№3 тақырып: Ауылшаруашылық малдарда сібір жарасы. ( Топалаң)

 

Пән: Эпизоотология

№3 тақырып: Ауылшаруашылық малдарда сібір жарасы. ( Топалаң)

Мақсаты: Індетке қарсы шаралардың этиологиясын, эпизоотологиясын, белгілерін және балау  әдісін меңгеру.

 

Жоспар:1.Сібіржарасының анықтамасы, этиологиясы,індеттік ерекшеліктері.

                2. Клиникалық белгілері, пат-анатомиялық өзгерістері.

                3. Алдын алу және күресу жолдары.

 

1.Сібір жарасы – Anthrax- жіті өтетін, өлітию, септикалық құбылыстар, теріде шиқан тәрізді ісіктің пайда болуымен сипатталатын инфекциялық ауру. Аурудың қазақша атаулары: жалпы аты – топалаң; адамда - түйнеме, күйдіргі; қойда – топалаң; жылқыда – жамандат; ешкіде – шек-шек; түйеде – ақшелек, қарабез.

Қоздырушының морфологиясы және биологиялық қасиеттері. 

Түрі - Bacillus anthracis

Туысы - Bacillus

Тұқымдасы - Bacillaceae

Қатар - Eubacteriales

Класс (тобы) – Eubacteriae

  Этиология. Қоздырушысы - Bacillus anthracis -  ірі ( 3-10 х 1-1,5 мкм )  қозғалмайтын грам оң, спора түзетін ауа сыбағалы таяқша.Спора түзіп, қолайлы жағдайда вегетативті түрге ауысады. Төзімділігі: Вегетативті микроб төзімсіз 55 0 С температурада 40 мин ішінде өледі, ал 70 0 та 1 мин споралары  өте төзімді. Олар шіріген өлекседе тіршілігін сақтайды, суда жылдар бойы, топырақта ондаған жылдар сақталады.

     Дезинфицирлеуші заттар: 3 % креолин енгізсе 48 сағат 10 – 20 % хлоры әк, 10 % натрий, 15 % формальдегид.

             Індеттік ерекшеліктері. Топалаңға қой, ешкі, бұғы, сиыр, жылқы, түйе, жабайы сүт  қоректі жануарлар аса бейім. Шошқа біршама төзімді де, бұл аурумен созылмалы түрде ауырады.

    Топалаңның қоздырушысының бастауы – ауырған жануарлар. Олар бациллаларды нәжіс, несеп, сілекеій арқылы бөліп шығарады.

    Микроб әсіресе өлер алдында контаминирленгендердің табиғи тесіктерінен аққан қанды сұйықтықта көп болады.Қоздырушының ең басты берілу факторы – топалаңнан өлген малдың өлексесі.Топыраққа түскен топалаңның спорасының тағдыры топырақтың түріне байланысты.Микробтың ұзақ сақталуына гумусы мол, рН бейтарап топырақ аса қолайлы.

 

         2.Патологоанатомиялық өзгерістер. Топалаңнан өлген малдың өлексесі тез бүлінеді, әдетте кебініп, сіресуі болмайды немесе әлсіз дәрежеде байқалады.Табиғи тесіктерінен қанды сұйық, кейде қан ағады. Қан қара -қошқыл түсті ұйымайды.Сірі қабатының көп жері қанталаған. Көкбауыр шектен тыс ұлғайып, оның пульпасы жұмсарады, кесілген жерінен қара май тәрізді мол қырынды алуға болады. Жүрек аймағын қара қошқыл қанға толы, эндокард қанталаған.Ауыз қуысының ұлпаларында  қанталаған жалқақтар болады.Желке және бас миы өзгерген және қанталаған.

Патологиялық анатомиялық зерттеу. Өліксені зерттеу барысында келесі паталогиялық анатомиялық өзгерістер топалаң ауруын белгілейді; қан ұйымайды, талағы үлкейіп қараяды, өлексе сіресіп қатып қалмайды. Сөл бездері үлкейіп, қанталаған.

Клиникалық белгілері. Ауру белгілері көп түрлі: өкпелік, ішектік, терілік (күйдіргі), септикалық. Олар қоздырушының организмге ену жолдарына байланысты. Астыртын кезеңі 2-3 күн. Дерттің терілік түрінде теріде арнайы көршиқан дамиды және жалпы улану құбылысы байқалады. Көбінесе бір, ал кейде бірнеше көршиқан шығады. Алдымен теріде дақ пайда болады, сонан соң ол папулаға айналады, кейін везикула, сонан соң бірінің артынан бірі пустула және уытты жара шығады. Кейіннен інжу мен қоршалған қара алмасқа (антракс-көмір) ұқсас болады. Сонымен қатар регионалдық лимфаденит байқалады. Жара аузындағы қабыршақ 2-3 аптадан соң түсіп қалады. Осы кезде жалпы улану, құсу және т.б. белгілері байқалады.

Ішектік түрінде белгілері әрқилы, іші ауырады, өтеді, құсады.

Өкпелік түрінде – пневмония, жөтел, тұмау, демікпе. Сондай-ақ дерттің барша түрінде дене қызуы және өкпе ісінуі байқалады. 

Жануарларда ішектік және терілік түрлері жиірек кездеседі. Аурудың өршуі өте жіті (жай түскенде) және жіті түрлерінде байқалады.

 

screenshot_1.png

1-сурет. Сібір жарасы кезіндегі                                           2-сурет. Ірі қара мал ішегінін

     ірі қара малдың лимфа

түйіндерінің зақымдалуы                                                                         геморрагиялық қабынуы

3. Алдын-алу және емдеу биопрепараттар. Топалаңға осы кезде шырышты қабықшасыз № 55 штаммынан дайындалған вакцина қолданылады, оның сұйық және сублимациялық жолмен алынып келтірілген ұнтақ түрлері болады. Вакцинаны терінің астына үш айға толған малдардың төліне егеді. Иммунитет 10 күннен кейін пайда болып 2 жылға созылады.

Жануарларды енжар (пассивті) иммундеу үшін гипериммунды сарысу және гамма-глобулин қолданылады.

 Антибиотиктерден:

пенициллин, тетрациклин, левомицетин жоғары нәтиже береді

          Емі. Емдеу үшін топалаңға қарсы қан сарысуы мен иммуноглобулиндер қолданылады. Гамма – глобулиннің әсері сарысудан күштірек. Оны қойларға тері астына 20-40 мл енгізеді, алдын алуда. Ол 14 күн сібір жарасына қарсылық жасайды.

 

         Дауалау және күресу шаралары. Топалаңды дауалаудың басты бағыты бейім жануарларды вакциналау және індет жайлаған жерлерді толық есепке алу және сауықтыру, санитарлық шектеу шараларын жүргізу. Қауіп жоғары деңгейде деп есептелінетін аймақта вакциналау жылына екі рет жүргізіледі. Өлген мал  өлексесі сойылмайды, міндетті түрде өртеледі. Карантин ең соңғы ауырған мал сауыққан соң немесе өлген соң, егер егілген жануарларда асқыну болмаса, 15 күн өткеннен соң алынады.

 

Бақылау сұрақтары:

1.     Сібір жарасына сипаттама беріңіз?

2.     Сібір жарасының қоздырғышын атаңыз?

3.     Сібір жарасы негізгі клиникалық белгілерін атаңыз?

4.     Ауру қандай жолдар механизмі арқылы жұғады?

5.     Ауру қандай формада өтеді?

6.     Сібір жарасын қандай аурулардан ажырату қажет?

7.     Сібір жарасының патогенезі қандай?