№2тақырып: Індет ошағы (эпизоотикалық ошақ) және жұқпалы аурулардың табиғи ошақтануы. Індеттанулық талдау негіздері
Пән:
Эпизоотология
№2тақырып:
Індет
ошағы (эпизоотикалық ошақ) және жұқпалы аурулардың табиғи ошақтануы. Індеттанулық талдау
негіздері
Мақсаты:
Індет ошағын зерттеу және Індеттанулық талдау негіздерін мәнін ұғыну.
Жоспар:
1.Індет ошағы
2
Індет ошағының түрлері
3 Шаруашылықта iндеттанулық тексеру және
акт жасай білу
1.Iндеттiк
ошақ
– деп iндет процесi өтетiн орынның негiзгi үш қозғаушы күштерi: iндет (инфекция)
қоздырушысының бастауы, берiлу тетiгi және бейiм жануарлардың өзара бiр-бiрiне
әсер ететiн кеңiстiгi.
Басқаша
айтқанда iндеттiк ошақ –дегенiмiз
ауру қоздырушысының нақты бiр орын тепкен немесе қоздырушының көзі табылған
кез-келген қауiптi объект.
Мысалы:
микроб
не вирус алып жүрушi мал тұрған қора iндет ошағы болып табылады, ал егерде ол
жануар, мал қорадан аулаға, жайылымға шықса, онда қорада, аулада тiптi жайылымда
iндеттер ошақтары болып есептеледi.
«Iндет
ошағы» ұғымын инфекция ошағымен шатастыруға болмайды. Iндет ошағы территорияға
тән ұғым болса, ифекция ошағы деп зардапты ауру қоздырушы микроб жайлаған дертке
шалдыққан дене мүшесi немесе ұлпаны айтады.
Iндет
ошағын жою – жұқпалы аурулармен күресудiң басты мақсаты және негiзгi жолы. Iндет
ошағын жоюдың мiндеттi шарттары:инфекция қоздырушысының бастауын құрту және
сыртқы орта объектiлерiн түбегейлi зарарсыздандыру.
2 Індет ошағының түрлері:
Iндет
ошақтарын пайда болған жерiне, уақытына және белгiлi жануалардың түрiне
байланысты төрт түрге бөледi.
Уақытына
қарай:
жаңа iндет ошағы-деп жуықта пайда
болып, ауруға шалдыққан жануарлардың саны әлi де болса өсiп келе жатқанын,
аурудың таралуы жоғары болатынын айтады;
өше
бастаған-деп
iндеттенудiң бәсендеуiн, қоздырушының белсендi бастауларының азаюымен байланысты
аурудың әрi қарай таралу қауiпi төмендегенiн айтады.
Жерiне
қарай:
тұрақты
iндет ошағы –деп
бiр белгiлi жерде аурудың тұтануы оқтын- оқтын байқалып тұратынын, нақтылы бiр
себептердiң салдарынан мұндай ошақта аурудың шығуының мүмкүндiгi сақталады (
мысалы: топырақта спораның сақталуы, листерия қоздырушысының сүрлемеде (силоста)
сақталуы, жануарлардың арасында микроб алып жүрушiлердiң
болуы).
Жануарлардың
түрiне қарай:
табиғи
iндет ошағы-
деп белгiлi бiр территорияда жұқпалы аурудың қоздырушысының жануарлардың
арасында айналымда болатынын айтады.
Iндет ошағынан басқа аурудан сау емес жер (пункт) деген ұғым
қалыптасқан.
Сау
емес жер
– деп территориясында iндеттiк ошақ табылған тұрғындық жердi, елдi мекендi,
шаруашылықты атайды.
Қатер
төнген аймақ
– деп iндет ошағын қоршаған ауру тарала алатын, аймақты атаймыз. Оның ауданы
табиғи- географиялық, экономикалық жағдайларға, қатынас жолдарының орналасуына
және олардағы қозғалыстың деңгейiне т.б. байланысты анықталады. Бұл жердi
жергілікті ветеринарлық мүшелер анықтайды. Қатер төнген аймақта жүргiзiлетiн
шаралар негiзiнде шектеу шараларымен тақылеттес болады. Кейбiр аса қауiптi
iндеттер кезiнде (аусыл, классикалық және африкандық шошқа обасы, ньюкасл ауруы
және т.б.) бұл шаралардың талабы карантиннiң шарттарына сәйкес
келедi.
Синантроптық
жануарлар. Инфекциялық
ауруының таралуында ауылшаруашылық жануарлар ішінде ерекше рөлді с и н а н т р о
п т ы кеміргіштер ойнайды. Одан аз
қауіпті құстар төндіреді. Синантропты жануарлар жұғуы мүмкін және инфекция
қоздырушысының көзі бола алады. Өлексенің бөліктерін немесе мал шикізатын
өндіретін кәсіпорындарының зарарсыздандырылмаған қалдықтарын тасыған кезде,
кейбіреулері жиі қоздырушысының механикалық тасымалдаушысы болады. Кеміргіштер
жануарлардың көптеген инфекциялық аурулардың қоздырушысының резервуары бола
алады. Кеміргіштермен таралатын аса қауіпті ауруларға түйенің обасы
(антропоноздық оба), туляремия, лептоспироз, псевдотуберкулез, листериоз,
ботулизм, Ауески ауруы, шошқа тiлмесi, құтырық, сальмонеллездер, диплококкалық
инфекция, трихофития, микроспория, парша, содоку ауруларын кіргізеді.
Егеуқұйрықтардың бруцеллезбен жұғуы бекітілген. Соңғы кездері тышқан тәрізді
егеуқұйрықтардың сібір жарасы бойынша ошақтардың стационарлығын қамтамасыз етуі
туралы мәліметтер түскен. Кеміргіштердің аусыл, шошқа тілмесі сияқты аса қауіпті вирустық аурулардың
таралуына тигізетін әсері дәлелденген.
Сондықтан індеттік зерттеулер жүргізген кезде, осы пункттерде өмір
сүретін кеміргіштердің түрлерін және санын білу қажет, онсыз ешбір шаралар
жүйесі қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді.
Синантропты кеміргіштерге сарғыш (сұр) және қара егеуқұйрықтарды, үй
тышқандарын, су және кәдімгі сұртышқандарды кіргізеді.
Қансорғыш
жәндіктер. Инфекциялық
ауру қоздырушысын таралуында қансорғыш жәндіктер үлкен рөл ойнайды. Кейбір
инфекциялық аурулардың қоздырушылары жәндіктің ағзасында даму сатысын өтіп,
сонда олар өзінің уыттылығын артады. Мұндай қоздырушыларға риккетсиоздар жатады.
Көп жағдайда жәндіктер инфекциялық ауру қоздырушысының тасымалдаушысы болып, көп
уақыт оларды өз ағзасында сақтауы мүмкін.
Қоздырушылары қансорғыш жәндіктермен тасымалданатын инфекциялық ауруларды
т р а н с м и с с и в т і деп атайды. Тек жәндіктермен қоздырушысы
тасымалданатын аурулар бар. Мұндай аурулар облигатты-трансмиссивті деп аталады.
Оларға риккетсиоздар (Ку-қызбасы), қан паразитті аурулар, сібір жарасы жатады.
Егер ауру қоздырушысы басқа да жолдармен таралатын болса, мысалы алиментарлы,
онда мұндай ауруларды факультативті-трансмиссивті деп
атайды.
Инфекциялық ауру қоздырушыларының тасымалдаушыларына кенелер, қансорғыш
шыбындар, масалар, шiркейлер, соналар, қосқанатты жәндiктер, бөкене шыбындар
жатады.
Жәндіктермен қоздырушылардың тасымалдануы спецификалық емес (механикалық)
және спецификалық (биологиялық) болады. Механикалық тасымалдану ауру
қоздырушысының жәндік ағзасында көбеюі мен сақталуымен өтпейді. Ауру қоздырушысы
жәндіктің асқорту мүшелеріне немесе дене бетіне түседі де онда қысқа уақыт
болады. Ауру қоздырушысының биологиялық тасымалдануы жәндік ағзасында
биологиялық дамуы өтеді және көбеюімен мінезделеді. Бұл жағдайда ауру
қоздырушысы эпизоотиялық тізбеге қосылады және онсыз бұл процесс
болмайды.
3.Шаруашылықта
iндеттанулық тексеру және акт жасау.
Iндеттанулық зерттеу – эпизоотияға қарсы іс-шаралардың кешендік
iндеттанулық балау әдісінің бірі. Оның мақсаттары:
-
iндет ошақтардың пайда болу себептерін зерттеу;
-
белгілі бір шаруашылықта, белгілі инфекциялық аурулардың таралуына ықпал ететін
немесе кедергі жасайтын жағдайларды анықтау;
-
балау, болжамды нақтылау;
-iндет
қоздырушысының көзін немесе кіру жолын, оның берілу механизiмін
анықтау;
-
қолайсыз жерлерде, қауіпті аумақтағы эпизоотологиялық ошақтың шегін
анықтау;
-
пайда болған аурудың жайылуын тоқтату және жою шараларын
ұйымдастыру;
-
iндетке қарсы іс-шаралар жүйесінің кемшіліктерін
болдырмау.
Iндеттанулық зерттеулерді жүйелі түрде, белгілі бір мерзімде, ал ауруға
күдікті кезде – жылдам өткізеді.
Iндеттанулық зерттеу жоспарына мыналар жатады: шаруашылықтың
ветеринарлық-санитарлық жағдайымен танысу, өткенде және болашақта оның
iндеттанулық жағдайларын анықтау, жануарлардың өлуі мен ауруының себептерінің
анализі, эпизоотологияға қарсы шаралар жүйесі.
Ветеринарлық-санитарлық зерттеу, шаруашылықтың жалпы мінезде-месінен
басталады: шаруашылықтың мамандануы және экономикалық көрсеткіштері, бір
күнде тексерілетін, жас және түр топтарына қарай жануарлардың саны, шаруашылықты
малмен кешендіру жағдайы, соңғы жыл бойында мал басының өсу динамикасы, жұмыс
істейтін қызметкерлердің және зооветеринариялық мамандардың саны, азықтандыру
базасының беріктігі (азықпен қамтылған, олардың түрлері, сапасы, түсі көзі),
рацион және азықтандыру мерзімі, жайылымдардың, суару жерінің, жазғы
лагерлерінің бар-жоқтығы және олардың күйі, жеке секторларда түр бойынша
жануарлардың саны, берілген пунктің басқа шаруашылықтарымен
байланысы.
Ветеринариялық-санитариялық
пунктердің күйін мінездемей отыра, жануарлар күтімінің зоогигиеналық
жағдайларына көңіл аударады: орынның жабдықталуы, олардың санитарлық жағдайы,
сонымен қатар ферма территориясы (соның ішінде оның қоршалғаны мен
жасылдандыруы), сан өткізгіштердің, тұрмыстық бөлмелердің, ветеринарлық
объектілердің, изоляторлардың, карантинді мекемелер мен профилакторилердің, мал
соятын жерлердің болуы, қызметкерлерді арнайы киімдер мен аяқ киімдермен,
дезинфекциялайтын заттармен қамтамасыз ету.
Пунктің эпизоотологиялық жағдайын
анықтау үшін, эпизоотологияға қарсы шаралардың жоспарын білу қажет, туғаннан
өлгенге дейін ветеринариялық байқаудың тәртібі мен жүйесін және жануарларды
домдау, жалпы және спецификалық ауасын, дезинфекция, дератизация, дезинсекция
сызбасын, диагностикалық жұмыстың күйін (балаудың iндеттiк, клиникалық,
паталого-анатомиялық және зертханалық әдістерді тәжірибелік қолдану), балаудың
дәлдігін (кім және қандай балау қойғанын анықтап) зерттейді. Өлген жануардың
санын және өлудің себептері туралы ақпараттарды талқылау керек. Зертханалық
сараптамалармен, домдау актілерімен бүкіл дауа әрекеттері тіркелген
ветеринариялық журналдармен танысу қажет. Шаруашылықта тіркелген, нақты балау
қойылмаған малдардың ауруына назар аудару керек.
Iндеттанулық
зерттеудің нәтижелерін эпизоотиялық ошақта және iндеттен сау емес жерде сияқты
келесі кесте бойынша арнайы акт түрінде толтырылады.
1.
Акт
толтыру мерзімі; шаруашылықтың аты және оның мекен-жайы; кім, қандай уақытта
және қандай мақсатпен шаруашылықты зерттеді; шаруашылықтың географиялық жағдайы,
топографиялық ерекшеліктері мен жалпы мінездемесі.
2.
Ағзаның
жалпы резистенттілігін арттыруға бағытталған шаралар.
3.
Жануарларды
өсіру және қолдану технологиясы, шаруашылықта изоляторлардың, карантинді
жерлердің болуы; өлекселерді жою тәртібі.
4.
Дауалау
шараларының жүйесі (шаруашылыққа қайта түскен жануарларды алдын-алу карантиннің
ережелерін сақтау, алдын-алу карантиннің түрі және мерзімі, иммундеу және
қолданылатын вакцинаның кестесi, егудiң қойылуын дәлелдейтін акт,
дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық
шаралар).
5.
Шаруашылықтың
iндеттiк аурулардан сау болуы, олармен экономикалық және шаруашылық байланыстың
болуы.
6.
Пайда
болған аурудың толық эпизоотологиялық, клиникалық, паталогоанатомиялық
мінездемесі, оның ажыратып балауы. Ауруға шалдығу динамикасы; кім және қандай
әдіспен балау қойды, бұл ауру осы жерде бұрын байқалды ма: індеттің кезеңдiлiгiн
көрсететін белгілердің болу-болмауы; індет пайда болғаннан бастап, індетке қарсы
шаралардың қолданылуы туралы мәлiметтер.
7.
Iндет
қоздырушысының жорамалданатын көзі (өршу себептері, iндеттiң шығуы, таралуының
жолдары, оның таралуына қолайлы жағдай жасайтын, шаралары туралы өзінің
қорытындысын беру).
8.
Індеттің
өтуiнiң ауырлығы: ауруға шалдыққыштық, өлімге ұшырау, өлім
көрсеткіші.
9.
Эпизоотия
(iндеттiң, жұқпалы аурудың кеңiнен таралуы) динамикасы (бөлек қоралардың,
фермалардың және т.б. жерлерде індеттің өршуі көрсетілген шаруашылықтың жоспарын
беру) індетке қарсы шаралардың нәтижесі.
Қорытындыда
инфекция қоздырушысының көзі және оның таралу жолдары көрсетілген нақты диагноз;
жүргізілген емдеу және алдын алу шаралар нәтижесінің бағасы болу
керек.
Ұсыныстарды толықтыруларда берілген шараларға қоса не берілген індетке
қолданылатын емделу шараларының жаңа жоспарын құрастырады.
Бақылау
сұрақтары:
1 Iндеттанулық зерттеулердiң негiзгi
мақсаттары .
2
Iндеттанулық
зерттеу жоспарына не жатады?
3 Ветеринарлық-санитарлық
зерттеу неден басталады?
4
Таза
емес пункт деген не және оның шекарасын қалай анықтайды?
5 Транссмисивті инфекциялар деген не?
Қандай жәндіктер жиі тасымал-даушысы және қоздырушы иесі болып
табылады
6. Табиғи iндет ошағы, аурулардың
табиғи ошақтылығы?
7. Қатер төнген деген аймақты қалай
түсiнесiз ?