы және тыныс жүйесі арқылы енеді. Бұзауға
негізі сүтпенен алиментарлық жолмен, ал ересек малға аэрогендік жолмен жүғады.
Шошқа мен құсқа негізінен алиментарлық жолмен жүғады. Тауықтың жұмыртқасы арқылы
одан шыққан балапанға трансоворияльдық жолмен де беріледі.
Аурудың
тарауына ықпал жасайтын факторларға бағып күту жағдайлары жатады. Етті сиырлар
жайылымда ұсталғанда өте аз ауырады. Егер оларды қорада байлап ұстаса ауруға
төзімділігі күрт төмендеп, туберкулезге бейімділігі
артады.
Дерттенуі.
Денеге енген ауру қоздырушысының төңірегіндегі торшалардың пролиферациялық өсуі
жэне экссудат бөліп шығару нәтижесінде қабыну процестері өрбиді. Ол маңға көп
ядролы алып торшалар мен эпителиоидты торшалар шоғырланып, олардың сыртын
лимфоидтық торшалар қоршайды. Торшалардың арасында іркілген экссудат ұйып,
фибриннен тұратын тор түзеді, соның нәтижесінде тамырсыз туберкулез бұдырмағы -
туберкула пайда болады. Бастапқыда оның түсі бозғылт, формасы домалақ болып,
үлкендігі түйреуіштің басындай немесе бидайдай болады. Біраздан соң бұдырмақ
дәнекер ұлпалы қапсуламен қоршалады. Капсуланың ішіндегі ұлпа қоректік заттар
келмеген соң және микроб уының әсерінен бөлектеніп, ірімшік тәрізді құрғақ
езілген массаға (казеоз) айналады.
Егер
бастапқы туберкулез бұдырмағы тек қана қоздырушы енген жерде (өкпеде, ішекте)
пайда болса, ондай шектелген ошақ бастапқы эффект деп
аталады. Одан қоздырушы әдетте сөл арқылы маңындағы сөл түйініне барадыда, онда
да дерттік өзгерістер өршиді. Ағза мен оның маңындағы сөл түйінің бір мезгілде
зақымдануын алгашқы толық кешен деп атайды.
Егер өзгеріске тек қана маңындағы сөл түйіні ұшыраса, онда процесс толық емес алғашқы кешен деп
аталады.
2)Аурудың
өтуі және симптомдары.
Туберкулезде инкубациялық кезеңнің ұзақтығы 2-6 апта аралығында. Ауру созылмалы.
Ауру айлап, жылдап созылады, ауру мал титығына жетіп арықтайды және өледі.
Аурудың жіті түрі өте сирек кездеседі, онда да жас малдарда. Шартты активті
немесе ашық, туберкулез, демек бактериялардың бронхиялдық шырыш, нәжіс немесе
сүтпен сыртқа бөлінуі және жасырын туберкулез, бұнда бактериялар ошақта
аулақтанған, демек сыртқа бөлінбейді.
Мүйізді
ірі қарада
негізінен өкпе зақымданады. Алғашқы белгілерінің бірі сиректеу құрғақ жөтел.
Бірте-бірте бір жұма және тіпті айлар ішінде жөтел жиіленеді,ауырсынады,ылғалды.
Салқын ауа, тозаң, қозғалыс жөтелге жол ашады. Процестің дамуына орай
аускультациялағанда сырыл естіледі немесе везикулярлық демалыс нашарлайды. Кейде
демалысы естілмейді. Аурудың ошағы көлемді келіп, үстіңгі жағында жатса
(тауықтың жұмыртқасынан кем емес) перкуссиялағанда әлсіздеу ошақ білінеді.
Демалысы қиындайды, оны жеңілдету үшін мал мойынын созады, жиі жөтелгеннен
барлық денесі дірілдейді.
Ауру
дамыған сайын тәбеті өзгермелі келеді. Мал бірте-бірте арықтайды, уланудан
тышқақтауда бұған себеп болады. Әдетте өкпедегі процеске лимфа түйіндеріндегі
өзгерістер ере жүреді. Олар үлкейген, бұдырмақ нығыз, кейде іріңді тесік пайда
болады. Өкпедегі процесс асқынғанда кеңірдек және көмекей ауырады. Бұл кезде
кеңірдек және көмекейді қысқанда ауырсынады және оған ұстамалы ауырсынатын жөтел
қосылады. Жұтыну ауыртады және қиын. Ауырсынуды азайту үшін мал мойнын созады.
Желіннің
туберкулезінде, зақымдалған бөлігінде бірте-бірте қатты тығыз бұдырмақ пайда
болады. Ауру бөлігі үлкейе бастайды. Бұнымен қатар желін үсті лимфа түйіндері
өзгереді (олар үлкейген және бұдырмақ). Сүтте кенет өзгереді: сұйық, үлпегі бар,
ал кейде ірің араласып көгереді.
Жатырдың
туберкулезі бедеулікпен сипатталады, жыныс органдарынан шырышты-ірің ағады,
жатырдың қабырғасы қалыңдайды, кейде бұдырмақтар пайда болады, жыныс мүшелері
зақымданған сиырлар күйлегіш келеді. Тері асты лимфа түйіндерінде өзгерістер
болады.
Қой
мен ешкі
туберкулезбен
сирек және байқаусыз ауырады. Ауру қатты еткен кезде ірі қарамен ұқсастығы
аңғарылады.
Шошқада
туберкулез
байқаусыз өтеді. Кейде жақ астындағы және жұтқыншақ артындағы сөл түйіндері
ұлғаяды. 3ақымданған түйіндерде абцессалар пайда болып, олар тесілгеннен кейін
іріңді ірімік бөлініп щығады. Өкпеге
ауқымды түрде зақымданса жөтел пайда болып, құсып, тыныс
тарылады.
Құстарда
туберкулез созылмалы, клиникалық белгілері айқын емес түрде өтеді. Бойға
жайылған түрі кезінде әлсіздік, жұмыртқаларының азаюы, арықтау (кеуде етінің
солуы) байқалады. Ішек зақымданғанда іші өтіп, бауыры зақымданғанда кілегейлі
қабықтары мен терісі сарғыш тартады. Кейде аяғы ақсап, табанында ісік пайда
болады.
Терісі
құнды
аңдарда
(түлкі,
күзен, сазқұндыз) негізінен туберкулезбен күшіктері ауырады. Ауырған аң әлсіреп,
шегіне жете жүдейді, өкпе зақымданған түрі кезінде жөтеліп, ентігеді. Ішегі
зақымданғанда іші өтіп, бауыры зақымданса кілегейлі қабықтары сарғыш тартады.
Түлкіде кей кезде терісінде ұзақ уақыт жазылмайтын ойылым пайда
болады.
Патанатомиялық
белгілері:
Ішін жарғанда өкпесінде қызыл – сұр сары түсті нығыз бұдырмақ. Өкпені тіліп
қарағанда көлемі әрқалай өліеттенген ұлпаны ошағы табылады. Кейбір жағдайда бұл
ошақтарда тас байланған, басқаларында ұлпалары іріңдеп қуыс пайда болған (тесік
өкпе). Үлкен ошақтармен қатар көлемі кендір дәніндей сары-сұр түсті бұдырмақтар
болады. Өкпенің зақымдалған бөлігіне жақын орналасқан плевраның тығыз келген фиброзды түйіндерімен жабылған, олар гүл капустаға және
полипке ұқсас. Бұндай фиброзды түйіндердің ортасында өліеттенген немесе тас
байланған, шет жағы тығыз келген ақ-сұр түсті фиброзды ұлпадан тұрады, оны
меруерт деп атайды. Кеуде қуысының лимфа түйіндері үлкейген, бұдырмақ, казеозды
ошақтар бар. Осыған ұқсас процестер басқа лимфа түйіндерінде де байқалады.
Өліеттенген туберкулез ошақтары бауыр, көк бауыр және бүйректерінде де
кездеседі.
1-сурет.
Өкпе туберкулезі.
а
– өкпелік бастапқы туберкулездық кешең (патологиялық ошақтар өкпе және
жергілікті лимфатүйіндерде);
б
– өкпенің миллиарлы туберкулезі;
в – өкпенің фиброзды ошақты туберкулезі.
3)Диагноз
қою әдістері. Жануарларға
туберкулезге тірі кезінде диагноз қоюдың негізгі әдісі – аллергиялық зерттеу. Малды
туберкулинмен ауруға тексеру екі айлық жасынан басталады. Ол үшін туберкулез
қоздырушысының өлтірілген өсіндісінен алынған препарат-туберкулин (аллерген)ді
пайдаланады. Туберкулиннің үш түрі
болады: альттуберкулин, сүт қоректілерге арналған құрғак тазартылған
туберкулин (ППД), құстарға арналған құрғақ тазартылған туберкулин (ПГІД).
Туберкулинді
тері ішіне және көз конъюнктивасына жібереді. Тері ішіне жіберу туберкулиндеудің
негізгі әдісі болып саналады.
Ø
Ірі
қара малына туберкулинді мойынның ортаңғы үштен біріне тері ішіне сыйымдылығы
1-2 мл шприц немесе инесіз инъектор арқылы жібереді.
Ø
Туберкулинді
жіберетін жерді жүнін кырқып (қауырсындарын жұлып), 70%-да спиртпен сүртеді.
Ø
Ірі
қараға туберкулин жіберу үшін инесіз инъекторларды кең түрде пайдаланады.
Ø
Туберкулиннің
дозасы ірі қараға 0,2 мл, құстарға
0,1 мл.
Ø
Реакцияны
ірі қарада 72 сағаттан соң;
Ø
Қой,
ешкі, терісі бағалы аңдарда - 48 сағат;
Ø
Құстарда
30-36 сағат өткең соң есепке алады да, нәтижесін "оң" немесе "теріс" деп
бағалайды.
Ø
Нәтижесі:Егер
туберкулин жіберген жер жайылған айқын шекарасыз қабынып,консистенциясы иленген
қамырға ұқсап, орны шектеулі, температурасы көтеріліп, гиперемия байқалса,
реакция оң болып есептеледі.
Ірі
қарада терінің қатпары маңындағы туберкулин жіберілмеген жердегі тері қатпарымен
салыстырғанда 3мм-8мм
немесе одан артық қалыңдаса, онда тексерудің нәтижесі "оң"’ деп
бағаланады.
Туберкулинді
көзге тамызу арқылы тексеру:
Көзге
төменгі қабақтың конъюнктивасына немесе көздің қасаң қабығына 3-5 тамшы
туберкулин тамызылады.
Реакцияны
есепке алу туберкулинді тамызғаннан соң 3, 6, 9, және 24 сағат кейін, ал екінші
рет тамызған соң 3, 6, 9, және 12 сағат өткенде байқалады.
Нәтижесі:Егер
көздің ішкі шетінен қоймалжың немесе іріңді сора ағып, конъюнктива қызарып,
домбығатын болса реакция оң болып есептеледі.
4)Емі.
Туберкулезбен
ауырған малды емдемейді, оны сою қажет. Сау емес фермаларда туберкулезді дауалау
үшін тубазид (изониазид) қолданылады. Дәріні жемге қосып күніне бір рет 10 мг/кг
дозада 75 күн қатарынан береді.
Мүйізді
ірі қараның туберкулезінің алдын алу үшін арнайы Кальмет және Терен 1924 жылы
дайындаған БЦЖ вакцинасын қолданады.
Дауалау
және күресу шаралары. Туберкулездің
алдын алу (профилактикалық) шаралары шаруашылыққа аурудың қоздырғышының сырт
жерден енуіне жол бермеу, ауру малды анықтау жүйелі түрде диагностикалық тексеру
жүргізу, ауру малдарды уақытымен сойып, сау малдарды қорғауға бағытталған және
адамдарды туберкулезден сақтау үшін кешенді ветеринариялық -санитариялық
шараларды қолдануға негізделген.
Сау
шаруашылықтардағы барлық шаралар сырттан ауру қоздырушысын әкелуден қорғауға
бағытталады. Ол үшін фермаға туберкулезден таза шаруашылықтардан сау малды ғана
алады. Әкелінген малды 30 күнге карантинге жауып,жұқпалы ауруларға тексереді.
Туберкулез
кезінде дезинфекциялау үшін хлоры бар препараттар неғұрлым күшті әсер етеді.
Хлораминнің 3-5% ерітіндісі оларды қырып тастайды. Құрамында 5 % активті хлоры
бар хлорлы әктің мөлдір ерітіндісі микобактерияларды 6 сағаттын ішінде, хлорлы
йодтың 10% ерітіндісі 3 сағат ішінде жояды.
Бақылау
сұрақтары.
- Туберкулез
ауруына сипаттама беріңіз?
- Туберкулез
ауруына қоздырғышын атаңыз?
- Туберкулез
ауруына негізгі
клиникалық белгілерін атаңыз?
- Ауру
қандай жолдар механизмі арқылы жұғады?
- Ауру
қандай формада өтеді?
- Туберкулез
ауруын қандай
аурулардан ажырату қажет?
- Туберкулез
ауруының патогенезі
қандай?
- Туберкулинизация
жасау кезінде қандай құралдар пайдаланылады?
- Ірі-қара
малына туберкулинизация жасау техникасын айтып
беріңіз?
Кестемен
жұмыс:
Туберкулез
ауруының
клиникалық белгілерін әр түрлі жануарларда өтуін сипаттаңыз? |
Туберкулез
ауруын қандай
аурулардан ажырату қажет? |
Ауру
қандай формада өтеді, жұғу жолдары қандай? |
Ірі
қарада- |
|
|
Қой
мен ешкі- |
|
|
Шошқада- |
|
|
Құстарда- |
|
|
Терісі
құнды аңдарда- |
|
|
Негізгі
әдебиет:
1.
Т.Сайдуллин
«Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары», Алматы -2009
жыл,
151-160 беттер.
Қосымша
әдебиет:
1.
Г.А.Байқадамова
«Жануарлар
мен құстарда сирек кездесетін індеттік аурулар», Қостанай, 2010.-134-139
беттер.
2.
А.А.
Конопаткин «Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары», 1984жыл.
3.
Сидорчук А.А.,Воронин Е.С., Глушков А.А. Общая
эпизоотология. М.: Колос, 2004.- стр 35-40