№8 тақырып: Бруцеллез ауруын балау, дауалау және күресу шаралары.
Пән:
Эпизоотология
№8
тақырып:
Бруцеллез
ауруын балау, дауалау және күресу
шаралары.
Сабақ
мақсаты:
Бруцеллез кезіндегі аурудың
індеттін және балау әдістерін зерттеу. Бруцеллез кезінде сақтандыру шаралары.
Диагностикалық әдістерін және
симптомдарын, эпизоотологиясын, этилогиясын оқу.
Жоспар:
1.Бруцеллез
ауруына сипаттама, індеттік ерекшіліктері.
2.Клиникалық
белгілері,патологоанатомиялық өзгерістері,Иммунитет.
3.
Алдын-алу
шаралары
және емі.
1.
Бруцеллез(Brucellosis)-созылмалы
өтетін, іш тастау, шуы түспеу,зндометрит, орхит және жануарлардың жыныстық
қабілетінің бұзылуы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.Ф.Марстон (1861) Мальта
аралында бруцеллез адамның өз алдына дербес ауруы екендігін көрсетті,ал Д.Брюс
(1877) оның қоздырушысын бөліп алып Microcoecus melitensis деп атады.Бұлар
ағылшын ғалымдары еді.Даниялық ветеринария дәрігерлері В.Банг және Стрибольт
(1896) ауру қоздырушысын іш тасталынған бұзаудан, ал американдық Траум (1914) іш
тасталынған торайдан бөліп алды. Бұл микробтар 1918-1920 жылдар аралығында бір
туыстастыққа біріктіріліп Брюстың құрметіне Бруцеллалар деп
аталынды.
Қоздырушысы.Бруцеллезді
әртүрлі түлікті Brucella
туыстастығына жататын 6 түрге бөлінетін микробтар қоздырады.Кейбір түрлері өзара
бірнеше биоварға (биотипке) бөлінеді.
B.melitensis
қой мен ешкі үшін зардапты және адам
бруцеллезінің негізгі қоздырушысы. 3 биотипі барү
B.abortus
сиыр,
қодас,буйвол, бұғы, марал,түйе және жылқы үшін зардапты,9 биотипке
бөлінеді.Кейбір биотиптерінің адам үшін уыттылығы недәуір
дәрежеде.
B.suis
шошқа,
қоян,солтүстік бұғысы үшін зардапты.4биотипі бар,1, 2 және 3-шісі шошқада, 2-ші
биотипі қоянда, 4- шісі бұғыда тоғышарлық етеді.
B.neotomae
шөлейттегі егеуқұйрықта (Neotoma lepida)
кездеседі. 1957 ж. АҚШ-та бөлініп алынған. Адам үшін зардаптылығы беймәлім.
Биотипке бөлінбейді.
B.ovis
қой
үшін зардапты,қошқардың жұқпалы эпидидимитінің қоздырушысы. Адам үшін
зардаптылығы түбегейлі анықталған жоқ.
B.canis
ит үшін зардапты,эпидидимиті мен іш тастауының себепкері. 1968 ж. АҚШ-та тазы
иттерден бөлініп алынған.Адамға зардаптылығы белгісіз.
Барлық
бруцеллалар полиморфты, сыртқы бейнесі коктар тәрізді, сопақшалау, таяқшаға
ұқсас болып келеді.Спора және қауашақ түзбейді, қозғалмайды, грам теріс.Сарысулы
және Хоттингер ортасында, ет-пептон агарында (ЕПА),ет-пептон сорпасында (ЕПС)
өседі.
Төзімділігі. Бруцеллез
қоздырушысының физикалық және химиялық факторлардың әсеріне төзімділігі
орташа,60С кезінде 30 мин.70С-та 5-10 мин өткенде ал 90-100С-та бірден өледі.Ет
және сүт өнімдерінде бірнеше тәуліктен 2-5 айға дейін, ал топырақта, көңде,
жемшөпте 4 айға дейін сақталады.Кәдімгі дезинфекттанттардың жалпылай қабылданған
концентрациясы толық зарарсыздандырады.
Індеттік ерекшеліктері.
Бруцеллезге 60-тан артық үй
және жабайы жануарлар түрлері бейім. Әсіресе тез шалдығатындары:сиыр, қой
,ешкі, шошқа,солтүстік бұғысы,Оларда бруцеллез індет түрінде қаулайды.
Инфекция қоздырғышысының бастауына
бруцеллезбен ауырған малдар жатады, әсіресе олар клиникалық белгілері айқын
білінген кезде өте қауіпті.Ондай жануарлар шаранамен, шумен, тастанды төлмен және жыныс жолдарынан аққан
сорамен ауру қоздырушысын аса мол мөлшерде бөліп шығарады.Қоздырушы микроб сонымен қатар сүтпен, шәуетпен, нәжіспен
және несеппен бірге
бөлінеді.Сиырдың желінінде бруцеллалар 7-9 жыл, ал қойда 2-3 жыл сақталып,
оқтын-оқтын сүтпен бөлініп тұрады.
Дерттенуі. Бруцеллездің
қоздырушысы асқорыту және тыныс,
несеп, жыныс жолдарының кілегейлі қабықтарынан және көз конъюнктивасынан
тоқтаусыз өтіп, сөл жүйесіне түседі де, одан маңайында орналасқан сөл
түйіндерінде тұрақтайды.Кейіннен басқа да сөл түйіндеріне және үлпіршек
ағзаларға енеді.
Бруцеллез инфекциясының
өрбуін 3 кезеңге бөледі:бастапқы латенция
(регионарлық инфекция) генерализация (бойға жайылу немесе денеге
шабу)және 2-ші латенция.
Регионарлық (шектелген)
иефекция кезеңінде қоздырушы белгілі бір ұлпаға қалыптаса бастайды да, аурудың
клиникалық белгілері біліне қоймайды. Бұл кезеңде сөл түйіндерінің синустарында
гиперплазия басталып, үлпіршек ағзаларда лимфоциттер мен гистиоциттерден тұратын микрогранулалар түзіліп,
лейкоциттік инфильтрация, мононуклеарлық
макрофагтардың қордалануы байқалады. Бұл кезең әсіресе жас төлдерде
ұзаққа созылады.Жалпы алғанда бұл құбылыстар инфекцияға қарсы туындайтын
иммунитеттің алғы шарттары болып табылады.Сондықтан жас малдың организмі
бруцеллезге төзімдірек келеді. Бұл кезең ересек сақа жануарларда қысқа болады
және бір ерекшелігі антидене түзу баяу жүреді де, серологиялық көрсеткіштер
төменгі дәрежеде болады.
Генерализация кезеңі буаздықтың,
төзімділіктің төмендеуі, күтімнің нашарлауы нәтижесінде байқалады.
Буаздықтың 2-ші жартысы кезінде
жиірек өрбиді. Шаранада болатын
эритритол көмірсуы бруцеллалардың өсуін жеделдетеді деп есептейді. Бұл кезең бактериямен
және айқын клиникалық белгілерімен ерекшеленеді.
2.Клиникалық белгілері.
Жануарлардың барлық түрінде бруцеллездің басты белгісі –буаздықтың 2-ші
жартысында байқалатын іш тастау.Сиыр негізінен 5-8 айлығында,қой мен ешкі 3-5
айлығында, мегежін кез-келген уақытта, ит 40-50 күн болғанда іш тастайды.Сиыр
мен қой әдетте 2-ші қайта іш тастамайды, ал мегежінде ол бірнеше рет қайталануы
мүмкін.
Іш тастар алдында буаз малдың емшек үрпі сызданып, сыртқы
жыныс мүшелері толықсып, сарпайынан қызғылт-қоңыр түсті сора ағады. Іш
тастағаннан кейін әдетте шуы
түспей, бастапқыда кілегейлі- іріңді, соңынан іріңді- фибринді эндометрит байқалады.Кейбір жануарларда
эндометритке қабаттаса желіні, аналық безі және фаллопий (жатыр) түтікшелері
қабынады.Дерт асқына келе дененің
ыстығы көтеріліп, малдың сүті азайып, жүдеп кетеді.
Патологоанатомиялық өзгерістер.Іш тастаған малдың
қағанағы қабынып,оның бетіне фибрин ірімтіктері мен ірің жиналады, жатыры,
бүйректері, көкбауыры ісінеді, бауырында абсцесса болуы мүмкін.Еркек малда
іріңдеген өліетті орхит, ал ұрғашы малда мастит, аналық бездің кистасы
кездеседі. Кейбір жануарларда
шорбуын, бурсит байқалады.
Тастанды төлдің тері асты шелі
жалқақтанып, кіндігі ісініп кетеді.Көкірек және құрсақ қуыстарында фибрин
іріміктері бар қызыл-қоңыр түсті сұйық жиналып, сірі және кілегейлі қабықтары қанталайды. Ішек –қарынның
кілегейлі қабығы мен өкпесі сыздана
қабынады,ал бауырында өліеттенген қабыну процестері байқалады.
Гистологиялық тексеру кезінде
әртүрлі мүшелер мен ағзаларда өліеттенген ошақтар
табылады.
Иммунитет.Бруцеллезбен
ауырған малда табиғи иммунитет қалыптасады. Оның ұзақтығы сиырда 4-5 жыл, қойда
2 жыл. Аурудан соңғы иммунитеттің ерекшелігі , ол бастапқы кезеңде стерильді
емес, яғни организмде қоздырушы микроб сақталады,ал соңынан иммунитеттің
стерильді кезеңі басталып, организм қоздырушы микробтан арылады. Иммунді
организмде бруцеллалардың ұзақ сақталуы себепті ауруға шалдыққан мал, клиникалық
тұрғыдан жазылып кетсе де, басқа
жануарлар үшін қауіпті, инфекция қоздырушысының бастауы болып табылады.
Бруцеллезге қарсы иммунитет клеткалық факторларға негізделген, ал антиденелердің
қорғаныш қабілеті оншама емес, олар тек жануардың ауруға шалдыққанының белгісі
ретінде ғана
бағаланады.Бруцеллалардың бір түріне қарсы қалыптасқан иммунитет, бұл
микробтың басқа түрлерінен де қорғайды.
3.Алдын-алу және күресу шаралары.Бруцеллездің
алдын алу үшін ең басты шара-аурудан сау шарушылыққа сырттан инфекция
қоздырушысын әкелдірмеу мақсатында негізгі ветеринариялық- санитариялық талаптарды орындау. Мал табындарын тек қана аурудан таза шаруашылықтарда өсірілген
сау жануарлардан құрайды және жайылымда, суарғанда, айдағанда бір-бірімен
араласуына жол бермейді. Жоспарлы түрде жануарларды бруцеллезге тексеріп тұрады.
Өсіру үшін шаруашылыққа әкелінген малдарды 30 күн карантинде ұстап, бұл
уақыттабруцеллезге агглютинация және комплемент байланыстыру реакциялары арқылы
тексеріп, нәтижелері теріс болғанда ғана жалпы табынға қосады. Мал іш тастаса,
оның қанын және тастанды төлді лабораторияға тексеруге жібереді.
Балау.Бруцеллезге
диагноз кешенді түрде індеттанулық,клиникалық, аллергиялық және зертханалық
тексрудің нәтижесінде
қойылады.
Емі.Бруцеллезбен ауырған мал
емделмейді, ол тез арада
сойылады.
Бақылау
сұрақтары.
1.
Бруцеллез
ауруына
сипаттама беріңіз?
2.
Туберкулез
ауруына қоздырғышын атаңыз?
3.
Бруцеллез
ауруына негізгі
клиникалық белгілерін атаңыз?
4.
Ауру
қандай жолдар механизмі арқылы жұғады?
5.
Ауру
қандай формада өтеді?
6.
Бруцеллез
ауруын қандай
аурулардан ажырату қажет?
7.
Бруцеллез
ауруының патогенезі
қандай?
8.
Емі және алдын-алу
шаралары.
Кестемен
жұмыс:
Бруцеллез
ауруының
клиникалық белгілерін әр түрлі жануарларда өтуін сипаттаңыз? |
Бруцеллез
ауруын қандай
аурулардан ажырату қажет? |
Ауру
қандай формада өтеді, жұғу
жолдары қандай? |
Алдын-алу
шаралары қалай жүргізіледі? |
Емі. |
Ірі
қарада- |
|
|
|
|
Қой
мен ешкі- |
|
|
|
|