№6 тақырып: Қарасан ауруы , анықтау, емдеу және күресу шаралары.

Пән: Эпизоотология

№6 тақырып: Қарасан ауруы , анықтау, емдеу және күресу шаралары.         

       Мақсаты:Диагностикалық әдістерін және симптомдарын, эпизоотологиясын, этилогиясын оқу.

     Жоспар: 1. Қарасан ауруы анықтамасы.Ауру кезіндегі індеттік ерекшіліктері.

                      2.Клиникалық белгілері,патологоанатомиялық өзгерістері,Иммунитет.

                      3.Алдын –алу және күресу шаралары. Емі.

1. Қарасан (Gangrena emphysematosa, эмфизематозный карбункул) – жіті өтетін, жұғымтал емес, бұлшық еттердің басып көргенде сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшелеңетін жұқпалы ауру.

Тарихи деректер. Қарасан ерте заманнан белгілі, бірақ, оны ұзақ уақыт топалаңмен шатастырып келді. 1870 ж Ф. Шабер бұл екі жұқпалы аурудың клиникалық белгілерін талдап, бір-бірінең ажыратты. Қоздырушысын-1887 ж. С. Арлуэн мсн Ж. Томас ашгы. 1925 ж Лекленш иен Валлэ вакцина ұсынды.

Қоздырушысы - Clostridium chauvoei - түзу, аздап иілген таяқша, ұзындығы 2-8 мкм. Үлпалардан алынған жағындыда жеке дара немесе қосарланып орңаласады, қозғалады, жаңа өсіндіде грамоң, есқірген кезде грамтеріс боялады. Өлексе мен сыртқы ортада микробтың ортаиында, болмаса шеткерірек орналасқан, оның диаметрінен үлкен спора түзеді, қауашақ түзбейді. Қоздырушысы табиғатта кең тараған, топырақта, көңде, түбі лай су қоймаларында кездеседі. Дені сау сиыр, қой, жылқы, т.б. жануарлардың ішектерінің ішіндегісінен бөліп алуға болады.

Cl. chauvei - нағыз ауасыбағасыз микроб. Қан, бауыр, ми қосылған қоректік орталарда (Китт-Тароцци, Хоттингер орталары) өседі. Қоздырушысының өн-бойындағы соматикалық О-антигені осы микроб түрінің барлық өкілдеріне ортақ. Жіпшелеріндегі Н-антигені бойынша қойдан жэне сиырдан бөлінген штамдарының айырмашылығы бар. Қоздырушының споралары аса төзімді келеді. Олар топырақта, суда бірнеше жыл, шіри бастаған етте, көңде 6 айға дейін сақталады. Тура түскен күн сәулесі 24 сағ., қайнату 2 сағ., автоклавтау 30-40 мин. өлтіреді. Ең сенімді дезинфектант - 4% формальдегид ерітіндісі.

Індеттік ерекшеліктері. Қарасанмен негізінен 3 айдан 4 жас аралығындағы сиыр малы, сирегірек қой, ешкі, бұлан мен бұғы ауырады. Жас төл колостральдік иммуниеттің, ал сақа мал иммундеуші субинфекцияның әсерінен төзімді келеді. Негізінен қоңды, бұлшық еттерінде гликоген мол жас жануарлар ауырады. Түйе мен шошқаға қолдан жұқтыруға болады. Зертханалық жануарлардың ішінде теңіз тышқаны аса сезімтал. Инфекция қоздырушысының бастауы - ауырған жануарлар, ал таралу факторларына ауру қоздырушысының спораларымен ластанған топырақ, жем-шөп, жайыпым, батпақты, ағыны жоқ су көздері жатады. Ауру алиментарлық жолмен жэне зақымданған тері арқылы жұғады. Қоздырушының денеге бойлауына ауыздың кілегейлі қабығының бүлінуі, ішек-қарынның қабынуы, кейбір гельминтоз аурулары жағдай жасайды. Қойларға негізінен тері арқылы, қырыққан кезде жүғады. Қарасан негізінен спорадия түрінде бірен-саран кездеседі. Сөйткенменде бордақылау кешендерінде шағын індеттік тұтану ретінде байқалады. 1-2апта ішінде ондаған мал ауырады. Өлім көрсеткіші жоғары болып, 80% дейін жетеді.А уру жылдың кез келген мезгілінде кездескенімен, жазғы, күзгі ,маусымдығы айқын сезіледі.

Дерттенуі. Ішек-қарын немесе зақымданған тері арқылы микроб қанға өтіп, бүкіл денеге жайылады да, гликогені мол бұлшық етті мүшелерге тұрақтайды. Клостридиялар оттегі аз, зақымданған жерлерде тез өсіп-өнеді. Оның нәтижесінде токсиндер мен агрессиндер бөлінеді. Фагоцитоз тежеліп, ұсақ қан тамырлары зақымданады, гликогеннің ыдырауынан газ бөлініп шығады. Бұның нәтижесінде зақымданған телім домбығып, басып көргенде сықырлайтын дыбыс шығарады. Токсиндер мен ыдыраған ұлпаның өнімдері қанға өтіп, бүкіл организмді улайды. Бұдан барып дененің ыстығы жоғарылап, жүректің, ішкі ағзалардың, әсіресе, бауырдың қызметі бұзылады да, аурудың ақыры өлімге соқтырады.

2.Клиникалық белгілері. Жасырын кезеңі өте қысқа 1-2 күн, кейде 5 күнге дейін созылады. Әдетте ауру кенеттен басталады да, жіті осы ауруға тән карбункулезді түрде өтеді. Жекелеген жануарларда кәдімгідей емес үзілмелі түрде өтуі мүмкі. Өте жіті қағынған түрі де байқалады.

Жіті өтуі дененің ыстығы 41-42°С дейін көтерілуімен басталып, дененің бүлшық еті мол түстарында (сан, сауыр, мойын, әуке), кейде ауызда, аңқада, тез үлкейетін (8-10 сағатта) ісік пайда болады. Ісік бастапқыда тығыз, ыстық болады, ауырсынады, басып көргенде сықырлайды, тықылдатқанда (перкуссия) тимпаниялық дыбыс береді. Кейіннен ісік суынып, сезімталдығы басылады. Ол жердің терісі қызыл-қоңыр түске енеді. Маңындағы сөл түйіндері ұлғаяды. Карбункулалар санында, сауырында, жауырынында болғанда мал ақсайды. Дерт ауызда болғанда тіл сықырлайтын ісікке шалдығады. Аңқада болған процесті қүлақтың түбін басып көргенде шығатын дыбыс арқылы аңғаруға болады. Тереңде орналасқан бұлшық еттердің зақымданғаны өлексені сойғанда ғана байқалады.

Инфекциялық процесс өрбігенде жануардың жалпы күйі нашарлайды.

Ауырған мал күйзеліп, жемшөпке қарамайды. Тынысы жиілеп, жүрек ырғағы бұзылып (минутына 100-120), қан тамыры толымсыз соғады. Өлер алдында дененің температурасы қалыптан төмендейді. Әдетте ауырған мал 1-2 күнде, кейде 3-10 күнде өледі. Кейбір жануарларда, әсіресе, кәрі малда, а)фу кәдімгідей емес үзілмелі

түрде байқалуы мүмкін. Оңдай жағдайда жануардың тәбеті нашарлап, сәл күйзеліп, кейбір бұлшық еттерін басып көргенде домбығу білінбесе де ауырсынады. Бүндай жағдайда 3-5 күнде жазылып кетеді.

Аса жіті өтуі біршама сирек, әдетте 3 айлық бұзауларда кездеседі. Ауру қағынған түрде, дененің қызынуы, қатты күйзеліс арқылы карбункуласыз байқалады да, 6-12 сағ. ішінде өліммен аяқталады.

Қойда қарасан сиырдағыдай өткенімен, сықырлауық домбығу көбінесе байқалмайды. Малдың ауызынан көбік ағып, тісін шықырлатады, іші кеуіп, жүнсіз тықыр жерлері қоңыр-сарғылгганып дымданады (қанды тер шығады). Ауру өте жіті өтіп, бірнеше (6-24) сағатта, кейде 2-3 күнде өліммен бітеді.

Паталогиялық-анатомиялық өзгерістер. Егер қарасанға балау тірі кезінде қойылса, қоздырушыны таратпау үшін өлексені союға болмайды.Өлексе газдармен тырсиып кеуіп жатады. Табиғи тесіктерінен қанды сұйық ағады. Тері асты шелі мен зақымданған бұлшық еттері қанталайды. Ондай бұлшық еттерді тілгенде түсі қара қошқылданып, газ көпіршіктері көрінеді, қоңырсық иіс сезіледі. Маңындағы сөл түйіндері ұлғайып, тілгенде қара-қошқыл түсті, қанталаған ошақтары болады. Қан қара-қошқылданып ұйиды. Көкірек және құрсақ қуыстарында, жүрек қабында қызыл-сарғыш түсті күңгірт сұйық іркіледі. Өкпесі домбығып, қанға толады. Көк бауыр ісініп, болбырайды. Бауыры үлғайып, өліеттенген телімдер пайда болып, газ көпіршіктері байқалады. Мұндай өзгерістер бүйректерінде де кездеседі. Сірі қабық-

тары эдетте қабынып, фибрин қапшықтары пайда болады.

Ішкі ағзаларындағы өзгерістер үнемі бірдей бола бермейді, ал кәдімгідей емес түрінде оншама біліне қоймауы да мүмкін.

Балау қою үшін клиникалық-індеттанулық деректерді пайдапанып, па-тологоанатомиялық, бактериологиялық, биологиялық зерттеулердің нәтижелерін негізге алады. Зертханаға экссудат сүйығын, зақымданған бүлшық ет, бауыр, көкбауыр кесінділерін, жүректегі қанды жібереді. Материалды мал өлген соң 2-3 сағ. кешіктірмей алу керек. Қажет болған жағдайда 30-40% глицеринмен консервілейді.

Зертханада микроскопия жасап, бактериологиялық зерттеулер жүргізеді. Зақымданған ағзалардың суспензиясын немесе бір күндік өсіндіні теңіз тышқандарына жұқтырады. Материалда қарасанның қоздырушысы болса теңіз тышқаны 18-48 сағ. өледі. Өлексені сойып көргенде ағзаларында ауруға тән өзгерістер байқалады, ап ағзалардан жэне бауырдан сүйкеп апынған жа-ғындыларда жеке және қосарланып жатқан түйіршікті немесе біртұтас боялған ірі таяқшаларды көруге болады. Осы арқылы жағындыда тізбек түзіп жататын басқа микробтардан ажыратуға болады.

Ажыратып балау. Қарасанды ең алдымен топалаңның карбункулезді гүрінен және қатерлі домбығудан ажырату керек. Топалаң кезінде карбункула басқанда сықырламайды. Топалаңның қоздырушысы патматериалдан алынған

жағындыда ұшы кесілген, сыртында қауашағы болады. Организмде спора түзбейді. Қатерлі домбығу әдетте жарақаттан кейін байқалады. Диагноз тек бактериологиялық зерттеудің нәтижесінде қойылады.

Иммунитет. 3 айға дейінгі төл енесінен уыз арқылы алған енжар имму-нитеттің нәтижесінде ауруға шалдықпайды. 4 жастан асқан жануарларда иммундеуші субинфекцияның әсерінен табиғи иммунитет пайда болады. Ауырып жазылған малда ұзақ мерзімге иммунитет сақталады. Қазіргі уақытта қарасанға қарсы аллюминийдің гидратты тотығы қосылған формолвакцина қолданылады. Онымен сиыр мен қойды егеді. Америка Кұрама Штаттарында қарасанның этиологиясында Шавонның клостридиясынан басқа CLsepticum, кей жағдайда Cl.novyi (оның түрлері: Cl.oedematiens, CLgigas, Cl.haemolyticus) қатысады деп есептеп, бұл микробтарды вакцинаның кұрамына енгізеді.

3. Алдын-алу  және күресу шаралары. Ауруды болдырмау үшін малды балшықты, ағынсыз су көздерінен суаруға, сазды жайылымдарға жаюға, топы-рақпен былғанған жемшөп беруге болмайды. Ферма мен жайылым террито-риясының санитариялық-гигиеналық жағдайына үнемі бақылау жасап, жа-нуарларды жарақаттанудан сақтау керек. Сау емес шаруашылықтарда сиыр малын 3 айдан 4 жасқа дейінгі аралықта, қойды 6 айдан жоғары жаста егу қажет. Әдетте жайылымға шығар алдында егеді. Егер жайылым маусымы ұзақ болса 6 айдан соң қайталап егеді.

Қарасан жиі байқалатын жерде бұзауларды 2 рет 3 және 6 айлығында егеді.

Қарасан шыққан шаруашылыққа қарантин қойылады. Ауруғу бейім жануарларды, ауырған мал жанасқан жемшөпті басқа шаруашылыққа әкетуге тыйым салынады. Ауырған және күдікті малдарды оқшаулап, емдейді. Қалғандарын түелдей вакцинамен егеді. Ауырған малды лажсыз союға, еті мен сүтін пайдалануға болмайды. Өлексені терісімен бірге, көң мен жемшөптің қалдығын жағып, өртейді. Қора-жай мен мал тұратын ауланы механикалық тазалаудан кейін дезинфекциялайды. Ағымдағы дезинфекцияны әрбір  ауру мал бөлінгеннен кейін 3 қайтара сағат сайын жүргізеді. Оқшаухана күн сайын дезинфекцияланады. Дезинфекция 4% формальдегид, 10% күйдіргіш натрий, 5% белсенді хлоры бар хлорлы экпен жасалынады.  Ауру мал жанасқан жемшөпті жылқыға немесе қарасанға егілген сиырларға еккеннен кейін 16 күн өткен соң беруге болады.

Карантин соңғы ауру мал сауыққаннан немесе өлгеннен кейін 14 күн өткен соң қортынды дезинфекциядан қейін алынады.

Қасапханада қарасан байқалған жағдайда ұшаны барлық ағзалары мен терісін қоса утиль зауытына жібереді немесе өртейді. Қасапхананы, құрал-жабдықтарды дезинфекциялайды.

Емі. Ауру өте жіті өтетіндіктен ем көбінесе нәтиже бермейді. Тек қана уақыттылы, алғашқы белгілері біліне бастағанда жүргізілген ем нәтижелі болады. Емдеу үшін антибиотиктер қолданылады. Пенициллинді 5-91 мың ӘБ/кг дозада бұлшық етке 0,5% новокаин ертіндісімен эрбір 6 сағ. сайын күйіжақсарғанға дейін жібереді. Биомицинді 3-5 күн бойы күн сайын 3-5 мг/кг мөлщерінде бұлшық етке, дибиомицинді де осы жолмен 40% глицеринмен жібереді. Соңғы антибиотиктің емдік концентрациясы организмде 9 күңдей сақталады. Қабынған етке бойлата 3% карбол қышқылы немесе лизол, 1-3% сутегінің асқын тотығы, 0,1% калий перманганатын жіберу дерттің бәсеңдеуіне көмектеседі.

Бақылау сұрақтары.

  1. Қарасан ауруына сипаттама беріңіз?
  2. Қарасан ауруына қоздырғышын атаңыз?
  3. Қарасан ауруына негізгі клиникалық белгілерін атаңыз?
  4. Ауру қандай жолдар механизмі арқылы жұғады?
  5. Ауру қандай формада өтеді?
  6. Қарасан ауруын қандай аурулардан ажырату қажет?
  7. Қарасан ауруына патогенезі қандай?
  8. Қарасан кезінде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет?

Кестемен жұмыс:

Қарасан ауруының клиникалық белгілерін әр түрлі жануарларда өтуін сипаттаңыз?

Қарасан ауруын қандай аурулардан ажырату қажет?

 

Ауру қандай формада

 өтеді, жұғу жолдары

 қандай?

 

Алдын-алу шаралары қалай жүргізіледі?

 

 

Емі.

 

 

Ірі қарада-

 

 

 

 

 

 

 

Қой мен ешкі-