№1тақырып:Індеттанудың нысандары мен әдістері. Инфекция мен иммунитет туралы ілімді індеттану тұрғысынан қарастыру.

Пән: Эпизоотология

№1тақырып:Індеттанудың нысандары мен әдістері. Инфекция мен иммунитет туралы ілімді індеттану тұрғысынан қарастыру.

Мақсаты: Инфекция, микроорганизмдердің тіршілік әрекеті мен макро және микроорганизм әрекеттестіктері туралы білімді меңгеру.

        Жоспар: 1. Пәннің даму тарихы. Індеттану мақсаттары.

                         2. Инфекция, инфекцияның формалары мен түрлері.

                          3. Иммунитет. Иммунитет түрлері.

                         4. Макро және микроорганизмдердің  симбиоз  формалары.

1. Пәннің даму тарихы. Бұл ғылымның бастапқы даму кезеңдерінде дәрігерлер мен табиғат зерттеушілер жұқпалы арулардың себептерін анықтауға баса назар аударды. Гиппократтың (біздің ғасырға дейінгі 460-37 жылдарда), Варрона (біздің ғасырға дейінгі 116-27 жылдарда), Лукрецийдің (біздің ғасырға дейінгі 95-55 жылдарда), Плинийдің (біздің ғасырға дейінгі 23-75 жылдарда), Галеннің (біздің ғасырға дейінгі 131-211 жылдарда) және басқа да сол кезде өмір сүрген ғалымдардың еңбектерінде жұқпалы аурулар қоздырғыштарының тірі  орга-ганизмдер болатыны жөнінен ғылыми болжамдар баяндалған екен. Атақты ғалым Авицена (біздің ғасырға дейін 980-1037 жылдарда) жұқпалы аурулардың пайда болуы ауа және су арқылы тарайтын майда, жәй көзге көрінбейтін тірі жәндіктердің әсерінен болады деген батыл пікір айтқан.Микроорганизмдерді алғаш рет ашу Левенгук  есімімен  байланысты.    Оның аспабы   заттарды   160-300 еседей   үлкейте  алатын   болған.   Осы   аспаптың   көмегімен Левенгук  ет  тағам-дарындағы зең саңырауқүлақтарын, тұрып қалған     қақ суындағы тірі организмдерді көрді, олардың пішінін, шамасы және қозғалысын сипаттап жазды.    Тістің    сыртына тұрып қалған  өңезін  суға езіп  қарағанда, ондағы тірі   организмдер   Левенгукқа   қатты   әсер еткен. Ол   бұл  препараттан  ерсілі-қарсылы жыбырлап жүрген  өте  ұсақжәндіктерді көргенін және олардың соншалықты көптігіне таң қалып, олардың    мөлшері    бүкіл    Үлы Британия   қүрама   корольдігіндегі  адамдар санынан әлдеқайда көп болса керек деген пікір айтты. Бұл тірі организмдердің ішінде шар және  қысқа таяқша тәрізділері  және А. Левенгук көріп бейнесі  иректелген түрлері бар екенін ол анық салюнбактериялардың формаларын байқады. Сонда Левенгук өзі жасаған маларымикроскоппен әртүрлі ашытқы саңырауқұлақтарды, бактериялар мен инфузорияларды көрген. Левенгуктің ашқан жаңалығы микроорганизмдер дүниесін зерттеуге, сөйтіп микробтар жөніндегі ғылым - микробиологияның дамуына  жол  ашты.Өз зерттеулерін Левенгук "Антони Ван Левенгук ашқан табиғаттың «құпия сырлары» деген атпен 1645 ж кітап етіп жарыққа шығарды Алайда ол бұл организмдерді сипаттап жазғанымен олардың табиғатта алатын орнын, әрекеттерін білмеді. Соған қарамастан Левенгук зерттеулері сол кездегі көптеген табиғат зерттеуші ғалымдардың назарын аударды. Сол кездегі ірі ғалымдар Роберт Гук және Нехоми Грга А.Левенгук ашқан жаңалығын дәлелдеп, мойындады. Делфте 1698 жылы орыс патшасы І-Петр тек микроскопты сатып алып қойған жоқ сонымен қоса шыныларды ажарлаушы
шеберлерді де Голландиядан алып кетті. Кейінірек Ресей ғылым академиясы отандық микроскоптар жасай бастады. М.В. Ломоносов алғашқылардың бірі болып    микроскопты   химиялық   зерттеулерге пайдаланды (1744ж).

Індеттану мақсаттары: Індеттанудың  екі басты мақсаты  бар: 1) Індет  процесінің заңдылықтарын зерттеу (яғни жұқпалы аурулардың пайда болуы,дамуы,таралуы мен жойылуы және осы процестің қарқынына  сыртқы орта шарттарының әсеріде  себепкер болып табылады).

2) Алдын алу әдістерін ұйымдастыру  мен жетілдіру  және  жұқпалы  аурулардың  көзін жою.   

Жалпы және жекеше індеттану.

   Жалпы індеттану індет процесінің барлық  немесе  көптеген  жұқпалы ауруларға  тән заңдылықтарын қарастырады.Яғни инфекция, індеттік  аспектілер, иммунитет,індет процесі,эволюция,номенклатура және жұқпалы аурулардың  топтастырылуы (класификациясы) туралы оқытады.

   Жекеше  індеттану  жеке  аурулар кезіндегі індет процесін зерттейді.Яғни  жеке жұқпалы аурудың ерекшеліктерін қарастыра отырып,оларды алдын алу мен көзін жоюында  жалпы және спецификалық шараларды  ұйымдастырады.

Індеттану – індеттің таралу жолдарымен, осыған себепші барлық  жағдайлар мен әсерлерді зерттейтін ғылым. Індеттану – індет  процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.

       2. Инфекция, инфекцияның формалары мен түрлері.  Инфекция – жануар организмі  мен зардапты микробтың бір-біріне әсерінен туындайтын ерекше

         Айқын инфекция немесе  инфекциялық  ауру – инфекцияның ең айқын көрінісі.Патологиялық  процесс  айқын  клиникалық және патологоанатомиялық   белгілермен сипатталады. Жасырын  инфекция   (симптомсыз, латентті, жасырын, иннапарантты) – инфекциялық процесс  сыртқа  білінбейді.

          Иммундеуші субинфекция – енген микробтың өсіп-өнбей тіршілігін тоқтатуының нәтижесінде организмнің дертке шалдықпай,онда иммунитеттің қалыптасуы.Мұның нәтижесінде организмнің қызметі  бұзылмайды және ол ауру қоздырушысының бастауына айналмайды.Сонымен  клиникалық сау малда бактериологиялық немесе вирусологиялық реакциялар байқалады.Иммундеуші субинфекция  микроб алып жүру тәрізді табиғатта кеңінен тараған.

        Микроб алып жүру – макроорганизмнің  денесіндегі  микроб өніп-өссе де,оның ауруға шалдықпауы.Макро және микроорганизм біркелкі тепе-тең күйінде болады.Микроб  алып жүрушілер- бұл инфекция қоздырғышының жасырын көздері болып табылады.

       Инфекция түрлері Инфекцияның көптеген түрлері болады.Оларды  қоздырғыш түрлеріне, оның организмге ену жолдарына,инфекцияның жергілікті ошақтарына байланысты жіктейді.

Инфекция түрлері: экзогенді және эндогенді (аутоинфекция), криптогендік, табиғи (спонтандық), жасанды (эксперименттік), жергілікті (ошақты), жайылған (генерализденген), қарапайым (моноинфекция), аралас (ассоциативті), айқын, жасырын (симптомсыз), субинфекция, реинфекция, секунаралық, суперинфекция, вирусемия, бактериемия (аэробты,анаэробты,іріңді), хламидиялық, микроплазмалық, риккетсиоздық, саңырауқұлақтық, алиментарлық (қоректік), респираторлық (аэрогендік), топырақтық, контактылық, трансмиссивтік.

    Инфекцияның жіктелуі организмге қоздырғыштың ену жолдары; жұғу тәсілдері; организмде қоздырғыштың таралуы; қоздырғыштың саны; көріну түрлері; қоздырғыштың  топтары, берілу механиздері;

Иммунологиялық  икемділік  және  оның  табиғи  төзімділік (резистенттілік) пен иммунитетті құруындағы ролі.

     Табиғи  төзімділік  (резистенттілік)  және  жұқпалы  ауруға қарсы иммунитет -  бұл жұқпалы аурулардан жануарлар   организмінің  әр түрлі қорғаныс механизмдері.

Иммунологиялық икемділік –бұл  организмнің өзінікі мен бөтенді ажыратып,генетикалық бөтен антигендік ақпарды өңдеп, оған иммунологиялық жауап реакцияларын беру қабілеті.

     Табиғи  төзімділікке  жататындар:  көптеген микроорганизмдер үшін терінің барьерлік қызметі; эпителидің бактерицидті қасиеті; май және тер бездерінің  секреттері; сілекейдің, көз  жасының  лизоцимі;  асқазан-ішек  секреттерінің  бактериоцидтігі  және т.б ; лимфа түйіндерінің  барьерлік қызметі; жергілікті қабыну реакциясы; фагоцитоз (организм ұлпаларындағы  лейкоциттермен және макрофактармен микроорганизмдерді жою) ; асқазан- ішек  жолдарының   қалыпты микрофлорасының қорғаныс қасиеті; гуморальді факторлар (қалыпты антиденелер,  комплект,  пропердин,  С-реактивті ақуыз,  бактериолизиндер).

  3. Иммунитет. Иммунитет түрлері.

Жұқпалы ауруға қарсы иммунитет -  бейімділікке қарама-қарсы жағдай,организмнің инфекция  қоздырушысының зардапты әсеріне төтеп беретін мүмкіндігі.

 Жалпы биологиялық  түсінікте иммунитет -  бұл организмнің  ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау мақсатындағы  қабілеттілігі. Берілген қабілеттілік  гендер жиынтығының  бір хромосомасына  бекітілген. Негізінде жұқпалы ауруларға қарсы иммунитеттің арнайы механизмдері болмайды, сондықтан да берілген ұғым шартты болып келеді. Иммунитет және жұқпалы ауруға қарсы иммунитет    созылмалы биологиялық  эволюцияның   нәтижесінде  пайда болған , организмнің  қорғаныс белгісі.

    Туа біткен иммунитет – белгілі  бір түрге жататын жануардың тұқым қуалаған биологиялық қасиеттері қалыптастырылады.Бұл иммунитет кейбір жануарлардың түрлерін белгілі бір ауруларға қарсы төзімді етеді.Туа біткен иммунитет  тұқым қуалайды.

    Туынды иммунитет -  жұқпалы аурудан айыққыннан соң пайда болып, ауруға байланысты бірнеше айға  немесе өмір бойы сақталуы мүмкін.

    Активті жасанды иммунитет -  бірнеше айдан  2 жылға дейін созылады.( көптеген вакциналарды қолдану кезінде),  пассивті иммунитет ( қан сөлдері немесе колостральді)  шамамен 15.....30  күнге спецификалық қорғанысты қалыптастырады ).

4.Макро және микроорганизмдердің симбиоз түрлері. Мутуализм – екі симбионттың, яғни макро және микроорганизмнің бір-бірінің тіршілігіне қолайлы жағдай туғызуы.

Комменсализм – симбиоз кезінде симбионаттардың бірі екіншісіне  зиян келтірмей-ақ соның есебінен тіршілік етуі.

Паразитизм – симбионттың бірінің екіншісіне тоғышарлық етуі.  Тоғышар микроб иесінің есебінен күн көріп қана қоймайды, өзі тіршілік ететін организмді зақымдап, зиян келтіреді.Егер қоздырушы және жануар организмі кездессе,онда клиникалық көріністері бар жұқпалы ауруға емес, инфекцияға немесе инфекциялық процеске әкеліп соқтыруы мүмкін.Сайып келгенде, инфекция және инфекциялық  процесс ұғымдары ұқсас емес.

Инфекциялық процесс  инфекция кезінде макро және микроорганизмдердің өзара  қарым-қатынастарының өзгеріске ұшырауы.Бастапқыда  инфекциялық процесс дамыса,содан соң  қосымша механизмдердің әсерінен  - індет процесі дамиды.Инфекция төрт негізгі түрлермен сипатталады.

Иммунологиялық толеранттылық  -  арнайы бір антигенге иммундік жауап болмайтын ерекше  иммунологиялық құбылыс.Организмнің  өз антигендеріне шыдамдылығы  болады да,қалыпты жағдайда оларға қарсы  жауап  бермейді. Толеранттылықтың  механизмін организмде  тиісті  лимфоциттердің клонының болмауымен  немесе олардаң тежелуімен түсіндіреді.Иммунологиялық толеранттылық антигеннің организмінен  толық ығыстырылғанына  дейін сақталады.Оның өрістеу механизмі әлі толық зерттелмеген.Кейінгі деректерге қарағанда,антиген  плазматикалық торшалардың белсенділігін  тежейтін Т- супрессорларды түзетін сияқты.

жағдай.Микробсыз инфекция жоқ, микроб инфекцияның негізгі себебі.

Бақылау сұрақтары:

1.      Инфекция,жұқпалы ауру және инфекциялық процесс  ұғымдарын қалай түсінесіз?

2.      Індеттану мақсаттары міндеті?

3.      Макро және микроорганизмдердің арасында  қарым-қатынастың қандай түрлері бар?

4.       Қандай негізгі факторлармен ауру қоздырғыштары организмге әсер етеді?

5.      Организмде зардапты микроорганизмдердің  қандай ену және таралу жолдары болады?

6.      Инфекция түрлерін атаңыз?

7.      Иммунитет. Иммунитет түрлері?