№10 тақырып: Жылқы ауруы-Маңқа.
Пән:
Эпизоотология
№10 тақырып:
Жылқы
ауруы-Маңқа.
Сабақтың
мақсаты:
Студенттерді маңқа қоздырушысының
биологиялық қасиеттері және аурудың балау әдістерімен таныстыру.
Жоспар:
1.
Жылқы
ауруы- Маңқа
сипаттамасы , індеттік
ерекшеліктері.
2.Клиникалық
белгілері, патологоанатомиялық өзгерістері.
3. Ажыратып балау және
емі.
1.Маңқа
(Malleus)
– жылқының, есек пен қашырдың өкпесінде, ішкі мүшелерінде, танаудың кілегей
қабықтарында және терісінің әр
жерінде өзіндік (маңқалық) түйіндердің, іріңді күлдіреуіктін , абсцесстің
шығуымен, олар ыдырағанда орындарында іріңді ойық жара пайда болумен
сипатталатын созылмалы жұқпалы ауру. Кейде жіті түрде өтеді. Маңқа ауруы адамға
да жұғады.
Қоздырушысы
және оның морфологиясы:
маңқаның қоздырушысы Pseudomonas
mallei патматериалдан дайындаған жұғындыда шеттері жұмыр, жіңішке таяқша
сияқты, ұзындығы 2-5 мкм, жуандығы 0.5-0.8 мкм. Жеке-жеке орналасады, кейде жұп
түрінде . Микроб спора және капсула түзбейді.
Анилин
бояуларымен бояуға болады, сілті қосса жақсы нәтиже береді. Мысалы: бояу мына
құрамада: метилен көгінің қаныққан спиртті ерітіндісінің 3 бөлігінің , күйдіргіш
натрийдің 0,01% су ерітіндісінің 1 бөлігі. Дайын жұғынды 3 минут боялады. Осы
әдіспен бояғанда маңқа таяқшаларының түйіршіктігі жақсы байқалады. Грам әдісімен
боялмайды. Бөгде микроб жоқ, жарылмаған абсцесс, лимфа түйіндерінен және т.б.
іріңді микроскопиялаудың балауда кейбір маңызы бар. Жарылған абсцессте және
мұрын ағындысын микроскопиялау ештеңе бермейді.
Аурудың
қоздырушысы 2-4% глицерин қосқан қарпайым қорекетік орталарда өседі, аэробты.
Глицеринді ЕПА екінші тәулікте шырышты жабысқан ақ-сұр түсті болар-болмас қатпар
пайда болады, бірте-бірте ол
қоңырланады. Глицеринді ЕПС, тегіс бұлдырланады, қабырғаға жанас сақина және
шырышты қабықша пайда, кейіннен ақ-сұр тұнба түседі.
Қоздырушының
төзімділігі.
Pseudomonas mallei сыртқы ортада төзімсіз. 80ºС температурада қыздыру 5 минутта,
күн сәулесі 24 сағ., қарын сөлі – 30 мин. Қоздырушыны жояды. Су ішінде және
шіріп жатқан материалда микроб 10 тәуліктің ішінде өледі, кепкен танау
бөліндісінде 7-15 күн, несепте 4 сағат тірі қалады. 1 % күйдіргіш натрий
ерітіндісі, 2% фенол, 5% хлорлы әк, 3 % креолин 1 сағатта жояды, лизозолдың 5%
ерітіндісі қырып тастайды.
Патогендігі.
Мақаға сыңар тұяқтылар бейім: жылқы, есек, қашыр. Маңқамен жыртқыштарда
(арыстан, жолбарыс, ілбісін, сілеусін, аю) ауырады.
ТМД елдерінде маңқа жойылған, бірақта көрші
Азия елдерінде бұл ауру әліде орын алады, демек оның біздің территориямызға ену
қауіпі бар. Аурудың негізгі көзі ауру малдар, әсіресе ауру белгісі білінбейтін
созылмалы түрімен ауыратындары. Негізінен жұқпалысы тыныс жолдарынан бөлінгендер, мұрындарынан аққандар және
жұлынын қалған терідегі ойық жаралар. Осы бөлінгендер мал азығын, суатты, мал
күтіміне қажет құралсаймандарды сау малдарды залалдайды. Ауру негізінен ас
қорыту аппараттары, сиректеу терісі арқылы жұғады. Тікелей жанасу арқылы да
(түшкіру, пысқыру, осқыру,ойықшы жараны жалау) жұғуы ықтимал, бірақ ол сирек,
демек ауру малды бірден жояды. Ал созылмалы ауыратындары байқаусыз қалып, ауру
таратушылар болмақ.
2. Клиникалық
белгілері.
Жасырын кезеңі бірнеше күн (3
күннен 2-3 жұмаға дейін). Қоздырушының вируленттілігі және организмнің
төзімділігіне қарай аурудың барысы әр-түрлі болмақ.Соңғысы өз кезегінде малды
азықтандыру, күшін және пайдалануымен байланысты.
Барлық
факторладың қосылу қорытындысында ауру жіті немесе созылмалы (жиі) өтеді және
бірнеше жұмадан бірнеше жылға дейін созылады.Көпшілік жағдайда ауру малдың
арықтауы және өліммен аяқталады. Сиректеу маңқа ошағы қабықтанады және тас байланады, мал ауруынан
айығады.
Патологиялық
процестің шоғырланған жеріне қарай
мұрын, өкпе және тері маңқасы деп ажыратады.
Жіті
формасы дене қызуының көтерілуінен басталады, азықтан бас тартады.
Танаудың
кілегей қабықтарында сарғыш түйіндер шығады, олар некрозданады, оның орындарында
ойықты жара пайда болады. Кілегейлі қабықтың қабынуына орай мұрыннан
шырышты-ірің аға бастайды және алқым лимфа түйіндері іседі. Бірте-бірте мұрынның
кіленейлі қабықтары жайылады және қосылып, көлемді ойықты жараға айналып білік
тәрізді шеттерімен сау ұлпалардан бөлінеді.Ауру мал жөтеледі, пысқырады, ірің
сыртқы ортаға шашылады, мал жүдейді. Шамамен 10-15% терінің үстіне, көбіне артқы
аяқтарына алдымен түйін пайда болып, кейіннен жуан қабырғалы ойықты жара
айналады. Маңындағы лимфа тамырлары ісініп жуандайды, жуан бауға ұқсайды.
Осындай өзгерген лимфа тамырларының бойымен абсцесс түзіліп, кейіннен ойықты
жараға айналады.
Созылмалы
маңқаның клиникалық белгілеріне бірте-бірте арықтау, жөтел,мұрынынан іріңді
сора,мұрынының жазылған кілегей қабықтарының орындарында жұлдыз тәріздес дәнекер
ұлпалы тыртықтар пайда болады. Алқым сөл түйіндері үлкейген, нығыз, ауырмайды,
терімен бітіскен. Аяқтарының терісінің үстінде абсцесс, ойықты жара, тыртық,
лимфа тамырларының жуандауы кездеседі. Осыларға дәнекер ұлпаларының қарқынды өсуі ілеседі («піл
аяқ»). Бірақта созылмалы аурудың жасырын өтіп,клиникалық белгілерінің байқалмауы
мүмкін, ондай жағдайда аллергиялық және серологиялық әдістері көмекке келеді
(малеинизация; КБР).
Негізгі
патанатомиялық белгілері.
Өлексе әдетте арық (көтерем). Маңқадағы өзгерістер негізінен жоғарыда
айтқанымыздай – терісінде, танаудың кілегей қабықтарында шоғырланады. Кейде
ондай ойық жаралардың шеттері көтерілген « жанартау аузына» ұқсайды. Өкпеде
түйінді маңқа немесе маңқа пневмониясы болады. Түйіннің мөлшері түйреуіш басынан
орман жаңғағына дейін жетеді. Өкпенің кейбір бөліктері нығыздалған, түсі
қызарған, жылтыр, ылғалды.
Бұндай
түйіндердің ортасы некрозды немесе іріңді, соның әсерінен қуыс пайда болады.
3.Ажырататын
балау.
Маңқаға балауды эпизоотологиялық, клиникалық, патанатомиялық деректер бойынша,
аллергиялық және серологиялық зерттеулермен кешенді қойылады.
Аллергиялық
балауға маллеин сынамасын (көз, тері асты және тері ішіне) колданады.
Бұл
ауруға балау қоярда сақ болу керек, эпизоотологиялық, клиникалық деректерді және
биологиялық зерттеудің қорытындысын ескеру керек. Эпизоотологиялық маңызы, ауру
импортталған жылқылармен шет мемлекеттерден енуі мүмкін. Клиникалық белгісінен
созылмалы арықтаудың маңызы үлкен, жөтел, тану кілегей қабықтарында түйін, лимфа
түйіндеріндегі өзгерістер, кейбір кезде терідегі ерекше өзгерістер.
Маңқадағы
тері зақымдауын эпизоотологиялық және ойықжаралық мандамнан ажырату керек- бұл
ауруда ойық жара сәнді түйіршікті
ұлпамен жабылған, іріңді криптококктер (микроскопия) болады.
Мандамда
ойықты жара тез жазылады, грануляция жақсы өтеді.
Маңқаның
клиникалық белгілері, демалыс органдары зақымданғанда сақауға ұқсас, соңғысында
көбіне құлындар ауырады, алқым сөл түйіндері іріңдейді, кеңсірік кіленей
қабықтарында түйін және ойықты жаралар болмайды.
Жұқпалы
емес риниттерде, созылмалы, шырышты қабынуда - танауының кілегей қабықтарында түйін
және ойықша жаралар болмайды, алқым сөл түйіні ыстық, аурушаң.
Бірақта
маңқаны дұрыс анықтауда клиникалық белгілері жеткіліксіз, маллеин пробасын жасау
керек немесе қанның сарысуын КБР-мен зерттеу керек.
Аллергиялық
балауға маллеинді қолданады, ол үшін арасында 6 күн сайын екі дүркін көзіне
тамызады.
Жылқы
ауру болса конъюктивасы қызарады және іседі, сондай шырышты- ірің ағады. Жылқы
ауру болса екінші маллеинге реакция
өте күшті болады.
КБР
маллеин қолдануды ауыстыра алмайды,
қосымша ретінде қолданылады.
Тері
астында маллеин егін тексеруге болады, бірақта дәріні конъютиваға тамызып
зерттеумен теңесе алмайды.
Негізгі
емдік және дауалау шаралары.
Ауру жылқыны емдеуге тиым салынған, оларды жояды.
Бақылау
сұрақтары.
- Маңқа
ауруына сипаттама беріңіз?
- Маңқа
ауруының қоздырғышын атаңыз?
- Маңқа
ауруының негізгі
клиникалық белгілерін атаңыз?
- Ауру
қандай жолдар механизмі арқылы жұғады?
- Ауру
қандай формада өтеді?
- Маңқа
ауруын қандай
аурулардан ажырату қажет?
- Маңқа ауруының патогенезі қандай?
Негізгі
әдебиет:
1.
Т.Сайдуллин
«Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары», Алматы -2009 жыл,
Қосымша
әдебиет:
1.
Г.А.Байқадамова
«Жануарлар мен құстарда сирек кездесетін індеттік аурулар», Қостанай,
2010.-134-139 беттер.
2.
А.А.
Конопаткин «Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары», 1984жыл.
3.
Сидорчук А.А.,Воронин Е.С., Глушков А.А. Общая
эпизоотология. М.: Колос, 2004.- стр 35-40